“Мінді Науша атына-ай..."

«DANA.kaz» журналының өткен №6 (7) санында «Байбақтыда Наушадай батыр өткен...» атты Қазбек Құттымұратұлының мақаласы басылып, азаттықты ту еткен тұлға төңірегіндегі біраз мәлімет оқырман қауымға жеткен еді. Осыған орай батыр тарихынан сыр шертетін қолда бар деректер негізінде ой қосып, пікір бөлісуді жөн көрдік.

Сөз басы

Науша есімінің көзге түсіп, ел істе-ріне араласуы Қайыпқали сұлтан, Исатай-Махамбет батырлар бастаған ұлт-азаттық қозғалыспен сәйкес келе-ді. Бүгінде аталған қозғалыстар тарихы жан-жақты сараланып, өзіндік тұжы-рым, қорытындылар жасалынғаны-мен, көтеріліс жетекшілеріне қолдау білдіріп, олармен үзеңгілес әрі ниеттес болған, ел өміріндегі маңызды істерге белсене араласқан, бірақ есімдері әлі күнге дейін дараланып, нақты бағасын алмаған тұлғалар баршылық. Міне, сондықтан да азаттық күресте өзіндік үлес қосып, әрқайсысы бір рулы елдің талайлы тағдыры таразыға тартылған-да төрелік танытқан батыр бабалары-мыздың өнегелі өмір жолын, елі үшін атқарған ерлік істерін танып білу, оны бүгінгі ұрпаққа жеткізудің маңызы зор.

Осындай азаматтар қатарынан ойып орын алатын Науша батыр тұл-ғасы халық жадында нендей іс-әреке-тімен қалды? Ол жөнінде мұрағат де-ректері мен фольклорлық мұралары-мыз не дейді?

Ата-тегі, өскен ортасы

Науша батырдың ата-тегі Кіші жүз-дегі 12 ата Байұлының Байбақты руы-нан, оның Әлтеке тайпасынан. Шежіре бойынша Сұлтансиықтан Асқар, Асқар-дан Байбақты, Жанбақты, Тынбақты тарап, Жанбақтыдан Алдаберген туып, ол Әлдеке дегеннен Әлтеке болып кеткен дейді. Бас штаб полковнигі И.Ф.Бларамберг Байбақтыдан Батақ, Әлтеке, Қынық деген үш бала, ал Әлтекеден Жабағы, Андас, Назарымбет, Мамат деген төрт бала тарайды деп, шежірені қуаттай түседі. Байбақты руының Батақ бөлімі жазда Қалдығайты, Бұлдырты, Өлеңті, Шідерті және Жымпиты өзендері бойында, қыста Соналы көл, Тұздыкөл, Сасықкөл мен оларға жақын маңда, ал кейбір бөлігі Орал шебінде, Әлтеке бөлімі жазда Өлеңті бойында, қыста оның сағаларындағы қамыстарда, Қынық бөлімі жазда Өлеңті, Шідерті, Қызылағаш, Аңқаты өзендері мен оларға іргелес өңірде, қыста Орал шебі бойындағы Ілбішін, Горячинск форпосттарына қарсы және кейбір бөлігі Соналы көл аймағын жайлаған [Бларамберг И.Ф. Военно-статистичес-кое обозрение земли киргиз-кайсаков Внутренней (Букеевской) и Зауральс-кой (Малой) Орды, Оренбургского ве-домства. – СПб., 1848. 81, 125-126 бб.].

Науша батыр Әлтекенің Назарымбет бөлімінен тарайды. Ел аузынан жеткен мәліметтерге иек артсақ, Назарымбет өз заманында танымал билердің бірі болған. Азынабай – Тайпақ даласының арқа бетінде Өлеңті өзенінің осы ойпатқа құяр тұсында Назарымбет деп аталатын арық бар. Бүгінге дейін Назарымбеттің немересі Сейтімбеттің баласы Әжібайдың атымен аталып келген қыстақтан түстікке қарай екі шақырымдай жерде «Назарымбет бейіті» деп аталатын қауым орын теп-кен. Осы қауымда Назарымбет пен Маматтың бейіттері қапталдасып жа-тыр [Ахметов К.Ғ. Кіші жүз Асқар (Байбақты, Жанбақты, Тынбақты) және Тана руларының шежіресі. – Орал, 2008., 89-б.]. Одан әрі шежіреге сүйен-сек, Назарымбет – Мамыр – Сырымбет – Қаржау – Науша болып тарайды. Науша туралы шөбересі Қадырдан ес-тіп-білгендерін қағаз бетіне түсірген Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Әбілқайыр ханды Барақ төренің айтуымен өлтіре-тін Сырымбетті батырдың атасы деп жазған. Алайда Мәскеу мұрағатының құжаттары бұл пікірді теріске шығара-ды. Себебі 1753 жылы қаңтар айында Нұралы хан Орынбор әкімшілігіне әке-лерінің кегін қайтару үшін інісі Ералы сұлтанның Орта жүздегі Матайнайман руынан шыққан Сырымбет батырды жанұясымен бірге көзін жойғандығын хабарлаған [РИССМ. 122-қ., 122/1-т., 1753, 3-іс, 10-п.]. Бұған қоса тарихшы И. Ерофеева да Сырымбет Бекбасұлын Орта жүздегі найман руының батыры деп анықтайды [Ерофеева И. Институт батыров в структуре военной органи-зации казахов-кочевников // Роль номадов евразийских степей в разви-тии мирового военного искусства. Научные чтения памяти Н. Масанова: Сб. мат-лов межд. науч. конф. – Алматы: «Издательство LEM», 2010. 343-б.]. Ал зерттеуші Р.Темиргалиев Әбілқайыр хан өліміне қатысқан Сырымбет батырды керей руына жатқызады. Сырымбетті өлтірген соң Ералы керейлермен арадағы байланы-сын түпкілікті үзген [Темиргалиев Р. Эпоха последних батыров. – Алматы, 2009. 185-б.].

