Есенгелді бай тарихы толық танылды ма?

Жәнібек АЛЛАЯРҰЛЫ,
тарих ғылымдарының кандидаты

(Жалғасы. Басы журналдың өткен санында)

Орынбордағы кездесу
Есенгелді старшын Орынбордың жаңа губернаторы П.К.Эссеннің ұйым-дастыруымен Кіші жүз ханы Шерғазы мен Арынғазы, Қаратай сұлтандар ара-ларындағы мәселелерді шешу үшін 1817 жылы тамыз айының соңында айырбас сарайында өткен кездесуге қатысады.

Шекаралық комиссия төрағасы генерал-майор Г.П.Веселицкий қатысуымен 29 тамыз күні болған кез-десуде Шерғазы хан мен Арынғазы сұлтан арадағы араздықты тоқтатып, өзара келісімге келген. Олар қол астын-дағы сұлтан, би, старшындар мен қазақтарға үлгі көрсетіп, Кіші жүзге тәр-тіп пен тыныштық орнатуға үміттенген. Достық қатынас берік әрі тұрақты бо-луы үшін Қаратайдың да осылай істеуін сұраған. Сұлтан да бұған дайын екенді-гін білдіріп, өз келісімін берген. Сөйтіп, олар өз уәделерін ешқашан бұзбауды, тәртіп пен тыныштықты сақтауды мін-деттеріне алған [Материалы по исто-рии Казахской ССР (1785-1828 гг.). Т.IV. 321-б.]. Орданың біраз беделді тұлға-лары қатысқан кездесу барысында он екі ата Байұлы мен Әлімұлынан Ақкете-нің тоғыз бөлімі, Шүреннің бес бөлі-мінің старшын, билері 30 тамызда губер-нетор П.К.Эссенге «1785 жылдан Кіші жүздегі әр түрлі рулар арасында орын алған бүкіл қиянат етушіліктің басты көзі болып табылған барымта орданы әбден күйзеліске әкелді, осыған орай өлкеге келген жаңа басшы өзінің әділ-дігімен қаскүнемдік қылықтарға қатыс-ты барлық істі қарастырып, қатаң заң-мен жазалап, дұрыс адамдарға қам-қор, қорған болатынын естіп, бәріміз жиналып осында, Орынборға келдік. Орданың әртүрлі талап-шағымдарын қарап, тоқтату үшін біздің барлық сұл-тандар әділ әрі ізгі ақылды адам ретін-де Нұралы ханның ұлы Қаратай сұлтан-ды мақұлдап, лайық тапты. Сондықтан біз аталған рулардың старшын, билері мен өзге де қазақтар осы руларға Қаратай сұлтанның бас басқарушы бо-луын қалаймыз. Осыған орай біз сізден Қаратай сұлтанды осы лауазымға бекі-туді сұраймыз» деген өтініш жолдайды. Оған Байұлы руынан тархан Есенгелді Жанмырзаұлы, алаша Қоңыз тархан Сыпыраұлы, масқар Аллаяр Дөненұлы, тана Ізбасар Санмырзаұлы, қызылқұрт Жақсыбай Естайұлы, байбақты Байқадам Байтөреұлы, таз Қалмұхамет Сапыұлы, Бабас Көтенұлы, адай Айғынбай Шыртайұлы, беріш Жүзбатыр Сартұлы, Ықсан Балталыұлы, Шекті шү-реннің бес бөлімінен Шонты Жамантай-ұлы, Ақкете руының бес бөлімінен бас старшын Ермұхамет Еділбайұлы, Хан кеңесінің заседателі Үкі Төлепұлы се-кілді старшындар өздерінің мөр, таңба-ларын басқан [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 1774-іс, 1-2 пп.]. Алайда ел игілері сенім арт-қан Қаратай сұлтанға Орынбор басшы-сы қолдау білдіруге асықпады. 2 қыр-күйектегі жауабында «Құрметті тархан, старшын Есенгелді Жанмырзаұлы. Сіз-дер мақтап отырған Қаратай патша ағ-замға қызмет көрсетіп, жігерлілік таны-тып, шын мәнінде өзіне үкіметтің ла-йықты сенімі мен рақымына ие болған кезде ғана назар аударылады» деумен шектелді [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 1774-іс, 4а-п.]. Осы орайда ғалым А.Ахмет «Патша әкімшілігі Қаратай сұлтанның кандидатурасын құйтырқылыққа салып бақса да, Кіші жүздегі ХІХ ғасырда пат-ша үкіметі тағайындаған хандардың (Айшуақ, Жантөре, Шерғазы) халық ал-дында беделі болмады. Сондықтан да халықтың заңды наразылығын туғызға-ны белгілі, керісінше даладағы нағыз билік патша үкіметі бекітпеген, халық-тың өз ортасы қолдаған Қаратай, Арынғазы, Темір сұлтандардың қолына жинақталды» деп қорытады [Ахмет А. Қаратай хан. – Алматы: Арыс, 2007. 102-б.]. Шын мәнінде, осы кездесуде Бұхара бағытындағы керуен жолының қауіпсіздігін қамтамасыз ету Арынғазы-ға, Хиуа бағытының Қаратайға тапсы-рылуының өзі олардың ел ішіндегі бе-делін айқындай түседі. Бірақ патша үкі-меті өзін еркін ұстап, мемлекеттік тә-уелсіздік жөнінде ойлайтын жігерлі сұл-тандардың билігін тежеп отырды. Бұл бағытта белгілі тарихшы А.Ф.Рязанов «Қаратай немесе Арынғазы сияқты дербес ұлттық саясат жүргізуге қабілет-ті, ықпалды да қуатты сұлтандар орыс үкіметіне тиімсіз еді, сондықтан да олар хандыққа бекітілмеді» деп әділ тұжы-рым жасады [Қазақ ұлт-азаттық қозға-лысы. Т.1: Рязанов А.Ф. Сорок лет борь-бы за национальную независимость казакского народа (1797-1838 гг.). – Алматы: «Ел-шежіре», 2007. 174-б.].
