№1 «Қазақстан барысы» Қаратөбеден шыққан

Қайыржан ХАСАНОВ,
өлкетанушы, Орал қаласы

Өз ауылының намысын боз кілемде қорғап, белдесіп жүрген палуандар әр жерде де болған ғой. Олардың өздері өмірден өтсе де, есімі, күрескендегі айла-тәсілдері, қара күші күні бүгінге дейін әңгіме болып, ауыздан ауызға тарап келеді. Соңғы жылдары ұлттық күрес өнері насихатталып, «Қазақстан барысы» атты сайыс өткізіле бастағаны мәлім. Ал бір кездегі барша қазақ даласында қарсылас шыдатпаған түйе палуандар Қаратөбеден де шығыпты...

Ерен күштің иесі Еңсеп

Ендігі әңгіме палуан Еңсеп Досқалиев жайлы болмақ. Атырау облысының Қызылқоға ауданының Тайсойған құмының теріскей беті – ысық Сейділдің баласы Қарақұрсақ-тан тарайтындардың ежелгі қонысы. Қарақұрсақтан Бекпентай, Әлмағамбет, Жұмаш, Қатайдар, Дүйсе деген бес бала тараған.
Бекпентайдың Кенже, Әбіш, Досқали деген үш баласы болған. Олардың қыстауы – Тайсойған. Жаз жайлауы кей жылы Қаратөбеде, кей жылы Ойыл бойында болыпты.
Сейділұлы Қарақұрсақтың қасқыр алатын бурыл аты жыл сайын бәйге-ден бірінші келіп, жанашырлардың мақтанышына, көрермендер көзайы-мына айналыпты. Бір жылы осы тұл-пар Ойыл жақтағы жайлауда із-түссіз жоғалып кетіпті. Бүкіл қарақұрсақ ағайын болып, қанша іздесе де, жо-ғалған тұлпарды іздеп таба алмапты. Ақыр соңында тапқан кісіге сүйіншісі-не он құлынды бие берем деп Қарақұрсақ хабарлапты. Бірақ бір күз, бір қыс өтсе де, жоғалған тұлпар та-былмапты.
«Бәйге атының ұрлығы көрші ауылдардағы жігіттердің біреуінен келді» деп секем алып, оларға қатты өкпелеген Бекпентай бірнеше туыста-рымен бір түнде көшіп кетіп, өздері-мен көрші отырған Қаратөбе жерін-дегі руы Алаша таныстарына келіп, отау тігеді. Бұл ауылдың халқы көшіп келгендерді бауырларындай қарсы алады. Бекпентай олармен ежелгі туыстай араласып кетеді. Жаңа қоныс-қа еті үйреніп, халқына сіңісіп кеткен Бекпентай бұрынғы әдетімен бәйгеге ат жарату кәсібіне кіріседі. Жоғалған бурыл атындай болмаса да, жаңадан жаратқан күрең төбелі бәйге алып жүрді.
1900 жылы шабындыққа шалғы түскен айда Бекпентайдың үлкен ба-ласы Досқали ұлды болып, ауыл ақ-сақалдары оған Еңсеп деп ат қойып-ты. Досқали Еңсепті 4-5 жасынан бас-тап ауылда өткен жиын, тойлардан қалдырмай, қасына ілестіріп жүрген. Жас бала бәйгені тамашалап, белдес-кен палуандарды көріп өседі.
Аудан көлемінде жауапты жұмыс жасаса да, Еңсеп Досқалиевке қатыс-ты құжаттар болмағасын, бұл кісі жайлы бала-шағасы, ағайын-тумала-ры айтқан ауызекі әңгімемен шектел-дік. Еңсептің шын туған жылы 1900 жыл екен. Бірақ ол белгісіз себептер-мен 1905 жыл болып жазылыпты. Әкесі – ысық Қарақұрсақтан туған Бекпентайұлы Досқали, шешесі – егін-дікөлдік сейтек Құдайберген қызы Аққыз.
Аққыздың шын аты – Рәпіш. Бұл Досқалидың екінші әйелі болса керек. Себебі облыстық мұрағатта сақтаулы «Кадр жөніндегі жеке іс» қағазында тігілген өмірбаянында Еңсептің туған інісі, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы Баттал Досқалиев «Әкем Досқали 1935 жылы, шешем 1929 жылы қайтыс болған» деп жазыпты. Ал ағайындары айтқан ауызекі де-ректе 1886 жылы туған Аққыз 1981 жылы қайтып, Тышқантай зиратына жерленіпті. Сонда Батталдың 1929 жылы бақилық болды деген аты жазылмаған шешесі Досқалидың бәйбішесі болса керек деген ой туындайды.
1916 жылы туған Жақұт Райысқы-зына үйленген соң Қаратөбе аудан-дық НКВД-да қызметте жүрген Еңсеп-ті аудандық партия комитеті «Сәуле» колхозына төраға етіп жіберіпті. Бұл 1935 жыл болатын. Еңсеп тұрмысы нашарларға қайырымды жан болып-ты. 1939-1940 жылдар – Еңсептің күреске шығып, аудан түгілі облысқа, республикаға есімі танымал палуан болған кезі.

