Сипаттама
“Бөріде не арман бар” атты бұл жыр жинаққа ақынның рухты өлеңдері топтастырылған. Мұндағы өлең-жырды М.Балмолданың осыған шейін шыққан “Көкбөрі”,”Ақ тұлпар” жыр жинақтарының заңды жалғасы деуге болады. Иә,қазақтың маңдайына сыймай кеткен Әділ Ботпановтай ақыны”Ақындар” атты поэма жазып қалдырған. Бір қайран қалдыратыны поэма бір-ақ жолдан тұрады.”Олар-күлден гүл жасаған тектілер!” “Бұнда шумақ та, ұйқас та, басқасы да жоқ қой, бұл қандай өлең өзі?”дегендерге, ақын:”Біз бұны поэма дейміз” деп бір қайырыпты. Құрметті оқырман, ендеше мархаббат. Ақын өлеңінің оқырманы болыңыз. Ақын сөйлесін. Арғысын өлең жеткізер.
Пікірлер
Мұнда әлі пікірлер жоқ.