Дулыға – батырдың бас киімі

Дулыға – Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінде көрермен назарына ұсынылған жәді-гер. Өзбекстанның Бұқара қаласында тұратын Қадырбай ақсақалдан сатып алынған батырдың бұл бас киімін 2008 жылы алматылық жеке кәсіпкер Естай Даубаев музей қорына тапсырған болатын.

Дулыға – батырдың басын сойыл, шоқпар, қылыштан және садақ оғынан сақтауға арналған бас киім түрі. Ол көбінесе көбе сауытпен киілген.

Дулығаның екі жағымен артқы етегіне темір тор ілініп, адамның мойны мен иығын тымақ тәрізді тұтас жауып тұрады. Кейде бетті қорғау үшін маңдайдан темір тілшелер орнатылған. Орта ғасырлардан бастап дулыға темірден жасалған. Олар көбінесе бірнеше бөліктен құрастырылып жасалады, оны «құрама дуылға» деп атайды. Бірақ, мына дулыға металлдан тұтастай құйылып жасалған.

Бұл дулығаның түсі сарғыш-қоңыр, жалпы биіктігі – 28 см, Шетіне 3см биіктікте өрнектер салынып, арабша сөздер жазылған. Онда қасиетті Құранның 100 «Адиат» сүресінің аяттарын оқуға болады. Бұл сүренің қазақша мағынасы төмендегідей:
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бас-таймын.

(1) Қатты ентігіп, шапқан, (2) (Тұяғынан) от шығарған, (3) Таң сәріден шабуыл жасаған, (4) Тозаңдатып, шаңдат-қан; (5) Сөйтіп жаудың ортасына кірген аттарға серт. (6) Шын мәнінде адам баласы Раббына тым нәшүкірлік етеді. (7) Өйткені ол, өзі де оған куә. (8) Сондай ақ ол, байлықты өте жақсы көреді. (9) Ал олар білмей ме? Қабірдегілер қопарылып шығарылған кезде.

Маңдайдан екі көздің ортасына түсіп тұратын темір тілше жоғары күмбезге жалғасқан да, 12,5 см тік, ұшты ша-наққа өсімдік стилінен өрнектеліп, төменгі бөлігі жолақты дөңгелекке бірге құйыла бекітіліп, дулығаның төбесін құ-райды. Алдыңғы бөлігінде 28 см биіктікте 2 жағында жебе бейнесі бар, ені 1см орнатылып, ол дуылғаға қошқар мүйізді ою арқылы бекітілген. Төменгі жиегінде ұзындығы 14 см шілтерлі темір тор шынжырлар арқылы бекітілген, тордың шеті үшбұрышты болып келген. Дуылғаның ұзақ уақыт тұтынылғаны байқалады, бояуы кетіңкіреп, ішкі жағы тот басқан.

Дулығадағы қасиетті Құран аяттары тектен-текке жа-зылмай, батырларға рух берсе керек. Оған ауыз әдебиетін-дегі батырлық жырлар, дастандар, эпостардан батырлары-мыздың басында дулыға, арқасында жыға, жүрек тұсында шарайна, үстінде сауыт, садақ, жебе, найзасы, қол шоқпа-ры, белінде оқшантайлы белдік болғаны дәлел.

Міне, осындай жәдігерлерді тану арқылы келешек ұр-пақ елін, туған мекенін сырт жаудан қорғаған ата-бабала-рымыздың жауынгер, жаугер, батыр, жау жүрек халық болғанын ұғады.

 

Қаралым саны 7579

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463