Батыс Қазақстанның ежелгі көшпнділері

Батыс Қазақстан өлкесі Қазақстан тарихында ерекше орынға ие. Аймақ-тың өзіне тән географиясы, ерекше табиғи-экологиялық орта тарихи-мәдени процестердің бағыты мен сипатын анықтады. Біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдықтың басында осы аймақтың тарихи даму бағытын анықтаған көшпелі мал шаруашылы-ғы еді. Бұл жер көптеген халық пен мемлекетті бағындырған жауынгер һәм тәкаппар көшпенділерден тұра-тын бірқатар дала империяларының құрамында болды.

Олар ежелгі кезең авторлары қалдырған жазба деректер арқылы, сонымен қатар мәдениетін, діни-на-нымдарын, салт-дәстүрін айқындай-тын археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған әшекей бұйымдар, тұрмыстық және керекті заттар, қару-жарақтар түріндегі көптеген мате-риалдық ескерткіштер мен рухани мәдениет негізінде тарихқа енді.
Бүгінде ғалымдар қолда бар деректер негізінде сыртқы шапқын-шылық пен ішкі күрделі даму үрдіс-тердің әсерінен этностардың ауысу көрінісін қалпына келтірді. Әрбір қауымдастықтың қалыптасып өмір сүруі – бастапқы кезеңнен жаңа этно-мәдениеттік және әскери-саяси сапа-лық тұғырға жетуі – ұзақ жүретін ке-зең. Көшпенділер жабық ортада өмір сүрген жоқ. Олар сыртқы көршілері-мен қарым-қатынаста болды. Олар-дан кейбір ерекшелікті өздері қабыл-дап, әрі оларға да беріп отырды. Яғни өздерінің өмірлік көзқарасы мен мәдениетін өзгерте отырып, белсенді түрде араласты.
Көшпенділер ортасында, тайпа-лар мен рулар арасында жер және мал жайылымдары үшін соғыстар мен дау жанжал тұрақты болып отыр-ды. Бұл бірте-бірте жаңа билік – сая-си-әскери одақтардың пайда болуы-на әкелді. Осындай одақтар негізін-де, басқа да дәстүр мен мәдениеттің араласуы барысында жаңа этникалық қауымдастық пайда болып, қалып-тасты.
Көшпелі мал шаруашылығына ауысу б.д.д. І мыңжылдықтың басында басталды. Негізгі қызметі тұрғылықты мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы болған Андрон мәдениетін ерте көшпенділер мәдениеті ауыстырды. Осы кезеңде жаңа қатынастар қалыптасып, аймақта этноодақтық карта бөлінісі басталды.
Біздің ойымызша, Батыс Қазақстандағы көшпенділердің алғашқы ірі одақ құрап бірігуі б.д.д. VII-IV ғғ. аралығындағы савроматтар тұсында болды. Оларды біздің жыл санауымыздың IV ғасырына дейін үстемдік құрған сарматтар ауыстырды.
Рим және грек авторларының деректеріне сүйенсек, олардың жеке этнос болып қалыптасып пайда болуына скифтердің алдыңғы Азияға және Мидий патшалығына жорықта-ры әсерінен болған. Бізге жеткен жаз-ба көздерінде осы кезеңде Оңтүстік Орал аймағын массагет, иссонды, аорсы, роксолан және дахи тайпала-ры мекендегені айтылады. Олардың мәдени тамыры осы кезеңде Орта Азияда мекендеген иран тілді тайпа-лардың мәдениетіне қарай кетеді. Орал өңірі мен Еділбойы (Поволжье) көшпенділерінің арасында туыстық бар екенін атап кетуге болады. Мұн-дай туыстықты археологиялық ескерткіштерден көруге болады, ма-мандар оны біртұтас савромат архео-логиялық мәдениетіне біріктіреді.
Б.д.д. V-IV ғасырлардан бастап Еділ мен Жайық арасында сармат қауымдастығы қалыптаса бастайды. Жалпылама негізде «сармат» этонимі Танаис (Дон) өзенінен шығысқа қарай территорияны мекендеген тайпалар-ға тағылған. Көшпенділердің жаңа этносаяси және мәдени бірлестіктері-нің қалыптасу орталығы Оңтүстік Орал даласының шығыс аудандарын-да жүрді. Олар осы аймақтан батысқа қарай бастапқыда Еділбойына, кейін Днепрге дейін барды. Осы тайпалар-дың мәдениеті «ежелгі сармат» деген атауға ие болды, мұның қалыптасуы савроматтық этномәдениет қауым-дастығынан шықты. Дегенмен кейбір зерттеушілер бұл кезеңді этносаяси қауымдастыққа бөлмей, біртұтас савромат-сармат әлемінің өмір сүргенін негіздейді.
