Тәуелсіз елімнің тірегі болсам деймін

Самал Берікқызы Биғалиева 1992 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Мұхит ауылында (бұрынғы Саралжын) дүниеге келген. Орта мектепті Теректі ауданы, Ұзынкөл ауылында үздік аяқтап, 2009 жылы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша грант иегері болды. Осы мамандықтың үшінші курсында АҚШ-тың Global UGRAD бағдарламасына қатысып, АҚШ-тың Вест Либерти университетінде бір жыл тегін білім алу грантын жеңіп алды. Қазіргі таңда білімін аталмыш университетте жалғастыруда.

– Самал, шетелде білім алудағы мақсатың не?

– Шетелде білім алу ол сенің отансүй-гіштігіңнің жоқтығы немесе отандық білім жүйесінің әлсіздігінің белгісі емес. Керісінше, өз еліңде шетелде білім алуға мүмкіндік жасалу еліңнің білім жүйесі қаншалықты дамып, қандай деңгейде келе жатқанын көрсетеді. Менің шетелде білім алу мақсатым – үлкен тәжірибе жинап, білікті маман болу. Сондай-ақ болашақ мұғалім ретінде еліміздің мектеп және ЖОО-ның білім беру деңгейін көтеріп, білім беру жүйесін дамыту. Отандық және АҚШ оқу орындарының білім беру жүйесінде айтарлықтай айырмашылық бар. Қазақстандық ЖОО-лар кредиттік білім беру жүйесіне көшкенімен, өкінішке орай, әлі біршама кемшін кетіп жатқан тұстар байқалады. Атап айтсақ, кредиттік жүйе бойынша студент өзі ізденіп білім алу керек болса, ал мұғалім бағыт-бағдар беріп отыру керек, оған қоса «құр дәріс» жүйесі мүлде өзгертілу керек. Шетел ЖОО-ларында студенттің ізденісіне, жеке ойына, жаңа идеяларына ерекше мән беріледі. Оқытушы мен студенттің қарым-қатынасына, 21 ға-сырға сай білім беру стандарттарына және де білім беру жүйесіндегі компьютерлік, мультимедиялық технологиялардың қолданысына қатты көңіл бөледі.

Тәуелсіздігімізді тәубе еткенімізге 20 жылдай ғана уақыт болды ғой, осы жылдар ішінде Қазақстан білім беру жүйесі көршілес елдермен салыстыр-ғанда біршама алға озып шықты. Егер мемлекетіміз шетел білім беру жүйе-сінде мамандар даярлауды осы қарқынмен жүргізсе, кемшіліктеріміз уақыттың еншісінде қалады деп есептеймін.

– Өзің білім алып жатқан бағдарла-ма жайлы, оның маңызы туралы әңгімелеп берсең…

– Мен АҚШта Global UGRAD бағдар-ламасы бойынша білім алудамын. Глоубал ЮГРАД бағдарламасы халық-аралық IREX ұйымы және АҚШ-тың Білім және мәдениет департаменті-нің демеушілігімен жүзеге асырыла-ды. Бұл бағдарлама әлемнің барлық елдерінің ЖОО студенттеріне Америка университеті немесе колледждерінің бірінде 1 жыл бойы тегін білім алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаның мақсаты – екі ел арасында мәдени қарым-қатынас орнатып қана қой-май, сонымен қатар студенттердің әр түрлі таланты мен болашақ көшбас-шылық қасиетін дамыту.
Бұл бағдарламаның грантын жеңіп алу үшін 2 сараптау турынан өту керек.

1-ші іріктеу туры өзің туралы ақпарат және 3 шығарма жазудан тұрады. Жүздеген студенттен 2 турға шама-мен тек 10-15 адам жолдама алады. Менің жағдайымда 600 студенттен екінші турға 16 адам өттік. 2-ші турда халықаралық ағылшын тілінің TOEFL тестін тапсырып, АҚШ білім жүйесінің өкілдерімен сұхбаттан өту керек. Осы екі турдан сәтті өткен жағдайда грант алу мүмкіндігі сарапқа салынады. Бұл грантқа сенің жылдық оқу ақың, айлық шәкіртақың сонымен қатар жатақхана, оқулықтар, интернет ресурстарымен, денсаулық жағына кететін қаражаттар кіреді. Қысқаша айтқанда, бұл грант барлығын қамта-масыз етеді. Оған қоса студент өз еліне жанашыр және өз елінің да-муына үлес қосуға дайын болу керек. Егер сен осы қасиеттеріңді сұхбат кезінде дәлелдей алсаң, грантқа ие боласың. Мен университетке оқуға түскен күннен бастап қоғамдық өмірге араласа бастағам, оған қоса әрқашан оқу үздіктерінің қатарында-мын. Сондай-ақ Орал қаласындағы Х.Есенжанов атындағы кітапхананың екінші қабатында «Америка бұры-шы» бөлімінде 1 жыл бойы коорди-натор қызметін атқарып, мектеп жасындағы оқушыларға ақысыз ағылшын сабақтарын жүргізгем. Осы жағдайларды грантты тағайындаушы комиссия ескерді ғой деп ойлаймын. Екінші турда сынға түскен он алтыдан жетеуіміз грант иегері атандық.

