Жеңісіне жер алған Жетпіс палуан

Қазақ даласы қай уақытта да орасан зор қара күш иесінен, батырлар мен палуандардан кенде болмаған. Есімі елімізге мәшһүр атақты Балуан шолақ, өнерімен әлем жұртын таң қалдырған Қажымұқан Мұңайтпасов немесе журналымыз-дың осы санында жария болып отырған Еңсеп Досқалиев сынды жойқын күш пен әдіс иесі ерлерді бұрынғы батыр бабалардың сарқыты десек болады. Ал олардың ішінде бір жағы кешегі салқын саясаттың салдары, бір жағы уақыттың өтуімен ұрпақ жадынан ұмытылып бара жатқан-дары қаншама? Құдай дарытқан ерекше қажыр-қайратымен ағайын-тума, халқының қорғаны болып, жұртының жоғын жоқтаған сондай ерлердің бірі – Жетпіс палуан.

«Ұмытылып бара жатқан» дей тұрғанмен, Жетпіс палуан жайында ғаламтордағы Уикипедия – ашық энциклопедиясынан төмендегідей мәліметті кездестіруге болады.
Жетпіс Құттыбайұлы - 19 ғ. соңында Батыс Қазақстанда өмір сүрген палуан. Руы — тана. Ел аралап, күресіп, күш-қайратымен жұртшылыққа танымал болған. Қаратөбе өңірінде болған күресте жауырыны жер иіскемей, жеңімпаз атанған оған қазылар телімді жер берген. Ол жер қаз. Қоскөл ауылдық округінің аумағында.

Пайдаланған әдебиеттер:
Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық.
Алматы: "Сөздік-Словарь".
ISBN 9965-822-57-3
Жетпіс палуан жайлы шежіре деректер не дейді?

Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылы-ның тумасы, бүгінде Алматы қала-сында тұратын зейнеткер Төлеген Сафоллаұлы – Жетпіс палуан жеңісіне алған жер аумағында өсіп-өнген Тана ұрпағының бір өкілі. Аты аталған ағамыз көп жыл математика пәнінен ұстаздық еткен. Қазақ «Қанына тартпағанның қары сынсын» демей ме, табиғи қайратына қоса жасынан жанына спортты серік еткен Төлеген ағамыз жігітке тән жеті өнерге де жетік. Соның ішінде жасы жетпісті алқымдаса да, талайды таң қалдыра-тын қара күші – бір бөлек әңгіме. Ол Жетпіс палуанның айтулы жеңісін әкесінен естуі бойынша былай деп баяндайды:
– Әкеміз Сафолланың айтуы бойынша, үлкен шенді орыс ұлығының алдында, алқалы бір жиында орыстың ірі денелі жас, дүниежүзілік жарыстарға қатысып жүрген палуанына қазақтардан бір адам шықсын деген шарт қойылған. Және қай жеңгені жығылғанды бауыздасын деп жерге қанжар шаншып қойған. Күрестің осы шартынан және орыс палуаны тұлғасынан сескеніп, бірнеше рет күреске шақырғанда қазақтар жағынан ешкім шықпаған. Сонда Қалқаман Тана ұрпағы Жетпіс атамыз «мен шығамын» деп алға ұмтылған. Жетпіс атамыздың жасы ұлғайып, 47-48 жас шамасы екен. Сонда қарттар «сенің жасың келіп қалды ғой, жастар шықсын» деп тоқтатпақ болыпты. «Жастар шықса, олардың жолын кім байлап тұр» деп ортаға шыққан. Жетпіс атамыз кедей адам екен. Үстінде шолақ етек, шолақ жең қақпа шекпен (аттың қылы мен қара қойдың жүнінен өрмекпен тоқылған, қапшық жасайтын материал) болған. Сонда ақсақалдар Жетпістің иығына зерлі шапанын жауып, ортаға шығарады. Орыс палуаны бірнеше рет жықпақ болып, үйіріп көтеріп жерге соққан сайын аяғымен тік түсе берген. Бір мезетте Жетпіс атамыз өзіне ғана тән әдіспен, көз ілеспес шапшаңдықпен көтеріп алып жерге бір соққанда орыс палуаны есінен танып, орнынан тұра алмай қалған. Күрес шарты бойынша «бауызда» деп қолына қанжарды ұстатқанда «жазықсыз адамның қанын мойныма жүктемеймін» деп, қанжарды жерге лақтырып жіберген. Онда «қандай тілегің бар?» деп сұрағанда «аталас-тарыма қоныс тарлық етіп жүр, Көкөзектің бойынан бір өгіз терісін-дей жер беріңіз» деген. Ұлық «жа-райды, аласың» деген. «Және сый-лық беремін, қайда саласың?» деп патша алтын тиындарын ұсынғанда шекпенінің бір жақ етегін ғана тосып-ты. Артынан «аға, неге шекпеніңізді толық жайып тоспадыңыз, алтын ақ-шаны мол алатын едік қой» дегенде, «ағайындар-ау, ең бастысы, Көкөзек бойынан қоныс алатын болдық, сол жарайды ғой» депті. Сол уақытта ата қонысымыз Өлеңті мен Сайқұдық арасындағы аймақ болған. Ол кез – казак-орыстардың Жайық бойының шұрайлы жерлерінен қазақтарды ығыстырып, малдарын «балықты үр-кітеді» деп, Жайық бойынан суарт-пай, «шабындықты таптайды» деп жайылымдардан қуып, қазақтарды қыспаққа алған кез.
Жаңа жерге келгеннен кейін де, орыс үкіметінің алым-салығы ұлға-йып, оны төлеу қиындаған соң Тана-лар қарсы шағым жазған, «егер са-лық ұлғаятын болса, бұл жерден кө-шеміз» деп. Мәселе оң шешіліп, «салық ұлғаймайды» деген қағаз кел-генде көшеміз деп жүктерін буып отырған ауыл қуанып, жүктерін шешіп, орындарына қайта жайғасқан. Сол кезде дүниеге келген Шоңай атамыз-дың ұрпағы, баланың атын Қоныспай қойған. Бұл оқиға 1865-1870 жылдар шамасы. Себебі Қоныспай баласы Есжан (ауыл жанындағы көл осы кісінің атымен аталған) 1901 жылы дүниеге келген.
Редакциядан:

Өлеңті мен Сайқұдық елді мекендерінің арасында Мәулім Таналардың Құттыбай аталатын ескі қорымы бар. Осы екі ауыл тұрғындары палуан құлпытасын нақты нұсқай алмаса да, үлкендер-ден естіген әңгімелері бойын-ша “Жетпіс ата осы Құттыбай қорымына жерленген” деседі. Сайқұдық ауылының тұрғын-дары Еркін Нығметов және Сұлтанғали Есепов бізді атал-ған қорымға «Осында Жетпіс атамыздың құлпытасы бар» деп бастап барған еді. Бірақ құлпытас жазуларының көмескіленуіне байланысты әріптері анық оқылмады.
Журналымыздың алдыңғы санында жарияланған, Науша батырдың жатқан жерін дәл көрсетіп берген өлеңтілік Наурызбай Әбілқайыров ағамыз да Жетпіс палуанның Құттыбай қауымына жерлен-геніне шүбә келтірмейді. Ол Құттыбай қауымы маңында бүгінде кеуіп кеткен, бұрын Жетпіс атымен аталған көл болғанын айтады.
Палуанның тікелей ұрпақ-тары жайында әзірге ешқан-дай дерек жоқ. Бұл бағытта қандай да бір мәлімет білсеңіз журналымызға хабарласуың-ызды өтінеміз.

Қаралым саны 2063

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463