ӘЗ-ЖӘНІБЕК ХАН тарихы

Жаңабек ЖАҚСЫҒАЛИЕВ,
тарих ғылымдарының
кандидаты

Қазақ тарихында анықтауды қажет ететін оқиғалар мен тұлғалар аз емес. Белгілі ғалым, журналымыздың тұрақты авторы Жаңабек Жақсығалиев бүгінгі мақаласында таныс та бейтаныс Әз Жәнібек хан туралы тың пікір ұсынады. Бұл мақалаға алып-қосар ойларыңыз болса, хат жазып, хабарласыңыздар.

Анықтауды қажет ететін ақтаңдақтар
І. Әз-Жәнібек қай Жәнібек? Әз-Жәнібек хан тарихы тәуелсіздік жыл-дарында зерттеушілердің, ғылыми-көпшілік қауымның қызығушылығын оятып, жұртшылықтың назарын өзіне тағы аудара бастады. Аталмыш мәсе-ле туралы соңғы жылдары жаңа көз-қарастағы пікірлер көтеріліп, бірнеше мақала дүниеге келді. Мұны мойын-дамау – ақиқатқа қиянат. Тарихшы-лар Ж.Артықбаев (Артыкбаев Ж.О. Материалы к истории правящего дома казахов. – Алматы: Ғылым, 2001. 46-59- бб.), Б.Ермұқанов (Ермұқанов Б.Б. Қазақстан: тарихи-публицистикалық көзқарас. – Ал-маты: Ғылым, 2000. 138-б.), И.Шәмшәтұлы (Шәмшәтұлы И. Әз-Жәнібек қай Жәнібек? // «Ұлт тағы-лымы», 2000. №2.73-80-бб.), Т.Омарбеков, Ш.Омарбеков (Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарих-намасына ұлттық көзқарас. – Ал-маты: Қазақ университеті, 2004. 92-б.), Б.Кәрібаев (Кәрібаев Б. Қасым хан. // Парасат. Алматы. 2002. №3. 9-б.), М.Қасенов (Қасенов М. Асан қайғы – дала философы // «Қазақ тарихы». 2007. №1. 33-39- бб.), жазу-шы Қ.Салғараұлы (Салғараұлы Қ. Қазақтар, - Алматы: Өнер,1995.75-76-бб.), ақын Б.С.Қошым-Ноғай (Қошым Ноғай Б.С. Тіл ұшындағы тарих. Алматы: Жазушы, 2003. 435-450-бб.) т.б. бірауыздан Алтын орда ханы Өзбекұлы Жәнібекті (1342-1357) Әз-Жәнібек деп ортақ шешімге келген-дей болды. Осыған қарамастан соңғы кезге дейін, әсіресе әдебиетші-ғалым-дарымыз тәуелсіздік жылдары жарық көрген тарихшылардың зерттеулерін «айналып өтіп», қазақ ханы Жәнібекті Әз-Жәнібек ретінде бейнелеп, Асан қайғы бабамызды соңғысының бас уәзірі һәм ақылшысы етіп көрсетуді әдетке айналдырды. Қарапайым оқыр-манды былай қойғанда, кәсіби маман-дардың өзі шатаса бастады. Жәнібек-танудағы «ақтаңдақтардың» ақиқа-тын аршып алу қай зерттеушіге де оңай болмай тұр. Оның бірнеше себебі бар. Негізгісі, деректердің жұтаңдығы, екін-шісі, осы мәселеге қатысты алғашқы зерттеулердегі жаңсақтықтар, үшін-шісі, Асан қайғы заманынан жеткен жыр-аңыздарды талдаудағы кереғар-лықтар.

І.1. Жәнібектанудағы жаңсақ-тықтардың сыры неде? Сонымен, Жәнібек хан хақында алғаш пікір біл-діргендердің бірі ХІХ ғасырдағы қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов қазақ сұлтандарының шежіресін Орыс хан – Қойрұшық (дұрысы Құйыршық – Ж.Ж.) – Барақ хан – Әз-Жәнібек деп анықтаса (Уәлиханов Ш.Ш. Көп том-дық шығармалар жи-нағы – Алматы: «Толағай групп», 2010. Т1. 144-б.), 1911 жылы Орынбор қаласынан ба-сылып шыққан еңбегінде Ш.Құдайбердиев: «...Құйыршық хан-ның баласы – Барақ хан. Оның екі ба-ласы Дәруиш һәм Абусағид хан. Әз-Жәнібек хан аталған осы Абусағид еді. Қазақты ертіп алып Қашқардағы Шағатай нәсіліне қаратқан Әз-Жәнібек осы еді» (Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. – Алматы: Қазақстан; Сана, 1991. 52-б.), - деп ұғынады. Көрнекті қазақ ға-лымы мен ойшылының осы бір жаң-сақ пайымы алдағы қателіктерге жол ашты. Қазақ хандығының негізін Кереймен бірге қалаған Жәнібек сұлтан тарихи әдебиетте еш күмәнсіз «Әз-Жәнібек» атала бастады. Шәкәрім Құдайбердіұлынан бір жыл бұрын Қазан қаласында жарық көрген «Тауарих-и хамса-йи шарқи» (Шығыс-тың бес елінің тарихы) деген еңбегін-де белгілі тарихшы Құрбанғали Халид Өзбекұлы Жәнібек хан хақындағы баянын төмендегіше түйіндеді: «Жәнібек хан өте әділ, шарғи мәселе-лерге жетік кісі болуымен «Әз Жәнібек хан» лақабын алған. Әзіз Жәнібек де-ген сөз, бұл халыққа аса әділдігімен беделді болып көріне білген. Әзіз-арабша «ғазиз» – қымбат, қадірлі деген сөз» (Халид Құрбанғали. Тауарих хамса (бес тарих). – Алматы: Қазақстан, 1992. 233-234- бб.). Өкі-нішке орай, тарихшының дер кезінде айтылған шынайы пайымдамасы зерт-теушілердің назарынан тыс қалды. Тіпті кеңес дәуіріндегі беделді басы-лымдардың бірі саналатын «Қазақ Совет энциклопедиясы» сияқты іргелі басылымда: «Жәнібек хан (Әбу Саид деген атпен де белгілі) (т.-ө.ж. белгі-сіз) Қазақ хандығының негізін салу-шылардың бірі, Барақ ханның бала-сы. ХV ғасырда өмір сүрген, ХV ға-сырдың 50 жылдарына дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты дерек жоқ... Оның есімі тарихи мәлімет-терде соңғы рет 1473 жылы кезде-седі... Жәнібек хан сол дәуірдегі жиі болып тұрған соғыстардың бірінде қаза тапқан деп жорамалдауға бо-лады. Ел арасында сақталған аңыз-жырларда Жәнібек ханды «Әз-Жәнібек» деп те атайды («Қазақ Совет экциклопедиясы» 4-том. -Алматы, 1974. 