Бізге 13 жыл!

Баян ЖҰМАҚАЕВА,
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті гуманитарлық академиясы-ның директоры, химия ғылымдарының кандидаты, профессор

Бабаларымыз «найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтаған» дархан даламыз, еңсесін еркін көтеруге ұмтылған еліміз бен елдігіміз еркіндік алып, өз алдына ел болғаннан кейін-ақ, қоғам нарықтық экономикаға бет бұрды. Соның себебінен өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар сипаты, өндіріс субъектілерінің әлеу-меттік мәртебесі өзгерді, ғылымға негізделген өндірістер өсе бастады, технологиялардың өсуі, ғылыми ізденістердің интегративтік сипаты, осының барлығын тиімді ұйымдасты-ратын жаңаша ойлайтын жоғары кәсіптік білімді кадрлар дайындау міндеті қойылған болатын.

Жүргізілген реформалар нәти-жесінде жоғары білімді демократияландыру, осы саланы басқаруды ор-талықтандыруды шектеу, мемлекет-тік стандарттар енгізу, мемлекет қар-жысынан тыс оқитын студенттер са-нын арттыру секілді позитивті тен-денциялар ұлғайды.
Тәуілсіздіктің алғашқы жылда-рындағы жүргізілген шаралар Қазақстан Республикасының 1993 жылы қабылдаған «Жоғары білім туралы» Заңында заңдық тұрғыда бекітілді. Заңға жоғары кәсіптік білім берудің альтернативтік түрлері енгі-зілуімен байланысты мемлекеттік емес оқу орындары ашыла бастады. Солардың бірі болып, 1998 жылы Орал гуманитарлық-экономикалық институты ашылып, 2000 жылы қазан айында Батыс Қазақстан гуманитар-лық академиясы сатысына көтерілді.

Құрылғанына 13 жыл толып отырған Батыс Қазақстан гуманитар-лық академиясының ғылыми-педаго-гикалық ұжымы да аса маңызды әлеуметтік міндет – жастарға іргелі ғылыми білім мен кәсіби мамандық беру, дүниеге көзқарастарын қалып-тастыру, елдің экономикасы мен мәдениетінің дамуына шешуші ықпал ете алатын білікті мамандар дайындау үстінде. Олай болса, қоғам-ның әлеуметтік-экономикалық және мәдени прогресіне айтарлықтай үлес қосатын білікті ғылыми кадрлардың өсіп шығуы және олардың кәсіби шеберлігінің артуы мәселелері гуманитарлық академия басшылығы-ның оқу орнын кадрмен қамтамасыз-дандырудағы басты мақсаты. Үлкен университет құрамындағы академия да ҚР «Білім туралы заңына» сәйкес, біртұтас «бакалавриат-магистратура-докторантура» жүйесіне өтуді, жоғары білікті кадр дайындаудың жаңа моде-лін жүзеге асыруда. Қазіргі кезде оқу орны 14 мамандық бойынша бака-лавр, 6 мамандық боынша магистр-лер дайындау үстінде. Студенттер құ-рамы соңғы үш жылда сәйкесінше 22,3, 32,4, 36,1 пайызға өсіп келеді.

Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы озық оқыту технологияларын пайдалана отырып, қазіргі заман талаптарына сәйкес білімді тұл-ға, бәсекеге қабілетті мамандар дайын-дау үрдісіндегі міндетін айқындаған, ҚР жоғары білім беру жүйесінде өзіндік орыны бар білім ордасына айналды.

Кез-келген білім беру нысанда-ры сияқты гуманитарлық академия-ның да оқытушылар құрамының бі-ліктілігін көтеруді қаржыландыру, материалдық-техникалық базасының даму ахуалы әрқашан да басшылық-тың назарынан түспейтін өзекті мәсе-лелердің бірі болып саналады. Мұн-дағы қаржыландыру көлемі мен көзі, оқу-ғылыми алаңдарының жағдайы, жабдықтар, интерактивтік қондырғы-лар, тәжірибе лабораториялары, бай ғылыми кітапхана, оқу орнының жаңа талаптарға сай баспа орталығы – түгелдей гуманитарлық академияның оқу процесі мен ғылыми зерттеулер тиімділігіне жұмыс жасауда.
Біз алдағы уақытта білім беруді жаңғыртудың отандық және шетелдік тәжірибелерін зерделеу, жалпы орта білім берудің жаңа стандарттарымен сабақтастыру негізінде педагогика-лық білім берудің проблемаларын шешуге бағытталған академия ұжы-мының теориялық зерттеулері мен инновациялық тәжірибелерін алға қарай дамыта түспекпіз.

Қаралым саны 1156

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463