Дүйсенғазы жыршы

Қазақ қашан да өнерге, соның ішінде ақын мен жыршыға бай халық десек те, жыраулық өнердің бүгінін бір кезеңдерде өмір сүріп, кейін мүл-де құрып кеткен динозаврлардың та-рихымен салыстырғандай кепке енге-німіз жасырын емес. Өйткені жалпақ жұртымыздың ішінен бұрынғының хиссасын, батырлар жырын таңды таңға ұрып жырлайтын жыршыны таппай қалғанымыз шындық. Оны айтасыз, қазіргі кезде бір ғана жыр, мәселен, «Қобыланды батыр», «Ал-памыс батыр» немесе «Қыз Жібекті» басынан аяғына дейін толық жырлай-тын жанды кезіктіру оңайға соға қояр ма екен? Ал ұлттық салт-сананың, тәрбиенің ең асыл көзі, мәйегі сол жыр-дастандарда емес пе?

Осындай ойда жүргенде ұзынқұ-лақтан ұлылардың елі «Семей жерін-де Дүйсенғазы Нығметжанов деген арқалы жыршы бар. 20 шақты жыр-дастанды жатқа айтады» дегенді ес-тіп, қымбат қазына тапқандай елең ете қалдық. Жыршымен телефон ар-қылы тілдескен кезде эпостық жыр-лардың отаны – Ақ Жайық өңіріне ар-найы ат басын бұруын өтініп, қолқа салып көрдік. Дүйсенғазы ағамыз өтінішімізді қабыл алғанда бөркімізді аспанға ата қуандық десек артық болмас. Олай дейтініміз, бүгінде әде-би кітаптардан ғана оқитын, осынша жырды жатқа соғатын нағыз жыршы-ны жақыннан көріп, өнерін тамаша-лау білген жанға ғанибет емес пе? Сөйтіп, үстіміздегі жылдың 11 қарашасында облыстық қазақ драма театрына жыр тыңдауға жиылған ха-лық Дүйсенғазы Нығметжановтың на-ғыз көненің көзіндей жыршы екеніне куә болды. Кеш барысында жыршы «Қобыланды батырдан» бастап, көп-шілік қалауы бойынша «Алпамыс ба-тыр», «Қозы Көрпеш-Баян сұлудан» үзінді айтып, Шәкәрім Құдайбердіұлы-ның «Қалқаман-Мамыр» поэмасын бастан аяқ жырлап, жұртшылықты тәнті етті. Жыршының осы сапарында оның орындауындағы «Қобыланды батыр» жыры (Марабай ақын жырла-ған нұсқасы), Абайдың «Ескендір», Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» дастандарының толық видеонұсқасы жасалды. Сонымен қа-тар «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры-ның (бірнеше сағат жырланатын) Шәкір Әбенов жазған ең көркем нұс-қасы уақыт тығыздығына қарамастан түгел дерлік жазып алынды.

Дүйсенғазы жыршы сегіз қырлы, бір сырлы өнер иесі екен. Ол өзіне біткен ерекше ықыласпен Семей қа-ласындағы зағиптерге арналған кітап-ханадағы 40 мың кітаптың ең таңдау-лыларын түгел тауысып, әдебиеттің сан саласында өзін жетілдірген жан. Сондықтан оның республикалық, об-лыстық жыршы-термешілер байқауы-ның және ақындар айтысының талай мәрте жеңімпазы екенін былай қой-ғанда қазақтың қанатты сөздерін көп білетін мақал-мәтелші, тамаша ерте-гіші екені тағы бар. «Құйым батыр», «Қара үйрек», «Ер Төстік», «Жарты Төстік», «Нан батыр», «Нәрік батыр», «Жерден шыққан Желім батыр», «Кер құла атты Кендебай», «Алтын мүйізді киік» деп тізіле беретін қазақтың 500-дей ертегісі мен Қалмақан Әбдіқадыров аудармасындағы төрт томдық атақты «Мың бір түн» ертегілерін майын тамы-зып айтып береді. Абай Құнанбайұлы, Шәкерім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы сынды ұлт зиялыла-рының еңбектерін де жатқа соғады. «Қазақ халқының тұтас тарихы мен әдебиетін, елдің бүгінгі тыныс-тірші-лігін білмейтін адам жыршы бола ал-майды» - дейді Дүйсенғазы аға.

Дүйсенғазы жыршы бір аптаға жуық Оралда болған сәтінде жанын-да жүріп, оның алпыстан асқан жасы-на қарамай, ерекше қажырлылығына қайран қалдық. Таңнан кешке дейін жыр жазу бірнеше күнге ұласқанның өзінде түн ортасында оянып, таң мез-гілі таяғанша ертеңгі жазатын жырын магнитафондағы жазбасы арқылы қайталап, есіне түсіреді. Көп жағдай-да жырды жазған кезде тоқтамастан екі сағаттай жырлағаннан кейін ба-рып, сәл үзіліс жасап, ыстық шай іше-ді. Әр жырлаған сайын орнынан тұр-ған кезде бәйгеден келген жүйріктей тұла бойы қара терге малшынып тұ-рады. Күні бойғы «сүргін» аз болған-дай, кейде кешкілік не түсте өнер-сүйер азаматтардың шаңырағында қонақтықта болғанда олардың өті-нішімен қолына қара домбырасын алып, іркілмей жырлай жөнеледі. Қандай тақырып болса да тереңінен қозғап, байыпты сөйлегенде айнала-сындағы тыңдаушыны ұйытып отырады.