Орынборға келген кезінде Есенгелді айырбас сарайына сауда жа-сауға мал айдап әкелген. Кездесу ба-рысында губернатормен кеңесіп отыру үшін әрдайым Орынборға келіп тұруға жол қағазы берілген. Қыркүйектің ба-сында елге қайтқан Есенгелді қыс ке-зінде тағы да Орынборға баруға ниет-тенген. Дегенмен сол тұста П.К.Эссен-нің патшаға кеткенін естіп, оның кері оралуын күткен. Кейін 1818 жылы көк-темде тағы да жолға жиналғанымен сырқаттанып қалып, ол ойы жүзеге ас-пайды [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 1967-іс, 4-п.].

Жайық асуға ұмтылыс
1818 жылдың ерте көктемінде Шығай Нұралыұлының басқаруындағы бөкейлік кейбір қазақтардың мал-мү-ліктерімен жасырын түрде Жайықтың арғы бетіне өту туралы өзара кеңес өт-кізгендігі жөнінде сыбыс таралған. Осыны естіген атаман Бородин Жайық-тан өткізбеу жөнінде төменгі Орал ше-біне жарлық жіберіп, 10 наурызда Шығай сұлтанға қазақтарды тоқтату шараларын қолға алуды жүктеді. Хабар жеткен бойда Шығай өзін қолдайтын сұлтандар мен старшындарға құпия түрде қазақтар арасына барлау жүргі-зіп, аталмыш мәселені анықтауды тап-сырады. Өзі теңіз жағасындағы қоны-сынан шұғыл түрде Нарын құмдағы ел ортасына келген [ҚРОММ. 78-қ., 4-т., 87-іс, 3-4 пп.]. Содан тана руынан Есенгелді Жанмырзаұлы, Тоқтан Қосдәулетұлы, алашадан Қоңыз Сыпыраұлы, Сарбөпе Кенжеғараұлы, Қалашбай Шолақұлы, байбақты қынық-тан Жантелі Жанғұттыұлы секілді стар-шындар бастаған қазақтардың Жайық-қа қарай көшкенін естіп білген. Олар-дың ниетін болдырмау үшін Шығай сұлтан Есенгелдіні өзіне шақырған. Бі-рақ шақыруға құлақ асып, тыңдамаған Есенгелді Шығайды сұлтан, старшын-дарын ертіп өзінің ауылына жақын маңдағы Қонай старшынның ауылына келуге мәжбүр еткен. Сол жерге кел-геннен кейін де Шығайдың шақыруына Есенгелді ауруын сылтауратып барма-ған. Ол өзінің көшу себебін қазақтарға сыйға тартылған жерлерде малға жа-йылым шөптің жоқтығымен байланыс-тырған [ҚРОММ. 78-қ., 4-т., 87-іс, 8-9 пп.]. Шынында, сол тұста бөкейлікте «қондырау татарлары мен қалмақтар қазақтарды жерінен ығыстырып, кейін-нен бүкіл жерін иеленіп алады» деген қаңқу сөз тараған. Тарихшы А.Ф.Рязанов пікірінше, қазақтарды Жайықтың арғы бетіне өтуге дайындауға Қайыпқали сұлтан қатысқан. Атаман Бородиннің 1818 жылы 9 сәуірдегі хабары бойын-ша Бөкей ордасында Каленов форпос-тына қарсы Қызылағаш, Гребенщиков-ке қарсы Шансы бармақ мекендерінде, Қамыс Самар жағында сұлтандар Елтай Нұралыұлы мен Қайбала Есімұлы масқар, тана руларынан 1500-дей қа-зақты жинап, Жайық асуға ниеттенген. Өзеннен өту кезінде оларға көмек көр-сетіп, әскери топқа тойтарыс беру үшін Жайықтың арғы бетін жайлаған Қаратай сұлтан 1500 қол жинаған. Яғни жергілік-ті басшылық 1818 жылғы бөкейліктегі қарсылықты Қаратай сұлтанның аран-датушылық салдарынан болды деп тү-сіндірген [Рязанов А.Ф. Көрсетілген ең-бек. 230-б.].