Кейіннен ежелгі авторлар жалпы көшпенділер әлемін языга, роксалан, аорса, сираки секілді жекелеген ірі тайпаларға бөлуді бастады. Бұл – орта сармат мәдениеті (б.д.д. ІІ ғ.-б.д. ІІ ғ.) дәуірлеген уақыт. Б.д. І ғасыры-ның екінші жартысында тарихи аренада аландар пайда болады. Олар барлық сармат тайпаларын біріктіріп, өз атауын оларға таңды. Аздаған уақыттан кейін (б.д. І-ІІ ғғ) «соңғы сармат» мәдениеті қалыптаса бастайды. Ол б.д. IV ғасырының соңғы ширегіне дейін өмір сүрген.
Ең бастысы, көшпенділер мәдениеті ауысқан кезде олардың арасында генетикалық байланыс бар екендігі байқалады. Яғни савромат-сармат тайпаларының діни-мифоло-гиялық нанымдарында едәуір ұқсас-тық бар. Ежелгі прохор кезеңінде да-лалық аумақты Орал өңірі тайпала-рынан шыққандар мекендеді. Сар-маттық қауымдастықтан шыққан тайпалар негізінде сарматтардың ірі саяси одағы қалыптасты, бұлар Қазақстанның, Орта Азияның және Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз айма-ғының ежелгі тарихында елеулі ма-ңызға ие болып, тіпті б.д.д. ІІ ғасырда сарматтар Скифияның ірі бөлігін жау-лап алды.
Көшпенділер мәдениетін жалғас-тырушы түріктер Батыс-Түрік қағана-ты атауымен тарихи аренаға б.д. І мыңжылдығының орта шамасында шықты.
Сонымен, Батыс Қазақстан дала-сында өткен кезеңдерден көшпелі мал шаруашылығы жүйесін алып, то-лығымен орныққан, қолөнері дамы-ған, қару-жарақ жасауда белгілі бір жетістіктерге жеткен, киім, ат әбзел-дері және т.б. рулық басымдылыққа негізделген әлеуметтік ұйымдасқан; нанымдық жағынан Аспан және Жер табиғаттың күштеріне сүйенген мәде-ни-діни құндылықтарға негізделген жаңа көшпелі қауымдастық қалып-тасты.
Яғни аталған кезеңде Батыс Қазақстан даласы савроматтар мен сармат әлемінің тамырымен астасып жатқан көшпелі тайпалар мекендеген ареал болды. Қазақтар осы көшпелі мәдениеттің мұрагері ретінде олардың көптеген салтын, дәстүрін қабылдады.
Батыс Қазақстан территориясын-да археологиялық қазба жұмыстары XIX ғасырдан басталды. Оларды бас-тапқыда орыс зерттеушілері, кейін кеңес археологтары жүргізді. Қазақстандық ғалымдар археология-лық қазба жұмыстарына 1960 жыл-дардан араласты. Бастапқыда кез-дейсоқ (Г.И.Багриков), ал кейін жүйе-лі түрде Қазақ КСР ҒА және Орал педагогикалық институтының ғылы-ми жоспары (Ғ.А.Кушаев) бойынша жүргізілді. XXI ғасырдың басынан ежелгі көшпенділердің тарихы мен мәдениеті бойынша барлық зерттеу жұмысын Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығы (М.Н.Сдықов) жүргізуде.
Осы уақытқа дейін савроматтар мен ежелгі сармат тарихы бойынша зерттеушілер арасында айқын біртекті көзқарас жоқ. Ежелгі көшпенділердің шығу тегі, қалыптасу аймағы және қоныстанып таралу территориясы мәселелері жөнінде әртүрлі пікір айтылады.
Савроматтардың шығуы туралы Гередот қызықты жазба қалдырған: аңызға айналған амазонкалар Термодонта өзені (Каппадоии өзені, кезінде киммерліктер мекендеген аймақ) бойында гректермен соғыста жеңіліп, еріксіз кемемен скифтер мекендеген Меотиды (Азов теңізі) жағалауына жүзіп келеді. Біраз уақыттан соң олар жасөспірім скифпен көңіл қосады. Бұл Танис (Дон) өзеніне жақын Меотиданың солтүстік жағалауындағы Кремен аймағында болады. Үйленген соң жас жанұя (яғни савроматтардың алғашқы тегі) скиф жерінде қалғысы келмей, Скифиядан кетеді.