350б). Сөйтіп, қазақ ханын Әз-Жәнібек ретінде дәріптеу сол уақыттан күні бүгінге дейін жал-ғасып келеді. Мысалдарды тізе бер-геннен, мәселенің мәні өзгермейді. Басқасын былай қойғанда, жыраулар поэзиясына терең бойлап, аталмыш тақырыпқа зерттеушілік ғұмырын арнаған белгілі ғалым М.Мағауин «Қобыз сарыны» монографиясында «Қазақ ханын Әз-Жәнібек» (Мағауин М. Ғасырлар бедері. – Алматы, Жазушы. 1991. 29-б.) - деп анықтаса, кейін кенеттен пікірін өзгертіп, «Ға-сырлар бедері» зерттеуінде «Алтын орда ханын Әз-Жәнібек» (Мағауин М. Көрсетілген еңбек. 220-б.) деп қабыл-дап, бір мәселеге екіұштылау пікір білдіреді. Сонда қалай? Қайсысы дұ-рыс? Кейінгі еңбектерінде классик жазушы өз ойын тағы да өзгертіп, алғашқы көзқарасына қайта оралып: «Әз-Жәнібек – қазақ жұртының ірге-сін бекітіп, ордасын орнықтырған ұлы хан ғана емес, сол халықтың бар игі-лігіне ұйытқы болған асыл ұрық, ұлы әулеттің де негізін салушы» (Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы: Қазақстан, 1995. 15-б.), - деп нақтылайды. Шындығында осы тұжырым дұрыс па? Негізі, жәнібек-тануға қатысты бұдан басқа да екіұш-ты пікірлер мен дүдәмал ойлардың көптігі және солардың ақ-қарасын анықтауға тырыспаушылық біздің Жәнібектей ұлы хандарымызды та-нып-білу, зерттеп-зерделеу ісіне әлі де немқұрайлы қарап отырғанымыз-дың белгісі демеске лаж жоқ. Тарих-тың құпия сырын ашуда деректің қай түрі де қымбат. Соның ішінде әлбет-те, жазба дерек аса маңызды. Қозғал-ған проблеманы зерттеуде ілгері жыл-жу бұрын пайдаланылмаған, жаңа де-реккөздерін айқындап, тартуға және ғылыми айналымға ендігі енгізілген деректерді тереңірек талдауға келіп тіреледі.

І.2.Деректер не дейді? Алдымен, Алтын орда ханы Өзбекұлы Жәнібек-тің ата-бабасының шежіресін тарқата-йық. Әл-Ахаридің «Шайх-Увайс» дере-гіне сенсек, бұл әулеттің шежіресі Жәнібек – Өзбек – Тұғрылша – Мөңке Темір – Тоқан – Бату – Жошы – Шыңғыс хан (Сборник материалов, относя-щихся к истории Золотой Орды. Т.2. М-Л., 1941. с.62.). Басқа дереккөздер-ден біз Өзбектің шын мәнінде Тұғрылшаның ұлы, демек Батудың ұр-пағы екенін талассыз айғақтайтын мә-лімет таппаймыз. М. Сапарғалиевтің пікірінше, Батудың тұқымы Тоқтамен бітуі, ал Өзбек уақыт өте бүкіл билік-ке қол жеткізген жалған атты болуы әбден мүмкін (Сапаргалиев М.Г. Рас-пад Золотой Орды, с.65-71.).
Му'ин ад – дин Натанзидің «Мунтахаб ат – таварих – и Му'ини» деген еңбегі Қазақстан тарихын зерт-теу үшін құнды деректеме болып та-былады. «Ескендір анонимі» деген атаумен белгілі бұл ортағасырлық қолжазбаның авторы Өзбек хан ха-қында: «Ол әділ және мейірімді пат-ша еді, асқан діншіл әрі тақуа болға-ны сондай, пайғамбар жолын ұстан-ды; кемшілігі үшін пұшайман болып, қажет еткен кісілерге қайыр, жақсы-лық көрсетіп, кешірім өтінді. Ол билік еткен жылдарда Дешті Қыпшақ Алла-ға сенетін елге айналды» (Му'ин ад – Дин Натанзи. Аноним Искандара // Тизенгаузен В.Г. Сборник материал-ов, относящихся к истории Золотой Орды: Извлечения из персидских со-чинений М.; Л., 1941. Т.2.С.126 – 138) деп жазуы назар аударарлық. Әйгілі шығыс зерттеушісі Лев Гумилев: «өзі-нің алдындағы хан Тохтуды (Тоқта деп те жазылады – Ж.Ж.) у беріп өлтірген өктем билік иесі, аяушылығы жоқ бас-қыншы және қатігез Өзбек» (Гумилев Л. «Мені евразиялық деп атайды». – Алматы. Жалын 1991. 12,14-б.), - деп атап өткен. Жәнібектің әкесі Өзбектің өмірі мен жеке басының қасиеттері туралы деректер қайшылықты. 1341 жылы Алтын Ордада Өзбек хан кенет-тен дүние салды. Өзбек хан өлімі оның ұлдарының яғни, тақ мұрагерлері ара-сында ауызбірліктің жоқ екендігін көр-сетіп қана қойған жоқ, Алтын Орда мемлекетінде ішкі қайшылықтың бар екенін айқындап берді. Өзбек ханның өзі тақ мұрагері ретінде атап кеткен ұлы Тыныбек «Шайх-Увайс» жазбасы-на қарағанда, көп ұзамай бауыры Жәнібектің қолынан мерт болған (Тизенгаузен, Т-2. с.101.). Ал «Тарих ал-Малик ан-Насир Мухаммед ибн Кулан уа ауладуху» дерегінде Жәнібек пен шешесі Тайдулла ханымның бірі-гіп, Тыныбекті Сарайшықта өлтіргені баяндалады (Тизенгаузен, Т-1, с.252). Ортағасырлық шығыс билеушілері үшін Алтын Орда сияқты ұлы мемле-кеттің бас тағын иелену жолында мұн-дай әдет жат саналмайтын. Осынау тарихи үрдістің иірімінен Жәнібек сияқты болашақ «ғазиз» хан да шет қала алмаған. Бұл жолы да «қан са-сыған хан сарайы» өзінің ойын ере-желеріне бағынған «ойыншылары-ның» саясатта мерейі үстем һәм мәр-тебесі асқақ екендігін дәлелдеді. Ке-йін өз тағдыры да дәл осылай тәмам боларын сол мезетте қанша сұңғыла болса да Жәнібек те білмеген болар. Пенденің фәни дүниеде жасаған қай амалы да бақиға кетпейтінін Әз-Жәнібек тағдыры тағы бір мәрте дә-лелдегендей болды.