1818 жылы 26 тамызда Шығай сұл-тан П.К.Эссенге бөкейліктердің тыныш-талып, Жайықтың арғы бетіне өту туралы сыбыстар саябырсығанымен, Есенгелді бастаған старшындардан ешқандай тү-сінік ала алмағанын хабарлап, оларды бөкейлік қазақтарды бұқар бетке өтуге үгіттеуші, басшылықтың бұйрығын орын-дамайтындар ретінде кінәлады. 7 қыр-күйекте губернатор «Сіз, Есенгелді бас-таған старшындарды тоқтатуды сұраға-ныңызбен, сол Есенгелді, Елтай сұлтан Нұралыұлы, алаша Қоңыз Сыпыраби-ұлы және байбақты Жантелі Жанғұтты-ұлы маған өздерін Жайықтың арғы беті-не өткізу туралы өтініштерін жолдады, енді осы өтінішке орай бұл істі анық-тауға қажетті мәліметтер шекаралық комиссиядан талап етілуде» деген [ҚРОММ. 78-қ., 4-т., 86-іс, 8-п.]. Өзде-ріне қарасты 1611 шаңырақпен өтуге рұқсат сұраған Елтай сұлтан, Есенгелді бастаған старшындар көшу себебін қал-мақтар мен қондырау татарлары тара-пынан жерге қатысты жасалып отырған қысым, жәбірмен байланыстырған. Олар далалық беттегі қазақтар сияқты қыс кезінде малын Жайықтың арғы жа-ғынан Нарын құмына өткізуіне құқық беріп, ал өздері Жайықтың сол бетінде көшіп-қонуды сұраған. Өз өтінішінде Есенгелді патша ағзамның осыдан он жыл бұрын тана, масқар, қызылқұрт және ысық руынан барлығы 854 шаңы-раққа ішкі бетке өтуге рұқсат бергенін тілге тиек етеді. Қазақтар өтінішін қа-растырған П.К.Эссен Есенгелдіден бас-қасы Бөкей ханнан кейін аз ғана уақыт-тан соң шекаралық басшылықтың жар-лығымен өткенін анықтаған. Шекара-лық комиссия Есенгелдінің ішкі бетке өткені туралы ешқандай мәлімет таба алмай, Астрахан басшылығының ұсы-нысымен марқұм Бөкей ханның қол астындағы қазақтармен бірге өтуі мүм-кін деп жорамалдаса, Шығай сұлтан Есенгелдінің тек тана руымен 1802 жы-лы Бөкей ханның Кавказ шебінің әске-ри губернаторы Кноррингке шыққан өтінішіне сәйкес ішкі бетке өткенін ай-тады [История Букеевского ханства... 200-201, 204-205 бб.].
Қалайда Жайық асуды ойлаған Есенгелді Орынбор губернаторымен байланысқа шығуды көздейді. Ол 1818 жылы 5 қыркүйекте баласы Қонақбай старшын мен хат істерін жүргізуші Габдулхамит Буляковты П.К.Эссенге аттандырады. Губернаторға тарту сый ретінде қолға үйретілген екі жылқы бе-ріп жібереді. Алайда Қонақбай старшын Орал қаласына жетіп, сол жерден кері қайтқан. Ал 10 қазандағы хабарында сырқатынан сауыққан соң кездесуге жеке өзінің баратынын айтып, «Тана руынан бас старшын, тархан Есенгелді Жанмырзаұлы» деген мөрін басқан. Кейін 1 желтоқсанда губернатордан жеке кездесуге баруға рұқсат ететін жарлық жіберуді сұраған. Осы хаттар-мен танысқан П.К.Эссен 1919 жылы 9 қаңтарда Есенгелдіге өзімен кездесу үшін Орынборға келуге келісім берген. Ал сыйға тартылған жылқыға байланыс-ты «өткен 1817 жылы осында болған кезіңізде маған сыйлық ұсынғанда ме-нің наразылық білдіргенімді сіз қалай-ша есіңізден шығардыңыз, сондықтан қазір қайтадан сіздің осындай әдеп-сіздікке батылыңыз барғанына қатаң ескертемін, егер де сіздің өтініш, қа-жеттіліктеріңізді қанағаттандыру менің қарауым бойынша әділ және лайықты құрметке ие болса, онсыз да жасала-тын болады» деп реніш-назын білдір-ген [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 1967-іс, 1-7 пп.].
Қазақтардың Жайық асу өтінішін Сыртқы істер министрлігіне ұсынған П.К.Эссен Есенгелді бастаған старшын-дарды жібермеу жөніндегі Шығай сұл-танның пікірін негізсіз деп есептеген. Өйткені қазақтарды еркінен тыс Жайық-тың ішкі бетінде ұстап тұру, олардың құпия түрде немесе қарсылықпен өтуі-не итермелейді, ал оған бөгет болу мүмкін емес деген. Старшындардан дала бетке өтуге екінші мәрте өтініш түскен соң, П.К.Эссен министрлікке рұқсат беруді жеделдету қажет екен-дігін хабарлайды. Содан Сыртқы істер министрлігінің басшысы К.Ф.Нессельроде 1819 жылы 22 мау-сымда Елтай сұлтан мен үш старшын бастаған 1611 шаңыраққа Жайықтың далалық бетіне өтуіне рұқсат беру Ресей үшін тиімді деген қорытындыға келген [Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). Т.IV. 273-276 бб.].
Өздерінің өтініші талқыланып жат-қан тұста Есенгелді 1819 жылы 15 қыр-күйекте губернатор П.К.Эссенге екі хат жолдайды. Оның бірінде екі жақты ты-ныштық пен бейбітшілікті қалай оты-рып, өзінің ынта-жігерімен 1781 жыл-дан бері патша ағзамға «қасық қаны қалғанша» адал қызмет етіп келе жат-қанын алға тартып, бұрынғы бастық-тардан алғандай «мақтау қағазын» сұ-райды. Яғни сол арқылы теріс ниеттегі қазақтарды тоқтатуда өзінің дұрыс екендігін дәлелдей алатын. Екінші ха-тында өзінің Нарын құмға орналасқа-нын, ол жерде жайылым шөптің жазда мал тұяғына тапталып, азыққа пайда-ланатын қамыстың да жоқтығын, осы-дан малдың арып, жүдейтінін айтады. Ал малға қолайлы Жайықтан 150 ша-қырым, Нарын құмға жақын, Қосөзен сағасындағы Қамыс Самардағы кейбір бос қалған жерлерді қыстауды қалаға-нымен, Жайық казак әскерлері оған рұқсат етпейтін. Өзінің егіншілік пен шабындық жерлерге ешқандай зиян келтірмейтінін алға тартқан Есенгелді Қамыс Самарға қыстап шығуға рұқсат беру үшін Орал казак әскерінің атама-ны Д.М.Бородинге жарлық жіберуін өтінді [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2105-іс, 1, 4 пп.].