Әрі қарай Гередот: «олар Танаис өзенінен өтіп, шығысқа қарай үш күн және Меотида көлінен солтүстікке қарай үш күн жүреді. Келген жерде орнығып, қазір де сол жерді мекендейді. Савромат әйелдері ежелден өзіне тән өмір салтын ұстайды. Олар атқа мініп, ерлермен бірге және ерлерсіз аңға шығады, соғысқа қатысады, ерлермен бірдей киім киеді» - деп жазды.
Геродот савроматтардың шығу тегі туралы осылай дейді. Грек автор-ларының миф пен шындықты бірікте-ретін дәстүрін, олардың қоршаған орта туралы түсінігін ескере отырып, көшпенді тайпалармен туыстық одақ-тың қалыптасуына байланысты аңыз-да савроматтардың шығу тегі жөнін-де шындық болуы әбден мүмкін деп ойлаймыз. Аңызда аталған көріністер негізінде савроматтар Орал өңірі далаларына батыстан келгендігі айқын байқалып тұр.
Ежелгі көшпенділер тарихында осы кезге дейін талас туғызатын және аз зерттелген тұстар жетерлік. Осы уақытқа дейін савроматтар мен сарматтардың шығу тегі, мекендеген территориясы, сонымен қатар жеке-леген кезеңдерді хронологиялық тұр-ғыдан жүйелеу өзекті мәселе болып отыр.
Қазіргі күнде белгілі археология-лық материалдар негізінде төменде-гідей болжам жасауға болады: қола және ежелгі темір дәуірі шегінде Еділбойы және Орал өңірі далала-рында савромат материалдық мәде-ниетінің негізгі белгілері қалыптаса-ды, олардың жерлеу дәстүрі бойын-ша этникалық ерекшеліктері анықта-лады. Біздің ойымызша, савромат тайпаларының дамуы жарты мың жылға жуық уақытты қамтиды. Б.д.д. VII-VI ғасырларда Батыс Қазақстан аумағына материалдық және рухани мәдениеті қалыптасқан көшпелі тай-палар келді. Жергілікті тұрғындар іші-нара ығыстырылды немесе ассими-ляцияға ұшырады. Бұл Орал өңірі савроматтар мәдениетінің жекелеген ерекшеліктерінен көрініс табады. Батыс Қазақстан далаларына савро-маттардың келуі ұзақ уақыт жаңа өмір салты – көшпелі мал шаруашы-лығының басым болуына ықпал етті, бұл Қазақстан тарихында түпкілікті бетбұрыс жасауға септігін тигізді.
Ежелгі көшпенділер дәуірі бас-талды, оның ең ірісі – савроматтар. Олар Батыс Қазақстан облысы терри-ториясында шашыраңқы орналасқан көптеген обалар түрінде бай із қал-дырды. Бұдан басқа көрші жатқан Ресейдің Орынбор, Саратов, Самара, Астрахан, Волгоград және Челяба облыстары аумағында савроматтар-дың, олардан кейінгі сармат тайпала-рының жалпы еуразиялық кеңістікте таралған аймағын айқындайтын шығыстан батысқа қарай обалар орналасқан.
Бірақ біз ғылыми әдебиеттердегі савроматтар туралы түсініктерді нақ-тылауға тиіспіз. Тіл жағынан ұқсас және біртұтас археологиялық мәде-ниетке біріккен ежелгі сармат тайпа-лары жалпылама атаумен аталғаны-мен, Геродоттың айтуы бойынша, савроматтар – ежелгі сармат әлемінің батыс бөлігін алып, генетикалық жа-ғынан Орал өңірінің тайпаларымен және соңғы сармат бірлестіктерімен байланыста болған. Ежелгі әдеби дәстүрде б.д.д. ІІІ-ІІ ғасырларға дейін скифтердің шығыс көршілері туралы басқа жалпы атау болмаған. Соңғы эллинизм және рим кезеңіндегі көп-теген ежелгі авторлар сармат тайпа-ларының батыс бөлігіндегі ескі атау-ды барлық сарматтардың атауы ре-тінде қолданды. Олар савроматтар-дың басқа да сармат тайпаларымен және тайпалық одақтармен ажыра-мас байланысы болғанын жақсы түсінген болуы керек.
