Жан азығы

«Dana.kaz» журналының шығарушылары мен шынайы оқырмандары бір серпіліп қалғаны айқын. Себебі тарихқа қатысты журнал мен мемлекеттің ұстанымы бір жерден шықты. Оған Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің жақында Еліміздің ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында айтылған ұлттық тарихқа қатысты айтылған ойлары және нақты тапсырмалары дәлел.

Біздің тарихымыз – Еліміздің ұлттық идеологиясына айналдыруға болатын нағыз керемет тарих. Атын атап, түсін түстемесек те, әлемдегі көптеген алып мемлекеттердің бұндай бай, дұрыстықты, әділдікті, батырлықты, жомарттықты, достықты, сыйластықты, адамгершілкті насихаттайтын тарихы жоқ. Олардың тарихы – озбырлық, әділетсіздік, қанаушылық іспеттес жауыздығы басым тарих.

Біздің ата-бабамыз – бүгінгі Қазақстанның нағыз иесі. Олар болашақ ұрпақ үшін туған жерін әрі ақылдың, әрі білектің күшімен қорғады.

Сондықтан шынайы тарихымызды жазып, соның ішіндегі ұрпаққа тәрбиелік маңызы зор тұстарын насихаттасақ, патриоттық бағыттағы нағыз ұлттық идеолгия болады.

Бұған әр адам өз мүмкіншілігі шеңберінде атсалысуы қажет. Бізде, Батыс Қазақстан облысында бірнеше азаматтың бас қосуымен «Қазақстан» атты кітап жарық көрді. Бұнда 1911-1913 жылдар аралығында жарық көрген «Қазақстан» газетінің 16 нөмірі арабша әріптен кириллицаға аударылып жинақ етіп шығарылған. Баспасөз саласындағы тұңғыш басылымдардың бірі болуы, Патша, әрі Кеңес үкіметі тұсында осы газетті шығарушылардың қуғындалуы, Елімізде бұл газеттің тіпті көшірмесінің де сақталмауы (мүмкін әдейі жойылған да болар) кітаптың тарихи маңызын арттыра түседі. Кітаппен толық танысқан оқырман газеттің алар орны мен мән-мазмұнын бағамдар. Менің айтпағым, ұлттық тарихқа келгенде аянбай еңбек етіп, қолдау көрсетейік.

Тән шектеулі, жан мәңгі ғой, сондықтан жан азығын жинаудан жалықпайық.

Ақбай БАРЖЫҰЛЫ

Қаралым саны 1113

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463