21 қазанда өзінің қолы қойылып, елтаңбасы мен мөрі басылған мақтау қағазын Есенгелдіге жолдаған П.К.Эссен «Қамыс Самар мекені Орал әскери кең-сесінің иелігіне қарасты, сондықтан әс-кери кеңсемен хабарласу қажет» де-ген. Бородин болса Қамыс Самар жері Орал казак әскерінің иелігіне жатады, бөкейлік шенеуніктер мен қазақтар Астрахан даласында белгіленген жер-лерді жайлайды дегенді алға тартып, «Есенгелді старшын да өз қазақтары-мен сол жерге кетсін» деп қарсылық танытқан [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2105-іс, 8-12 пп.]. Губернатор П.К.Эссен 1819 жылы 30 қыркүйекте Шығай сұлтанға патшаның Елтай сұлтан мен старшын-дар Жантелі Жанғұттыұлы, Есенгелді Жанмырзаұлы, Қоңыз Сыпырабиұлы бастаған 1611 шаңыраққа мал-мүлікте-рімен Жайықтың сол бетіне өтуге рұқ-сат бергенін жеткізді. Хабарды естіп Шығай сұлтан қатты қайғырған. Өйтке-ні аталған шаңырақтардың дала бетке өтуі өз билігіндегі бөкейліктердің белгі-лі бір бөлігінен айырылуға әкелетін. Егер олар өтіп кетсе, соңынан өзге де қазақ рулары ұмтылатын. Сондықтан Шығай сұлтанның қазақтардың Жайық асуына әу бастан-ақ қарсылық танытуы түсінікті еді. Бұл кезді Х.Досмұхамед-ұлы «Сығайдың заманында елдің қо-нысы едәуір тарылды. Жұт көбейді. Хан да өкімет саясатын көріне жүргізе бас-тады. Ханның өзі де елге қатаң тие бас-тады. Ел мен ханның арасына наразы-лық кірді. Елдің бірқатары Жайықтың күншығыс жағындағы маң далаға шы-ғып кетуге талаптанды» деп анықтайды [Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы (Избран-ное). – Алматы: Ана тілі, 1998. 36-б.].
1820 жылы ақпан айында дайын-дық жұмыстары басталып, наурыз ба-сында қазақтарды Калмыков бекінісі мен Котельный форпосты арасынан өт-кізу ұйғарылған. Сонымен Елтай сұлтан, Есенгелді, Жантелі, Қоңыз старшындар бастаған қазақ руларының Жайықтың арғы бетіне өтуі 1820 жылдың 10 тамы-зында аяқталған. Рұқсатқа ие болған 1611 шаңырақтың тек 1297-сі ғана өтіп, қалған 314 шаңырақ соңғы қатаң қыс салдарынан малдың қалжырауына байланысты қалып қойған.

Жайық сыртында
1820 жылы Орынбор әскери губер-наторы П.К.Эссен Елтай сұлтан, Есенгелді бастаған старшындардың Жайықтың бұқар бетіне өткен соң Кіші жүз ханы Шерғазы Айшуақұлы мен Хан кеңесіне бағынуын талап етті. Бөкейліктен 1297 шаңырақпен бірге 6384 түйе, 43032 жылқы, 12763 ірі қара, 268640 қой да-ла бетке өткізілген. Есенгелді бастаған тана рулары төменгі Орал шебінде тұ-рақтаған. Орынбор шекаралық комис-сиясының мәліметі бойынша жазда Бұлдырты, Өлеңті, Аңқаты бойында жайлаған Тананың Қалқаман, Асан, Қараман бөлімдерінің тұрақты, белгілі қыстаулары болмаған, олардың кейбірі Жайық шебінде қыстаған. Жиембет, Ақымбет, Қарақұнан бөлімдері жазда Бұлдырты, Аңқаты бойында қоныс те-уіп, қыста Каршинск форпостынан бас-тап Топайлы бекінісіне дейінгі жерде қыстаған, кейбірі дала қазақтарының әр түрлі жердегі қыстауларын жалға алып отырған. Шеп бойындағы Тана рулары Антонов станицасына қарсы бетті, одан Харькин станицасына дейін Алаша, Масқар, Ысық руларымен бірге, одан әрі Зеленов станицасына дейінгі жерде Масқар, Беріш руларымен ара-ласып жайлаған. Кейбір бөлігі Беріштер-мен қатар Зеленовтан Сарайшық бекі-нісіне дейінгі аймақты қоныс еткен. Осы кездегі тана руының қоныстары атақты Сүгір жыраудың Хорезм жағын-да жүріп, елін сағынып шығарған толға-уында әдемі суреттелген.