Назарымбет би немересі Сырымбет-тен Қаржау дүниеге келген. Қаржау да Байбақты руының белгілі батыры ре-тінде Кіші жүздің қоғамдық-саяси өмі-рінде көзге түскен. 1797 жылы көктем-де Есім ханның өлімінен кейінгі шие-леністі сәтте, ел билігіне алдымен Бөкей сұлтан, кейін Қаратай сұлтан ұсынылды. Осы кезде Қаржау батыр Қаратай жанынан табылып, оған қол-дау танытты. Ол 1797 жылы 13 тамыз-да Байбақты руының Әбіл би Жылқыайдарұлы, Табылды Өтеуліұлы, Жылкелді Жарқынұлы, Қалдыбай би Мұқынұлы, Есқара батыр Дәуқараұлы секілді 12 старшын, би, батырларымен бірге Орынбор Шекаралық істер экспе-дициясына Қаратайды хандыққа бекі-ту туралы өз өтініш, ұсыныстарын жол-даған. Бүгінде Орынбор мұрағатында сақталған осы хат соңына «Қаржау батыр Сырымбетұлы» деп өз таңбасын түсірген [ОрОММ. 6-қ., 1-т., 63-іс, 107-п.]. Мұның өзі Қаржау батырдың сол тұстағы танымал тұлғалардың бірі бол-ғандығын дәлелдей түседі. Кезінде ағартушы ғалым Ш.Уәлиханов: «Батыр – қазақтарда ру басы сұлтаннан кейінгі ең маңызды әрі көрнекті тұлға. Ол ең беделді адам, оның ақыл-кеңесімен халық әрқашан есептесіп отырады» деп жазған еді. Олай болса, Қаржау Сырымбетұлы өзі өмір сүрген заман-ның көрнекті тұлғасына айналған бір-туар азамат. Оның үстіне Қаржаудың батырлық қабілеті кейінгі ұрпақтарына жалғасты. Наушаның батыр атанып, ел алдында абырой-беделге ие болуы да әкеден дарыған қасиеттің арқасы. Со-нымен бірге қоғамдық-саяси көзқара-сы мен өмірлік ұстанымының қалыпта-суына да әкесінің іс-әрекеті мен Кіші жүзде қалыптасқан жағдайлар ықпал еткен болуы керек.

Атақты Сырым көтерілісінен кейін 1801 жылы Ішкі Орданың құрылуына байланысты Бөкей сұлтан бастаған Кіші жүз руларының бір бөлігінің Жайық-тың оң жақ бетіне өткені белгілі. Бөкейді қолдап, оның артынан ерген қазақ рулары қатарында байбақты руы да болған еді. Өз руластарымен бірге Қаржау батырдың әулеті де ішкі тарап-қа өтіп, тұрақтаған. Осы орайда тарих-шы Х.Маданов Қаржаудан 5 бала бар деп анықтаса, шежіреші К.Ғ.Ахметов оларды Қоқан, Байдонғар, Қоронғар, Қарт, Науша батыр деп тарқатады. Бөкейлікте Байбақты руының басым бөлігі негізінен қысты Нарын құмында, Қамыс Самар көлдері мен теңіз маңын-да, Қара, Сары өзендер бойында, кей-бір бөлігі Толыбай құмында өткізсе, жазда Нарын құмынан қиғаштай Қара, Сары өзендердің бойында көшіп-қон-ған. Оның ішінде Әлтекенің Андас, Жабағы, Назарымбет, Мамат бөлімде-рі де болған.

Бөкейліктегі толқу

ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде, яғни Бөкей, Шығай сұлтандар тұсын-дағы тарихи деректерде Науша батыр есімі кездеспегенімен, кейін билікке Жәңгір ханның келуінен соң Ордада орын алған оқиғалар ортасынан көрі-не білді. Әсіресе, 1827-1829 жылдары Қайыпқали Есімұлы бастаған қозғалыс кезінде ерекше белсенділік танытты. Зерттеуші М.Ізімұлы Науша батыр інісі Наурызәлімен бірге руластарын басқа-рып, 1827 жылы көктемде Бөкей Орда-сын шарпыған толқуға қатысқан деп анықтайды. Сол тұста Наушаның ел істеріне араласуын жоққа шығармасақ та, Наурызәлі атты інісінің болғандығы мұрағат, шежіре деректерінен кездес-педі. Бұл арада автор Исатай-Махамбет қозғалысына қатысқан Тама руының қазағы Наурызәлі Қаржауұлын Науша батырдың інісі деп жаңылысқанға ұқсайды.

