Соналы болысы Сарғожин

1891 Теке (Орал) қаласына орыс патшасының мирасқоры Николай Романовтың келуі құрметіне салтанат – ат жарысы, күрес, түрлі спорт ойындары ұйымдастырылады. 

Аламан бәйгеде Мұхамеджан Сарғожин қосқан тұлпар бірінші келіпті. Сыйлықты мирасқор Николай Михайловичтің өзі тапсырған. Сол сәтті пайдаланған Мұхамеджан Петербор қонағын, губерния және Орал уезі басшыларын Соналы болы-сы тіккен киіз үйге қонаққа шақырып, дәм татқызады. Сол 1891 жылғы киіз үйдің суреті сақталған.

Бұрын-соңды мұндай дала дас-тарқанын көрмеген мирасқор патша киіз үйдің әдемілігіне ерекше қызы-ғушылық танытыпты. Дала сұлтаны сүйектен жасалып, күміс жалатқан әдемі киіз үйді мирасқорға сыйға тар-тып, Петерборға жеткізуді өз міндеті-не алыпты. Ол үш күйме арбаға тие-ліп, бір жарым айда жеткізілген екен. Иван деген орысқа тиген қазақ әйелі Қарашаш киіз үймен бірге барып, Петербордың орталық көшесінде үй-ді тігіп, халық тамашалаған орын бо-лыпты. Сол киіз үйде «Орынбор гу-берниясы, Калмыков уезі, Соналы бо-лысы» деген жазу болғандығы 1892 жылы «Дала уалаяты» газетінің он бесінші санында көрсетілген.
Мұхамеджан Сарғожин болашақ патшамен бірнеше рет кездесіп, қо-нақ қабылдауында болған. Қаракөл болысының басқарушысы Тоғайбай би Қарсақбайұлы (хазірет) екеуі: «Халықты отырықшылыққа көшіріп, ауыл етіп тұрақтандырып келеміз» деп, қазақ балаларына орыс тілінде мектеп ашуға ықпал етуді сұраған. Ондағы мақсат – қазақ балаларынан өкіметтің төменгі буындарына қыз-меткер, іс-қағаз жүргізуге қажетті ау-дармашы даярлау болыпты. Әрі «Орын табылады, мұғалімдер де бар, ұстау қаржысын өзіміз жинастыра-мыз» депті.

Мұхамеджан 1894 жылы Николай Романовтың таққа отыру рә-сіміне шақыру алған. «Қазақи ұлттық киіммен, сықырлы сақиян етік киіп, елден аттанды» деп Үбінияз Аманұлы ақсақал айтып келіпті. Тойға сый-сия-паты мол жиырмадан астам болыс барыпты. Қазақ елінен келген елші-лерге патша сарайындағылар ерекше назар аударған. Күміс киіз үй және бір түсті үш жүз текежәуміт жылқы әкелген дала сұлтаны Мұхамеджан Сарғожинді патша жеке қабылдап, «Не қалайсыз?» - депті. Сонда Мұхамеджан: «Менде бәрі бар, қазақ халқы шәйді жақсы көреді. Шәй фаб-рикасынан біздің өңірге шәй партия-сын жеткізсеңіз болды» - депті. Патша тәртібімен қаңылтыр қалбырға Мұхамеджанның суреті басылып, «Ақ-шу-кола» (шай сусыны) деген шәй 1925 жылға дейін шығып келген. Мұхамеджан Сарғожинді ел-жұрт «Ақшолақ» атап кеткен.

Сенаттың шешімімен Мұхамеджан Сарғожинге «Ресей им-периясының мирасқор-құрметті аза-маты» деген атақ берілген. Орал қа-ласында жыл сайын шығып тұрған «Уральский округ и его районы» де-ген жинақтың «Учереждение и лица» тарауында Сарғожиндер әулеті тура-лы мәліметтер берілген. Мұхамеджан-ның ағайындарына Ресей оқу орын-дарына түсуге рұқсат етілген. Мысалы, Сабырғали Сарғожин (1884-1926) Мәскеуде оқыған, генерал-майор, Нұғыман Сарбөпин (1890-1918) Петерборда Александр кавалерия училищесін бітіріп, Ресей-Қытай ше-карасында 553 жаяу әскер полкінде, штабс-капитан шеніндегі офицер бо-лыпты. Мәулімберлі Сарғожин Жәңгір-Орынбор кадет корпусында оқыған.

«1880 жылдары Орал губерния-сында 100 мектеп жұмыс жасап, оның 40-ы ауыл-аймақта ашылған» деген дерек сақталған. Солардың бірі – қа-зіргі Базаршолан ауылындағы «Қызылжар» аталған мектеп 1888 жылы ашылған көрінеді. Ол мектепте алғашқылардың қатарында Палмұқан Өзбекқалиев, Ғабдолла Махамбетов, Аманғали Асылбеков, Хұсайын Қарабалин, Жұмағали Есжанов, Мамырбай Ерубаев, Байсары Шағатаев, Нұрмағанбетов, Көптілеуов, Асылғалиев, Костин, Жұмашевтар оқыған.