1820 жылы 15 желтоқсанда Саратов губерниясы мен 9 Башқұрт кантонының есаулы Т.Иткучуков баяғы екі жылқысын қайтару туралы П.К.Эссенге өтініш түсір-ген. Шын мәнінде, Төребай Сүтемген-ұлының қайтыс болғанымен, оның ар-тында қалған Шонан, Шолпай атты екі баласы Есенгелді Жанмырзаұлымен бірге төменгі Орал шебінде қоныстан-ған. Сонымен қатар Рымжанның да сол жерде екендігін алға тартқан Т.Иткучуков губернатордан Төребайдың балалары-на төлеттіруді өтінген [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2373-іс, 1-2 пп.]. П.К.Эссеннің та-лап етуінен соң Шекаралық комиссия 1821 жылы 31 қаңтарда істің мән-жа-йын былайша түсіндірген. Башқұрт Т.Иткучуков 1817 жылы қараша айында өтініш берген соң комиссия Төребай тұ-ратын тана руларының қонысы сол тұс-та ішкі бетте орналасуына орай ол істі Орал әскери кеңсесіне ұсынған. Бірақ Төребай қайтыс болып, ал оның қар-тайған әкесі ұлының Иткучуковпен ара-дағы келісімі туралы ештеңе білмеуіне байланысты оны төлеуден бас тартқан. Ол туралы Есенгелдінің жеке өзі де ха-барлаған. Осыған орай бұл істі аяқсыз қалдырған комиссия «Есаул Иткучуков жылқы ұрлағандарды анықтаған кезде, ол жөнінде тез арада әкімшілікке ха-барлау керек еді, басшылық сол кезде оның арыз талабының әділдігі туралы іздестіріп және айыптылардан ұрлаған-дары үшін төлеттіруден басқа заң бо-йынша реттейтін еді. Иткучуков ол қыл-мысты жасырып, сол арқылы мүлкінен айырылуына өзін кінәлі қылды» деген шешімге келген. Есаул Т.Иткучуковтың үкіметке дер кезінде мәлімдемеуіне байланысты П.К.Эссен бұл істі 1821 жы-лы 7 ақпанда тоқтатқан [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2373-іс, 5-8 пп.].
1821 жылы сәуір айында Есіркеміс Жылқыайдарұлы бастаған қазақтар қо-лынан Есенгелдінің кіші інісі қаза тап-қан. Осы істі реттеп, шешу үшін олар Шерғазы ханға барғанымен, оның ше-шіміне қанағаттанбай, көңілі қалып, тү-ңіліп қайтқан. Ал Шерғазы хан 14 сәуір-де Шекаралық комиссияға сұлтандар Шөкі Нұралыұлы, Елтай Нұралыұлы, Хан кеңесінің кеңесшісі Үкі Төлепұлы, старшындар Жүсіп Сырымұлы мен Есенгелді Жанмырзаұлының өзіне қа-уіп төндіріп отырғанын хабарлайды. Өзіне қарсы қастандық ұйымдастыру күдігі барын жеткізген Шерғазы хан Елтай сұлтанды Хан кеңесінің төраға-лығынан алып, өзінің қауіпсіздігін қам-тамасыз ету үшін әскери жасақ сұрат-қан. Шерғазы шағымын қараған Шека-ралық комиссия 27 сәуірде П.К.Эссенге Елтай Нұралыұлы бастаған сұлтандар мен қарапайым қазақтарды қудалай берудің қажеттігі жоқтығын ескерткен. Оның үстіне осы жылдың шілде айын-да Арынғазы сұлтан патшамен кездесу үшін Санкт-Петербургке аттанды. Ал тарихшы А.Ахмет «Патша үкіметінің Арынғазы ханды Кіші жүзден арнайы шақырып, мәңгілікке Ресейде қалды-руы, елі мен жерінің бірлігі үшін күрес-кен Қаратай, Темір, Қарабай сұлтандар мен Үкі Төлепов, Есенгелді Жанмұрзин, Жүсіп Сырымов, Бармақ Бұлпақов сын-ды старшындардың тағдыры да патша үкіметінің қанды шеңгелінде болаты-нын тағы да айғақтай түсті» деп көрсе-теді [Ахмет А. Көрсетілген еңбек. 114-115, 147 бб.; Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). Т. IV. 395-б.].
Кейін 1821 жылы қазан айында Есенгелді Шерғазы ханға барған. Ол ханның ауылына түнеген кезінде өзі түскен үйдің жанына аттарын жайы-лымға жіберген. Сол түні оның екі жақ-сы аты ұрланған. Іздестіру барысында куәгерлердің көрсетуі бойынша аттар-дың сол тұста ұрылардың қолында болғаны дәлелденгенімен, хан ұрылар-ды қорғап, аттарды қайтаруға рұқсат етпеген. «Осыдан соң жұрт қалай рен-жімесін, егер ханның өзі әділетсіздікке жол беріп, ұрыларға қолдап, дем бер-се. Ханның осы секілді оңбағандық іс-тері Гурьев қаласынан бастап Орынбор-дың жоғары жағындағы Орск қаласына дейінгі шартарапқа мәлім. Бұл туралы шекаралық шеп тұрғындары мен ко-менданттар да біледі, олардың ешқай-сысы оны жақсы деп танымайды, себе-бі, шекара шебіне жақын көшіп-қонған ол қызметкерлерге де қысым көрсетті. Сонымен бірге ол барлық сауда қоғам-дарына да белгілі, олар да оның жақ-сы, әділ екендігіне куәлік бермейді, біз оған нық сенімдіміз. Оның осындай оңбағандық істерін көре отырып халық оған бармайды, ол да өзінің өшігуіне орай халыққа келуге батылы жетпей-ді», - деп хабарлады І Александр пат-шаға жолдаған өтініштерінде Арынғазы сұлтанмен бірге Ресейге барған Кіші жүздің сұлтан, билері. Олардың ішінде Байұлыдан байбақты старшыны Жүсіп тархан Сырымұлы бар еді. Бір қызығы осы хатта «тана руының старшыны Есенгелді бай Жанмырзаұлы» деп анық жазылған [Материалы по истории Ка-захской ССР (1785-1828 гг.). Т. IV. 395-б.].

