Гуманитарлық академия – білім мен ғылым орталығы

Журналымыздың бүгінгі санында Орал қаласындағы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті құрамына кіретін гуманиталық академияның тыныс-тіршілігі жайлы топтама мақала беріліп отыр.

Жасқайрат ЕРНАЗАРОВ,
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор

Еліміздің Білім және ғылым министрлігінің қаулысымен Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университеті, Қазақ ақпараттық-инновациялық университеті, Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы және Еуразиялық тілдер және менеджмент институты 2008 жылы бірігіп, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті деп аталған болатын.

Бүгінде университетте 16 385 студент 47 мамандық бойынша бакалавр, 289 магистрант 9 мамандық бойынша білім алуда. Университеттің жоғарыда аталған негізгі 5 құрылымында 14 кафедра жұмыс жасайды. Университеттің жалпы көлемі 36088,88 шаршы метрлік 12 оқу ғимараты, 1196 шаршы метрлік 2 жатақханасы, 986649 дана кітап қоры бар ғылыми кітапханасы, электрондық кабинеттер, зертханалар, 2 спорт сарайы, 8 спорт залы, 780 компьютер студенттер игілігіне жұмыс істейді. 25 компьютерлік класс және 6 лингофон кабинеті, 7 акт залы, 5 мәжіліс залы, 1 хореография залы, 5 шағын баспа-хана, 6 асхана мен буфеттері бар.
Бір қалада орналасқан мемлекеттік емес оқу орындарының барлық сала бойынша күш біріктіріп, қиындықты бірлесе көтергені дұрыс. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп бекерге айтылмаған. Аталмыш университетті құру бастамасын көтерген, оның қаржылық қиындықтарын жеңе білген оның құрылтайшыларының және жаңа типтегі оқу орнын құруға ат салысқан, осы бастаманы қолдап, сенім білдірген профессор-оқытушылардың тынымсыз еңбегі, төккен маңдай тері мен қажыр-қайраты текке кеткен жоқ. Бұл азаматтар білім беру саласында ысылған, тәжірибе жинақтаған, осы бір бейнеті мен зейнеті қатар жүретін ауыр саланың қыр-сырын жақсы түсінетін, жоғары деңгейдегі білікті мамандар ғой. Сондықтан да бұл оқу орнының болашағы зор, өзінің алдына қойған мақсат-мұраттарын орындау жолында әлі де талай асуларды бағындырады деп ойлаймын.

 

 

Қаралым саны 4314

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463