Құнан бейітіндегі қос құлпытас

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қалдығайты ауылдық округі аумағындағы көне бейіт. Ел аузында «Құнан» немесе «Үш мола» атанған. Кезінде бірнеше биік шошақ мола болғаны байқалады. Қорымда құлап жатқан, жартылай көміліп қалған құлпытастар көп. Бұл қос құлпытас жартылай құлап, жойылуға жақындаған кесененің батыс жағында орналасқан.

Бірінші құлпытас:

Алаша руы, Алтыбас тайфасы,
Шотқара бөлімі, Ақсары тобы
Тайман немересі Барқын баласы
(Нұғмет ? Нұрымбет ? білмедім)
... офат 23 жасында.
Жаздырды атасы. 1854 йылда.

Екінші құлпытас:

«Алаша руы Алтыбас тайпасы
Шотқара бөлімі Тайман баласы
Барқын офат 30»
Осы құлпытастың сыртында:
«Баласы Көбенше. 1859»

 

Құлпытас мәтінін оқыған
Сұлтан ЖҰМАБЕКҰЛЫ,
Бейнеу кенті, Маңғыстау облысы

Қаралым саны 1599

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463