Байжұманның күйлері

Досым МАҚСҰТОВ,
Қазақ ұлттық өнер университеті,
Астана қаласы

Қазақстанның Батыс аймағындағы Бөкей ордасы-ның күйшілік өнері – өзінің пайда болу, қалыптасу және даму тұрғысынан қазақ музыка мәдениетіндегі ерекше құбылыс ретінде қалыптасқан дүние. Тарихы тереңде жатқан өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет, Махамбет, Ұзақ, Құрманғазы, Мүсірәлі, Дәулеткерей, Мұхит сияқты біртуар тұлғалардың өлмес мұраларының жаңғырығы әлі де жалғасуда. Ұрпақ сабақтастығы нәтижесінде жеткен киелі өнердің ерекше дамуы – тарихи шындық. 

«Алтын ғасыр» атанған ХІХ ғасырда ғұмыр кешкен күй атасы Құрманғазы өс-кен ортада Соқыр Есжан, Дәулеткерей, Шеркеш, Баламайсан және т.б. дәулес-кер күйшілер молынан өркен жайды [1]. Осы өрелі қатарда Байжұма Досмекейұлы-ның өзіндік алар орны бар. Күйшінің шыққан тегі Кіші жүз Байұлы ішіндегі Жаппас руы [2, 760 б.]. Он екі ата Бай-ұлы – Батыс Қазақстандағы ірі ру тобы. Осы руға қатысты шежірелік деректе-меде келесі кісілердің есімдерін атап өтуді жөн көрдік: Баймұрат, Байбақты, Байтілеу, Байтоқсан, Байқоңыр, Байкенже, Байжігіт, Байбоз, Байболат, Байғали, Байтемір, Байжан, Байсал, Байғабұл, Байтақа, Байназар, Байсейіт, Байшағыр, Байқошқар, Байқадам, Байсақал, Байсары, Байбек, Байсақ, Байсымақ, Байқара, Байторы, Байнияз, Байқожа, Байбатыр, Байсеңгір, Баймырза. Яғни, бұл деректер туған адамдардың аттарын ертеде румен байланыстырға-нын дәлелдейді.
Осыдан Байжұма сөзінің этимоло-гиялық түсінігін қарастырсақ, «бай» – рудың аты, ал «жұма» – баласының жұма күні туғандықтан әкесі Досмекей Байжұманың атын осылай деп қойға-нын байқауға болады. Шежіре бойын-ша осы рудан шыққан ірі тұлғалар қа-тарында Сырым Датұлы, Көбей ақын, Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) және Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896) болған. Құрманғазы Байжұманы өзінің ұстазы санаған.
Досмекейұлы Байжұма (XVIII-XIX ғ.) – Қазақстанның Батыс өңірінде туын-дап, қазіргі кезде төкпе орындаушы-лық мектепті айқындайтын «Байжұма» атты күйлер топтамасының басында тұр. Оның орындаушылық шеберлігіне елік-теп Құрманғазы, Түркеш, Дәулеткерей, Әлікей, Науша, Орынша, Мақаш, Қоңырша қыз сияқты күйшілер «Байжұма» деген атаумен күй шығар-ған. Қазіргі кездегі ғалымдардың еңбек-теріне сүйенсек, күйші дәулеті мол, тө-ңірекке сыйлы, малды-жанды ортада туып-өскен екен. Оның айналасында сән-салтанаты келіскен, айтқан сөзі жерге түспейтін, ықпалды адамдар аз болмаған. Оның «Бұлбұл Айша» атты күйі ақылына көркі сай Айша атты қыз-ға Сейітбек деген жігіттің ғашық болуы-на байланысты шығарылған. Байжұма-ның шығармашылығында «Қарт Байжұма» атты туындысының орны бөлек.
Домбыра күйлерін қарастырудағы басты шарт – сол күйлердің жанрлық сипатын анықтау. Жалпы айтқанда, жанр – көркемдік шығарманың, оның ішіндегі музыка өнерінің тарихи қалып-тасқан түрлері (мысалы, ән, кантата, оратория, опера, сюита, концерт және т.б. жанрлар). Бұл ұғым көптеген түсінік-терді қамтиды: туындының түрі, автор-дың ой-санасы, анықталған тақырбы, творчестволық идея, шығарманың жос-парланған мазмұны және т.б. Канон-дық жанрлар әр дәуірде өзінің бұрын-ғы тұрақтылығын сақтап және одан әрі дамып, трансформацияға түсіп, заман-ның рухани сұраныстарына сай өзгеріп отырады.
Қазақ музыкасында жанр деп түр-лі аспаптардағы орындаушылық мектеп-терді, әуендік және ырғақтық жиынты-ғын, суырыпсалмалыққа тән әуен мен мәтіннің жұптасу тәсілдерін айтамыз. Мысалы, П.Аравин аспапты музыканың туындыларын ән мәдениетіне сәйкес-тіріп мынандай жанрларға жіктейді: 1) эпикалық, 2) тұрмыс-салттық, 3) тари-хи, 4) арнау, 5) лирикалық [3, 3 б.].