Әз-Жәнібектің өмірі мен қызме-тін ХІV ғасырда өмір сүрген ұлы тарих-шы Му'ин ад-дин Натанзи «Ескендір анонимі» атты еңбегінде Жәнібек хан туралы «оның әділдігі Ануширван (атақты парсы патшасы – Ж.Ж.) әділ-дігінен бір де кем соқпайды. Ол Өзбек Ұлысын тұтас исламға бағындырды, пұтқа табынушылардың храмдарын түгел қиратып, көптеген мешіт, мед-ресе салдырды. Ислам дінін ұстанған адамдардың жағдайы жақсы болуы-на басты назар аударды. Жан-жақта-ғы ислам елдерінен неше түрлі оқы-мысты, ғалымдар осы сарайға қарай ағылды. Елдегі әмірлердің ұлдары бі-лімдерін жан-жақты жетілдіріп, ғылым-ға мойын бұрды, олар заманының озық ойлы азаматтарына айналды, күні бүгінге дейін олардың айтқан пікірлері, қорытқан ойлары жиын-тойда ескеріліп тұрады. Исламның басқа елдерде ұстанатын әдет-ғұрып, салт-жораларын бұл мемлекетке енгізген сол» (Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Т.2. М-Л., 1941. С. 128), - деп сүйсіне жазды. Мұндай пікірлерді ортағасырлық түркі деректемелері, соның ішінде Маулана Мұхаммед Достының ұлы Өтеміс қажының «Шыңғыснама» тарихи шығармасы да: «Даңқты әзірет Жәнібек хан – оған Алланың рақымы жаусын – әке-сінің тағына отырып хан болғанда оның әділдігі, әулиелігі мен дарқан-дылығы елге мәлім болды, Дешті Қыпшақ уәлаятында ақ жолдан тай-майтын, адал да қуатты, теңдесі жоқ патша болып, атасының бүкіл мем-лекетіне әмірін жүргізді» (Қазақстан тарихы туралы түркі деректемеле-рі. 1.т. Өтеміс Қажы. Шыңғыс-наме – Алматы, «Дайк-Пресс. 2005. 180-б.)» деп қуаттай түседі. Ал «Таварих-и гузида-йи нусрат-наменің («Жеңістер кітабының таңдамалы тарихы») авто-ры ол туралы «Жәнібек Дешті Қыпшақ елінің ханы болды. Халық оған дене болса, ол халықтың жаны болды» деп жазды (Материалы по истории казах-ских ханств в ХV-ХҮІІІ вв. Алма-Ата, 1969. С.33). Келтірілген деректерді уақытын-да жан-жақты саралаған Л. Гумилев Жәнібек ханның әкесіндей емес мейі-рімді һәм әділетті жан болғанын атап өткен (Гумилев Л. Көрсетілген еңбек. 14-б.).
Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов өмір сүрген заманда орыстың белгілі археологы, шығыс-танушы, нумизмат тарихшы П.Савельевтің ғылыми тұрғыда әлі күнге маңызын жоғалтпаған құнды еңбегі дүниеге келді. Бұл еңбектегі ғылыми тұрғыда талданған нумизма-тикалық деректер қазақ тарихы үшін бірегей керемет. Ақиқатын айтар бол-сақ, орыс ғалымының бұл зерттеуіне қазақ қауымы қарыздар. Зерттеуші нумизматикалық жәдігерліктерге иек артып, Әз-Жәнібек хан есімі бедер-ленген теңгелердің Хорезм қаласын-да хижраның 700-751 жылдарынан (1350 жыл) құйыла бастағанын баян-дайды.
