Ғылымсыз білім – тым құрғақ

Мұрат САБЫР,
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар бойынша проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Университеттің ғылыми-иннова-циялық қызметінің басты мақсаты – аймақтың орнықты әлеуметтік-эконо-микалық дамуы үшін қажетті маман-дар мен ғылыми-педагогикалық кадрларды халықаралық стандарттар деңгейінде даярлауды, әрі оларды зерттеушілік және инновациялық қызметке ынталандыруды қамтама-сыз ету болып табылады.

Еліміздің жаңа интеллектуалдық әлеуетін толықтырудың қайнар бұла-ғы уақыт талабына сай ғылыми кадр-лар дайындау әрі олардың біліктілігін арттыру болып табылады. Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің құрамындағы негізі-нен гуманитарлық мамандықтар бо-йынша маман дайындаушы бөліміне тоқталар болсақ.

Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы ұжымының жоғары білім саласындағы мақсаты уақыт қажетті-лігінен туындаған бағыт. Академия-ның гуманитарлық бағыттағы профес-сор-оқытушыларының ғылыми әлеуеті өте жоғары деп айтуға бола-ды. Қазір штаттағы жергілікті ғалым-дарының үлес салмағы 52%-ды құ-райды. Осы көрсеткішке қоса 22% кө-лемінде шетелдік ғалымдар академия-ның ғылым мен білім беру процесіне тартылуда.

Академияның профессор-оқыту-шылар құрамы “Батыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, гумани-тарлық дамуын қамтамасыз етудің негізгі көздері” атты кешенді тақы-рыпты бес жылға (2011-2015 жж) жоспарлап, жұмыс істеуде. Универ-ситеттің гуманитарлық академиясы ғалымдарының 2010-2013 жылдар аралығында 855 монография мен оқулықтары, оқу-әдістемелік құрал-дары мен ғылыми мақалалары, күн-дізгі және сыртқы бөлім студенттері-не арналған әдістемелік ұсынымда-ры, т.т.жарық көрді. Оқу орнының “Академия хабаршысы” ғылыми жур-налы академия ашылғалы бері басы-лып келеді. ҚР Білім және ғылым ми-нистрлігінің 2005 жылдан бері қарай жылма-жыл жариялаған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» бай-қауына қатынасқан академияның ға-лымдары бірнеше жыл қатарынан осы құрметті атақты жеңіп алуда.

Университет ректоры, тарих ғы-лымдарының кандидаты, доцент, талантты жас ғалым Ж.Ерназаров «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының 2006 жылғы же-ңімпазы. Сонымен қатар 2006-2008 жылдарға белгіленген «Жас талантты ғалым» мемлекеттік степендиясының иегері болды. Ол 2009 жылы Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының «Қытай қа-зақтары: тарихи-этнографиялық зерт-теу» атты 2009-2011 жылдарға арнал-ған кешенді ғылыми жобасына қаты-сып, зерттеуші ғалымдардың құра-мында белсенді еңбек етуде. Әсіресе қазіргі заман талабына сай жазылған «Тарихи өлкетану. Батыс Қазақстан облысының тарихы», «Қазақ этногра-фиясы», «Қазақтардың отбасылық дәстүрі: символ және ритуал» атты электрондық оқулықтары студенттер-мен қатар ғылыми-көпшілік қауым-ның қажеттілігін өтеуде.

Осы оқу орнының ғылыми жұ-мыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының докторы, професссор М.Сабыр «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын 2007 және 2013 жылдары екі дүркін жеңіп алды. 2009-2011 жылдарға жоспарланған іргелі ғылыми зерттеулер бойынша «Түркілік рухани мұра – әлемдік өр-кениеттің құрамдас бөлігі» ғылыми жобасының жеңімпазы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы филология ғылымдары-ның докторы ғылыми дәрежесін бе-ретін диссертациялық кеңестің мүше-сі болды. Оның ғылыми жұмыстары қазақ тілінің тарихы, теориясы, орта ғасыр жазба ескерткіштері тілі, шығыс-тану, түркітану, қыпшақтану мәселе-лерін зерттеуге арналған. М.Сабыр – араб жазулы орта ғасыр жазба ескерткіштерін түп нұсқадан оқып, зерттеу жүргізіп келе жатқан ғалым. Бүгінгі таңда «Алтын Орда дәуіріндегі қыпшақ жазба мұраларының тілі» ат-ты кешенді тақырыппен жұмыс істеу-де. Ол 120-дан аса ғылыми зерттеу еңбектері мен 3 монография, 2 оқу құралының авторы.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Баян Шынтемірова 2009 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын жеңіп алды. Ғалым көп жылдардан бері Қазақстан мен ТМД мемлекеттері интеграция-сының тарихи аспектісі мәселесіне терең зерттеулер жүргізіп келеді. Осыған қоса жоғарыда аталған проб-лемаға және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесіне арналған 135-тен астам ғылыми мақалала мен 5 оқу-лықтың, 1 монографияның авторы. «Саясаттану», «Әлеуметтану» элек-трондық оқулықтары, «Мемлекет және құқық теориясы», «Әлеумет-тану», «Саясаттану негіздері» атты студенттер мен жас оқытушыларға, магистранттарға арналған оқу құрал-дары, «Қазақстан Республикасы және ТМД елдері интеграциясы (1991-2005 жж.)» атты монографиясын еліміздің жоғары оқу орындары пайдалануда. Аталмыш еңбектерінде ғалым алыс-жақын шет елдердегі халықаралық, республикалық деңгейлерде өткізіл-ген ғылыми-тәжірибелік конферен-ция материалдарында баяндаған саяси-әлеуметтік мәселелер, білім беру саласындағы инновациялық технологиялар туралы өз пікір-көзқа-растарын ғылыми қауымның талқы-сына ұсынып отырады. Ресей педаго-гикалық және әлеуметтік ғылымдар академиясының корреспондент-мү-шесі ретінде жыл сайын өткізілетін сессиясына қатынасып, осы акаде-мияның ғылыми журанлында мақа-лалалары тұрақты жарық көруде.

Академия ғалымдары ішінде бі-лім шаңырағы ашылғалы бері еңбек етіп келе жатқан кафедра доценті Дәметкен Сүлейменова ХХ ғасыр ба-сындағы қазақтың ұлттық мемлекет-тік құрылымы, Алашорда тарихын зерттеп жүрген ғалым-ұстаз. Батыс Алашорданың тарихы, оның көшбас-шысы Ж.Досмұхамедовтың қоғамдық-саяси қызметін саралаған ғалымның көптеген зерттеулері мен мақалала-ры жарық көрді. 2009 жылы Д.Сүлейменованың құрастыруымен Сырым ауданы әкімшілігінің қолда-уымен «Алаш қозғалысы: тероия, тарих, тағылым» атты жинақ шыға-рылды.

Жалпы академия ғалымдары үшін 2007-2012 жылдар жұлдызды ке-зең десе де болғандай. Берілген жыл-дар аралығында 2 докторлық, 7 кан-дидаттық диссертация қорғалды.

Білім шаңырағында жас ғалым-дар, магистранттар мен студенттерді ғылымға тартуға, олардың еңбектері-нің жарық көруіне қажетті жағдай жасалуда. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін алыс-жақын ше-телдерде, республика, аймақ көлемінде өтетін көрмелерде, бизнес форумдарында кеңінен таныстыру жолға қойылған.

Қаралым саны 1162

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463