Қадыржан НЫҒМЕТОВ

Қадыржан НЫҒМЕТОВ 1957 жылы 10 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Қайыңды ауылында дүниеге келді.

2005 жылдан бері Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. 1979-1983 жылдары аралығында Н.Гоголь атындағы Алматы көркем сурет училищесінде оқыды. Училищеден кейін Гурьев (Атырау) қаласындағы көркем сурет өнеркәсібі шеберханасында жұмыс істеді. 1987 жылы Орал қаласына ауысты. Әр жылдары облыстық, республикалық, халықаралық көрмелерге қатысқан. Шығармалары Оралдағы түрлі мекемелер мен алыс-жақын шетелдердің жеке қорларында сақтаулы. Кескіндемелік жұмыстар жазып, портреттер орындайды. Көптеген туындысына тарихи тақырып арқау болды. Ел тәуелсіздігі, бабалар тарихы, суретшіні өткен ғасырлар тұңғиығына батырады. Оның шынайы көрінісі ретінде «Сақ жауынгері» картинасын және кейбір жұмыстарда кездесетін бедерлі құлпытастарды, Орхон-Енисей жазбаларын алуға болады. Соңғы жылдары еліміздің табиғатының пейзаждарын жазуда. Тапсырыспен портреттер салады.

Қаралым саны 864

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463