Әз-Жәнібектің ел билеген тұсын-да құйылған теңгенің бір жағында араб қарпімен «әл-сұлтан әл-ғадл ғазиз Жанибек хан», екінші жағын-да «харб/сы/Гүлстан әл-джәдид» (1-сурет) деген сөздер таңбаланған. Соңғы жылдары Батыс Қазақстан об-лыстық тарих және археология орта-лығының ғылыми қызметкерлері Жәнібек ауданындағы Жаңатұрмыс обасынан 1353-1354 жж. Гүлстандағы теңге сарайында құйылған Әз-Жәнібек хан дәуірінің теңгесін тапты (2-сурет) (Сдыков М.Н. Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени және табиғат мұралары ескерткіштері. – Орал, 2009 ж. – Жәнібек ауданы. Т10. 184-б.). Дерек-терге сүйенсек, Жәнібек хан кезінде Гүлстан ірі портты қалаға айналады. 1347 жылы осы Гүлстан портында Жәнібек Венеция саудагерлерімен сауда келісімін жасаған. М.Әбсеметов-тің пікірінше, бұл порт бүгінгі Атырау қаласының маңы болуы мүмкін (Абсеметов М. Таможенное дело Казахстана. А., 2001. с.41.). Нумизмат тарихшы Әз-Жәнібек бақи-лық болғаннан кейін де, әйгілі хан-ның есімі бедерленген теңгелердің құйылғандығы хақында хабарлайды. Біз үшін аса құнды жәдігер саналатын сол теңгелердің бірінде «әл-сұлтан әл-мархұм ғазиз Жанибек хан» (3-сурет) деген тіркес оймышталған. П.Савельев зерттеген нумизматика-лық деректерге қарағанда, Жәнібек хан билікке келгеннен кейін құйыл-ған алғашқы теңгелерде «әз» (ғазиз) атанбаған, тек он шақты жылдан соң ғана осы атақты иеленген тәрізді. Оған дәлел, теңгенің бір бетінде «әл-сұлтан әл-ғадл Жанибек хан», ал екінші бетін-де «хәрб/сы/Харезм әл-джәдид 754» (4-сурет) деген сөздер ойып жазыл-ған (Савельев П.С. Монеты джучидов, джагатаидов, джалаиридов и дру-гие, обращавшиеся к Золотой Орде в эпоху Тохтамыша. Вып. 2. СПб., 1858, с.299, 304-305). Тұңғыш бұл деректі қазақ оқырмандарына журналист М.Имашев таныстырса, бертін келе ақын Б.С.Қошым-Ноғай аталмыш мә-селеге жұртшылықтың тағы бір мәрте назарын аударды.
Шыңғыс ұрпақтарынан болған хандардың өздерінің ұстанған сая-саттарына сай келетін тарихтарын жаздырып қалдыруы ертеден дәс-түрге айналған болатын. Хиуа ханы (1645-1663), шығыс әдебиеті мен мә-дениетінің асқан білгірі Әбілғазы баһадүр ханның «Шежіре-и түркі» («Түркі шежіресі») атты тарихи шы-ғармасының деректемелік маңызы өте зор. Ол өзінің еңбегінде: «Өзбек хан өлгеннен соң оның ұлы Жәнібекті хан көтерді. Жәнібек хан ғажайып мұсылман патша болды, өзі ғұлама, ибалы, ақылды кісі еді. Сарайшық шаһарында таққа отырды, шариғатты қатаң сақтар еді... Ұлы Бердібекті Әзірбайжанға әкім етіп, өзі жұртына қайтып келді. Одан соң ауруға шал-дығып, ол ұзаққа созылды. Хан: «Енді мен бұл аурудан жазылмаймын», - деп, Әзірбайжандағы ұлы Бердібекті шақыртты. Бердібек хан келіп жеткен-ше, Жәнібекке уақыт болды. Ол қай-тыс болар алдында халқын жиып, оларға көп насихат айтты. Хижраның жеті жүз елу сегізінші жылы қайтыс болды, ол он жеті жыл патшалық құр-ды, Сарайшықта жерленді» (Әбілғазы. Түрік шежіресі. – Алматы: Ана тілі, 2006. 114-115-бб.), - деп жазды. Му'ин ад-дин Натанзидің дерегінде, Әз-Жәнібектің өлімі басқаша анық-талып, оқиғаның қалай өрбігені тө-мендегіше баяндалады: «Бердібек таққа отырғасын 6 айдан соң, Жәнібек хан науқасқа шалдықты. Мемлекетін-дегі басты тұлғалардың бірі Тоғлу бай (деректерде Туғлы-би, Тавлубий, Тувлубий – Ж.Ж.) Әзербайжанға жедел кісі аттандырады, Бердібекті шақыр-тады. Әкесі көз жұма қалса, таққа ие болатын сол. Дешті Қыпшақ тағын тақымына бір қысуды көксеп жүрген Бердібек Әзербайжанды тастап, Дербент арқылы жеделдете Ордаға жөнеледі. Он шақты серігімен түн жа-мылып келіп, Тоғлу байдың үйіне түседі. Күтпеген жерден Жәнібек хан беті бері қарап басын көтереді, айық-қандай болады. Сөйтіп, ертеңіне кеңес-ке қатысқысы келетінін айтады. Сенім-ді кісілерінің бірі Жәнібекке Бердібек-тің келгенін жеткізеді. Мына хабар ма-засын қашырған ол мұны Тоғай Тоғлу хатунға айтады. Хатун ұлын қорғаш-тап, мұның жалған екеніне сендірмек болады. Жәнібек одан Тоғлу байды жеке қабылдауына шақыртады, осы-ның бәрін бастап жүрген сол Тоғлу бай екенін білмейтін хан мына жай-ды құпия түрде оған да айтады. Тоғлу бай бірден секем алып, мән-жайды біліп келейін деген сылтаумен тысқа шығады да, ізінше өзіне жақтас бірне-ше адаммен қайта кіреді, сол жерде бірден Жәнібекті жайратып салады» (Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение. Москва – Ленин-град: «издательство Академии наук СССР». 1950. 269-270-бб.; Бегалин Қ. Алтын Орда хандары. – Алматы: «Адамар», 2007. 147-148-бб.)

Түйін. Сонымен қазақ халқы алтынордалық Жәнібек ханды «Әз-Жәнібек» атандырған, ал бұл атаудың отандық тарих ғылымында Қазақ хандығының негізін салушы ретінде мойындалып келген Жәнібек (Әбу Саид) Барақұлына еш қатысы жоқ. Өйткені Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» толғауындағы:
Алты жыл балшық бастырып,
Тоғыз жыл керіш соқтырып,
Сусынын шайға қандырып,
Хандығына жұртын нандырып,
Адыра қалғыр, Аштархан,
Әз-Жәнібек хан салдырып.
Ақылын кәуірге алдырып,
Айласы құрып кеткен жер, - де-ген жыр жолдары Алтын Орда билеу-шісі, Жәнібек Өзбекұлына ғана қатысты.