Бай болды Есенгелді
жұрттан асқан...
Бұл жылдары Есенгелдінің асқан бай болғандығын Орынбор әскери гу-бернаторы П.К.Эссеннің адъютанты Ф.И.Германның 1821-1822 жылдары «Вестник Европы» журналында жарық көрген «Қазақтар жөнінде» деген еңбе-гі де растайды. Ол қазақты соншалық сараң, пайдаға тойымсыз ретінде бей-нелей келіп, мынадай сипаттама бере-ді: «Біз табынында 13 мыңнан астам жылқысы бар бір старшынды білеміз. Осыдан бірнеше жыл бұрын Орынбор-ға келіп, ол өзінің дәмешілдігінен асқан атаққұмарлықты байқады және өзіне біресе тархандық лауазымды, біресе медальдарды, біресе көптеген қазақ ру-ларын басқаруға жарлық беруді талап етті. Оған бір ғана байлық марапаттау-ға құқық бермейді, үкімет тек қана жалпыға пайда әкелетін қызметі мен ынтасы үшін сый береді, ал ордалық-тарды басқаруға жарлықтар олардың өтініштері бойынша және ханның ма-құлдауымен берілмейді деп сендірген-де: ол үкіметтің назарына ие болу үшін міндетті түрде өзін мақтауға тұрарлық ерлікпен ерекшеленуіне тырысып баға-тынын айтты. Оның бұл ниеті шын бол-мады, кеңес сұрағанда оған Хиуадағы тұтқын мен құлдықтан әлсіреген біздің кейбір отандастарымызды сатып алуды ұсынды, бірақ ол әр түрлі қиындық мен қолайсыздықты сылтау етті. Кейін оған бірнеше сауда керуенін өз қорғауына алуға кеңес берді, алайда ол өте қиын іс деп одан да бас тартты. Ақырында оған Ордада мешіт немесе шепке жа-қын жерде шешекке қарсы үй тұрғы-зуды ұсынды, онда қазақ балаларын өлімнен немесе түрсіздіктен құтқару үшін қабылдауға болар еді, бірақ бай ол мекемелердің бірде біреуіне келіс-педі. Себебі оның әрқайсысы біраз шығынды талап етті, ал оның асқан байлығы үшін бұл болмашы нәрсе ғана еді. Бір жылдан соң Орынбор корпу-сында атты әскер бригадасы құрылған кезде, рота командирлері жылқы са-тып алу үшін ол старшынға әскерге ат сатып алумен айналысатын офицер-лерін жіберді. Жылқыларын қазынаға лайықты бағаға сату арқылы өзінің ын-тасын растауға оған тағы да сәт туды. Ол өзі қыза қалаған марапат туралы ойға елігіп, ұзақ қобалжыды. Ақырын-да өз аттарына шамадан тыс баға сұ-рап, біреуін де сатпады» [Герман Ф.И. О Киргизцах // Вестник Европы. – 1822. – № 4. – Ч. 122]. Бұл сипаттамада қазақ старшынының есімі көрсетілмегенімен, оның Есенгелдіге қатысты екені айдан анық. Сол заманның куәгері Ф.И.Герман Есенгелдінің аса бай болғандығын рас-тағанымен, Орынбор әкімшілігі ұсын-ған тапсырмаларды орындамағанын ашына жазады. Егерде тапсырмалар-ды бұлжытпай орындаса адъютант оны басқа қырынан сипаттар еді. Біз қара-ған мұрағат құжаттарында ол жөнінде бірде-бір дерек кездеспегенімен, кейін жазушы В.И.Даль Есенгелдінің баласы Бекейдің Орынборға сауда керуенде-рін қорғап жеткізгенін, Сырдың сенімді қазағы арқылы Хиуадағы тұтқын орыс-тардың хатын әкеліп бергенін жазған еді. Осы В.И.Дальдің көрсетуінше, Есенгелді Жанмырзаұлы құрметті ақса-қал атағымен Орынбор қазақтары ара-сында аса бай болып, 40 жылдан астам тана руының асан бөлімін басқарып, әрдайым төменгі Орал шебіндегі кей-бір форпостарға қарсы Жайықтың сол жағалауындағы аймақты жайлаған. Бейбітшілік сүйгіш Есенгелді қазақтың бірде-бір руын байытпай, тіпті тұтастай ауылдарды қайыршылыққа ұшыратқан қырғын барымтадан қаша білген. Әр-дайым шеп маңына жақын орналасуға тырысып, шалғайдағы теріс ниетті ру-лармен байланыс жасамаған және та-лай рет өз руластарының көршілерімен арадағы кездейсоқ жанжалдарын өзінің жеке үйір, табынынан азғантай сый-лықтар беру арқылы екі жақтың көңі-лін бірдей аулап, ақылмен шешкен [Даль В.