1827 жылы жұттан қатты жүдеп шыққан жұрт шеп күзетінің қарсылы-ғына қарамастан Жайықтың арғы беті-не өтуге ұмтылды. Сөйтіп, Ордада бас-талған толқудың себептерін анықтау үшін Орынбор губернаторы П. Эссен Шекара комиссиясының төрағасы Г.Генсті бөкейлікке аттандырады. Глинянск форпостында Жәңгір ханмен кездескен Г. Генс 18 сәуірде бөкей-ліктердің құрылтайы өтетін Ұялы меке-ніне жол тартады. 22 сәуірде 400-ден астам халық жиналған кеңеске Қайыпқали, Шөке сұлтандар, Исатай батыр, т.б. қатысқан. Ұялы съезін негіз-сіз 1828 жылға жатқызған жазушы Ә.Сарай осы кеңесте Байбақты старшы-ны Шеркеш Жақсыбайұлы, Тана старшы-ны Жаналы Саңғырықұлы, Науша Қаржауұлы ашына сөйлеп, Жәңгір ханға алым-салым көбейткені, тым орысшылдығы, бұқара халық мүддесі-мен санаспайтындығы, т.б. туралы ауыр айып тапты деп жазады [Әнес Сарай. Екі тарлан. Исатай-Махамбет тарихы. – Алматы: Арыс, 2003, 56-57 бб.; Батыс Қазақстан облысы. Энцикло-педия. Толықтырылған 2-ші басылы-мы. – Алматы: Арыс, 2010. 503-б.].

Ішкі ордадағы қазақ руларының Жайықтың арғы бетіне өтуге ұмтылуы кейін 1829 жылдың басында да жалғасты. ХХ ғасыр басындағы қазақ ғалымы Телжан Шонанұлы 1829 жылы Жәңгір мен орыс князьдарына қарсы болған Қайыпқали көтерілісін жер үшін болған көтеріліс деп бағалайды. Оның пікірінше, Қайыпқали, Жоламан, Исатай, Махамбеттер – қазақтың Пугачев, Степан Разиндері, бұлар жер үшін қазақ бұқарасының хандарға, князьдарға, ақсүйектерге қарсы көте-рілісінің тудырған балалары [Шонанұлы Т. Жер тағдыры – ел тағды-ры. 2-басылуы (Көмекші оқу құралы). – Алматы: Санат, 1995. 65-б.]. Ал тарих-шы И.Кенжалиевтің анықтауынша 1827-1829 жж. көтерілістер жер жетіс-пеушілігінен, билеуші топтың шаруа мүддесін қорғамай, отарлаушымен «ауыз жаласып» кеткенінен, ханның қатаң алым, салық саясатынан болған [Кенжалиев И. Мақамбет. – Орал, 2003. 90-б.]. Осыған орай Қайыпқали сұлтан мен оның жақтастары халықты Жайықтың арғы бетіне өтуге үгіттеген. 1829 жылы 17 ақпанда Хансұлтан Шығайұлы Шалпақ мекенінде қыста-ған Тана руындағы Қоске, Әжібай ба-лалары, Жұман баласы Мәкен, Алаша руынан Қитар мен Қияс Қалдыбайұл-дары Жайықтың далалық бетіне өту ниетімен көшіп кеткенін, сол сияқты Бекбаулы, Жүніс старшындар да өзде-ріне өтетін жер таңдау үшін осы күнде-рі Орал қаласында жүргенін Жәңгір ханға жеткізеді [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1685-іс, 145-п.]. Бірде Қайыпқалидың шақыруымен өткен қазақтардың үлкен кеңесінде Байбақты старшыны Шеркеш Жақсыбайұлы, Науша Қаржауұлы, Алаша Шоңқара Жарылқапұлы Қайыпқалидан өздерімен бірге Жайық-тың арғы бетіне шешімді түрде бара аласың ба деп сұраған. Сұлтан болса олардан ешқашан қалмайтынын айтып жауап берген. Сол тұста Жәңгір хан тапсырмасымен Қайыпқали ауылына барған Әділ сұлтан Бөкейханұлы да Қайыпқалидың кеңесшілері Жаналы Саңғырықұлы мен Науша Қаржауұлы Жайықтан арғы бетіне өту туралы ортақ шешімге келгенін, енді ешкімнің де өздерін тоқтата алмайтынын ашық айтты деп хабарлайды [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1685-іс, 545-п.]. Кейін 1 наурыз күні Қайыпқали сұлтан ауылында үлкен Кеңес өтіп, қазақтар Жайықтың арғы бетіне өту мәселесін талқыға сал-ған. Көп ұзамай Жәңгір тапсырмасы-мен Глиняный форпостына барған Хансұлтан Шығайұлы Қайыпқали сұлтан, Шеркеш Жақсыбайұлы, Жантөре Қарабатырұлы, Отарбай Өтесұлы, Жаналы Саңғырықұлы, Қаратоғай Мәмбетұлы, Науша Қаржауұлы, Жұмыр Қитарұлы, Медібай Мекенұлы бастаған қазақтар-дың Қамыс Самардан Орал шебіне мал-жандарымен көшу туралы ойын біліп, «олар Жайықтың арғы бетіне күш салып өтуге ниеттенуде» дейді [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1685-іс, 107, 446-п.]. Сөйтіп елдегі шиеленіс шектен шығып, қозғалыс көпшіліктен қолдау тауып, кең қанат жайды. Ордасын тас-тап, жанталасқан Жәңгір хан Камышин қаласына қашса, Шөке сұлтан Глинянск бекінісін паналайды. Елдегі жағдайдан құлағдар болған Орынбор губернато-ры П. Эссен қозғалысқа бірден-бір кінәлі адам Қайыпқали сұлтан деп, оны жақтастарымен бірге қолға түсіру-ді атаман Бородинге бұйырады. Бұй-рықты алған Бородин сұлтанды тұт-қындау үшін 4 наурыз күні далаға 4 ка-зак отрядын аттандырады. 5 наурызда атаман Бородин бастаған отряд Жайық-қа қарай 1500 қарулы қолмен келе жатқан Қайыпқали сұлтанды кездесті-реді. Қайыпқали жанына Шеркеш, Науша, Жаналы, Отарбайды ертіп, Бородинмен бетбе-бет кездесіп, келіс-сөз жүргізеді. Атаман қазақтарды кері қайтуға қанша үгіттегенімен олар Жәңгір хан тарапынан жүргізіліп отыр-ған саясатқа көңілі қалғанын айтып, Жайықтың арғы бетіне өту ниетінен бас тартпайды. Қайыпқали атаманмен екінші рет кездесуге барған тұста тұт-қынға алынады. Қазақтар сұлтанды құтқаруға ұмтылғанымен, атаманға Донсков отряды көмекке жеткен. Казак-орыстар Қайыпқалимен бірге Рысалы сұлтанды да қолға түсіреді. Кейін 19 наурызда Генске жолдаған хабарында Жәңгір хан қозғалыс жетекшілері қатарында Наушаны ерекше атайды [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1685-іс, 465, 553-554, 732-733 пп.].

