Жыр әлем

Қуаныш АМАНДЫҚОВ
1971 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы Қоскөл ауылында туған. Дәулеткерей атындағы Орал мәдениет институтын режиссура мамандығы бойынша бітірді. Қазір Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының белді артисі.

*   *   *

Кешіктім бе?Кім біледі, ерте ме?Түрен салдым Өлең деген өлкеге.
Боз жусандай бұрқыраған иісі,Сезбек болдым сөйлемдердің сүйісін.
Поэзия кемпірқосақ түсіндей,Құдіреттің миға сыймас күшіндей.
Поэзия – балқұрақтың сыбдыры,Қоңыраулы құлыншақтың сыңғыры.
Поэзия – Махамбеттер айбары,Мендегі жел, биссмиллаһ, қайдағы...
*   *   *
Сезімтал досым, қайдасың,Сағыныш толы кеудесі.Жанымның сүртіп айнасын,Есімді кеткен емдеші.
Аңқылдақ досым, жолы ашық,Қайдасың, келші қасыма.Жарқылдап күліп, жарасып,Жас қосып берші жасыма.
Білмейтін титтей өкпені,Шуаққа бөлер қосымды.Е-хе-хей, қыран, көктегі,Көрсең, айт менің досымды.
Бармысың жоғым, іздеген,Бетінде жердің осынау,Жылынар еді мұз денемҚайдасың, қайда, досым-ау!
Білмейтін сөзді, ғайбатты,Жағасы жайлау, кең құшақ,Жолықшы, досым, айбаттыЖүрейін мен де сен құсап!Жан досым!

*   *   *

Қуанышпенен аралас қайғы,Пенденің бәрі ауа ластайды.Дьякон, поптар сұсты мазардай,Молданың көбі молаға ұқсайды.
Жүрегім сезіп, біліп байқады,Бәрі де әсем ертегі айтады.Мұңдылар мешіт маңына түнеп,Мүптилер үйіне ерте қайтады.
Жүйе-жүйкемді толқытты аңыздар,Босады буын, қолтықтаңыздар.Ұятыма күнде күйіп, өртенем –Тозақпен енді қорқытпаңыздар!
Айменен түнде амандасамын,Өлімге таңмен қадам басамын.Уақытша кешке тірі қалам да,Лапылдап жанар санамда сағым.
Жылап енбейтін мешіт-шіркеуге,Қара да, хан да – бәрі құркеуде.Өгіздей ауыр өлім кітабыПенде-пақырдың бәрін тіркеуде...
Әлхамду лиллаһи!О, Боже, спаси!
*   *   *
Өжеттігімді бекер іріктім, Жастығым,(Иықтан басып Сабырлық аттытақсырым)Сүрініп барып, сүрініп барып түзелдімЖігерімді үзіп жіберген кезде бастығым.
Өжеттігімді бекер іріктім, Жастығым,Азуы алмас қасқырың ем ғой,қасқырың.Ызғытып барып,ырситып өтер шағым ғойЫрылдасумен өтіп барады жас күнім.
Еркіндігімді қашан бересің,Жастығым,Енді қашанғы сүйретілмекші«бас жібім»?Тырапай асып, тыпырлап тағы жатам баТопшымды кенет қиып жіберсебастығым?!
...Жастығым үнсіз, жастығым...Жақсы ырым болғай, жақсы ырым!
*   *   *
Сыртылдап сағат әндетті,Сағыныш ноталары ма?Ұйқыдан тағы мән кеттіОйларым боталады да...Қоскөлім қолын бұлғадыГүл тұнып жоталарына.
Қоскөлдің тап-таза таңыСібірлеп атқан шығар-ау!Жұмақтай ауылдың маңыХақ нұрын татқан шығар-ау.Ұрпағын рухымен жебепІргеде,Қоңыр қорымдаАқ Папам жатқан шығар-ау,Ақ Папам жатқан шығар-ау!
*   *   *
Қаратөбенің аспаны биік,Биіктен асқақ ән туар.Таң алды туған Шолпанын сүйіпҚалдығайтысы жарқырар.
Жусанды жазық, жазира мүсін,Ауасы жұпар астанам.Әлемнен әнін оздыру үшінТауларын алып тастаған.
Қоскөлдің кеші, Шиелі өзені,Тіршілік, сәтке үн қатпа!Қаратөбенің кие дегеніКөкейден шыққан ырғақта.
Қаратөбенің бұлттары бура,Шудасы желп-желп көшеді.Шөлдеген құмын қандырса суғаТаланттар қаулап өседі.
Қаратөбемнің аспаны биік,Заңғары – Мұхит, Ғарекең.Өнерге әркез бастарын иіп,Ардақтар жұрты бар екен.

