Досыма хат

Сымбат САМИҒОЛЛИНА,
Орал «Сервис» технологиялық колледжінің студенті

Батыс Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Батыс Қазақстан облыстық жастар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Орал қаласындағы жоғары және арнаулы оқу орындары студенттері арасында «Жастар зорлық-зомбылыққа қарсы: зорлық бар жерде отбасы жоқ» атты тақырыпта шығарма байқауын өткізген екен. Төменде сол байқаудың жүлдегері Сымбат Самиғоллинаның шағын әңгімесін ұсынып отырмыз. 

«Әйелді қорлау – анаңды қорлау
өйткені, бірі – өз анаң, екіншісі –
балаңның анасы».

Қадыр Мырза Әлі

Сәлем, құрбым Айнұр!
Сенің хатыңды алып, отбасыңдағы жарасымдылыққа қуанып отырмын.
Менің жағдайымды сұрасаң, айта-йын. Отбасы дейтіндей, менде отбасы жоқтың қасы. Өйткені менің әкем жоқ. Отбасында әкенің орны бөлек қой. Анам менің бар жағдайымды жасағанымен, есейген сайын әкемді сағынып, әкенің орнын жоқтайтын болып жүрмін.
Ата-әжемнің бауырында өскендік-тен, әкем мен анамның ажырасу себе-бін білмеппін. Есейе келе, анамның жа-нына келдім. Анам өте салмақты, тұ-йық адам. Ал әкем өте ұшқалақ, сабыр-сыз болған деп естимін. Кішкене кезім-де көргенім болмаса, әкем мені іздеп келген емес. Оның себебі – ата-анам келісе алмай ажырасқан кезде мен 7 жаста болатынмын. Ажырасу процесі-нің сот мәжілісінде маған сөз беріліпті. Сол кезде мен:
– Мен әкемнен қорқамын, үйде күнде ұрыс-керіс, әкемнің анамды соққыға жыққанын көргім келмейді, - деппін. Содан болар, сот шешімімен мен анамның жанында қалыппын.
Иә, уақыт – бәріне емші, - дегендей, ол сәтті де ұмыта бастаппын.

Анамнан ажырасу себебін сұрадым. Сабырлы анам: – Үйдегі ұрыс-керіс, шу, дау-жанжал сенің бала жүрегіңді жара-ламасын, әкесі бар деген жан-жақта-ғылардың пікірі ғана, сенің болашағың үшін мен дұрыс шешім қабылдадым. Кішкентай кезіңде әкеңнен қорқып, бұ-рышқа тығылып, ешкімге көрсетпей ұзақ жылаған кездерің болған... Қыз бала болғандықтан, сенің балалық ша-ғыңның қызықты өтуін, келешегіңнің жарқын болуын қаладым. Әкесіз қанат-тандырғаным болмаса... - деп үнсіз қалды.
Осы кезде мен анамды аяп кеттім. Анама қарасам, ол көзіне жас алыпты.
– Анашым, жыламаңыз, мен сізді түсі-немін, - деп бірге жылап алғанымыз бар.
Кеше теледидардан Елбасының ұсынысымен қыркүйектің бірінші жек-сенбісі «Отбасы күні» болып қабылдан-ғандығын естіп, көңілім тағы құлазыды. «Шіркін, мен де отбасымда әке қам-қорлығын сезініп, анамды да әйел ре-тінде бақытты етер жары қасында бо-лып, отбасы күнін атап өтсек қой, то-лыққанды бақытты отбасы болсақ қой...» деген тәтті қиял көкейімді мазалады.

Мен бұл күнде жоғары білімімді алып, оң-солымды таныған бойжеткен қыз болғаныммен, отбасын құру мәсе-лесіне келгенде тәуекел ете алмай жүр-ген жайым бар. Сыныптас досымыз Ержан есіңде ме? Бала кезімізде екеу-міздің сөмкемізді иығына салып алып жүгіріп жүруші еді ғой... Сол Ержан ма-ған сөз салды. Болашақ жарым менің жанымды түсінетін, қиналған кезде кө-мегін аямайтын, бала тәрбиесіне көңіл бөліп, отбасы ұжымын терең түсініп, менің жаныма желеу болатын азамат болса екен деймін. Ал мен болсам, өз тарапымнан азаматыма сай асыл жар, аяулы ана болып, ата дәстүр, салттан аттамай, бүгінгі заман талабына сай то-лыққанды отбасының түтінін түтетсем екен деймін. Ержанды жаман жігіт деп ойламаймын, алайда «Жылқы аласы сыртында, адам аласы ішінде» дегендей, ата-анам да әу баста бірін-бірі сүйіп қо-сылған екен, алайда дәм-тұзы жараспай, ажырасып тынды. Отбасындағы кикіл-жіңді көріп өскендіктен, анам тартқан ауыртпалықтарды қайталамасам екен деймін. Жанашыр құрбым ретінде сенен ақыл сұраймын. Сенің ақыл-кеңесіне аса зәрумін. Жауабыңды күтемін.

Сәлеммен, құрбың Сымбат.
18 қыркүйек, 2013 жыл

Қаралым саны 8052

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463