Мөр – құжаттарды куәландыратын белгі

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында мөрлердің ағаштан, тастан, әйнектен, металдан жасалған, әр дәуірге жататын түрлері сақталған. 

Солардың ішінде бір мөр ерекше көзге түседі. Оның бетінде араб жаз-балары бар. Аталмыш мөрді Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ау-данында тұратын 10-сынып оқушы-сы Өмірбек Иргазиев кездейсоқ та-уып алып, 1962 жылы музей қорына тапсырған еді. Мөр дөңгелек пішінді, диаметрі 3 см ақ металдан жасалып, бетіне араб әріптерімен жазу жазылған.

«Аш-шайх Ғұбайдоллаһ Нақшбанди, ибн аш-шайх мулла Зайнуллах. 1322 жыл».

Бұл ХХ ғасырға тән мөрде Аш-шайх Зайнолла молданың ұлы аш-шайх Ғұбайдоллаһтың мөрі екендігі жазылған. Нақшбанди деген – тари-қаттың аты, Нақшбанд Баһай әд-Дин Мұхаммед б. Бурханэд - Дин Мұхаммедәл - Бухари (1318- 1389) – нақшбандийа тариқатының негізін қалаушы.

Шах-и Нақшбанд – XIV ғасырдағы ортаазиялық сопылық дәстүрдің ірі өкілі. Сопылық бауырластықтың нақшбандийа атауы оның кәсібіне (нақшбанд - нақыштаушы) байланыс-ты шыққан. Нақшбанд жүйелі дәстүр-ге еніп, оның жеке басына сыйынып, құрмет тұту рәсімі ретінде Орта Азия мен оған көршілес елдерге кеңінен таралды.

Мөрдегі жазуда мөр иесiнiң аты, оның тегi (әкесiнiң аты), дәрежесi (молда) және хижра жылы көрсетiл-ген. Бұл мөр қожа, қазы немесе мол-даға тән болуы мүмкін. Мөрде көрсе-тілген уақыт – хижра жыл санауы бо-йынша 1322 жыл, ал Григориан күн-тізбесі бойынша – 1904 жыл.

Іңкәр ОРАЗОВА,
БҚО тарихи-өлкетану музейінің Экспозиция және көрмені жабдықтау бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

Қаралым саны 1743

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463