Императордың монологы
Ұлын өлтіргем мойнын қайырып –Әкесі оны көрмеген болды.Қызын зорлағам шатын айырып –Анасы оған сенбеген болды.
Ауыздарында бір-бірден құлып,Түк болмағандай жатып алғаны.Миларын жеп ем қасқырдай ұлып,Ешкім де мені атып алмады.
Алтын беріп ем құл-құтаныма,Сарайдан шыға құсып кеткені,Құс қондырғанмын бір бұтағыма,Төбемді дәлдеп тышып кеткені.
Арқа сүйеп ем ақындарыма,Арқамнан қанжар сұққысы келді.Жылы сөйлеп ем жақындарыма,Жаныма қолын тыққысы келді.
Ақымақ қылып айналам мені,Айналам мені мұңға батырды.Тәжім мен тағым, қайтемін сені,Ұқпайды ешкім императорды...

Қасқырлар тойы
Ища-ай! Суық бүгін таң,Қаусырды аяз бойымды.Қайда барып жылынсам...Кімге айтсам... ойымды?!
Ақ шудалы ақпандайАтойлады қайратым.Әулие еккен ақ талдайӘз нысанам, қайдасың?!
Табиғаттың дер шағы,Бойдың қара қалшылын.Аппақ талдың мен тағы Ақ қабығын аршыдым.Ақ тырнағым қадалды,Аппақ талдың тәніне.Ақ бұталар оралды,Ақпан басты әніне...

Досыма
Көрдің бе сонау көз ұшындағы нүктені,Нүктеге жетсек, ғұмырдың мынаубіткені.
Сәулесі барлар сәулеге сәттік шүкір дер,Күндерді жалғап келеді титтей үтірлер.
Тәуелді қылып баспана менен ақшаға,Қу тірлік бізді құлыптап қойған жақшаға.
Немкетті болып несібемізге өлшеген,“Мерседес” міндік,қарызға батып белшеден.
Келесі күнге жетпейтініне сенгесін,Көшеге шаштық Қазақстанның теңгесін.
Таусылып сонсоң еркелік пенентасырлық,Сәби Өнердің аяғына келіп бас ұрдық...
*   *   *
Жыртық көйлек жасыра алмай күнәні,Өшіп-жанып тұр жанымның шырағы.Ұлы Ұяттың тақасының астындаИреңдейді сұм нәпсінің жыланы...
*   *   *
Ібілістер басқан ізді бағатын,Періштелер қанатымен қағатын,Жерде жүрмін,Жүрегімді жасырып,Менде басқа Мекен де жоқ баратын.
Жан сарайым парша-парша, тас-талқан,Мұқабамды мұң-барқытпен тыстармын.Сұм тірлікте қаншалықты ластансам – Соншалықты тазалыққа құштармын.
*   *   *
Тентегіміз екі әлемнің,Ар алдында ақталған,Жанарыңнан ығыспаймын қосауыздай оқталған.Шыға алмайсың жекпе-жекке,Ызбарыңды төк, мейлі,Жауырынымнан сұқсаң қанжаржүрегіме жетпейді!Атқың келсе, «ойыншығыңды» Кемі екі-үш жарқылдат,Жалғыз оққа жалп ететін қарға емеспін қарқылдақ.
Келісімге келе алмаспызҚалған қатты көңілмен,Ақыр аңдып, құзғындар жүр жемтікшоқып семірген...
*   *   *
Таң атып, Көкте Күн тұрса,Сенің Күнің, ол – Сенікі!Кеш түсіп, көкте мұң тұнса –Менікі деп ұқ, менікі...
Жұлдыздар самсап көрінсе – Сенікі бәрі, Сенікі!Ақ жаңбыр жылап төгілсе –Менікі болсын, менікі...
Көктемде құстар шырқаса –Сен үшін, жаным, Сен үшін!Қаңтарда боран бұрқаса,Мен үшін соқсын, мен үшін...
Көктемде құстар шырқаса,Тағы да, сәулем, Сен үшін!Ызғары күздің байқалса,Әрине, ол тек мен үшін...
Мен сүйемін Сені!
*   *   *
Толтырып мұңға кеудені,Сағына көрме Сен мені.Арналған Саған осы өлең –Сайтанның салған өрнегі.
Ұмытып мендей кезбені,Өзгені сүйші, өзгені.Мендегі сезім тілшігі –Саудагер қудың безбені.
Сезімге батып, бір шығып,Ұмтылма деймін ынтығып.Күрсінулерден тұншығып,Жүрегім біткен жыртылып...

Қаралым саны 1356

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463