Сипаттама
Мәри Леннокс кішкене кезінен ата-анасынан жылылық пен мейірім көрмей өседі. Сол себептен мінезі ауыр, суық, дөрекі, бұйыра сөйлейтін өркөкірек қыз еді. Бірақ Үндістанға келген індеттен сұлу анасы көз жұмып, жалғыз қалған Мәри Лондонға көшуге мәжбүр болады. Тағдыр кішкене қызды үлкен иелікте жалғыз қалдырғандай болса да, бұл жердің сиқыры Мәриге ерекше әсер етті. Зәулім үйдің түкпір бөлмесінен тапқан бауыры мен табиғаттың тілін жақсы түсінетін жаңа досы Мәриді өмірді қайта жақсы көруге, жақсылық жасау мен мейірімді болуға үйретеді. Құпия бақтың ішінде үш дос өздері үшін түрлі сиқырдың сырын ашады.
6+ жас, 4 сынып оқушыларына арналған
Пікірлер
Мұнда әлі пікірлер жоқ.