Мыңбай ата қауымындағы «Бейбарыс ата» құлпытасы

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылына жақын, жолдың сол жақ бетінде жергілікті жұрт «Мыңбай ата» деп атайтын үлкен қорым бар. Білетін адамдар сол тұста көлігін сәл кідіртіп, білгенін оқып, бет сипап өтеді.
Кіші жүздің Жетіру тобына кіретін кердері руының тектік қауымы. Көне құлпытастардың көпшілігі ХІХ ға-сырдың алғашқы жартысында қойылған.

Зираттың солтүстік-батыс шетіне таяу заманауи құрылыс материалдарынан соңғы үлгімен еңселі кесене тұрғызылған. Оған «Бейбарыс баба, руы Жайық Беріш, 17-ғасыр» деп жазып қойыпты. Кесене басында үлкен қазан қойылған. Жергілікті жұрттың айтуынша, мұнда өздерін «Ата жолын ұстанушылармыз» дейтін топ мүшелері иелік етіп, түрлі шараларын өткізеді екен.
Алайда кесене ішіндегі құлпытас жазуы мұнда «Бейбарыс» емес, мүлде басқа адам жатқанын көрсетіп тұр:
«Кердері руғы, Құлтай тайфасының Манас Мыңбай уғлы офат 69 йашында сана 1866 бу ....... уғлы»

Суретке түсірген және
оқыған Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

Қаралым саны 1680

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463