Жалпы, бағдарламаның маңызына келетін болсақ, шетелдің озық үлгідегі білім жүйесі бойынша білім алып, бәсекеге қабілетті болашақ мамандар легін қалыптастыруға мүмкіндік алып отырмыз деп есептеймін. Елімізде шетел білім бағдарламаларының қанат жаюын біз өз пайдамызға шеше білуіміз керек. Отанымның төл бағдарламасы «Болашақ» та осы мақсатта жүзеге асырылуда.

– АҚШ-та қай жерде оқисың? Онда сені қалай қарсы алды? Алған әсерің қандай?

– Вест Вирджиния штаты, Вест Либерти қаласы, Вест Либерти университетінде оқимын. Бұл университет маған қатты ұнайды. Әсіресе, оқытушы-профессорлық құрамы мықты. Менің мамандығым бойынша сабақ беретін профессор мен оқытушылар – нағыз өз ісінің ма-мандары. Олар әрқашанда студентке қай уақытта болсын, қандай шаруа-мен болсын көмекке келуге дайын. Мұндағы білім жүйесінің ең маңызды бөлімі студенттің өзіне, ой-пікіріне өте қатты көңіл бөлу дер едім. Алға-шында өзімнің ойымды айтуға қатты қысылатынмын. Не дегенмен, шетел-дік студентпін, менің пікірімді кім қалай қабылдайды деген сенімсіздік пайда болды. Бірақ кейін студенттің ой-пікірі қандай болмасын, ол оның жеке көзқарасы деп және оған құрметпен қарайтынын байқадым. Ұстаздарым мені ой-пікірім дұрыс болсын, болмасын ашық айтуға итермелейді. Оларға студенттердің өз ойларын толық және ашық жеткізе алатыны өте маңызды. Оған қоса шетелдік студенттерге көп көңіл бөліп, барынша ынталандыруға тырысады. Әрине, осының барлығы біздің қазақстандық ЖОО-ларда орын алса деген арманым бар.

– Қазақстандық студенттер мен Америка студенттерінің өмірінде қандай айырмашылық бар?

– Жалпы, студент халқы бір-біріне ұқсас келетін сияқты. Қазақстандық және Америка студенттерінің арасын-да айырмашылық көп емес. Мұндағы студенттер әр түрлі үйірмелерге қа-тысып, бос уақытын кітапханаларда өткізеді. Америкалық студенттің ерекшелігі – спортқа өте көңіл бөле-ді. Шамамен әрбір үшінші студент – кем дегенде бір спорт командасының мүшесі. Спорт денсаулық кепілі еке-нін біз жақсы түсінеміз. Президенті-міздің салауатты өмір салтын қалып-тастыруға үндеп, спортпен айналы-суға жағдай жасауға тырысып жат-қаны ел болашағы үшін ғой деген ойға қалдым. Тағы бір айырмашылық – мұнда студенттерге тегін оқулық берілмейді. Оқулық бағасы өте қым-бат. Бір жаңа оқулықтың құны шама-мен 20 мың теңге болады. Ұсталған оқулықты интернет арқылы тапсырыс беріп, жарты қақына алып жатады. Бұл жағынан біздің еліміздің студент-тері бақытты ғой деген пікірдемін. Кітапханаларымызда сықап толып тұрған тегін оқулықтың қаншалықты бағалы екенін түсінуіміз керек.

– Батыс Қазақстан мемлекеттік уни-верситетінде алып жатқан біліміңнің жайы қалай болуда? Мұндағы оқуың-ды үзуге тура келген жоқ па?

- БҚМУ-да қашықтан оқыту жүйесі жақсы жолға қойылған. Менімен қатар грант алған құрбыларымның кейбіріне Қазақстандағы оқуын үзуге тура келді, себебі қашықтан оқыту жүйесі олардың оқу орындарында әлі дамымаған екен. БҚМУ бұл жүйе бойынша Қазақстанның басқа ЖОО-ларынан оқ бойы алда екенін мақта-нышпен айта аламын. Мен курсым-ның бағдарламасын қашықтан оқыту жүйесі бойынша меңгерудемін. Жалпы, бұл жүйе дамыған елдердің бәрінде жемісті қызмет етуде. Себебі ол адамның уақытты тиімді пайдала-нып, жан-жақты білім алуына зор мүмкіндік береді.

– Шетелде білім алғысы келетін жас-тарға қандай ақыл-кеңес бересіз?

