Жапония жақыннан қарағанда

Арайлым ҚАЙЫРЖАН – 2009 жылы Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейді бітіріп, ҰБТ-дан 121 ұпай жинаған түлек. Сол жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетіне түскен. Болашақ жапон тілінің маманы, аудармашы.

– Арайлым, еліміздің ең беделді ЖОО-ға түсіпсің, ондағы оқу қалай?
– Қазір біздегі білім жүйесі кредиттік болғандықтан студенттер әрбір балл үшін күреседі. Тілді, соның ішінде жа-пон тілін меңгеру оңай емес. Мұға-лімдер тек жалпы бағыт береді. Тілді үйрену үшін өзің тырысуың керек. бір жақсысы, қазір технология дамыған заман, электронды сөздіктер бар. ұялы телефонымызға салып алып, үнемі қайталап жүреміз. Жапондарда қолдануға ұсынылған 1100-1900-дей ироглиф бар...

– Қазір Жапонияда оқып жатыр екенсің. Бұл грантты қалай жеңіп алдың?
– Менің салам бойынша Жапонияда білім алуға 2 шәкіртақы тағайындал-ған екен. Бірін жапон мемлекеті бөл-се, біріне жапондық демеушілер қар-жы қарастырған. Алматыдағы ЖОО-лардан жүз шақты үміткер қатысқан емтиханда мен бірінші стипендияға ие болдым. Жапон елінің алдыңғы қатарлы оқу орнының бірі – Цукуба университетінде бір жыл бойы білім алу бағы бұйырды.

– Күншығыс еліне табаның тигендегі алғашқы әсерің қандай?
– Токио әуежайына түнде түстік. Шы-нымды айтсам, қонақжайлықты се-зінбедім. Біртүрлі өткен ғасырдың 50-60 жылдарына тап болғандай күйде болдым. Әуежайдағы жұрттың киім-дері сұрғылт, жүздерінен қаталдық байқалғандай болды. Бірақ көшесіне шыққанда жүз жыл уақытқа алға се-кіргендей әсерде болдым. Қатты да-мыған. 47 миллион тұрғыны бар қала болғанмен сұмдық таза. Ешкім аяқ астына қоқыс тастамайды. Ғимарат-тары өте тығыз орналасқанмен өмір сүруге қолайлы жағдай жасалған.

– Сабақ беру жүйесі қалай? Айырма-шылықтар бар ма?
– Әрине, өзгешелік бар. Тапсырма-ларды орындауға белгілі бір мерзім беріледі. Күнделікті бағаңды біле алмайсың. Емтихан тапсырағаннан соң қорытындысын бір жариялайды. Яғни баға үшін емес, әркім өз білімі үшін оқиды.

– Бағасына көңілі толмай, әділет-сіздік орын алды деп жататындар болмай ма?
– Өзімнің көңілім толды. «3», «4» алып қалғандар мұғалімге барып, мән-жайды анықтамақ болды. Сөйтсе, әр студентке арнайы құжат ашылып, күн сайын бірнеше баған бойынша да бағалайды екен.

– Бұған дейін алған білімің, тілдік қорың жапон жерінде жеткілікті болды ма?
– Оралдың педлицейіндегі ағылшын тілінен дайындығымның рөлі үлкен болды. Жапон тілінің қыр-сырын үйрететін кітаптар ағылшын тілінде болғандықтан маған қиынға түспеді. Ал ҚазМУ-да оқыған жапон тарихы, аударма сынды пәндердің, яғни тео-рияның да рөлі үлкен деп санаймын. Жапонияда бір күн теорияны мең-гертсе, ертеңіне музейлерге, тарихи орындарға, басқа да жерлерге сая-хатқа алып шығып, нақты көрсетеді. Дәрістердің жартысы ағылшын, жартысы жапон тілінде өтеді.

– Шәкіртақыларың күнделікті тұр-мыстарыңа жете ме?
– Жеткіземіз. Шәкіртақым 1200 АҚШ доллары шамасында. Университет асханасынан екі мезгіл тамақтансаң – 70 доллардай, ал басқа жерден кешкі ас ішсең – 100 доллардай ақша жоясың. Үйрене келе жатақханадағы бөлмемнен өзім тамақ дайындайтын болдым. Біздегіден бәрі қымбат. Мәселен, бір дана алма 300 теңгедей бағаланады. Бір қызығы, тамақтары қытай, корей халықтарындай ащы емес, өзіміздікіндей.

– Ауарайы қалай екен?
– Жазы өте ыстық. Ал қыста Токио орталығында жеңіл жейдемен жүре беруге болады, ең салқын темпера-тура – 5 болды. Қыс бойы бір-ақ рет қар жауды.
Мұнда жер сілкінісі өте жиі болады. Алғашында құжаттарымызды алып көшеге жүгіріп шыққанбыз. Келе-келе үйреніп кеттік. Бір жақсысы, жер сілкінерден бірер минут бұрын телефонға sms келіп ескертеді. Ал жоғары балды дүмпулер болса, бірер күн бұрын хабарланады.