Қазақстанның түйе палуаны

1939 жылы Семей қаласында үш салмақ категориясы бойынша қазақ-ша күрестен Қазақстан чемпионаты өтіп, оған Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Семей облыстарының палуан-дары қатысты. Жеңіл салмақта М.Құрманбаев (Алматы облысы), орта салмақта Еңсеп Досқалиев (Ба-тыс Қазақстан облысы), ауыр салмақ-та А.Мусин (Павлодар облысы) алтын-нан алқа тағады. Ал абсолютті чем-пион атану үшін алты палуан белдесіп-ті. Еңсеп әуелі оңтүстік қазақстандық С.Қасықпаевты, келесіде семейлік
И.Түменовті тізе бүктіріпті. Шешуші сында өзінен алты жас үлкен, тоғыз келі ауыр павлодарлық А.Мусинді жыққан Еңсеп Досқалиев абсолютті чемпион атанды. Жеңіс тұғырына кө-терілген Еңсепке қазақша күрес феде-рациясының төрағасы Қазақ ССР Ха-лық Комиссарлар Советінің Грамота-сын беріп, Ұлттық күрес – «Қазақша күрестен Абсолютті чемпион» деген жазуы бар жетонға қоса, бағалы сый-лық – ішінде күмістелген ыдыс-аяқ салынған сандықшаны салтанатты жағдайда табыстапты. Абсолютті чем-пионы Еңсеп Досқалиев Қаратөбеге келгесін балдызы Мырзағұл Райысов-тың үйіне келіп, Семейде болған кү-рес жайлы әңгімелепті.
– Үш салмақ категориясы бойын-ша күреседі деген соң біздің облыс-ты қосқанда алты облыстан келген палуандарды көргенде іштей қобал-жығаным рас. Бірақ ауданда, облыста өткен белдесулерден жүлделі болып, республикаға жолдама алғасын на-мысты қолдан бермеуге тырыстым, - депті Еңсеп.
Күреске әзірленіп, жаттығудан шаршап келіп отырған бір күні әр облыстан келген палуандар оңаша бас қостық. Менен алты жас үлкен А.Мусин деген палуан сөз бастап, «Енді бірер күннен кейін бізді күреске салады. Әр жерден келген қазақ жігіттері болып күресеміз. Кісілердің көзінше тұғырға таласып, өзара итше ырылдасып жатамыз ба? Бірінші орын жөнінде өзара оңаша келісіп алайық, - депті.
– Сонда кімге береміз? - дегенде, – ата-баба салты бойынша, орын жасы үлкенге, - дейді А.Мусин. Күреске ата-баба дәстүрінің қандай қатысы бар? Мен болсам, детдомда өстім. Дәстүрден хабарсызбын, - дейді Алматының бір зауытында жұмысшы болып жасайтын М.Құрманбаев.
– Мен құдыққа түсіп кеткен ту биені алып шыққанмын. Былайша айтқанда, қара күштің иесімін, әрі жасым 45-тен асып барады. Бәріңнен үлкенмін, - деп сөзін жалғастырады Мусин. Мен оларға: «Не де болса, күресте көрерміз!» - дедім. Белдес-кен кезде ішінде жаңағы екі палуан бар барлық салмақ категориясы бо-йынша боз кілемге шыққан палуан-дардың бәрін жығып, «Қазақша кү-рестен республикамыздың 1939 жыл-ғы абсолютті чемпионы» болып келе жатқан бойым. Чемпиондық жето-ным үйде, оған қоса берген күмістел-ген ыдыс-аяқ сервиз сыйлығы апаң-да, - депті Еңсеп.
1940 жылдың қаңтар айының 28 күні түсірілген мына суретте бес пал-уан тұр. Суреттің артында «бес пал-уанның бірі – Еңсеп Досқалиев» деп жазылған.