Атаман Бородиннің қозғалыс бас-шыларын қолға түсіруінен соң Г. Генс сұлтандар жанындағы жақтастарын шақыртып, кешірім сұратуды, т.б. іс-шараларды жүзеге асыруды қолға алды. Ал Шеркеш, Жаналы, Наушалар болса Іргеқұм мекенінде жүздеген қа-рулы қол жинаған. Көп ұзамай оларға Жәңгір ханның шақыртуымен Байбақты старшыны Құнажан Сапақұлы келген. Алайда олар ешқандай сендіруге қарамастан ханға бармайтынын кесіп айтқан. 27 наурыз күні сұлтандар Әділ, Меңдікерей Бөкейұлдары мен Тоғым Шығайұлы Г.Ф.Генстің бұйрығымен Тана руының старшыны Жаналы Саңғырықұлының ауылына аттанып, оны жанұясымен бірге ұстап алып келе жатқанда Науша, Шеркеш бастаған қа-рулы қолға тап болып, үлкен қақтығыс болады. Өз жолдастарының бірі Бітік Бәйтерекұлына найза кіріп жарақат алып, жеңіліске ұшырған сұлтандар Г.Ф.Генске «осыған орай біз Жаналы ауылын әкеле алмай, тек өзіміз ғана сізге аман-есен жеттік» деген [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1685-іс, 567, 584-п.]. Өз ша-қыртуына қозғалыс басшыларын кел-тіре алмай, ашуға булыққан Г. Генс оларды қалайда күшпен ұстауға бел буды. Ол казак-орыс отрядын, Жәңгір жіберген Шөке сұлтанның 120 қолын ертіп Іргеқұмға аттанады. Өз жақтаста-рымен біраз күш біріктірген көтеріліс-шілер Г. Генспен бірге келе жатқан Шөке сұлтанға 28 наурыз күні кеште шабуыл жасайды. Казак-орыс коман-дасына қарсы 40 шақты қолды бастап шыққан Науша батыр батыл қимылда-ған. Алдымен көтерілісшілер шабуыл жасап, Г. Генстің екі рет зеңбіректен оқ атуынан соң кері шегінген. Қозғалыс басшылары Науша мен Шеркешті қолға түсіруді көздеген Шөке сұлтан олардың соңынан өз адамдарын жібе-реді. Содан екі арада шайқас болып, Шөке сұлтанның екі адамы ауыр жара-ланған. Соның бірі беріш руының себек бөлімінің қазағы Сәдібек Әтембекұлы ертеңіне қайтыс болған [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1685-іс, 747, 824-п.]. Осы Сәдібек есімі «Бөкей хандығының тарихы» ат-ты құжаттар жинағында Садық болып бұрмаланған. Мұрағаттағы түпнұсқа деректе анық Сәдібек деп берілген. Атыраулық белгілі шежіреші Мәжит Мұхтарұлы «Найзагер Науша Қаржауұлы» атты әңгімесінде Сәдібек өлімін былай баяндайды: «Хан мен оның жанындағы билердің тапсырма-сымен сол кездегі белсенді старшын-дардың бірі Сәдірбек Әтембекұлы «ұс-тап беремін» деп уәде етеді. Ел аузын-да «Наушаның Меңді деген атына да қызығыпты, оны ұстап берсем, атын өзім аламын» - деп дәмеленіпті деген сөз бар. Осы ойын ағасы Батырбекке айтқанда, ол: «Науша ешкімнің қанын нақақ төккен жоқ. Ханға, ақ патшаға қарсы болса, олардың қысымшылығы-на қарсы күресті. Ұстап беруге жұмыс-танба», - дейді. Сәдібек ағасының бұл сөзіне көнбейді. ...Наушаның «Мені тірілей хан алдына апара алмайсың, қайт!» дегеніне қайтпапты, «қой, тен-тек болма» дегеніне қоймапты. Ақыры Наушаның найзасына түйреліпті» [Мұқтарұлы Мәжит. Жотасы биік Дендерім: тарихи-танымдық шежіре кітабы. – Атырау: «Ағатай», 2010. 32-б.]. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Тәкеев Сейтім ақсақалдан жеткен әңгімелер де Беріш Сәдібектің Наушаның қолы-нан қаза тапқанын растайды. Мәшһүр Жүсіп нұсқасында Батырбек Сәдібектің інісі деп көрсетілген. Бір қызығы, Іргеқұмдағы шайқаста батыр Исатай Тайманұлы Жәңгір жіберген жасақтың арасында болған. Ол туралы Мәшһүр Жүсіп: «Науша Сәдібекке қарсы шаба-ды да, оны найзамен қағып түсіреді. Екпінімен кейінгі отрядқа соғады. Лизо арба, үш ат жеккен. Үстіндегі әпесер, Исатай, делбеші, үшеуі қарғып, арба-ның астына тығылып отыра қалады. Сонда Науша лизордың үстіндегі құс жастықты найза ұшымен көтеріп тұрып: – Е, Исатай, сенің де басыңа келер, «апасы киген көйлекті сіңлісі де киер», - дейді де, жүріп кетеді», - деп жазады [Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Көптомдық шығармалар жинағы. 9-том. Қазақ та-рихы: Абылай хан туралы аңыз әңгіме-лер. – Алматы: «Ел-шежіре», 2009. 160-167 бб.]. Кейін Г.Ф.Генстің ұсыны-сына орай 1829 жылғы 16 тамыздағы П. Эссеннің бұйрығымен Ішкі ордада-ғы толқуды басудағы және оған айып-тыларды жазалаудағы қызметі үшін алғыс хатқа ие болған сұлтан, стар-шындар қатарында Исатай Тайманұлы да болды [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1685-іс, 400-п.; История Букеевского ханства. 1851-1852 гг: Сб. доку-ов и мат-ов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. 513-б.].