И. Бикей и Мауляна. 21-22 бб.]. Кезінде қазақ даласына келіп, 18 мың, 25 мың жылқы айдаған қазақ байлары-мен кездескеннен кейін орыс генералы Броневский: «Қазақтың байлары орыс-тың «богатый» сөзінің баламасы емес, қазақтың байы – ақыл-ойы, рухани жа-ғынан барынша жетіліп, нағыз кеме-ліне келген адам. Соны ғана қазақ хал-қы бай дейді. Ал жай ғана материал-дық құндылықтарды жинаған адамды қазақ ешқашан бай деп мойындама-ған», – деген. Этнограф ғалым Ахмет Тоқтабайдың пайымынша, қазақ ұғы-мындағы бай, ол – арнайы статус. Ру болу үшін өзі үш нәрсе болуы керек бол-ған: бірінші – бағатын байы, екінші – жаудан қорғайтын батыры, үшінші – топқа түсетін биі. Осы негізгі үш эле-менті болғанда ғана «жеті атаға толыс-тық, жеке ел болыстық» деп, ту бие сойып, жаңа рудың шаңырағын көтер-ген [Тоқтабай А. Жылқының отанында оған арналған музей-дің болмауы – әділетсіздік! // http: alashainasy.kz]. Осы жерде қазақтың «Кімнің бай болғысы келмейді – құдайы қаламайды, Кімнің би болғысы келмейді – халқы қаламай-ды, Кімнің батыр болғысы келмейді – жүрегі дауаламайды» деген сөзінің бе-кер айтылмағанына куә боласың. Оған ақын Мұрат Мөңкеұлының жырларын-да кездесетін «Балуан, байлық, батыр-лық, Үшеуі қолдан келмей жүр», «Бай – шешен, балуан – албырт, батыр – өк-тем. Дәулеттің ұяты жоқ басқа біткен», «Біреу – бай, біреу – жарлы қылған құдай» деген сөз тіркестері де дәлел. Осы Мұрат ақын 1860-1861 жылдары 17-18 жас шамасында ысық руының сейтек бөлімінің Жылқышы есімді ақынымен айтысында:
Құтылар қашқан жаудан,
көшкен жұттан,
Байлығы Байұлына болды құптан.
Жанмырза Есболайға қоңсы қонып,
Бата алып, тана Есенкелді
мұнан шыққан –
деп жырлаған [Мөңкеұлы М. Шығар-малары: Өлеңдер, жырлар, толғаулар, айтыстар; зерттеулер. Құраст. Бауыржан Омаров. – Алматы: «Ана тілі», 2013. 112-б.]. Бұл шумақ ғалам-тор бетіндегі мәліметте «Қазақтың эт-нографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлi жүйесi» атты энциклопедиядан алынып, сәл өзгеріспен ақынның Сарыарқа толға-уына телініп, былайша келтірілген [el.kz›m/articles/view/]:
Тоғыз жыл Есболайға қоңсы болған,
Жанмырза еншi алыпты
Есболайдан.
Батасы Есболайдың қабыл болып,
Бай болды Есенгелдi
жұрттан асқан.
Қалай болғанда да Есенгелдінің ерекше әл-ауқатын Мұрат ақын өз жырларында бай, батыр әрі әулие ата-ған беріш Есболайдың батасымен бай-ланыстырған. Мұның өзі «Батаменен ел көгерер» деген мақалды еске түсі-реді. Байлық тек Есенгелдіге емес, оның туған інісі Итемгенге де дарыған. Оны басына орнатылған белгі құлпы-тастағы «Итемген бай», мұрағаттағы «Тана Итемген би» деген жазбалар толық айғақтайды. Орынбор мұра-ғатының құжаттары да Есенгелді туыстарының бай болғандығын рас-тайды [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3795-іс, 6-п.]. Есенгелді бай өз бойындағы қа-білет, қасиеті арқылы тана руының биі атанған. Олай болмаса атақты Сүгір жырау:
Есен бе екен, сау ма екен
Бессары, Асан, Қалқаман.
Мәмбет, Үмбет, Қосдәулет
Есенкелді, Итемген
Ауылынан кеңес тараған, - деп жырға қосып, Көбек старшын мен по-ручик Я.П.Гавердовский «Есенгелді би» деп жазбас еді. Жазушы В.И.Даль да Есенгелді ақсақал біреудің сот кесімін орындап, оны талқылап, талдағанда дана әрі әділ болғандығын атап өтеді. Ал Орынбор әкімшілігінің оған стар-шын, тархан атақтарын, түрлі жарлық-тар беруінің өзі ел ішіндегі абырой беделін елеп, ескеруінен еді.

