Хан жалғыз да біз үшеу...

Былай барсаң, қоқан бар, қоқаңдаған әкең бар. Былай барсаң, қалмақ бар, күшіңді еппен алмақ бар. Былай барсаң, қытай бар, жапырағыңды бұтай бар. Былай барсаң, орыс бар, балаңды берсең қоныс бар”.

«DANA.kaz» журналының №1(2) санындағы Жиембет жырау туралы топтама оқырман қауым тарапынан үлкен қызығушылық туғызды. Ел ішінде жырау туралы түрлі хикая-әңгімелер әлі ұмытыла қоймаған екен. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ музейінің меңгерушісі, журналымыздың жанашыры Нұржан Төлепов 2009 жылы Астанадағы «Фолиант» баспасынан «Менің Отаным – Қазақстан» сериясымен жарық көрген «Ойыл» кітабынан (авторы Сырым БАҚТЫГЕРЕЙҰЛЫ) қызықты деректер жіберіпті. 

«Жиембеттің арғы атасы – ноғайлыдан шыққан атақты Алау батыр. Алау – XVI ғасырдың алғашқы жартысында жасаған, тарихқа белгілі адам, «Қырымның қырық батырында» жырланатын айтулы тұлғалардың 6ipi. «Алау батыр» жырында Айса баласы Алауға «Есен, Сүйін қалмақты іздейтін болсаң сен балам, Шаттың бойын жағалаған Teмip деген 6ip жер бар» дейді. Шат Жем өзенінің бұрынғы атауы болса, Жем де, Teмip де Ойылмен жапсарлас ағып жатқан өзендер. Және «Әнет батыр» жырында Әнеттің ағасы Алаудың iзін қуып батыр болғаны, Ойылдың 6ip саласы Қиылмен қатар ағатын Қарақобданың Елекке құяр жерінде оншақты үй болып отырғаны жырланады. Бұл кез ХV ғасырдың жиырмасыншы жылдарында Өзбек ұлысы бірнеше тәуелсіз иеліктерге бөлініп, Ноғай ордасының ыдырай бастаған, «Былай барсаң, қоқан бар, қоқандаған әкең бар. Былай барсаң, қалмақ бар, күшіңді еппен алмақ бар. Былай барсаң, қытай бар, жапырағыңды бұтай бар. Былай барсаң, орыс бар, балаңды берсең қоныс бар», – деп сол заманның 6ip дуалы аузы айтқандай, Ойыл бойын жайлаған Kiшi жуз руларының да тағдыр кыспағында қалып, Қазақ хандығы бірлестігіне 6ipiгy қамына кipicкeн кезі еді.

Асан қайғы, Қазтуған сияқты әpi батыр, әpi атақты жыраулардың замандасы Сыпыра жырау негізін салған, кейін атақты Y6i жырау мен оның баласы Бекберген, немерелері Жаскілең, Бітеген, Бақы және шө6epeci Махмуд жыраулар толықтырған, Мұрын, Нұрпейіс, Нұртуған ақындар жырлаған «Қырымның қырық батырының» өзгелеу нұсқасын өзінше жырлап, бүгінгі күнге жеткізген, Қазақ КСР Ғылым академиясының қорына «Қарасай-Қази» дастанын, «Қаншайым» жырын тапсырған, атақты Бақының 1907 жылы Ойылда туған баласы Хайролла Иманғалиев қағазға түсірген «Қазақтың рулық шежіресінде» Кіші жүздегі Байұлының бір тармағы Сұлтансиықтан Алаша, Байбақты, Қызылқұрт, Масқар, Тана өрбиді де, С.Мұқановтың ұлы, белгілі тарихшы М.С.Мұқановтың және басқа авторлардың еңбектері негізінде жасалған, қазақ руларының XIX ғасыр мен XX ғасырдын басында орналасуын бейнелейтін картада бұлар негізінен Ойыл мен Жайық өзендері арасын мекендегені көрсетілген.

Жиембеттің ұрпағы, журналист-жазушы, жымпитылық Б.Ойшыбаевтың естелігінде Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы, «Жетікөл» кеңшарының Қарақұдық ауылында таналардың ұйысып отырғаны айтылады. Ш.Танкиев жазбаларында көрсетілгеніндей, Тайсойған құмдарында, Қандыкөл, Қаракөл деген шұрайлы жерлерде қарақұнан тана мен Жиембет тананың ұрпақтары әлі күнге дейін тұрады. Осы өңірдің тумасы, белгілі жазушы Т.Құлыяс та бабасы Жиембеттің аруағын ардақтап, көркемдік бейнесін сомдаған романын 2007 жылы жарыққа шығарды. Сондай-ақ 1598-1628 жылдар аралығында қазақ хандығынын ұстаған Еңсегей бойлы ер Есімнің үзеңгілес серігі болған жырау жайлы Х.Досмұхамедұлы «Аламан» атты еңбегінде былай әңгімелейді:

«Қалмақтың ханы Есім ханға сыйлыққа бір қыз жібереді. Жиембеттің Жолымбет деген інісі қызды жолшыбай тартып алып, өзі әйел қылады. Жолымбет пен Жиембет көрместей болып аразда-сады. Жолымбет ағасының үйіне Жиембет жоқта ғана келіп, кетіп жүреді.
Бір күні Жолымбет аттан түсіп жатып, Жиембеттің үйде екенін іргеден көреді де, атына қайта мініп кері бұрылады. Жиембеттің бәйбішесі Есенқыз батырдан: «Інің-іздің сізден қорқып, қайтып бара жатқанын көрдіңіз бе?», - деп сұрай-ды. «Ондай есер жаманның маған керегі жоқ. Кетсе жүре берсін», - деп Жиембет қырсыға жауап береді. Сонда бәйбіше:
«Арақ пенен бал қосса,
Ем болады жараға.
Екі жақсы бас қосса,
Жамандар кірер араға.
Жаманды жаман демеңіз,
Басыңа қиын іс түссе,
Жаман да шығар қараға», -
деген бұрынғыдан қалған сөз бар емес пе?, - дейді. Осы сөз ойландыр-ған Жиембет батыр сыртқа шығып, атына мініп кетіп бара жатқан Жолымбетке:
«Ей, қыңыр ер, қыңыр ер,
Қыңырайма біздің ер.
Қыналы бозға мінген ер,
Қыз қалмақты сүйген ер.
Хан жалғыз да біз үшеу
Қыңырайма, шіркін, бері кел!» – деп дауыстайды.
Жолымбет келіп ағасының қо-лын алады. Екеуі татуласады.
Жиембеттің «Хан жалғыз да біз үшеу...» деп бата сөйлеуі тегін емес. Жолымбеттің қылығына қатты ашу-ланған Есім хан, енді Жиембетке де қырын қарай бастайды. Бірақ жырау Есімнің қатаң қабағынан қаймықпай-ды. Інісін жаладан қорғап:
«Атадан жалғыз мен емес,
Хан ие, ісің жол емес
Жолбарыстай Жолымбет
Құрбандыққа қол емес.
Жол тосып алып кетіпті
Қалмақтан алған сыйыңды
Қаһарыңды басқалы
Қалың елің жиылды.
Бастап келген өзге емес,
Жиембет сынды биің-ді.
Он екі ата Байұлы
Бір тәңірге сыйынды», - деп ар-тында тұрған күшті руын, батырларын арқа тұта сөйлейді. Өзін, Жолымбетті және немере інісі Байбақты батырды хан басынан кем көрмей, «сен жалғыз, біз үшеуміз» дейді.
Жиембет атақты қолбасшы, азулы жырау болғанда, Жолымбет қылығына қимылы сай ер. Жем мен Сыр аралығында көшіп-қонып жүрген елінің бір тобын қалмақтар ойрандап, қырып, жойып, қанға бөктіріп жатқанда ханнан жәрдем болмай, ол ханның бұйрығынсыз сарбаздарымен Жем бойының батырларымен бірлесе отырып, құлдықтағы ауылдастарын босатып алады. Оларды Жем бойына орналастырады, сөйтіп ешкімге тәуелсіз «Алты ауыл» ордасы пайда болады. Түрік жырларын зерттеуші В.М.Жирмунский «...алты ауылдық-тар шамасы, кейін Жайық пен Жем-нен бастап Ырғыз бен Арал аралы-ғын, оған қоса бір кезде ноғай жай-лаған жерлерді алған «кіші жүзге» сіңіп кеткен болуы керек» дейді.

Ал Байбақты болса белгілі жазу-шы М.Мағауин айтқандай, атақты Сырым батырдың алтыншы атасы, Торғауыттарға қарсы соғыстардың қаһарманы. Ел жадында сақталған әңгімелерге қарағанда Байбақты ба-тыр Жем мен Жайық бойын қалмақ-тардан босатқан. 1635 жылы көктем-де ханзада Жәңгір бастаған қазақ әскері Хо-Урлюк тайшының ұлысын шабады. Бет қарай алмаған Хо-Урлюк Жем бойындағы орнығып қалған қо-нысын тастап, Жайықтан әрі өтіп ке-леді. Осы оқиғадан соң Жем және Жайықтың сол жағалығы қайтадан қазақ руларының мекеніне айналады.
...Х.Досмұхамедұлы «Еңсегей бойлы ер Есім!» толғауын айтып, үйден шыға берген жырауды хан қайтарып, сый беріп, екеуі татула-сады» дегенмен, хан бәрібір жібіме-ген сияқты. Өйткені:
«Қол-аяғым бұғауда,
Тарылды байтақ кең жерім!
Арманда болып барамын,
Қоштасуға аял жоқ,
Қалқаман, Шолан ерлерім!
Қайырымсыз болған хандарға
Тиер ме екен бір күні
Жолбарыстай шеңгелім?!» - деуі-не қарағанда, Есім хан екеуінің арасы бітіспес араздыққа ұласқандай.

Толғаудағы Қалқаман өзінің аталас інісі де, Шолан Байбақтының батыры, Сырымның атасы, яғни Даттың әкесі, Шолан туралы ел арасында мынадай аңыз қалған. Бір жорықта Шолан жауға жалғыз шауып, қирата жеңеді де, оны басқалары күндейді. Бірақ қастық қылуға әлдері келмейді. Сөйтіп шөлге ұшырап, әлсіреп келе жатқанда Шолан елсіздегі бір шыңырау құдыққа кездеседі. Енді құдыққа кім түсуі керек?! «Ойбай-ау, Шолан-ау, сенен басқа кім бар?» деп шуласады жаңағылар. Шолан құдыққа түседі, бірақ қастық қылғандар оны құдықтан шығармай, түбіне қалдырып кетеді. Шолан: «Әйелімнің аяғы ауыр еді, ұл туса атын Дат қойыңдар» - деп қана үлгереді. Айтқандай әйелі ұл туып, оның атын Дат қояды. Даттан он екі ұл тарайды. Сырым соның бесіншісі. Жиембет пен Сырымның арасында, міне, осындай тағылымдық жалғастық бар.

 

Қаралым саны 1759

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463