Іргеқұмда көтерілісшілер жағынан да біраз адам қолға түседі. Осындай тұтқындар қатарындағы Сатқан Ранжықұлы (60 жаста, Байбақты Әлтеке старшыны Шеркештің туған немере ағасы – Ж.И.) тергеу кезінде «Науша орыстарға соққы беру үшін бара жатқанын айтып, өзімен бірге алып кетті» деген. Ал 30 наурыз күні таңертең өз еркімен Глинянск форпос-тына келген Шеркеш Жақсыбайұлы Жәңгір хан бұйрығы бойынша тұтқын-ға алынады. Тергеуде ол қазақтарды Жайықтың арғы бетіне көшуге үгітте-ген Науша деп көрсетеді. Ақпан айын-дағы қазақтардың Жайыққа қарай қоз-ғалысы туралы айта келіп: «Мен үйге келіп, Науша Қаржауұлы мен старшын Жантөре Қарабатырұлының өзінің жа-қын туыстарымен кетіп қалғанын біл-дім. Өз малымды қарауға шығып, ке-лесі күні үйге оралғанымда, маған ба-ғынышты қазақтардың барлығы көшіп кеткенін көрдім, тіпті өз үйімді де таба алмадым, өйткені менің отбасым бұ-рынғы басты жол басшы Науша Қаржауұлының мәжбүрлеуімен олар-дың соңынан ерген болу керек. Мен өз жанұямды Төрешағыл мекенінде қуып жеттім, сол кезде сұлтан Шөке Нұралыұлының «қазақтар өз еркімен көшіп кетуін тоқтатсын» деген 16 ақ-пандағы бұйрығын алдым. Мен олар-ды үгіттеуге тырысқаныммен, нәтиже болмады. Өйткені өзге де қазақтарға билігін жүргізген Науша Қаржауұлы оған кедергі келтірді» деп жауап бере-ді. Оған қоса «Наушаны көрмедім, ол жинаған қолдың ішінде болған емес-пін» дейді. 1 сәуірдегі екінші тергеуде де «28 наурыз күні казак командасы мен құрамында Әділ, Меңдікерей сұлтандар бар қазақтар тобына қарсы батыл қимыл көрсеткен Науша жаса-ғының арасында болмадым» деген [История Букеевского ханства. с. 498, 500-501, 504]. Бұл арада Шеркеш бар кінәні Наушаға жабу арқылы Г.Ф.Генс алдында ақталуды көздеген болуы ке-рек. Шын мәнінде, ол да осы қозға-лыстың негізгі жетекшілерінің бірі еді. Шеркештің Іргеқұмда Наушамен бірле-се қимылдағаны тергеу барысында анықталған.

