Малайзиядағы мазмұнды күндер

2011 жылдың мамыр айында экватор сызығының бойында орналасқан мұсылман елі – Малайзия жеріне табаным тиді. Табиғаты таңғажайып, халқы жайлы елде өткен бір ай біз үшін үлкен әсер қалдырды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетінің магистранттарға арналған бағдарламасына сәйкес тәжірибе алмасу мақсатында өткен оқу бағдарламасы ел көріп, жер көріп, басқа мемлекеттен достар табуға мүмкіндік берді.

Айымкүн СӘБИТҚЫЗЫ,
Қазақстан-Орал телеарнасының қызметкері

Жауын шашыны ерекше қатты, ауарайы үнемі ыстық болып тұратын елдің халқы да бізді таң қалдырмай қоймады. Халықтың денін малайлық-тар, үндістер және қытайлықтар құрайды. Алматыдан Малайзияның астанасы Куала-Лумпурға дейін тоғыз сағаттай ұштық. Үнді мұхитын асып, таулардың үстінен ұшып, Куала-Лумпурға жергілікті уақытпен таңер-теңгі сағат тоғыздарда жеттік. Әуе-жайдан шыққан бойда бірден байқал-ғаны, ауа-райының ыстықтығы бол-ды. Алғашқыда ауа тымырсық, ыстық бу соғып тұрғандай сезіндік, алайда уақыт өте бойымыз үйреніп кетті...

Малайзияның табиғаты мүлдем бөлек. Ағаш, шөптерінің алуан түрлігі таң қалдырады. Қалың ну орман, қат-пары қыртыс таулар. Бейтаныс елде тағы таң қалдырғаны – жаңбыр. Жаң-быр күнде-күнде, әлсін-әлсін жауады. Бірден күн бұлттанып, аяқ астынан қатты нөсер жауады да, артынша бір-ден күн ашылады. Осылайша, күніне төрт-бес рет қайталанады. Тұрғындар мұндай жағдайға әбден үйреніп алған. Үйлері, әр түрлі ғимарттар да осындай ауа-райына ыңғайланып салғандай. Малайлықтардың ұлттық үйлері әдеттегідей жерге емес, арна-йы бағандар арқылы көтеріліп (асты-нан су өтуге жағдай жасалған) салын-ған. Көпқабатты үйлер біздегідей бі-рінші қабаттан бастап есептелінбейді, астыңғы алты-жеті қабаты осы үйдің тұрғындарына арналған автотұрақ. Терезелері қымталмаған, ашық түрінде қала берген.

Мұсылман елінің халқы бізді жылы қарсы алды. Сұраған сұрақта-рымызға жауап беріп, тіпті іздеген жерге дейін шығарып та салатын кез болды. Әр аялдамада, жанармай бекеттерінде намазханалары бар. Мешіт саны көп.
Сонымен қатар сауда орында-рындағы қызмет көрсету сапасына да риза болдық. Сатушылар клиенттерін жылы шыраймен қарсы алып, тауар-ларын толық көрсетіп, жік-жапар бо-лады. Және таң қалдырғаны, ол жер-де арнайы күзет қойылмаған. Тұтыну-шылар қалаған затын алып, тиісті орынға барып төлеп, шыға береді. Бұл жақта ұрлыққа тіптен жол беріл-мейді. Егер адам ұрлыққа барса, оның қолы кесіледі екен.

Сондай-ақ такси қызметі де ерек-ше. Мұнда қолыңды созып, кез кел-ген жерден такси ұстау мүмкін емес. Өйткені, такси арнайы орындарда тұрады, белгіленген ақыны арнайы қондырғыға төлеп, түбіртек алғаннан кейін ғана таксиге отыруға болады.
Біз Куала-Лумпур қаласының шет аймағында орналасқан SUNWAY университетінде білім алдық. Бұл университеттің қалашығында сту-денттерге барлық жағдай жасалған. Жатақхана, спорт алаңдары, жүзу бас-сейні бар. Сонымен қатар жатақхана-ға жақын орналасқан университет толықтай интернет желісі, үлкен көлемде кітапхана, түрлі тағамдардан құралған арзан бағадағы асханасы бар. Студенттерге арналған оқу залы кең. Оқу барысында бізге ұлттық киімдерін, тағамдарын, дәстүрлерін де көрсетті. Тағамдары көбінесе күріш пен тауық етінен жасалады.
Малайзияның білім ордаларын-дағы студенттерге жасалған жағдай да бізді таң қалдырмай қоймады. Біздің еліміз де осы мұсылман елі сияқты қауіпсіз, ұрлықсыз болса екен деп армандап қайттық.

Қаралым саны 963

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463