Келтірілген әр түрлі тарихи дерек-терді: нумизматикалық жәдігерлерді, жыр-аңыздарды, толғауларды, кәсіби мамандардың тың ойларын саралай келе, біз осыған дейін Әз-Жәнібек деп жүрген ханның Қазақ хандығы-ның негізін қалаған Барақұлы Жәнібек емес, Алтын Орда ханы Өзбекұлы Жәнібек екендігін тағы бір мәрте тия-нақтадық. Өкініштісі, тәуелсіздігімізге 20 жылдан асса да, академиялық ба-сылым Қазақстан тарихының 2-томын-дағы Әз-Жәнібек туралы мағлұмат сын көтермейді. Жалпы, орта білім бере-тін мектеп оқулықтарындағы мәлімет те солай.

ІІ. Сарайшықта жерленген қай Жәнібек? Бұл сауалдың жауабын, Әбілғазының «Түрік шежіресіне» иек артып, Сарайшықта жерленген Алтын Орда ханы Өзбекұлы Жәнібек деп қысқа қайыруға болар еді (Әбілғазы. «Түрік шежіресі». А., 2006. 114-115-бб.). Бірақ тарихи әдебиетте орнықты түрде қалыптасқан қазақ ханы Жәнібек Барақұлы Сарайшықта жерленді деген пікір зерттеушілерді, ғылыми-көпшілікті, оқырманды әлі күнге екіұдай күйде қалдырып отыр. Қолда бар ортағасырлық деректеме-лерде Қазақ хандығының негізін сал-ған Керей мен Жәнібек хандардың қай жерде жерленгендігі туралы еш мәлімет жоқ.

ІІ.1. Тарихнамадағы түйткілдер туралы. Енді негізгі мәселеге ойыс-сақ. Сонымен қазақ ханы Жәнібек қайда жерленген? Қандай дерекке сүйенгендігі белгісіз, 1957 жылы жа-рық көрген бес томдық «Қазақ ССР-нің көне заманнан бүгінге дейін тари-хына»: «Жазбаша деректер айқындай-тындай ХV (ХІVғ. емес - Ж.Ж.) – ХVІ ғғ. ең үздік архитектуралық туындылар деп Сарайшықтағы Жәнібек пен Қасым хан мавзолейлерін атауға болады» де-ген жолдар енгізілсе, аталған іргелі ең-бектің 1979, 1983 жылғы басылымда-рында еш өзгеріссіз «жазбаша дерек-темелердің айғақтауына қарағанда, Сарайшықтағы ежелгі некропольдегі қазақ хандары Жәнібек пен Қасымның мавзолейлері... архитектуралық көрік-тілігімен ерекше болған» («Истории Казахской ССР», 1979, т.2, с.319; «Қа-зақ ССР тарихы», 1983, 2т. 333-б.), - деп жалғасты. Кеңестік тарихнамада К.Пищулина «сәулет өнерінің мәнері жөнінен Сарайшықтағы ежелгі зират-та жатқан қазақ хандары Жәнібек пен Қасымның ... кесенелері ерекше көзге түсетін еді. (Пищулина К.А. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. А., 1995, 148-б.), - деп жазса, зерттеуші В.Трепавловтың «ХVІ ғасырдың ба-сында Сарайшықта Жәнібек б. Барақ және Қасым ханға арналған сәулетті күмбез бас көтерді» (Трепавлов В.В. Көрсетілген еңбек. 589-б.) деген па-йымдауы жоғарыдағы дәлелсіз пікір-ді ақиқатқа айналдырды. Күні бүгінге дейін осы түсінік зерттеулерде сан мәрте қайталанып, үздіксіз насихат-талуда. Жазушы Ә.Сарай «Өмірінің соңғы кезеңінде Жәнібек, өлерінің аз-ақ алдында Қасым хан Қазақ хан-дығының астанасын Сарайшыққа кө-шірулерінде саяси астардан басқа да сыр жатқан сияқты. Шамалауымызша, осы әулеттің ата-бабалары, атап айт-қанда, Орыс хан, оның ұлы Құйыршық, Құйыршық ұлы Барақ, Барақ ұлы Жәнібек, Жәнібек ұлы Қасым хан және қазақтың алғашқы ханы Тоқа-Темір Керей де осында жатқан сияқ-ты... ХVІІІ ғасырдың І жартысында Сарайшықта болған Уфа шекара комис-сиясының шенеуніктері сыртқы сыла-ғы шашылып, өзі қирап-бүліне баста-ған қазақтың бірінші ханы Жәнібектің күмбезін көрген. Оны сақтап қалу еш-кімнің ойына кіріп шықпады» (Сарай Ә.Ноғайлы. А., 2009. 40, 42-бб.), - деп батыл қорытынды жасағанымен, ав-тор өз пайымын дәлелдейтін дерек көздеріне сілтеме бермеген. Аталмыш мәселенің кей тұстарында жазушы-ғалым сүйенген ресейлік тарихшы В.Трепавловтың өзі отандық акаде-миялық басылым «Қазақстан тарихын» негізге алған. Бұл басылымда кеткен жаңсақтықтар туралы біз жоғарыда тоқталдық. Тек тәуелсіздік тұсында ғана бұл түсініктің тиянақсыздығына ғалымдар назар аудара бастады. Мә-селен, Ж.Артықбаев, Ә.Пірманов: «Жәнібек ханның да нақты қашан өл-гені, қайда жерленгені белгісіз... Кей-бір деректерге қарағанда Керей мен Жәнібек хандар Сарайшық қаласына жерленген» (Артықбаев Ж.