Тұтқынға түскендер арасында Наушаның туған інісі Қоқан Қаржауұлы мен немере інісі Байбол Өмірұлы да болды. Байболдың Наушаға немере іні болып келетіндігін шежіре де қуаттай-ды. Өйткені Байболдың әкесі Өмір мен Наушаның әкесі Қаржау – Сырымбет-тен туған ағайынды бауырлар. 31 нау-рыз күнгі тергеуде Қоқан Қаржауұлы «58 жастамын, Наушаның туған інісі-мін, Шеркештің иелігіне қарасты Іргеқұм мекенінде ағаммен бірге тұрамын, өткен қыста ағам Наушамен бірге Сарыкөлді жайладым» деген. Оның айтуынша, ағасы Науша қазақ-тарды Жайықтың арғы бетіне өткізу мәселесі жөнінде кеңесу үшін Қайыпқали сұлтанға жиі барып тұрған. Сонымен бірге Қоқан өзіне Наушаның «Қайыпқали сұлтанда Жайықтың дала-лық бетіне өтуге Орал казак әскерінің атаманы Бородиннің атынан рұқсат берілген қағаздың бар екендігін айт-ты» дейді. Ал өз жауабында Байбол Өмірұлы: «38 жастамын, Науша Қаржауұлының немере інісімін» деген [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1685-іс, 779-781 пп.]. Кейін 29 қыркүйектегі екінші тер-геуде Қоқан Қаржауұлы «Науша мен Қайыпқали сұлтанның іс-қимылдары туралы ешнәрсе білмеймін. Ішкі орда-дағы қазақтардың толқуы туралы еш-теңе естіген емеспін. Іргеқұмда мені Балқы, Тастемір старшындар бастаған 10 шақты қазақ ұстап алып, шептегі Глинянск форпостына әкелді» деп жа-уап береді. Ол мұнда өзінің 5 жылқы-сын, яғни, бірінші шабдар жорға атын Жарас сұлтанның, екінші шабдар атын Әділ сұлтанның, үшінші торы атын Меңдікерей сұлтанның мініп жүргенін, ал екі көк биесін өзі танымайтын екі қазақтың қолынан көргенін қосады. 1830 жылғы 30 қаңтардағы куәлікте Қоқан Қаржауұлына «бойы 2 аршын 4 ½ вершок, ақ жүзді, бетінде шұбар дағы бар, қой көзді, мұрны орташа, шашы мен қасы қара, алдыңғы төменгі жақ сүйегінің бір тісі жоқ» деген сипат-тама берілген [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1685-іс, 902, 1020 п.].
Жалпы, осы қозғалыс кезінде Қайыпқали, Рысалы сұлтан бастаған барлығы 47 адам қолға түскен. Тұтқын-дар тізімінен Жақсыбай Естайұлы (Қызылқұрт), Отарбай Өтесұлы (Адай), Жантөре Қарабатырұлы (Байбақты Әлтеке), Шеркеш Жақсыбайұлы (Байбақты Әлтеке) секілді старшын-дармен қатар Байбақты, Беріш, Алаша, Ысық, Масқар, Қызылқұрт руы қазақ-тарын және бір төлеңгіт пен бір хиуа-лықты көре аламыз. Соның ішінде 15 адам Байбақтының Әлтекесінен тара-ған [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1685-іс, 789-799 пп.]. Қозғалыс басшылары ретінде тұт-қынға алынған Жантөре Қарабатырұлы Науша Қаржауұлымен Назарымбет би-ден барып қосылатын аталас ағайын болса, Шеркеш Жақсыбайұлы да Байбақтының Әлтекесінен еді. Алайда К. Ахметов түзген шежіре Шеркештің ата-тегін Байбақтының Бұғанайынан таратса, облыстық энциклопедияда М.Ізімұлы «шеркеш руының беделді азаматы Жақсыбаев» деп, оның есімін руға айналдырып жіберген.
Осы тұста Жәңгір хан қолға түскен қозғалыс басшылары мен белсенді мү-шелерін Ордаға жолатпауды көздеді. Ол Шеркеш Жақсыбайұлы, Естай Жақсыбайұлы, Құсым Өтеуліұлы (Наушаға туыс болып келеді – Ж.И.), Сатқан Ранжықұлы, Қоқан Қаржауұлы, Жантөре Қарабатырұлы, Отарбай Өтесұлы, Құрман Өтебайұлы, Бегімбет Жанайұлы сияқты тұлғаларды бөкей-лікке жібермеуді өтінді. Осыдан соң Г.Ф.Генс оларды Глинянск форпостынан қатаң қарауылмен Орынборға аттан-дырады. Алдымен Калмыков бекінісі-не жіберілген қазақтардың жол бо-йында қашып кетпеуі қатаң бақылауға алынды. Ал арасында Наушаның не-мере інісі Байбол Өмірұлы бар өзге тұтқындарды Жәңгір ханның талап етуіне дейін күзетте ұстау үшін Өзен шебінің бастығы есаул Логиновке тап-сырылды [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1685-іс, 274, 595, 670-671 пп.].

