Көрерменнің көңілінен шыққан фильм

Жақында қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашы, 1911-1913 жылдар аралығында алдымен Бөкейордасы, кейін Орал қаласынан шыққан «Қазақстан» газеті туралы деректі фильм жарық көрді.

Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 95 жылдық мерейтойына орай Орал қаласындағы облыстық қазақ драма театрында ұйымдасты-рылған салтанатты шара кезінде аталмыш фильмнің алғашқы көрсеті-лімі болды. Онда Шәңгерей Бөкеев, Бақытжан Қаратаев, Ғұмар Қараш, Сейітқали Меңдешев секілді танымал тұлғалардың бас біріктіруі нәтижесін-де дүниеге келген «Қазақстан» газеті-нің шығу тарихы, ұлт зиялыларының сол жолда көрген талай тар жол тай-ғақ кешулері мен газет жүгін көтерген ойлы мақалалардың авторы Ғұмар Қараштың қайғылы қазасы әсерлі кө-рініс тапқан. Деректі фильм ішіндегі бейнеқойылымдарда басты кейіпкер ақын, ағартушы Ғұмар Қараш бейне-сін оның аталас ұрпағы, Қазталов ау-данындағы Қараоба ауылының әкімі Нұрғали Дүйсеков, газет редакторы Елеусін Бұйринді «Жайық Пресс» ақпарат орталығының қызметкері Әділғазы Кереев, Шәңгерей Бөкеев және Бақытжан Қаратаевты облыс-тық қазақ драма театрының әртістері Айдар Жарылғапов және Теміржан Матаев сомдаған.

Жоба жетекшісі Жантас САФУЛЛИН:

– Деректі фильм түсірудегі негізгі мақсат – білім мен ғылымды игеріп, кәсіппен айналысуды насихаттаған, тәуелсіз ел болу үшін халықтың сана сезімін оятуды көздеген басылымның тәуелсіз Қазақстанның тарихында алатын ерекше орнын көрсету. Қазақстанды отар ел қылуды мақсат еткен екі алып – Ресей Патша өкіметі мен Кеңес үкіметінің бірдей репрес-сиясына ұшыраған басылымның маз-мұнын ашу еді. Елдің болашағы үшін шынайы, жанқиярлықпен еңбек ет-кен әрі білімді, әрі батыл тұлғалар-дың атқарған істерін халыққа таны-тып, осы арқылы болашақ жас ұрпақ-ты отансүйгіш бағытта тәрбиелеу бол-ды.
Фильмді түсіргендерде, түскен-дерде еш ақысыз, керісінше барлығы жан-тәнімен қолдап өлшеусіз еңбек етті. Сондықтан осы жобаға атсалыс-қандардың бәріне ризамын.

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ,
түсірілім операторы:

– Фильмді түсіру айтарлықтай қиын болған жоқ. Өйткені ұйымдас-тырушылар тарапынан керекті жағ-дай толық жасалды. Ғұмар Қараштың қазасын көрсететін далада түсірілген қойылым кезінде күздің суық жаңбы-ры толастамай қойды. Әйткенмен, қойылымдағы кейіпкерлер ролін сомдаушылар мен түсіруші қызмет-керлер өз ісін сәтті атқарды. Бір айта кетерлігі – фильм түсірілімі бірнеше дубль жасау арқылы бір ғана камера-мен түсірілді. Ақынды қоршап, қы-лыштап өлтіретін тұсында оның асты-на мінген аты топ ішінен сытылып, ақсай басып шыққаны фильм үшін ойламаған жерден сәтті кадр болды.

Бағдат ІЗМАҒАМБЕТ,
фильмнің мәтінін оқушы әрі сценарийді өңдеуші:

– Телеарнада қызмет еткендіктен, бұған дейін де ақпараттық бағыттағы жаңалықтар мен кино жанрындағы бағдарламаларды жасауды үйреніп жүрген едік. Сол себепті «Қазақстан» деректі фильмін түсіру жұмыстары аса қиынға соққан жоқ. Бұрын «Қазақстан газеті», Ғұмар Қараш туралы аз білетінмін. Жоба авторы Жантас Набиоллаұлы бірқатар аза-маттарды жинап, фильм түсіру идея-сын ортаға тастап, бізге жұмыстануды тапсырғасын жан-жақты іздене баста-дық. Жалпы, фильмді түсіру бары-сында ұлтжанды азаматтар қолдан келген көмегін аяған жоқ. Мысалы, «Жайық жарығы» мекемесінің бас-шысы Нұр Төлеуғалиев ағамыз кадр-ды биіктен түсіру үшін 9 метрлік кран әкеліп берді. Спорт басқармасы ар-қылы жылқыларды әкелу мәселесі оңай шешілді. Бәрі келісіліп, қала ше-тіндегі Желтауға барып, құрылғыла-рымызды әдемілеп орнатып, актер-ларымызды алдырып, жүк мәшине-лерімен жылқыларды әкеліп, түсірі-лімді бастаған кезде жаңбыр құйып кетті. Деректі фильмді дайындаудағы ең қиын сәт осы кезде болды. Жер езіліп, аттар жазылып шаба алмады. Өзіміз де суға малындық. Әйткенмен, Жантас Набиоллаұлының тікелей атсалысуымен көрерменнің көзін тартар ең қызықты сюжеттерді кедер-гіге қарамастан сол жерден түсіріп алдық. Түсірілім аяқталған кезде күні бойғы жауынның молдығы сонша, миы шыққан батпаққа аттарды әкел-ген «КамАЗ» көлігі батып қалды.
«К-700» трактор алдырып, батқан көлікті сүйреп шығаруға тура келді. Осы жерде қалалық жол пайдалану мекемесінің көмегі тиді. Сөйтіп, ұзақ-ты күнге күзгі жауынның астында жа-саған еңбегіміздің нәтижесі жаман болмағанын арада бір жыл өткенде сезінгендей болдық. Көрермен жылы пікір білдірді. Бұл біз үшін үлкен же-тістік болды деп есептеймін.

Наурыз ХАЛИТОВ,
фильмнің бас рижиссері әрі монтаждаушы:

– Тақырыбымыз салмақты болғандықтан, алдымен тереңірек ізденуге тура келді. Нәтижесінде көптеген құнды деректерге қанығып, ісімізге рухтанып кірістік. Сол себепті жалпы фильмді түсіру жұмыстары да аса қиынға соққан жоқ. Біз кейінгі ұрпақ қарайтын дүниені сапалы етіп жасауға бар күшімізді салдық. Ісімізге халық сынын айтса, оны оң қабыл-дап, болашақта да жастарға ұлттық құндылықтарды насихаттай түсетін қысқа метражды фильмдер дайын-дау ойымызда бар.

Қаралым саны 1055

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463