О., Пірманов Ә.Б. Қазақстан тарихы (энциклопедиялық басылы) - А., Атамұра, 2008. 301-б.), - деп, бұ-рыннан бар мәліметтің нақтылығына күмәнмен қарады. Деректермен дә-лелденбеген мұндай пікірді 2010 жы-лы жарық көрген академиялық «Көне заманнан бүгінге дейінгі Қазақстан тарихының» 2-томының авторлары да аңғарып, оқулыққа төмендегідей түзету енгізген: «Әбілғазының айтуын-ша, Алтын Орда хандары Жәнібек, Бердібек, сонда хан тағына отырған; Алтын Орда хандары Меңгу-Темір, Тоқтағұл, Жәнібек (ХV ғасырдағы Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі Жәнібек ханмен шатастырмау ке-рек. - ред.) сонда жерленген» (Қазақстан тарихы. 2-том. А., 2010. 376-б.). Ортағасырлық деректемелер бұл туралы нақты мәлімет бермеге-німен, бар деректерден сыр суырпақ-тауға болатындай. Қадырғали Жалайыри Қасым хан туралы «ұзақ уақыт атасының ұлысында (әкесі Жәнібектің ұлысында деп жазбайды - Ж.Ж.) патшалық етті. Ақыры Сарайшық-та өлім тапты. Бүгін де оның қабірі Сарайшықта» деп жазып қалдырған (Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Көрсе-тілген еңбек. 258-б). Шынымен қазақ ханы Жәнібек Сарайшықта жатқан болса, Қ.Жалайыри еңбегінде «Қасым хан әкесі Жәнібектің жанына жерлен-ді» деген бірауыз сөзді жазуға еш ой-ланбас еді. Сол сияқты «Өзбекұлы Жәнібектің Сарайшықта жерленге-нін» анық көрсеткен Әбілғазы баһа-дүрдің қазақ ханы Жәнібектің Сарайшықта жерленгендігі жөнінде сөз қозғамауына да мән бергеніміз жөн. Демек, қазақ ханы Жәнібектің Сарайшықта жерленгендігі күмәнді. Мұны Қазан төңкерісіне дейінгі дво-ряндық-буржуазиялық орыс тарих-намасының беделді өкілдерінің ең-бектері де анықтай түскендей. Мәсе-лен, Н.Карамзин «1580 жылы Жайық казактары Ноғай Ордасының астана-сы Сарайшық қаласына шабуыл жаса-ды. Қалада Ұлы даланың талай айту-лы ұландары жерленген бейіттер бо-латын. Тіпті онда қазақ ханы Қасым-ның кесенесі сонадайдан көз тартатын. Казактар байлық іздеп қабірлерді тал-қандады, өлген адамдардың сүйек-терін далаға шашты» (Карамзин Н.М. История государства Российского, СПб., 1821 том. ІХ. гл. VІ. С.380., Бартольд В.В. Сочинения. – Москва, 1966. 4-том, 395-бет), - деп жазса, аса көрнекті ориенталист В.В.Вельяминов-Зернов өз ойын: «Әрқайсысы (Жәнібек ханның ұлда-ры мен немерелері) өз ордасын құр-ды, сонда билеуші болып, атақ-даңқ-қа бөлене білді. Олардың есімдері әлі күнге дейін ел есінде. Солардың бірі – Жаған бегімнен туған Қасым хан еді. Ол біраз уақытқа дейін әкесі-нің ұлысында билік құрды және көп-теген көрші елдерді бағындырды, оны бүгінде барлығы есте ұстайды. Ол Сарайшықта қайтыс болды және оның зираты қазір де сонда орналасқан» (Вельяминов-Зернов В.В. Исследова-ние о Касимовских царях и царевичах. Ч.2.СПб., 1864. 125-б.) деп нақтылады. Тарихи деректер алғашқы қазақ хан-дары тұсында Қазақ хандығы аумағы батыста Ойыл, Жем өзендерімен шек-телгенін, Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» шығармасында «Қасым ханның тұсында Қазақ хан-дығының шекарасы... солтүстік-ба-тыста Жайық өзендеріне дейінгі жер-лерді алып жатты» деп анықтады. Бұл дерек қазақ ханы Қасымның Сарайшық-та жерленуімен де дәлелденеді. Ал Қасымның әкесі Жәнібек ханның өмі-рін Сарайшықпен байланыстыратын де-ректердің болмауы, қазақтың алғаш-қы хандарының бірі Жәнібектің жер-ленген орны туралы кеңес тарихна-масында асығыс қорытынды жасал-ғанын аңғартқандай.

ІІ. 2. «Кіші Жәнібек» қайда жер-ленген? Ұзақ жыл тарихнамада қалыптасқан Қазақ ханы Жәнібек Сарайшықта жерленді деген пікірдің жаңсақ екенін алғаш байқағандардың бірі, белгілі шығыстанушы Т. Сұлтанов болатын. Ғалым шын мәнінде Сарайшықта жерленген қазақ ханы Жәнібек емес, Алтын Орда ханы Жәнібек екендігіне назар аударды (Султанов Т.И.Көрсетілген еңбек. 171-б.). Дәлелді сынға даудың қажеті жоқ. Осыдан кейін-ақ сонда «Кіші Жәнібек хан» қайда жерленуі мүмкін деген өткір сауал тарихшы-ғалымдар-дың алдына қойылды.