Дүйсенғазы жыршыға өнер наға-шы жұртынан қонса керек. Жыршы-ның өз айтуынша, Тоқыш молданың ұлы Сүлеймен – анасының немере ағасы болып келеді екен. Ноқыш, Тоқыш, Қоқыш, Боқыш деген төрт ағайынды төртеуі де молда болған кісілер көрінеді. Бұлар Найманның ішінде көнші руынан да, Дүйсенғазы жыршының өз руы Найманның Жолымбет бөлімінен. Дүйсенғазы жыршы бала күнінде Сүлеймен наға-шысын көргенде бертін келе көз жа-нарынан айырылған, жасы елудің ішіндегі жан екен. Сол кісі «Сал-сал» «Зарқұм», «Дариға мен хазіреті Ғали» секілді қырық дастанды жатқа біліпті. Әбу Насыр әл-Фарабидің Мәлике де-ген қызбен айтысқандағы («Мәлике-Мүдір айтысы») шариғаттан қойыл-ған 100 жұмбағын түгел білген, ше-шен тілді адам екен.

Дүйсенғазы жыршының алғаш жаттаған жыры «Сәтбек батыр» бо-лыпты. Ол жырды жеті жасында Тарбағатайдың сілемі, Мысық ұясы деген жерде жайлауда отырғанда Қайырбайдың Мұсасы деген ақсақал-дың айтуынан екі рет тыңдағанда тұ-тас жадына құйып алады. Дүйсенғазы жыршыға кішкене күнінде үлкендер кітаптағы жырларды дауыстап оқы-тып, тыңдайды екен. Көптеген көлем-ді жырларды осылайша жаттап ала-ды. Сөйтіп, өзінің талабымен сол жырларды түрлі мақамға салып айта бастайды.

Дүйсенғазы ағамыз 19 жасында ветсанитарлық қызметте жүріп, мал егу кезінде оқыстан көз жанарынан айырылады. Осыдан кейін оны әкесі Найман Ырғызбай әулиенің басына апарып, үш рет түнетеді. Түнекке үшінші барғанда түсіне жуан қара кісі енеді. Әлгі кісі қолынан жетелеп ма-зардың ішінен тысқа алып шығады да, «Сен енді бұл жерге келе берме» - деп, қарсы қарап тұрған ірі денелі орысқа «Мұны өздеріңмен әкетің-дер» - дейді. Дүйсенғазы аға үй-ішіне түсін бірден айтпай, жеті күн өткен соң айтады. «Мен енді бұл жерде тұрмаймын, орысы көп Семей қала-сына кетуім керек» депті. Сөйтіп, Семейге келіп, зағип жандар қызмет ететін түрлі бұйымдар жасайтын цех-қа жұмысқа тұрып, еңбек етіп жата-ды. Жұмыста жүріп, өнерден қол үз-бейді. Ақындар айтысына қатысуды ойлап, әйткенмен сырқаттаныңқы-рап, әрі-сәрі күйде жүргенде түсіне Шәкі би деген әулие атасы енеді. Түсінде берілген аян бойынша, Шәкі әулиенің зиратына түнейді. Түнектен үйіне келген соң тағы бір ғаламат түс көреді. Тура көз жанары бар кездегі-дей бөлме іші жап-жарық болып тұ-рады екен. Ішке бір кісі еніп, «Мен Кемпірбаймын! Қолыңа домбыраңды ал, айтысқа бар» депті. Осыдан кейін Дүйсенғазы жыршының өнерге деген құлшынысы бұрынғыдан бетер ашы-ла түседі. Талай ақындар айтысынан, жыршы-термешілер байқауынан жүл-демен оралады. Тегінде «арқалы өнерпаз, өнердің киесі қонған» деген қазақтың сөздері осындай жағдайдан айтылса керек.

Дүйсенғазы жыршы бүгінде зей-нет жасына және мүгедектігіне қара-май, Семейдегі «Көрмейтін және на-шар көретін азаматтардың «Шамшы-рақ» клубындағы арнайы жұмыс ор-нында жас шәкірттерді ұлттық тәр-биеге, өнерге баулиды. Атап айтқан-да, жыр, ертегі, мақал-мәтелдерден бастап, қазақтың толық әдебиетінен, тарихынан дәріс береді. Он екі мүше-сі сау адамның да қолынан келе бер-мес үлкен істі алып жүрген Дүйсенғазы-дай жыршы ағамыздың зор еңбегіне жеміс тілеп, қазақ елі қашанда осын-дай қазыналы қарттарынан, қадірлі ақсақалдарынан ажырамаса екен дейміз.

Қаралым саны 1651

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463