Батыс Қазақстандағы және шека-ралас Ресей территорияларында жүр-гізіліп жатқан қазіргі археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде көптеген жаңа ескерткіш ашылып, алыс кезеңдердегі тарихи үрдістер туралы түсінігімізді кеңейтуге мүмкіндік берді.

Шығу тегі

Тарихшылар б.д.д. VII-IV ғасыр-ларда Еділ мен Жайық далаларын мекендеген скифтер мен сақтарға жақын отырықшыл және көшпелі халықтарды «савроматтар» деп атайды. Олардың іздері қазіргі Батыс Қазақстан облысында анықталды.
«Савромат» сөзі грек тілінен аударғанда «кесіртекөзді» (саурос – кесіртке және ома – көз) деген ұғым-ды береді. Этоним кейіннен кең түр-де қолданылатын «скифтер» термині сияқты белгісіз сипатқа ие болды.
И.Маркварт савромат этонимін авестикалық сайрим (cairima, sarima) халқының атауымен байланыстыра-ды. «Авеста» жазбаларында «тура сайрим ерлері» және «тура сайрим әйелдері» атауы бар, бірақ олардың мекен аймағы көрсетілмеген. Яғни ғалым савроматтардың этникалық шығу тегін іздей отырып, олардың Европа мен Азияда б.д.д. 4 мыңжыл-дықтарда өмір сүруі мүмкін деген болжамға келеді.
Алғашқы зерттеушілер савромат-тарды сарматтардан бөлмей қарасты-рады. Сармат тайпаларының қалып-тасуын скифтердің шығу тегі сияқты ежелгі кезеңге жатқызады. Қазіргі тарихшылар сарматтардың даму кезеңін савроматтармен, шығыстағы көршілері – скифтермен байланыс-тыра отырып, Солтүстік Қара теңіз өңіріндегі скиф мәдениетінің гүлдену уақытымен сәйкестендіреді. Савро-маттардың археологиялық ескерткіш-тері скифтерге өте жақын. Сондық-тан, жалпы ежелгі скиф мәдениеті түсінігімен бірге болғандықтан, көп жылдар бойы бірден кең ауқымды ескерткіштер тобын бөлу мүмкін болмады.
Б.Граков иран тілді савромат-тардың пайда болуы өздерінің негізгі ортасынан бөлініп, Азов өңірін ме-кендеген меоттар тобының скифтері-мен ассимиляция нәтижесінде жүрді дегенді айтады. Осы ұғымды Ф.Мищенко да қолдайды, бірақ ол меоттарды (Азов өңірі округы – Мео-тидтер) жергілікті киммерийлік скиф-тер деп санайды. М.Ростовцевтің түсінігі бойынша, савроматтар шығу тегі жағынан ежелгі азов маңын ме-кендеген тұрғындармен байланыста болған, ішнара скифтермен арала-сып, олардың тілі мен мәдениетін қабылдаған бөлек жеке тайпа ретін-де қарастырады.
Савроматтардың материалдық мәдениеті белгілі археологиялық ма-териалдар негізінде скиф мәдениеті-не жақын тұратындығы байқалады. Мысалы, б.д.д. VI-IV ғасырлардағы савроматтардың қылышы мен қан-жары өзінің типі бойынша скифтің қару-жарағын көз алдыңа келтіреді. Осындай ұқсастықтар ат әбзелдерін-де, аң стилінде жасалған түрлі-бұйымдарда т.б. кездеседі. Бірақ савроматтар территориясынан сырт-қы ирандық және грек заттары скиф-терге қарағанда әлдеқайда аз табыл-ған. Бұл кейбір ежелгі жазушылардың көрсеткіш тұжырымымен толық сәйкес келеді.
Б.д.д. VII-IV ғасырларда савромат-тар тілдері ұқсас және мәдениеті жа-ғынан жақын ірі тайпалар тобын біріктірді. Олар өздерінің материал-дық мәдениет ерекшелігіне, тайпа-лық тілдік диалектері және шығу тегіне байланысты әр түрлі тайпаға бөлінді. Олардың көп тайпалы бол-ғанын «Плиниядан» (Естественая история, VI, 19) бастап көптеген грек-латын авторлары атап көрсетеді. Бұл авторлар тек қана жеке тайпа немесе ірі тайпалық топ атауымен аталған «савромат» атауын қалдырды. Осы уақытқа дейін «савромат» термині өзіндік атау және басқа да тайпалар-ды атауда қолданылғаны белгісіз болып отыр. «Савромат» терминінің мағынасын иран тілінен іздестіру қажет сияқты.