Ұлағатты ұстаз, сол мектепті көп жыл басқарған Махмет Жәрдемұлы 2008 жылы «Туған топырағыңның та-рихы – өзіңнің тарихың» атты кітап шығарған еді. Естелік кітапта айтыл-ғандай, Базаршолан ауылында 40 ша-малы оқушы оқыған мектеп 1904 жыл-дан «Соналы болысының орыс-қыр-ғыз училищесі» деп өзгертіліпті. Қа-зақ ауылдарында болыстық жүйенің іс-қағаздары орыс тілінде жүргізіл-гендіктен, жергілікті басшыларды орысша сауаттандыру, іс жүргізуші, аудармашылар даярлау мақсаты қо-йылған. Соналы болысының басқару-шысы Мұхамеджанның өтінішіне сай әрі оның беделі арқасында 55 бала-лық училище қайта құрылып, 25 бала болыс қаржысымен жатақханада тұр-ған. 1904 жылы училище меңгеруші-лігіне Мұхамеджан Сарғожиннің өзі тағайындалған. Бұрынғы қызыл кір-піштен қаланған 2 корпус пайдаланы-лып, кейін ағаштан жаңа орын салын-ған. Училищеде Мұхан Күпсеғалиев, Әуелбай Төребев, Ақбас Ақатов, Дүйсенғали Бурабаев, Рахметолла Қаржаубаев, Керей Тоғайбаев ұстаз-дық еткен. Оқушылар қатарында Хамит Ермеков, Сисен Еспағанбетов (Өзек ауылынан), Мұрат Қаратаев (Ақбақайдан) Сәлім Аманшин, Көшербай Сарғожин, Сәлеке Құтқожин, Әміре Сарғожин, Ықсан Тапаев, Темірхан, Нұғыман Сарбөпин, Шәриполла Нұрмағанбетұлы, Жәңгір Сарғожин, Баймұхан Бейбітов (Жақсыбайдан), Ұлықпан Кереев, Аманғали Баяшев және басқалары болған. Училище бір басқышты, 4 жыл бойы орыс тілінде оқытыпты. 1904-1915 жылдардағы оқу-ағарту саласындағы еңбегін ескеріп, М.Сарғожинге «Құрметті бақылаушы-қамқоршы» деген атақ берілген.
1912 жылғы мәліметте Соналы болысына 14 ауыл қарап, 10661 жан есепте тұрса керек. Мұхамеджан Сарғожин – 30 жылдай Соналы болы-сын басқарып, орыс-қырғыз мектебін ашып, Орал, Орынбор, Петерборға қазақ елінің батыс өңірін таныта біл-ген тұлға ретінде өз дәуірінің озық зиялысы болғандығын айту орынды. Ол 1916 жылдың күзінде қазіргі Қаратөбе ауданы, Саралжын аулы, Сәуле елдімекенінің «Шоңқайлы көл» алқабында, Қалдығайты өзені-нің бойында, тоқалы Айшаның үйінде дүние салған. Сол жерден топырақ бұйырды.

Айша – Мұхамеджанның төртін-ші әйелі. Жақсыбай болысының ізін-де «Қызыл үй» ұстаған Шортанбай мен Шұқан Әжібаевтардың қарында-сы. Руы – алаша, барамық, Есенаман бөлімі екен. 1950 жылдары Мұхамеджанға қойылған зираттың сырланған қарағайы құрылысқа, құл-пытасы диірменге алынып кеткен екен. Жарты ғасыр өткен соң ағайын-дары Абай Сәлекеев, Есқабыл Жалмұрзаев, Ерболат Сағынов биіктігі 2,5 метрлік «Ақшолақ белгісін» ор-натты. Мәрмәр тақтаға: «Алаша, Аталық, Кенжеғара-Мұхамеджан-Ақшолақ Сарғожин (1844-1916), Соналы болысы управителі» деп жа-зылған.

Кеңес өкіметі келе Қызылжар мектебі әуелі 7 жылдық, кейіннен ор-та мектепке айналды. Тайпақ ауда-нындағы іргелі білім ордасында әйгі-лі Жұбан Молдағалиев те білім алған. Бұл мектепте «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі», 2 мәрте «Ленин» орденінің иегері атанған ұстаз Ғабдолла Махамбетов көп жыл ди-ректор болған. 2000 жылы бұрынғы соналы училищесі, кейінгі Қызылжар орта мектебі Ғабдолла Махамбетов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп деп аталады.

Тілекқабыл САҒЫНОВ,
өлкетанушы,
Орал қаласы

Қаралым саны 1857

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463