– Қазіргі таңда шет тілін меңгеру өте маңызды. Әрбір студент шетел тілін меңгеруді мақсат етіп қоюы керек. Қандай мамандық болмасын, шетел тілін меңгеру артықшылық етпейді деп ойлаймын. Әрқашанда ізденіс пен еңбек жетістікке жетелейді. Тек ешқашанда артқа шегінбеңіз және бір рет сәтсіздікке ұшырасаңыз, мойымаңыз, екінші рет немесе үшін-ші рет тырысып көріңіз. Бір күні бол-маса бір күні міндетті түрде көздеген мақсатыныңызға қол жеткізесіз.

Шетелде білім алатын болашақ сту-денттерге айтарым – әрқашанда өз елінің бет-келбеті екенін ұмытпаған жөн болар. Көптеген адамдар саған қарап елің, жерің, халқың туралы ой түйеді. Сондықтан қашан да бейбіт-шілікті қолдайтыныңды, басқа мәде-ниет пен ұлт, нәсілдерге үлкен сый-ластықпен қарайтыныңды көрсетіп, сездіріп тұру керексің.

– Отбасың жайлы айтсаң…

– Мен қарапайым отбасынан шықтым. Әкем Артықов Берік Биғалиұлы – электр жөндеуші мамандығы бойын-ша еңбек етеді. Анам Аманова Мейрамкүл Әбуқызы – үй шаруасын-да. Інім Биғали Ернар Берікұлы – Құрманғазы саз колледжінің скрипка бөлімінің 1-курс студенті. Ата-анам қандай жағдай болмасын, үнемі маған қолдау көрсетеді. Баланың білімге де-ген құштарлығы ата-ана тәрбиесінен басталады ғой деп ойлаймын.

– Үлгі тұтатын жақын адамдарың, ұстаздарың бар ма?

– Әрине, осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерім үшін алдымен ата-анама қарыздармын. Сонымен қатар БҚМУ-дағы оқытушым, аяулы ұста-зым Индира Набиоллақызына айтар алғысым шексіз. Ол кісі Отанымыз-дың нағыз патриоты. Студенттердің патриоттық сезімін оятып, отансүй-гіштіктікке тәрбиелейді. Жастар Қазақстан болашағы екенімізді ешқа-шан ұмыттырмайды. Еліміздің қар-қындап дамуы үшін білімнің маңызы қандай екенін ұғындырып, ынталан-дырып, жігерлендіріп отырады. Шетелде білім алуға ұмтылуыма осы апайым себепші болды. Қайда жүр-сем де оның жанашырлығы мен қол-дауын сезініп отырамын. Жалпы, Индира Набиоллақызы сабақ берген топтардан міндетті түрде шетел бағ-дарламаларының гранттарын жеңіп алатын студенттердің шығуы дәстүрге айналды десе де болады. Биыл бітір-ген студенттері Гүлнәр Есбергенова мен Фариза Құрманғали «Болашақ» бағдарламасы бойынша Англияға ма-гистратураға түсті. Бірнеше студенті мен білім алып жатқан бағдарлама бойынша бақтарын сынауда. Ұстазым-ның тағы бір үлкен жетістігі АҚШ Білім және мәдениет департаменті-нің «English Language Fellow» бағдар-ламасының грантын жеңіп алды. Бұл грант бойынша университетімізге АҚШ ЖОО-дан оқытушы бөлініп, ол біздің студенттерімізге бір жыл те-гін білім береді. Индира Набиолла-қызы тек студенттерді ғана ойлап қоймай, облыс ұстаздары үшін бір-неше рет шетел ЖОО-ның оқыту-шыларымен бірігіп әдістемелік се-минар-тренингтер ұйымдастырды. Мен осы тренингтер барысында қасында жүріп, жәрдемдескенімді өзіме үлкен абырой санаймын. Ол кісі студенттермен оңай тіл табыса біледі, қазағым деп әрқашанда жаны ашып, шырқырап жүреді. Менің отансүйгіштік сезімімнің оя-нып, өз елімнің патриотына айналуыма Индира Набиоллақызы тікелей ықпал етті. Ол кісінің алдынан өткен әр студент менің сөздеріме толық келісетініне сенімдімін. Жақында тағы да АҚШ-тың Орегон университетінің қашықтан оқыту жүйесі бойынша үш айлық курсқа грант жеңіп алғанын естідім. Сіздің журнал арқылы ұстазымды құттықтағым келеді.

– «DANA.kaz» журналының оқыр-мандарына не тілек айтар едің?

– Алдымен мағыналы атына заты сай, ел болашағы – жастарды ғылым-білімге үндейтін, тәуелсіз елім-нің тірегіне айналар осы журналдың менің туған елім Ақ Жайықта жарыққа шығып жатқанына жүре-гім жарыла қуанғанымды айтқым келеді. Айтар тілегім «DANA.kaz»-дың ішінде айтылған ұлағатты әңгімелерден оқырман ой түйіп, еліміздің әлемдік көшбасшы елдер қатарына қосылуына үлес қосса екен деймін.

Қаралым саны 1305

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463