Кеңестік археологияда савромат атауының шығуына байланысты негі-зінен екі түсінік болды. Алғашқы топ, оның ішінде М.Ростовцевтің айтуы бойынша, савроматтар – Азов өңірін мекендеген жеке тайпа болған, шы-ғыстан келген жаңа сармат тайпала-рының жаулап алуы нәтижесінде олар тарихи аренадан жойылып кеткен.
Ал екінші түсінік бойынша, сав-роматтар – қола дәуірінде Донның шығысын, Еділ сыртын және Оңтүстік Орал өңірі даласын мекендеген тай-палардың ұрпағынан қалған, б.д.д. VIII-VII-ғасырларда қалыптасқан көш-пелі әр түрлі тайпалар тобы. Осыған байланысты батыс савроматтар тари-хы скифтармен және Солтүстік Кав-казда мекендеген басқа да тайпалар-мен тығыз байланыста болса, шығыс-тағы савроматтар сақ-массагеттермен генетикалық және мәдени байланыс-та болған.
Орал өңірі көшпенділері мәде-ниетінің бастауын шығыстан және оңтүстіктен, Еділ және Дон көшпенді-лердің мәдениетін Кавказдан және алғашқы скиф әлемінен іздеу қажет (Железчиков Б.Ф., 1997 а, 12-13 бет-тер). Бірақ жерлеу дәстүрінің сипаты және материалды мәдениет заттары-ның сыртқы көрінісі бойынша аталған аймақтарда ұқсас ескерткіштер кез-деспейді.
Соңғы табылған жәдігерлер осы мәселені ашуға мүмкіндік бермейді, сондықтан савроматтардың шығу тегін және сарматтармен байланысы туралы мәселені түсіну үшін жаңа тәсіл қажет болуы мүмкін. Сондық-тан, Батыс Қазақстан облысындағы Қырықоба және Тақсай кешендерін-де жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері савро-мат-сармат кезеңіндегі тарихи үрдіс-терді білуде біздің түсінігімізді кеңей-туге мүмкіндік береді.

Территория

Савроматтар гүлдену кезеңінде Төменгі Еділбойы мен Орал өңірінің кең далалы аумағын мекендеген.
Жазба деректерге және археоло-гиялық қазба материалдарына сүйе-не отырып, ежелгі көшпенділердің та-ралу аймағының шекарасын нақты-лауға болады. Еділ мен Орал өңірін-дегі б.д.д. VI-IV ғасырлардағы жерле-нім орындарында көптеп жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі бойынша ерекше жерлеу дәстүрі және табылған материалдық мәдениет материалдарына, соның ішінде қыш бұйымдарына қарай оты-рып тұтас кешендерге бөлуге мүмкін-дік береді. Сол арқылы савроматтар-дың этникалық белгілерін анықтауға болады.
Савромат тайпалары мекендеген территорияның оңтүстік-батысы Терек, Маныч өзендерімен және қал-мақ даласымен шектеседі. Савромат-тар таралған аймақтың батыс шека-расын Дон өзені арқылы, солтүстігін қазіргі Башқұртстанның оңтүстік ау-дандарымен және Орал тауларымен жүргізуге болады. Мамандардың пікірі бойынша, савроматтардың туыс сақ-массагет әлемімен араласа ме-кендеген аумақтың шығыс және оң-түстік-шығыс шекарасы аз зерттелген. Әзірше савромат типіндегі шығыс жерленім орындары Орскінің шығы-сында, Жайық өзені бойында (Жаңа-Құмық обалары), Елек өзенінің бар-лық бассейнінде және Орь өзені бас-сейнінде ғана белгілі. Қазақстан ау-мағы бойынша савроматтар Елек өзе-нінен Ембі өзені аралығында және әрі қарай Арал өңірі даласында та-ралған. Қазақстандағы савромат жер-ленім орындарының аз зерттелуіне байланысты олардың таралу шекара-сын нақты көрсету мүмкін емес.