Соңғы жылдардағы ғылыми ізде-ністерде қазақ ханы Жәнібектің Созақ қаласына жерленуі мүмкін деген бұ-рыннан бар жорамал қайта көтеріле бастады. Тарихшы Мұхтар Қожа Өзбекәлі Жәнібековтің мәліметтерін негізге алып «...Созақ ауданында қа-тар жатқан екі мұнараны жұрт Әбілқайыр мен Жәнібектікі дегенді айтады. Тірісінде бірін-бірі көргісі келмесе де, өлгеннен кейін қатар жа-тыр, - деген ақсақалдың сөзін менің де естуім бар. Амандық болса, сол жаққа бір барып қайтсақ, дұрыс бо-лар еді...» (Мұхтар Қожа. Қазақ хан-дығының негізін қалаған Жәнібек қай-да жерленген? // Егемен Қазақстан. 2009. 24-маусым.) деген хатын келті-реді. Халық жадынан өшпей сақта-лып қалған бұл әңгіме қаншалықты шынайы? Жәнібек ханды Созақпен байланыстыратын деректер бар ма? Керей мен Жәнібек ханның және олар-дың балаларының Созақта болғанды-ғын тарихи деректер жоққа шығар-майды. 1470 жылы Керей ханның Түркістанға, Жәнібек хан бастаған қол-дың Созаққа шабуыл жасағаны жазба деректерден белгілі. Осы соғыста Созақ пен Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына кіреді. Академик Ә.Марғұланның «Созақ – алғашқы қазақ хандарының тірегі болды» деген сөзіне де мән берге-німіз жөн. Атақты жазушы І.Есенберлин «Алмас қылыш» романында: «Ханы өлген қазақ әскері... Жәнібектің дене-сін ақ қигізге орап, ақ түйеге артып, екінші баласы Махмұд билеп тұрған Созаққа беттеді. Қайғылы ел күңірене күрсініп, алғашқы ханының бірі Жәнібекті ардақтап ақырғы сапарына шығарып салды. Әбілқайыр жатқан Жуантөбедегі көк күмбезді мазардың жанында тағы бір салтанатты алтын айлы мазар пайда болды. Тірі жүрген-дерінде бүкіл Дешті Қыпшақтың кең даласына сыймаған қос тарлан, енді он шаршы құлаш жерге үн-түнсіз қа-тарласа көмілді. Өмір татуластыра ал-маған екі ханды, енді өлім татуластыр-ды» (Есенберлин І. Көшпенділер. Та-рихи трилогия. 1 кітап. Алматы, «Жазу-шы», 1976. 273-бет) деген болжам жа-сады. Осы жорамалдың ақиқаты дәлел-деніп жатса, тірісінде бітіспеген анти-под екі күштің «мәңгілік мекенінде» қаз-қатар жатуы «жазмыштан озмыш жоқ деген» аксиоманы тағы бір мәр-те есімізге салғандай. Бұл тарихи де-рек емес, бар болғаны жазушының өзіндік болжамы дегеннің өзінде, оның Ө.Жәнібековтің мәліметімен үндесіп тұрғанында бір сыр жатқан сияқты. Қазақ хандығының тарихын тұтастай жазу үшін біраз деректі ақтарған, ха-лық ауыз әдебиетінің үлгілерін бір жү-йеге түсірген жазушының бұл трило-гиясы әлі күнге маңызын жоймаған тың тұжырымдарымен ерекше-ленеді. Оған дәлел соңғы кезге дейін талас тудырып жүрген Әз-Жәнібектің шындығында қазақ ханы Жәнібек емес, Алтын Орда ханы Өзбекұлы Жәнібек екендігін, сол кездің өзінде алғаш аң-ғарғандардың бірі І.Есенберлин еді (Есенберлин І.Көрсетілген еңбек.12-б).
Жорналшы Т.Тәшенов созақтық тарихшы Сүлеймен Тәбірізұлының мә-ліметтеріне иек артып, «Созақ ауылы-ның байырғы қарттары бірауыздан қа-мал-қаланың түстік жақ шетіндегі қазір тегіс жерге айналып, белгі қалмаған орынды «Хан мазары» деп көрсеткен-дігіне тоқталады. Яғни 1950 жылдар-ға дейін қамал-қаланың сыртқы жағын-да дуалға жапсарласа тұрған қос қабір-ді халық «Хан мазары» деп келген. Қа-бірлердің үстінде жасыл түсті, күйді-рілген құмыра тәрізді шошақ белгі бол-ған. Кейіннен қабір қамалдың құла-ған дуалдарының астында қалып, те-гістеліп кеткен ( Тәшенов Т. Керей мен Жәнібек қайда жерленген? Дүние дү-бір. 2009. 21 шілде.). Бұл әңгіменің ке-зінде ұлы жазушы М.Әуезовтің Созақ-қа келген сапарында тілге тиек болуы да бекер емес сияқты.
Түйіндеп айтқанда, Қазақ мемле-кетінің негізін қалаған Керей мен Жәнібектің нақты қай жерде жерлен-генін анықтау мемлекеттік деңгейдегі кезек күттірмейтін іс.

ІІ. 3. «Сарайшықтың аққу көлі» қай Жәнібекке тиесілі? Сонда қазақ ханы Жәнібекті Сарайшықпен байла-ныстыратын еш дерек болмағаны ма? Сарайшықтағы Секер көлдің қазақ ханы Жәнібекке қаншалықты қатысы бар? Халық жадынан өшпеген Жәнібек хан-дарға қатысты айтылатын аңыз-әңгіме-лердің астарында қандай сыр жатыр?