Ал Іргеқұмда қолға түспей кеткен қозғалыс басшыларын Г. Генс қалайда ұстауды естен шығармады. Ол 3 сәуір-де Жәңгір хан жанындағы отрядтың бастығы жүзбасы Бородинге бөкейлік-терді Жайықтың арғы бетіне өтуге үгіт-теген басты айыптылар Жаналы Саңғырықұлы, Науша Қаржауұлы, Қосан Жанұзақұлы және Аббас Қосайұлына қырағы бақылау жүргізіп, егерде олар жүзбасы жасағымен жүр-ген жерге келер болса, сол бойда ұстап алып, қатаң қадағалаумен жақын маң-дағы шеп бастығына әкелуді бұйырды. Әрі бұл жөнінде ешкімге тіс жармай, құпия сақтауды ерекше тапсырды. Көп ұзамай Орынборға Байбақты руында-ғы Наушаның ауылында отставкадағы зауряд шенеунік Акчурин тұрып жатыр деген хабар жетеді. Г. Генс Наушаның қылмысына байланысты Акчурин өзі-не күмән тудырады, сондықтан оны ұстау қажет деп, құпия түрде Жәңгірге мәлімдеді. Жәңгір мұны Шөке сұлтан-ға тапсырғанымен, Акчурин Ресейдің ішкі жағына, яғни белгісіз бағытқа ке-тіп қалған [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1685-іс, 676, 679, 855 пп.].

Науша бастаған қозғалыс басшы-лары Жайықтың арғы бетіне өткен соң, ол жақтағы белгілі батырлармен де байланыс орнатқан. Мәселен, мамыр айында Орынборда қамауда отырған Ішкі ордалықтардың туыстары мен ба-лалары, яғни Нарыннан келгендер Елек бойындағы қазақтар арасында өз руластарын Адай Сүйінқара, Ақкете Дербісәлі батырлар арқылы көтеріліс-ке шығуға үндеген. Бөкейлікте қалған мүліктерін қайтарып, өз жақындарын босату үшін шеп бойынан орыстарды тұтқындауды көздеген. Осы хабардан соң Шекаралық комиссия қазақтардың шабуылынан қорғап, шеп бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Орал әскери кеңсесіне қатаң шаралар қабыл-дауды тапсырды [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1685-іс, 371, 374, 395-п.].

Орынборда қамауда отырған қа-зақтар тағдыры да әрқилы қалыптас-ты. Старшындар Жантөре Қарабатырұлы мен Естай Жақсыбайұлы түрмеде көз жұмды. Қоқан Қаржауұлы мен өзге де қазақтар қылмыстарын мойындамаса да, «тергеу барысында өздеріне күшті күмән туғызды әрі Бөкей ордасына кері қайтармау жөніндегі Жәңгір хан-ның өтінішіне сәйкес» деп Шекаралық комиссия оларды Сібірге жер аудару-ды ұйғарды. Оның үстіне 1830 жылы наурызда Қайыпқалидың түрмеден қа-шып кетуі де тұтқындарға шешім шы-ғаруды жеделдетуге ықпал етті. Содан Рахмет, Бойдақ, Сатқан, Бегімбет, Құсым, Қоқан Архангельск гарнизоны-на әскери қызметке жіберілсе, Құрман, Елшібек Сібірге, ал Рысалы, Шеркеш, Отарбай Финляндияға жер аударылды [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1685-іс, 1002-1003, 1084-1088, 1151 пп.].