1940 жылдың шілде айында Мәскеуде Қазақ ССР-ының 20 жыл-дығы құрметіне мерекелік қойылым-дар болыпты. Сол салтанатқа Еңсеп те қатысыпты. Соның куәсіндей болған мына суретте қолына шпак ұстаған қазақ жігіті, артында қалың қол тұр. «1939 жылдың 21 шілде айында Москвада союздық парадқа қатысқан физкультурниктер Кремль алдында Амангелді сарбаздарының ойынын қойып тұрғандардың бірі – Еңсеп Досқалиев» (суретте) деген жолдар латын әрпімен жазылған.
«Динамо» стадионындағы спорт-шылар шеруіне еліміздің туын алып шығыпты. Сонымен қатар Еңсеп бас-таған жігіттеріміз қазақша күрестің әдіс-айласын көрсете белдесіп, Мәскеу жұртшылығын қазақтың спорт өнерінен хабардар етіпті.
1941 жылы ақпан айында Фрунзе қаласында Орта Азия мен Қазақстан ұлттық күрес шеберлері арасында тұңғыш бәсеке өтеді. Осы күреске он палуан қатысыпты. Қазақстанның на-мысын қорғаған Еңсеп Досқалиев тә-жік, өзбек, қырғыз палуандарымен күресіп, бәрінде жеңіске жетіпті. Сөй-тіп, қазақ палуандары арасынан бірін-ші болып, «Ұлттық күрестен Халық-аралық турнирдің жеңімпазы» деген атақты иемденіп, жарыстың төреші-лер алқасы лента тағыпты.
Біздің іздеп таба алмағанымыз – Еңсеп Досқалиевтің республиканың абсолютті чемпионы жетоны мен чем-пиондық лентасымен түскен суреті.
Еңсеп Досқалиев те ауылдастары-мен бірге 1942 жылдың мамыр айын-да әскерге алынды. Еңсептің үйінде Аққыз, Жақұт, Мәмила, Мағия деген төрт әйел бірге тұрыпты. Еңсептің тәртібі бойынша өзара бөлініп беріл-ген үй тұрмысындағы жұмыстарды олар өз міндетін айтқызбай-ақ орын-дайтын болған.
Еңсептің анасы Аққыз тезек теріп келсе, Мырзағұлдың туған апасы Мағия шәй қайнатып, үй сыпырып дегендей үй шаруасындағы жұмыс-пен айналысып, Еңсептің бәйбішесі Жақұтқа көмектесіпті. Жақұттың ше-шесі Мәмила дүкенге барып, үйге қа-жетті тамақ алып келеді екен. Бұлар-дың ұрыс-керіссіз, өзара тіл табысып, сыйласып өмір сүруі – қазіргі жастар-ға үлгі боларлық қасиет.
Еңсеп Досқалиев лейтенант ше-нінде талай деревняны азат етуге қа-тысады. №8 атқыштар дивизиясының №310 атқыштар полкінің құрамында жүргенде 1944 жылдың мамыр айын-да Батыс Украинаның Иваново – Франковск облысы Коломийск ауда-ны Печенижин селосында болған ұрыста ерлікпен қаза тауып, сол село-дағы туысқандар зиратына жерлене-ді. Қарулас достары оның медальо-нынан «Доскалиев, сын – Саясат» де-ген жазуды оқыған. 39 жасында жер-лесіміз Еңсеп Досқалиев ел бақыты үшін осылай өз өмірін қиды. Еңсептің артында қалған үш баланы бағып отырған жұбайы Жақұт қайғыдан ең-се көтере алмай, 1945 жылы 29 жа-сында қайтыс болыпты.
Еңсептің майданнан жазған хат-тарын Жақұт жоғалтпай сақтап жүр-ген. Ол қайтқан соң інісі Баттал, бал-дызы Мырзағұл бұл хаттарға ие бол-ған. Есейіп, ес білгесін әкесінің қара шаңырағын ұстап отырған баласы Саясат әкесінің хаттарын аудандық мұрағатқа сақтауға тапсырды.
Еңсеп пен Жақұттан Саясат және Жоламан деген екі ұл, Зада есімді бір қыз қалған.
Міне, кезінде білектің күшімен біраз елге танылған осындай аталарымыз болған екен...

Қаралым саны 1429

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463