Аттас күйлерге келер болсақ, «Аққу», «Тоғыз тарау», «Ноғайлының сарыны», «Ақжелең», «Ақсақ құлан», «Қосбасар», «Кертолғау», «Байжұма» секілді күй-лерді музыкатанушы ғалымдар «серия-лы», «тармақты», «циклды», «аттас» [2, 97] деген анықтамалармен атайды. Бұл күйлердің шығу тарихы, мазмұны әр түрлі. Мысалы, «Аққу» күйі көркем-дік-эстетикалық тұрғыда қазақ фолькло-рының ең күшті синкретті күйлерінің бірі саналатын «Ақсақ құланмен» өре-леседі. Ал «Кертолғау» деп аталатын күйлер – күйшінің белгілі бір себептер-ден туындаған жүрек лебі, көңіл құсы-ның сайрауы, көңіл шерін тарқатуы.
Д.Бақтығалиева қазақтың күйшілік өнерінде адамның жыныстық қасиеті-не сәйкес құбылыстар кездесетіндігін анықтап, ақжелең күйлерінде әйел атаулына сай барлық қасиетті көрсете-ді. Аңыз бойынша Бөкей ордасы жерін-де атына көркі сай Ақжелең атты күйші қыз болып, оның есімімен тармақты «Ақжелең» күйлері туындағаны тура-лы басқа домбырашылар мен музыка-танушылардың да еңбектері бар. Олар Ақжелең күйлерінің музыкалық тілін, құрылымын, шығу себептерін зерттей келе мұндағы жанрға тән белгілерін анықтайды.
Осы тұрғыда, Д.Бақтығалиеваның жұмысы біздің тақырыбымызға қатыс-ты қызығушылық тудырады. Ғалымның пайымдауынша, қазақтың күйшілік өнерінде әйелдер және ер-азаматтар-ға тән қасиеттер бар. Барлық ақжелең-дерге нәзіктік, пәктік, кең пейілділік, аппақ кіршіксіз таза сезім мен ниет тән. Қыз балаға, әйел атаулыға қажет ұлы өнеге ақжелең күйлерімен өрелестір-ген деп дәлелденген. Сонда ақжелең жанрлы күйлеріне әйел адамына тән бастамашылдық тән болса, ерлер тар-татын күйлердің атаулысы қайда екен деген сұрақ өзінен-өзі туындап отыр. [4,10]Байжұма аттас күйлері өзінің пай-да болып, қалыптасуымен қазақтың күй өнеріндегі дара құбылыс деуге не-гіз мол. Қазіргі кезде белгілісі, жиыр-маға тарта күйші Байжұма атымен күй шығарғаны анықталып отыр. Олар: Құрманғазы, Түркеш, Дәулеткерей, Әлікей, Науша, Жаппас, Орынша, Мақаш, Қоңыршақыз, Дина, Т.Мерғалиев, С.Құсайнов, Қ,Ахмедияров, Ғ.Ібішев, О.Дүйсен, Ж.Надирбеков. Бұл туынды-лардың әрқайсысының өзіндік тақы-рыптық, мазмұндық ерекшеліктері, тың саз-сарын, ырғақ, қағыс-қайырымы жағынан өзгешеліктері бар.
Сонымен қатар Байжұма күйле-рінде жанр атаулыға лайық көптеген ортақ қасиеттер де назар аударарлық. Бұл топтамадағы күйлердің барлығы асып-тасқан қуат-жігер, өршіл рухты, қайратты мінезді, ақыл-парасатының арқасында төңірегіне танылған үлкен абыройдың белгісін суреттейді. Байжұма күйлерінің музыкалық тілі де күйшілік өнерде қалыптасқан оқшау дүние. Күй тақырыбындағы әуен үстіңгі шекте үнделіп, сағалық дамудан гөрі шығар-маның композициялық құрылымын орта буын, тіпті бас буын бөлімдері айқындайды.
Сонымен, қазақтың күй өнерінде бір атауымен қалыптасқан Байжұма күйлеріне жанрлық сипат тән десек, бұл қағида келешекте музыкатанушы-лар, күйтанушылар тарапынан әлі де терең зерттеуді қажетсінетін дүние дегіміз келеді.

Мақалада Қазақстанның Батыс аймағының күйшілік өнеріне жататын «Байжұма» жанрындағы күйлер қарастырылып отыр (Бөкей ордасы) Сонымен қатар аталған жанрдағы күйлерді зерттеу және сақтау мәселелері қарастырылған.

В статье рассматриваются кюи жанра «Баймума», относящиеся к Западноказахстан-ской инструментальной исполнительской школе Букеевской Орды. Поднимается проблема изучения и сохранения данного вида традиционного искусства.

The article examines the genre kui "Baymuma" relating to the West Kazakhstan instrumental per-forming schools Bukeyev Orda.
It raises the problem of the study and preservation of this type of traditional art.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. – Алматы: Дайк-пресс, 2002. – 400 б.
2. Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. – Астана: Күлтегін, 2002. – 832 б.
3. Аравин П. Жанры казахской инструментальной музыки. – Алма-Ата: Жазушы, 1970. – 72 с.
4. Бактыгалиева Д.С. Жанр Акжелен в инструментальной (домбровой) культуре казахов. Автореф. дис. к. иск. – Алматы, 2008. – 24 с.

Қаралым саны 3888

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463