Біз жанбасақ лапылдап...

Аянбек ӘБЕКЕШОВ,
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің жастар ісі жөніндегі проректоры

БҚГА жастар ісі бөлімі жастар-дың әлеуметтік, мәдени және эконо-микалық мүдделерін қорғау, жастардың бос уақытын тиімді өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау, адам-ның адамгершілік-тұлғалық жетілуіне жағдай жасау, студенттер қозғалысы-на ықпал ету, талантты жастарды анықтау және олардың бастамала-рын қолдау, оларға білім гранттары мен ғылыми бағдарламалар арқылы қолдау көрсету, жастарға патриоттық, экологиялық тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде.

«Еліміздің ертеңі – білімді ұр-пақ» деп Елбасы Н.Назарбаев атап өткендей академияның тәрбие жұ-мыстарының басым бағыттарында іс-шаралар әрбір оқу жылы бойына жүзеге асырылады. 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын, Қазақстан халықтары тілдер күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, Қазақстан халықта-рының бірлігі күні, Президент күні, Қазақстан Республикасының мемле-кеттік рәміздері күні, Денсаулық күніне орай «Денсаулық фестивалі» өткізіледі.

17 қараша – Халықаралық сту-денттер күніне орай 1-курс студент-терін салтанатты түрде студенттер қа-тарына қабылдау рәсімі өткізіліп, сал-танатты кеш барысында оқу озаттары, мәдени шараларға белсене қатысқан студенттер марапатталады.

Академия студенттері көптеген республикалық, халықаралық спорттық жарыстарда топ жарып жүр. Олардың ішінде дене шынықтыру және спорт мамандығының 3-курс студенті Елеусінова Айдана – самбодан 2011 жылдың Азия чемпионы, 2012 жылы Рига қаласында өткізілген Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2013 жылы Ресей Федерациясының Қазан қаласында ұйымдастырылған Халықаралық жастар универсиадасының жеңімпазы, ҚР тұңғыш президенті Н.Назарбаев кубогының жүлдегері (2013), халықаралдық дәрежедегі спорт шебері, ҚР құрама командасының мүшесі.

Дене шынықтыру және спорт мамандығының 4-курс студенті Әлжанов Ерік – бокстан Қазақстан Республикасының чемпионы (2012), халықаралық спорттық жарыстарының жеңімпазы, спорт шебері, ҚР құрама командасының мүшесі.
Академия ұжымы өздерінің шәкірттері – самбо күресінен Азия чемпионы, көптеген Халықаралық, республикалық жарыстар жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Медет Оңдағановты, жеңіл атлети-кадан ҚР чемпионы, 2012 жылғы Лондонда өткен ХХХ жазғы олимпиадаға қатысушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Виталий Аничкинді, самбо күресінен 4 дүр-кін әлем чемпионы, 2 дүркін әлем кубогы-ның иегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ерболат Байбатыровты, садақ тарту-дан Азия чемпионы Нұғман Сағадатты, самбо күресінен әлем чемпионы Елеусінова Айдананы мақтаныш тұтады.

Қаралым саны 950

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463