Әлжан сордағы құлпытас

Теректі ауданында ел-жұрт шипалы санап, ыстықта тұзды балшығына шомылатын Әлжан сордың күнбатыс жағындағы көне қорымнан түсірілген. Осы қауымда жерге аты берілген Әлжан Есіргемесұлының да құлпытасы бар. Төмендегі құлпытастың ең жоғарғы, дөңгелек бөлігінде: «Әбубәкір, Ғұмар, Ғұсман, Әли ради Аллаһу тағала ғанһу» - Пайғамбарымыз Мұхамед с.ғ.с.-ның Әбубәкір, Ғұмар, Ғұсман және Әли есімді серіктеріне Алла тағала разы болсын» деген жазу бедерленген.

Төменгі бөлігінде: 

Әлмархұм, әлмағфур (рақымға бөленген, кешірілген деген мағынада)
Байбақты руғы
Ақберлі тайпасы
Жылқыайдар бөлімінің
Жантолы баласы
Тұрымтай халалы (әйелі, адалы деген мағынада)
Жағұт Ажар
Наурызбек қызы
опат 44 жасында

 

Сол жағында: 

«Құл Һуа Аллаһу ахад
Аллаһу самад,
Ләм йәлид уә ләм юлад
Уа ләм йакун лаһу кфуан ахад»
(Құранның «Ихлас» сүресі)

 

Оң жағында:

1877 жылда
Бұ тасты қойды
балалары Хожас (Жохас)
Молдашын (?!) мырзалар

Қаралым саны 1822

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463