Хан ордасындағы құлпытас

Ермекжан ханым Шыңғали сұлтан қызы

Мына құлпытас – Батыс Қазақстан облысы Бөкей орда-сы ауданы Хан ордасы ауылындағы Жәңгір хан кесенесінің сол жағында, кесенеге ең жақын тұрған құлпытас. Қазақ тарихын-дағы бірнеше айтулы тұлғаға туыстығы бар. Біріншіден – Жәңгір ханның келіні, Сейіткерей Жәңгірхан ұлының әйелі. Екіншіден – атақты Шәңгерей ақынның анасы. Үшіншіден – Мәншүк Мәметованың нағашы апасы.

Құлпытастағы жазу: «Һәзәл қабр, әл мархум, әл мадфун» – мағынасы: Қабыр иесі қамқорлық, мейірімділік көрсетер жердегі, жерленген». «Кічі юз қазақ юртының ханы Әбулхаир ұғлы Нұралі хан ұғлы Орхан сұлтан ұғлы Чинғали сұлтанның қызы Ермекжан ханым, сұлтан Сейткерей Жиhангирхан ұғлының заужаты офат 31 яшнде 1850-інчі ил, әсет» деген жазулар бар.
Бұқар жыраудың Абылайға: «Отының болсын жантақ-тан, Қатының болсын қалмақтан. Сегіз қиыр шартарап, Жатып төрде салмақтан» - дегеніне құлақ асқандай, Нұралы ханның Ырыс атты әйелі қалмақ болатын. Сол Ырыстан туған Орман сұлтанның азан шақырып қойған аты Орхан деп ойлаймын. Қиямет күні махшар алаңында азан шақырылған атпен шақырылатын болғасын құлпыға дұрыс есімін жазуы түсінікті.
Ал қаһарман қыз Мәншүк Мәметованың анасы Әмина – Орханұлы Күсепқалидың шөбересі. Бұл құлпытастың иесі Ермекжан ханым – ақын Шәңгерей Сейткерейұлы Бөкейхановтың анасы. Нұралының екі немересі Жәңгір хан мен Шыңғали төре құда болғанын осы құлпытас айтып тұр емес пе?!.
Әмина төре қызы болғанымен, келін болып түскен жері – Қашқыншы шеркеш. Қашқыншыдан Қалке, Жарас, Құдық, Тілеке, Шілеке тараулы. Мәншүктің туған әкесі Жеңсікәлі де, немере ағайыны, Мәншүкті өсірген Ахмет те Қалкеден тарай-ды. Ахметтің Алаш Орда үкіметінің бел ортасында жүрген қай-раткер екенін бәріміз білеміз. Жеңсікәлі 1920 жылы Бисеннің құмынан қазіргі Жәнібек ауданының жеріне көшіп барып, 1922 жылы Мәншүк дүниеге келген...

Құлпытасты суретке түсірген және оқыған
Мұратбек қажы ЖАХАТОВ,
Жаңақала ауданының имамы,
Батыс Қазақстан облысы

Қаралым саны 1900

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463