Савромат тайпаларының қоныс-танып таралуын К.Смирнов толық сипаттаған болатын, оның айтуы бо-йынша б.д.д. VI-IV ғасырлардағы осы екі туыс ежелгі көшпенділер мәде-ниеті бір-бірімен тайпалық алқапта тығыз байланыста болды. Төменгі Еділ тобының шығыс шекарасын шартты түрде Жайық өзенінің төменгі ағысындағы Орал қаласына дейін жеткізеді. Бұл Гередот сипаттаған сав-роматтар территориясынан біршама кең болып келеді. Бірақ сипатталған екі территорияның бір-біріне сәйкес келмеуі заңды құбылыс, өйткені жаз-ба көздердегі көрсетілген координат-тардың толық болмауы және савро-маттардың көшпелі қауымдастықтар шекарасының бірнеше ғасырлар бойы тұрақсыз өзгеріп отыруы себеп.
Археологиялық материалдарды талдау көрсеткеніндей, Еділ-Дон тай-палары материалдық мәдениет жа-ғынан Скифияның, Дон өзені сағасы-ның және Солтүстік Кавказдың тұр-ғындарымен, ал Оңтүстік Орал тайпа-лары материалдық мәдениетпен қа-тар, жерлеу дәстүрлерінің ерекшелік-терімен де Оралдың арғы бетімен, Қазақстанмен және Арал өңірімен (соның ішінде Сырдария өзені саға-сымен) тығыз байланыста болғаны байқалады.
Гередот кезеңінде және одан ке-йінгі уақыттарда да савроматтар бір-бірімен тығыз байланыстағы тұтас тайпалар түрінде көрінеді. Геродот осы деректерді құптай отырып, олар Меотей көлінің бұрышынан солтүстік-ке қарай 15 күндік жол жүретін кең алқапты территорияны алып жатқа-нын жазады. Бірде-бір скифтік тайпа-лар бұндай үлкен территорияда жай-лаған емес. Соңғы кезеңдердегі ав-торлар осы аумақта мекендеген сав-ромат топтары арасынан жекелеген тайпалар атауын келтіреді. Бұл, алды-мен савроматтар тайпасына жатқыз-ған Эфораның яксаматарына немесе иазабаттарына қатысты. Яксаматтар савроматтар тайпасы бола отырып, меоттардың өкілі болуы мүмкін. Сав-роматтарға қатысты туыстық тайпа-лар арасында сирматтар да болды. Сирматтар савромат тайпалары ара-сынан Европада скифтар мен Танаис өзендері аралығын алғаш мекендеді, осы уақытта савроматтардың өздері Азияда Танаистың арғы бетінде, дәлі-рек айтсақ, қазіргі Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Орал өңірін мекендеді.
Ежелгі кезеңдегі авторлар б.д.д. VI ғасырға дейін этникалық және сая-си жағынан тұтас, шығу тегі бойынша туыс және тілі жағынан біртекті бо-лып келетін бір тайпалық топ атауын савроматтар деп атауы мүмкін.
Қолда бар деректер негізінде қа-зіргі Батыс Қазақстан территориясын б.д.д. І мыңжылдықтың орта шенінде савроматтар тобының самаро-орал тайпалары мекендеген деген болжам айтуға болады.
Оңтүстік Орал савроматтарының таралуы және этникалық жарақтары туралы дәлірек грек-рим авторлары жазды. Грек-рим жазушылары бірін-шіден аорса мен роксоландар жөнін-де айтады. Аорсалардың орталығы б.д.д ІІ – ғасырда Солтүстік Каспий маңында болған. Бұл Страбонның жоғарғы аорсалары болуы мүмкін. Атап айтқанда, савроматтардың Оң-түстік Орал ортасында б.д.д. IV-I ға-сырлардағы жалпы сарматтық прохор мәдениеті өте ерте пісіп жетіледі. Бұл мәдениет б.д.д. IV ғасырдың екінші жартысында б.д.д. І мыңжылдықтың соңында оңтүстік бөлігін аорсалар мекендеген далалы Еділбойына тара-лады.
Егер роксоландардың көптеген негізгі диагональдық жерленімдерін анықтайтын болсақ, мұндайда роксо-лан қауымдастықтарының бастауын Оралдан немесе шығысқа қарай, қала берді, қазіргі белгілі Жайық, Елек өзендері бассейндеріндегі және Сырдария өзенінің сағасындағы б.д.д. V-IIІ ғасырларға жататын ежел-гі диагональды жерленім орындары-нан іздеуіміз қажет.