– Жапониядағы студенттердің тұр-мыс-тіршілігі туралы айтшы?
– Университетіміздің өзі шағын қала-шық. Ішінде автобус жүреді. Көлік кептелісі, жол-көлік оқиғалары орын алып жатады. Оқу ғимараты жатақ-ханадан велосипедпен 30 минуттық жер. Автобус билеті 500 теңге тұрады. Кейде бір күнде оқу ғимаратына 2-3 рет бару керек боп жатады. Сонда күніне тек жолақыңа 2-3 мың теңге кетуі мүмкін. Сондықтан мен барысы-мен бір көне велосипед сатып алдым. Мұнда велосипедшілер өте көп. Олардың жүріс бағыты біздегіге керісінше. Соған үйрене алмай, бұры-лыстарда өзге велосипедшілермен соқтығысып қалып жүрдім.

– Ол жақта қазақтар көп пе?
– Мен білім алып жатқан универси-тетте Қазақстаннан экономикалық, техникалық, халықаралық қатынас-тар мамандықтары бойынша білім алып жүрген он шақты студент бар. Токиода жүрген қазақтар бас қосып тұрамыз. Тек студенттер емес, жұмыс жасап жүрген жерлестеріміз, отбасы-мен сонда тұрып жатқан қандастары-мыз мейрамдарда жиналады.

– Арайлым, шет жерде ойыңа не түйдің?
– Олардан үйренуге болатын тұсы – ұлтшылдығы. Еліктеуге емес, өздері жапондық нәрсе ойлап табуға әзір тұрады. Олар қанын таза сақтаған халық. Жоқтан бар жасап отырған ел. Қазба байлығы аз болғанымен, өздері тұтынатын нәрсесін өздері шығарып отыр. Мысалы, біз «Мицубиши» фирмасын тек көлік шығарады деп білеміз, ал олар тұрмыстық техникадан бастап қаламсапқа дейін барлық нәрсені жасайды. Ондай фирмалары өте көп. Ештеңені лақтырмайды, қоқысты мұқият өңдеп, пайдаға асырады. Тіпті жер көлемі азғантай болғандықтан қолдан аралдар жасап жатыр. Сондықтан үйренетін нәрсе өте көп деп санаймын. Тілдерін үйреніп, үздік технологияларын өз кәдемізге жаратуға пайдамыз тисе деп ойлаймын.

– Кемшілік көзіңе түспеді ме?
– Байқағаным, жастары қосалқы мәдениетке (субкультура) бой алдырған, түсініксіздеу. Көшелерінде анимациялық кейіпкерлерге еліктеп киінген жастар өте көп кездеседі. Халқының көпшілігі жалғыздық дертімен ауырады. Себебі олар тірі кезінде тек қана жұмысын ойлап, адамдармен көп араласпайды. Қайтыс болғанда жерлеу рәсіміне адам жинап беретін бюролар бар. Тойда дәл солай. Отбасындағы ері мен әйелі қаржысын бөлек ұстайды. Тамақтанғанда әрқайсысы өзі үшін төлеп жатқанын көреміз.

– Арайлым, болашақ арман-мақса-тың қандай? Алған білімің ел пайда-сына жарайды деп ойлайсың ба?
– Әзірге мақсатым – білімімді көбей-ту. Түрлі пәндерден дәріс тыңдаған-мен, негізінен тілге көңіл бөлудемін. Калиграфия, би, музыка үйірмелеріне қатысып жүрмін. Сол жерде жапон-дармен тілдесіп, сөйлеу машығымды дамытудамын. Жапонның үлкен компанияларында жұмыс істеп ақша табуды емес, ғылым жолына бет бұруды мақсат тұттым. Сондықтан бітіргесін, магистратураға тапсырмақ ойдамын. Біздегі жапонтану ғылымы – өте кенже дамыған сала. Жапон тілі мен тарихын үйрететін мұғалімдер болғанмен, кітаптар жоқ. Барлығын ғаламтордан іздейміз.
– Кезінде Алаш арыстары да Жапонияны зерттеуге, сол елден үлгі алуға ұмтылған екен. Талабыңа нұр жаусын! Қалай ойлайсың, жапон-дардың Қазақстанға көзқарасы қандай?
– Жапондар қазақ тілін үйренуге оңай санайды. Қазақстанға келген Кохита деген жапондықтың қасында аудар-машы болдым. Ол әліппеден бастап үйреніп жүрді. Екі айда қазақшаға судай болды. Жапонияға барғанда жақсы қарсылады. «Қазақ елін, тілін ұнатамын» дейтін ол бүгінде қазақ әндерін тыңдап, поэзияны сүйіп оқиды. Мақсаты – Қазақстанды зерттеу. Мен білетін профессор Усуяма да орыс тілін жетік біледі, Астана мен Алматы қалаларында дәріс берген. Орта Азияға өз студент-терін бөліп отыратын да сол кісі. Жалпы жапондықтардың Қазақстанға қызығушылығы бар, жақсы қарым-қатынас ұстағысы келетіні байқала-ды. Мәселен, басқа елдерге қараған-да біздің (қазақтардың) виза алуы-мызда еш кедергі жоқ.
– Әңгімеңе рахмет, Арайлым! Көздеген мақсатыңа жетуіңе тілекшіміз!
DK

Қаралым саны 1275

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463