Жайық сыртында

Жазушы Әнес Сарай тұтқынға алы-нып, сотқа тартылған он шақты адам ішінде Байбақты батыры Науша Қаржауұлы да бар еді десе, келесі бір жерде «Бір деректерде Наушаның да абақты дәмін татқаны еміс-еміс хабар-ланады. Ал егер ол жолы қолға түссе, Қайыпқалимен бірге түрмеде отырған болады да, 1830 жылы бүлікші сұлтан-мен бірге қашып шығады. Ал ел аузын-дағы әңгімеге қарағанда, ол 1829 жы-лы қолға түспеген, қара қасқа арғыма-ғымен Жайықтың биік жарынан өзенге тіке қарғытып, қашып құтылған» деп, екіұшты пікір білдіреді [Әнес Сарай. Екі тарлан. Исатай-Махамбет тарихы тура-лы зерттеу. – Алматы: Арыс, 2003. 104, 271-272 бб.]. Біз қолда бар мұрағат құ-жаттарына сүйене отырып, Наушаның қолға түспегендігін, Іргеқұмдағы шай-қаста тұтқынға алынған туған інісі Қоқан Қаржауұлы мен немере інісі Байбол Өмірұлы екендігін баса көрсе-теміз. Оның үстіне М.Ізімұлының «Науша жасақтары казак-орыс әскер-леріне бой бермей, өзеннен мал-жа-нымен өтіп кетті» деуі, Ә.Сарайдың «Байбақты Науша батыр казак-орыс қамауын жарып өтіп, Жайықтың биік шаппа жарынан атын қарғытып, өзен-нен жүзіп өтіп, Бұқар бетке кетті. ...Со-дан ол Ішкі Ордаға бармай, Жем сыр-тында қалып қойған. Алайда, ол хан, патша үкіметінің саясатына қарсы кө-терілістердің қай-қайсысын да құлшы-на қолдап, бірде білек сыбанып өзі қол бастаса, бірде жәрдем жіберіп, тілекші боп отырған. Ел аузындағы және архив деректеріне қарағанда, оған Жайық-тан әрлі-берлі өту өте үлкен кедергі болмаған» [Әнес Сарай. Көрсетілген еңбек. 59, 272-б.] дегені Қаржауұлы-ның осы кездегі қызметіне қатысты. Ал тарихшы И.Кенжалиев ел аузынан жет-кен әңгіме бойынша: «Байбақтының батыры Науша Қаржауұлы: «Біз де Жәңгірдің жылпыс сөзіне сенбейміз. «Қарыс ақылдан тұтам қайрат артық», мен орыс әскерін жарып өтіп, Жайық-тан асамын. Маған еретіндерің ер со-ңымнан!» - деп ұшып тұрып, көк бе-деуге мініп, «Алаш! Алаш!» деп айқай салады. Қарға бойлы Науша шымыр денелі, найзагер, соғыс тәсілін біледі екен, өзіне ілескендер көшін Жайық-тың «Шаппа өткел» деген тұсына әке-леді. Өзі қайратты жігіттерді ұтымды пайдаланып, көшті қорғап, қайта-қайта шабуылға шығып, жеңістік бермей, көші аман-есен түгелдей өтіпті» [Кенжалиев И. Мақамбет. – Орал, 2003. 91-92 бб.], - деп анықтайды.
Науша Жайықтың бұқар бетіне өтіп кеткен соң бөкейлікке оралмай, сол жақта тұрақтап қалды. 1830 жылы нау-рызда Орынбордағы түрмеден қашқан Қайыпқали да Қалдығайты, Бұлдырты сағаларындағы Сасықкөл маңындағы ауылына жеткен. Көп ұзамай 2 сәуірде Г.Ф.Генс губернаторға «Қашқын сұлтан Қайыпқали Есімұлы туралы еш хабар жоқ. Осындай кезде қашып, Жайықтан өтіп кеткен ол бақытты. Енді ешқандай шара қабылдау мүмкін емес» деуге мәжбүр болды. Науша, Қайыпқалилар-дың Жайық асуын Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» толғауында:
...Әуелі жеңіп орыс Еділді алды,
Артынан Еділден соң Нарынды алды,
Тоғайдың ағаш, қамыс, талын да алды.
Ар жақтан Қайыпалды, Науша қашып,
Тарлықтың содан бері қабынғаны, - деп жырға қосты. Ал Ығылман Шөрек-тің «Исатай-Махамбет» дастанында Исатай батыр аузымен Қайыпқалиға «Байбақты Науша қасыңда, Симай шыққан Ордаға, Қашқынға сені бала-дым» деп айтылғандай, Науша бұл жақта да сұлтанның жанынан табыла білді. Оған қоса Қайыпқали көп ұзамай Адай Сүйінқара, Ақкете Дербісәлі, Беріш Құлбарақ батырлардан қолдау табады. Науша батырдың Қайыпқали сұлтанның сенімді қолдаушыларының бірі болғандығы есаул Логиновтың 1830 жылы 3 қарашада Шекаралық комиссияға жолдаған хабарынан белгілі болды. Одан Қайыпқалидың Науша батыр бастаған 120 қазақты Ішкі Ордаға жібергенін байқаймыз. Науша қолы Сахарный қорғаны тұсынан орыс шебін бұзып ішкі тарапқа өтіп, жорық-тан қайтарында тұтастай бір үйір жыл-қыны Шідерті өзені бойымен қуып ал-ған. Есаул Логинов «олар сол кезде би-леуші-сұлтанның ордасына өте жақын, яғни үш шақырымдай жерден өтті, сол түні билеуші-сұлтан бірнәрсені күтіп, ұйықтамай, қатты мазасызданды, жыл-қы дүбірін естіртпеу үшін ол өз жанын-дағы казак-орыстарға ән айтуға мәж-бүр етті, мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған» деп мәлімдейді. Кейін Логинов Күсепқали сұлтаннан «зұлым қазақтар» неліктен ұсталмады деп сұ-рағанда, сұлтан «олар бөтен біреулер-дің не орыстардың жылқыларын емес, өз жылқыларын айдап келді» деген [Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Т.1: Рязанов А. Сорок леть борьбы за на-циональную независимость казакско-го народа (1797-1838 гг.). – Алматы: Ел-шежіре, 2007. 288-289 бб.].
Науша туралы хабардың естілуі Орынбор әкімшілігін қайта дүрліктіре-ді. Шекаралық комиссия 1830 жылы 10 желтоқсанда Кіші жүздің батыс бөлігі-нің билеуші-сұлтаны Баймағамбет Айшуақұлына бөкейліктегі толқу кезін-де Жайықтың арғы бетіне өтіп кеткен сұлтандар Ахмет Бекболатұлы, Бекжан Қайыпқалиұлы, старшын Жаналы Саңғырықұлы, Науша Қаржауұлын әр түрлі шараларды қолдана отырып, барлығын ұстап алып, шепке әкелуді бұйырды [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1685-іс, 1164-1165 пп.]. Алайда Наушаны қолға түсіру Баймағамбет үшін оңайға түс-педі. Өйткені осы жолы немесе кейінгі кезде де орыс ұлықтарының билеуші-сұлтанға сан мәрте бұйрық бергенімен оларды орындау мүмкін болмады.

Қаралым саны 3306

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463