Сарайшық туралы бізге жеткен аңыз көп. Соның бірі – қаланың түбін-дегі Шекер көл немесе Аққулы көл атанған жасанды көл. Осы кезге дейін көне Сарайшықтың күн шығысында Секер көл деген орын бар. Егер тарих-тағы аңыздарға зер салсақ, Жәнібек хан осы көлге 40 атанмен секер төкті-ріп, онда өз ата-бабасының пірі бол-ған аққуды қысы-жазы өсіріп ұстаған. Ағаштардың ортасында орналасқан бұл су қоймасында аққулар арнайы өсірілген. Мұнда сонымен қатар ұшып келген неше түрлі жабайы құстар мен қаздар да жүзіп жүрген. Аңыз бойын-ша оларды көлдің қант қосылған тәтті суы өзіне тартқан. Аққулардың көптігі сонша, Сарайшықтың қыздары көл-ден су алғанда аққуларды ысырып жіберіп, шелектерін содан соң суға малады, - деген әңгімелер күні бүгін-ге дейін ел аузында сақталған. Содан бұл көл халық арасында «Жәнібек ханның аққу көлі», «Сарайшықтың аққу көлі» немесе жәй «Аққу көл» деп ата-лып кеткен. Мұны Жәнібек хан айы-рықша жаратылған ажарлы қызын сұқ көзден сақтау үшін жасатқан екен. Ноғай әдебиетінде кездесетін аңыз нұсқасында Жәнібектің айдай сұлу қызының есімі Секербике екен деседі (Османов М.Ноғай уа құмық шиғырла-ры. СПб,1883.96-102-бб.). Алтын қайық-қа мінген хан қызы құрбыларымен осы көлде серуен құрыпты. Ай дида-рына аттылы адам түсіп, жаяу адам тоқтай қалып қарайтын ару қызы он бес жасында қыршынынан қиылып-ты. Біреулер оны сұқ көзден жазым болды десе, енді біреулері ғашығына қосыла алмайтынын біліп, өзіне-өзі қол жұмсады деседі. Хан Жәнібек аяу-лы қызын қырық күннен кейін жерлей-мін, қазасына қырық күн толмай, жер қойнына бермеймін деп жар салып-ты. Жәнібек хан сүйікті қызы ауырып өлгенде оны алтын табытқа салып, ешкім білмес үшін жерленген қабір-шілердің көзін жойып жіберген. Қара халық хан қызының көмілген жерін білмек түгілі, қашан, кім көмгенінен де хабарсыз қалыпты. Өйткені хан уа-қыт өткеннен кейін қызының қабірі-нің ашылмауы үшін, аруақтың маза-сын алмасын деп, жерлеген жетеудің де басын алдырыпты. Осы аңыз құла-ғына жеткен казактар кейін Сарайшық-тың астын үңгіп, алтын қайық пен та-бытты табуға тырысыпты. Бұл алтын іздеу жұмысы аттай он бір жылға жал-ғасыпты. Дегенмен хан қызының зи-раты да Шыңғыс ханның моласындай мылқау тарихтың еншісінде, құпиясын ашпады (Тасмағамбетов И., Самашев З. Көрсетілген еңбек. 20-21-бб.; Тоқтабай А. Сарайшықтың аққу көлі. // Сарайшық хандары. А., 2004. 94-95-бб. Әнуарқызы Ұ. Сарайшықпен жалғасқан сапар. // Орал өңірі. 2007. 9-тамыз.).
Аңызда айтылатын тартымды көрі-ністердің сыр-сипатын қазақ ханы Жәнібек заманымен байланыстыру өте қиын. Өйткені жаңадан мемлекет құру жолында бар күш-жігері мен уа-қытын сарп еткен Жәнібек хан тұсында-ғы қоғамдық-саяси жағдайларға аңыз сарыны қиғаш келеді. Керісінше, аңыз-дағы баян Алтын Орда ханы Әз-Жәнібек астанасының сән-салтанаты мен аста-төк молшылық дәуренінің куәсіндей. Халық көңілінен суымаған аңыз желісі өмір шындығынан алшақ кетпей, Алтын Орда мемлекетінің гүл-денген дәуірінен сыр шерткендей. ХІХ ғасырда өмір сүрген, Еділ-Жайық аралығының тарихын бір кісідей білетін Шынияз Шанайұлының:
Астраханнан бергі Ақбұлақ,
Арбалап шекер төктірген
Әз-Жәнібек ханыңның,
Құладын салған көлі еді, - деген жыр жолдарына да көңіл аударғаны-мыз жөн. Жырда, біріншіден, Секер көл-дің қай Жәнібекке тиесілі екені нақты-ланса, екіншіден, Әз-Жәнібектің тұсында шекер төктірген көлдер тек Сарайшық-пен шектелмегенін аңғарамыз.

Түйін. Қазақ хандығының шаңыра-ғын тіктеген екі ханның бірі Жәнібек қазақ ұлттық элитасының негізін салу-шы ірі тұлға екені әмбеге аян. «Қазақ ханы Жәнібек Сарайшықта жерлен-ген» деген пікірді шегелейтін айғақ-тардың жоқ екендігі, оның өзге дерек-термен қошталмауы, «Кіші Жәнібек-тің» өлке тарихындағы рөлі – әлі де тереңдете зерттей түсуді қажет етеді.

Ой түйіні. Қысқартып айтқанда, біздің көзқарасымыз айдай анық ақи-қат, осымен жәнібектанудағы түйткіл-дерді толық тарқатып бердік деуден аулақпыз. Біздікі тек ой қозғау, оқыр-манмен пікір алмасу ғана. Қазақ мем-лекетінің негізгі ұйымдастырушысы һәм ұйтқысы болған қазақ халқының тарихына құрмет артпай, ұлтаралық татулық орнамайтыны, тәуелсіз мем-лекетіміздің рухани-идеологиялық не-гіздері қалыптаспайтындығына отан-дық кәсіби тарихшылар жиі назар ауда-руда.
Бүгінгі тарихи сана қазақ тарихын-дағы ірі тұлғалардың бейнесін жас ұр-пақ санасында жаңғырту тұрғысында жұмыстануда. Бұл, әрине, құптарлық жәйт. Көк құрақтай желкілдеп өсіп ке-ле жатқан бүгінгі жас буын Әз-Жәнібек пен Асан қайғыны қаншалықты біле-ді? Олар үшін Қазақ хандығының негі-зін қалаған Керей мен Жәнібек кім? Өскелең ұрпақты өз тарихы үшін мар-қая алатындай дәрежеге жеткізе ал-дық па? Мемлекет құраушы ұлт қазақ – қазақ болғаны үшін мақтанатындай дәрежеге жетпей ұлттық рух, қуатты мемлекеттік идеология хақында сөз қозғау қиын. Әр өңірдің батырлары мен хандары «өз көшелерінде» атқа мінген заманда ұлттық һәм мемле-кеттік деңгейге көтерілген ірі тұлға-ларды ұлықтауымыз марғау.
Біздің қазақ – ырымшыл халық. Қазақтың ғазиз ханы Әз-Жәнібек есімін иемденген азаматтар елімізде баршылық. Оның атақты әкесі Өзбек ханның да есімі халық көңілінен суымаған. Бұған әріге бармай-ақ, Өзбекәлі Жәнібековтің есімін мысал қылсақ та жеткілікті. Әз-Жәнібек пен Асан қайғының, Керей мен Жәнібек-тің өнегелі өмірі, тағылымды таби-ғаты – Отанды, елді, жерді сүюдің, жаңа ұрпақ, жас буынды тәрбиелеудің өшпес мектебі.

Қаралым саны 4322

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463