Жаһаншаның "Мерседесі"қайда екен?!

ХХ ғасырдың басындағы Алашорда тарихына қатысты ақтаңдақ әлі көп. Соның бірі Алашорданың батыс қанаты – Ойыл уәләятына қатысты. Жаһанша мен Халел Досмұхамедұл-дары басқарған Батыс Алашорда аз уақыт тұрса да, өз әскерін, милициясын, банкін, газетін, тағы басқа маңызды мемлекеттік құрылымдарын құрып үлгерген екен. 

Иә, Батыс Алашорданың өз әскері болғанын, Ойылда юнкерлер мекте-бін, Жымпитыда милиция мектебін ашқанын, онда кәсіби әскерилер са-бақ бергенін бүгінде көп адам біле бермейді. Алашордашылар Уақытша үкіметтің Самарадағы кеңсесі – «Уч-редительное собраниемен» («Ко-мич») келісімге келіп, одақтас ретінде көп көмек алған. Жазушы Әнес Сарайдың айтуынша, бұлар Алаш әскеріне 2 млн. сом ақша, 3000 әс-керге киім-кешек, қару-жарақ беріпті. Ал Батыс Алашордаға арнайы 2000 мылтық, 37 пулемет, 2 зеңбірек, 2 ав-томобиль берілген.
– Жаһаншаның «Мерседес» мар-калы осы қос машинасы – Жымпиты топырағын басқан тұңғыш автокөлік, - дейді тарих ғылымдарының канди-даты, алаштанушы Дәметкен апай.
– Бір қызығы, 1919 жылы Ойыл уәлая-ты үкіметі Қызылқоғаға көшкенде, жалғыз «Мерседес» кеткен.
«Жаһаншаның екінші машинасы киізге оралып, құжаттармен бірге бір түнде жасырын көмілген екен» деген аңыз әлі де ел ішінде бар көрінеді. Мұны Жаһанша атамызға белнемере болып келетін туысқаны Бисенғали Қуанышәлиев те растайды.
Ал белгілі өлкетанушы, Алашорда туралы бірнеше кітаптың авторы Жайсаң Ақбай ағамыз былай дейді:
– Жымпиты өңірінде әлі күнге де-йін айтылатын, бала күнімізден есті-ген бір әңгіме бар. Ол – Жаһаншаның машинасы құпия құжаттармен бірге көмілгендігі. Машинаны Жаһанша-ның тапсырмасымен жасырған – мылқау көрікші (ұста) екен. Құлағы естімейтін, сөйлемейтін сол ұстаның Жаһаншаға туысқандығы да болған көрінеді. Ел аузындағы әңгімеге қара-ғанда, семіз жылқыны сойып, үлкен-үлкен киіздерді жылқы майына тоғы-тып, машинаны соған орап көмген.
– Бұл әңгіменің жаны бар, – дейді Жайсаң ағамыз тағы да. – Өйткені Алашорда таратылып, оның басшы-лары Кеңес үкіметін мойындағанда қару-жарақты, дүние-мүлікті больше-виктерге өткізген ғой. Сол кезде бір машина ғана тапсырылған. Ал 17 ай бойы жұмыс істеген Батыс Алашорда-ның бірде-бір құжаты әлі табылған жоқ. Сондықтан «Жаһаншаның архи-ві жасырылған» деген сөз халықтың аузында тектен-тек жүрген жоқ деп есептеймін. Қазір түрлі іздестіру құ-ралдары бар ғой. Маядағы инені та-уып алуға мүмкіндік бар. Іздестірсе, Жаһаншаның машинасы да табылады!

«DANA.kaz» тарихи-танымдық журналы Жаһаншаның жасырылған машинасын іздеу үшін арнайы экспедицияға шығуды жоспарлап отыр. Сондықтан бұл туралы қандай да бір дерек білетін адамдардың редакцияға хабарласуын сұраймыз. Сондай-ақ аса құнды тарихи жәд-герді іздестіру жұмыстарын ұйымдастыруға, қолұшын беруге, әріптестік танытуға ықыласты адамдар мен мекемелер болса, 8 (7112) 23-22-06, 8-702-886-01-87 телефондарына қоңырау шалыңыз! Өлке тарихын өзіміз жинақтайық, жоғымызды өзіміз табайық, құрметті оқырман! 

Қаралым саны 1066

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463