Осы болжам біздің ойымызша, осы аймақтағы көшпенді шаруашы-лық ерекшеліктерімен негізделеді. XVIII ғ. соңындағы орыс зерттеушіле-рінің деректері бойынша, көшпелі қазақтардың маусымдық мал жайы-лым маршруты оңтүстіктен, яғни Арал өңірі мен Каспий теңізінің шы-ғыс бөлігінен солтүстікке қарай Орь мен Елек өзендерінің жағалауына дейін бірнеше жүздеген шақырымды құраған. Мұндай маршрут Батыс Қазақстанның табиғи-климаттық және топырақ-өсімдік жамылғысы-ның ерекшеліктерін ескере отырып, б.д.д. І мыңжылдықта ежелден бері келе жатқан көшпелі мал шаруашы-лығын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Мұны роксоландардың диаго-нальды орналасқан және тұтас сар-мат жерленімдері растап отыр.
Б.д.д. IV ғасырда Оңтүстік Орал мен Батыс Қазақстандағы савромат мәдениетін Арал өңірінен келген келімсектердің қатысуымен қалып-тасқан ежелгі сармат немесе Прохор деп аталатын мәдениет алмастырды. Савромат кезеңінде Оңтүстік Оралда келесі прохор мәдениетінің негізгі белгілері қалыптасты, бұл мәдениет-тің атауы Орынбор губерниясы Шар-лық ауданы Прохоровка селосы ма-ңындағы обаға байланысты шыққан.
Оңтүстік Оралдағы б.д.д. ІІ мың-жылдықтағы савроматтардың және олардан бұрынғы андронов-срубтық тайпалардың мәдениетінің ерекше-ліктерінің бірі, бұл мыс рудаларын балқытып және өңдеу, сонымен қа-тар рудадан метал өндіріп, одан тұр-мысқа қажетті бұйымдар мен қару-жарақтар жасау болып табылады. Сарматтар жауынгер халық болған, өйткені жерленген барлық обада ер және әйел қаңқалары қасынан көп-теген қару-жарақ табылды. Б.д.д. V-IIІ ғасырлар жерленімдерінен қорамсақ-тан 300-ге дейін жебе ұшы табылған.
Сарматтар кезеңінде Оңтүстік Оралдың арғы беті және Орал өңірі, экономикалық байланыстар мен сая-си мүдделер Таяу Шығыстың және Орта Азияның мемлекеттерінің ықпа-лында болды. Оған Оңтүстік Орал мен Орал өңіріндегі сармат обалары-нан табылған импорттық өндіріс бұйымдары: ахеменидтік ритондар, гривналар, мөрлер дәлел бола ала-ды. Ритондар тойда сән-салтанат, ғи-бадаттық ғұрып ыдысы ретінде пай-даланса, ал гривналар жоғарғы әлеу-меттік статустың символдық белгісін көрсетеді. Ғалымдардың пайымда-уынша, аталған бұйымдар сауда-сат-тық қолданыста болмаған. Бұл заттар сарматтардың Таяу Шығысқа жүргіз-ген әскери жорықтары кезінде алын-ған немесе сармат әскери басылары-ның Ахаменидтер армиясының әске-ри топтарында қызмет еткені үшін сыйлық ретінде берілуі мүмкін.
Сарматтар сақ-массагеттер сияқ-ты төбесі ұшты бас киім киген. Сақ-тардың ат отрядтары парсы армия-сында күштілердің бірі болып есеп-телген. Марафон шайқасында атты сақ әскерлерінің аздаған бөлігі кеші-гіп жеткенімен, парсы әскери құрама-ларын Датис пен Дарияның жиені Артофар басқарған армиясынан тас-талқан болып жеңілуден құтқарып қалды. Сарматтар Оңтүстік Оралда б.д.д. IV ғасырдан б.д. IV ғасыр ара-лығында – 800 жылдан астам уақыт өз атауымен белгілі болды.
Савромат-сармат қоғамындағы әйелдердің ролі

Савроматтар мен ежелгі сармат-тардың қоғамдық құрылысында әйелдер жанұя мен қоғамда жоғарғы орынға ие болған. Олар отбасын сақ-таумен және бала тәрбиелеумен қа-тар, соғыс ісіне де қатысып отырған. Белгілі ақсүйек әйелдер бақсылық қызметпен де айналысқан. Тарихшы-лар мен археологтар қоғамдағы әйелдердің басшысы немесе оның қалдықтары таралған халықтар ара-сында савроматтарды жатқызған. Ежелгі кезеңдегі авторлардың дерегі бойынша савромат еркектері әйелге бағынған, әйелдер ерлерімен бірге немесе өздері түрлі әскери шайқасқа қатысып отырған. Осындай мәлімет көптеген ежелгі кезеңдегі авторлар еңбегінде кездеседі.
