Өмірдің кейбір сәттері

Әнуарбек МҮТИҒОЛЛАЕВ,
БҚГА студенті, 2013 жылғы облыстық «Қадыр оқуларының» бас жүлдегері

Сағым арман қияға жетелеген,
Жолы – соқпақ, білемін мұратымның.
«Өмір сүргім келмейді» деп өкпелеген,
Мен өлеңін оқыдым бір ақынның.

Бұлқынғанда бойымда ыза-кегім,
Күңгірт тартқан кездерім көп жүдетті.
Өзін, сосын өнерін сыйлаушы едім,
Ақын ғой деп, есі бар, ет жүректі.

Өлер шақта жұлдыздар мекен көгін
Қимай үнсіз, құлдилап құлар төмен.
Өмір сүру шын бақыт екендігін,
Түнге ғашық адамдар ұғар ма екен?

Сабырлық пен қайсарлық жеңбек бәрін,
Тағдырыңның тармағы көп, жолы – төте.
Татып көрмей қайғыңның кермек дәмін,
Болам деудің бақытты өзі қате.

Елден алыс, бейуақыт жырақта тым,
Өрмелеп те кей сәттер шыңға шықтым.
Жылататын, содан соң жұбататын,
Тәтті өмірге себепсіз шын ғашықпын.

Өмір солай,
Алайда, түңілме сен!
Өтпелі ғой бұл жалған,
Бәрі де өтер..
Жеті түсті кемпірқосақ көрем десең,
Алдыменен басыңнан жауыңды өткер!

Қаралым саны 1177

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463