Мұны археологиялық материал-дар да дәлелдейді. Әйелдер қабіріне көптеген жағдайда қару-жарақ бұ-йымдары және әлеуметтік ролін көр-сететін атрибуттық белгілік заттар қойылған. Олар жерлеудің сән-салта-наттық дәстүрмен өткендігін көрсете-ді. Сонымен қатар әйел қабірінде қарапайым мүліктермен қатар, ғиба-даттық бағыттағы жабдықтар және тастан жасалған ыдыстар, құрбан-дыққа шалған адамдар мен жылқы сүйектері шығады. Бұл жерленген әйел адамның ру басы және жауын-гер, бақсы болғандығын көрсетеді. Мұндай әйел жерленімдері ежелгі савроматтарға тән. Савроматтардың жерлеу дәстүрінде уақыт өткен сайын жауынгер ер адамдар әйелдермен қатар қойыла бастайды, келешекте оларды екінші кезекке ығыстырған.
Сонымен, жазба және археоло-гиялық көздер «жалпы көшпелі тай-палар арасынан савроматтар қоға-мында әйелдер әскери шайқастарға, ғибадаттық салаға белсенді қатысып, ерлерден жоғары деңгейде тұрды» деген қөзқарас қалыптасуына ықпал етті. Бұл жөнінде К.Смирнов, А.Хазанов, Б.Граков, А.Мелюкова және басқа да ғалымдар өз зерттеу-лерінде айтты. Бірақ тарихшылар-дың бәрі бірдей бұл қөқарасты қол-дай бермейді.
Біздің ойымызша, савромат ке-зеңінде атақты ақсүйек әйелдер жер-ленімінің болуы әлеуметтік саты бол-ғандығын және белгілі бір нақты жағ-дайда әйелдің «ерекше» ролі еріне қарағанда немесе ғибадаттық салаға қатысуына байланысты жоғары ста-туспен анықталатындығын дәлелдей-ді. Бірақ бұл тайпадағы барлық әйел-ге қатысты емес. Савромат әйелдері-нің қаруы болған, бірақ оның әскери ұрыста ерекше маңызы болмаған. Әйел қаруды от басын және үйін қор-ғауға ғана қолданған. Жерленген оба-лардан алынған материалдарды тал-дап қарайтын болсақ, қару барлық әйелде болмаған. Мәселен, Тақсай, Қырықоба және Сегізсай (Лебедевка) оба кешендерінен алынған жәдігер-лер арасында бірде-бір қару табыл-мағаны осыны дәлелдейді.
Бұдан басқа әйел қару-жарағы негізінен садақ пен жебеден тұрған. Бұл олардың көшпенділер қоғамын-дағы негізгі тамағын асырайтын аң-шылыққа белсене қатысқандығын көрсетеді. Көшпенділер қоғамында, әсіресе, көшу кезінде рулар мен тай-палар арасында мал және жайылым үшін қақтығыс көп болған. Әрине, осындай уақытта өз руына немесе тайпасына тікелей қауіп төнген кезде әйелдер жаудан қорғауға белсене қа-тысып қарсы тұрған. Мұндай жағдай көптеген халықта, киммерліктерде, скифтерде, ежелгі германдықтарда, түріктер мен моңғолдарда кездеседі.
Сонымен, савромат қоғамында әйелдің жауынгер болу себебі – ежелгі көшпенділер ортасының қатаң өмір сүру формасына байланысты қажет болды. Осы жағдай әйелдер статусына ықпал етпей қоймады.
Әйелдердің ғибадаттық ғұрыптар-ға қатысуы да тайпадағы дәрежесіне әсер етпей қоймады. Бірақ мұндай ғұрыппен айналысатын әйел саны шектеулі болды. Сондықтан әйелдер-дің негізгі бөлігінің жағдайы төменгі сатыда болды, оны жерленімнен алынған материалдар дәлелдейді.
Сонымен, савромат қоғамында әйелдер ерекше статустық жағдайда болды деп айту дұрыс емес. Қоғамда әйелдер құқықтық және міндеттілік жағынан ерлермен тең дәрежеде болған болу керек. Бұл – ежелгі көш-пенділерде табиғи үрдіс.

Қаралым саны 5426

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463