Ішкі бетке қыстау
1821 жылы 28 қараша күні түскі сағат 4-тің шамасында Есенгелді өзіне қарасты шаңырақтармен Жайықтың ішкі бетіне өтіп, Котельный форпосты-нан жоғары өзеннің иініндегі аралық жерге орналасқан. Мұны күзеттегі ка-зактар байқап қалып, дереу форпост бастығына мәлімдеген. Шекарадан өтуге казак-орыстардың бөгет болғаны-на қарамастан, Есенгелді ешкімнің де өзін ол жерден кетіре алмайтынын ай-тып, қайда болса да шағымдана берің-дер деген. Содан жүзбасы Абрамичев Есенгелді бастаған 45 шаңырақтың өз еркімен ішкі бетке өткенін дистанция бастығы Логиновке жеткізеді. Ол ата-ман Бородинге мәлімдеп, Есенгелді бастаған қазақтардың ағаштарды кесу арқылы Котельный форпосты тұрғын-дарына зиян келтіретінін қоса түседі. Сонымен Есенгелдінің өз еркімен Жайықтың ішкі бетіне өтуі Орал казак-тарын әбігерге салған. 25 желтоқсанда әскери кеңсе Есенгелді старшынды далалық бетке кері қайтаруды есаул Логиновке жүктеді. Оның адамы Есенгелді ауылына барса, ол өз шаруа-сымен Қаратай сұлтанға кетіп қалған [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2602-іс, 1-4 пп.]. Орынбор әкімшілігі қазақтардың өз еркімен ішкі бетке өтіп кетуіне кордон күзетін кінәлі санап, оларды заңмен жауап беруін талап етті. Осыдан соң әскери кеңсе Есенгелді старшынның нақты қанша шаңырақпен, қай жерден өткендігін анықтап, шын мәнінде әлсіз-дік танытып, осыған жіберіп қойған шенеуніктер немесе шеп күзеті казак-тарын тексеру үшін отставкадағы әскери старшын П.Пономаревті Антонов форпостына аттандырған. Есенгелді болса Котельный форпостына қарсы аймақты мекендейтін. Тергеу барысында Котель-ный форпостының бастығы Абрамичев бастаған казактар «Есенгелді ішкі бет-ке өту кезінде бізді тыңдамады» деп жауап берген. Ал Есенгелді 1822 жылы 5 ақпан күні Пономаревке жазған ха-тында «Өткен жылдары Жайықтың ар-ғы бетіндегі қазақтар өз ауылдарымен Котельный форпостының жоғары жағын-дағы шабындықты әрдайым қыстауға пайдаланды. Осыны мысалға алып, мен қазір өзімнің кейбір ауылыммен тек Жайықтың арғы бетінде азық-түлік пен отынның жетіспеуімен қатар кей кезде далада болатын қатты аяздың салда-рынан төнетін қауіпке байланысты от-басым қандай да бір бақытсыздыққа ұшырамасын деген ниетпен орналас-тым» деп түсіндірген. Сонымен бірге казактар көрсеткендей Есенгелді, жа-нында 45 емес, барлығы 28 шаңырақ болған. Себебі қой, жылқы, түйе баға-тын бақташылар үшін жасалған итар-қалық тіреуішпен керегеге шатыр етіп бекітілген уығы жоқ кішкене үйлерді казактар киіз үй деп ойлаған. Өз сөзін-де Есенгелді казактарға ешқандай жә-бір мен қысым жасамағанын алға тар-тады [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2602-іс, 5-17 пп.]. Кейін 13 наурызда Орынбор әкім-шілігі атаман Бородинге тез арада Есенгелдіні ауылымен бірге шекараның арғы бетіне өткізуді ұсынды. Осыдан соң атаман Бородин төменгі Орал ше-бінде болған кезінде Есенгелдіге бар-лық шаңырақтарымен Жайықтың арғы бетіне өтуін бұйырған. Көп ұзамай ол өз ауылымен Жайықтың далалық бе-тіне өткен [ОрОММ. 6-қ., 4-т., 7837-іс, 10-п.]. Сөйтіп, Есенгелді қарашаның соңы мен наурыз аралығында ішкі бет-ке қыстап шыққан. Біздіңше, Есенгелді мен казактар арасында өзара жасырын келісім болғанға ұқсайды. Өйткені рұқ-сатсыз шекара шебінен «шегірткені» де өткізбейтін казак-орыстардың «бізді тыңдаған жоқ» деп көлгірсуі еш сын көтермейді. Губернатор П.К.Эссен 1822 жылы 28 тамызда Шекаралық комис-сияға Есенгелдінің шекарадан өтуі шеп-ке және оның тұрғындары үшін еш зиян келтірмегенін айтады. Ол стар-шынның ізгі ниеттілігін құрметтейтінін, бұрын ішкі тарапта көшіп-қонғанын, сыртқы бетке үкіметтен рұқсат сұрап өткенін ескере келіп, қазіргі іс-әрекетін әділ шара деп танып, алдағы уақытта еш жазалаусыз қалдыруды ұсынған. Тек болашақта өз еркімен шекарадан өтсе қатаң түрде жауапқа тартылып, осылай өткені үшін ордалықтардың әскери қыз-метке берілетінін немесе Сібірге жер аударылатынын қаперіне салуды қоса түскен [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2602-іс, 35-42 пп.].
Осы тамыз айында Байұлы руының старшыны ретінде Есенгелді Орынбор губернаторына әкімшіліктің қазақтар-ды 15 верст қашықтықта шепке жақын-датпау жөніндегі қаулысы өздері үшін қолайсыз екенін хабарлайды. Әрі Әлімұлдарынан төнетін қауіпке байла-нысты өз қазақтарына Елек арқылы айырбас сарайына баруға рұқсат сұра-ған. Ал Шекаралық комиссияның ше-шімі бойынша Есенгелді егерде ауыл-дарымен шеп бойына жақындауды қаласа, онда бекітілген ережеге сәйкес құрметті билер мен старшындар шеп-тегі басшылықтан рұқсат алуға тиіс еді. Сонымен бірге Жайық бойындағы ор-ман-тоғайды кесіп, шаппауға, жеке мү-ліктерге жасалған барлық шығынды толық әрі тез арада орындау туралы қолхат беруге сендіріп, өздерінің се-німді адамдарынан аманат беру қажет деген [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2602-іс, 45-46 пп.].
Көп ұзамай Есенгелді Жанмырза-ұлы бөкейліктегі шеркеш руының стар-шыны Бекпембет Тұрмамбетұлының үстінен Орынбор губернаторына ша-ғым түсіреді. Оған Есенгелдінің немере інісі Тойқожа Итемгенұлынан Бөкей ор-дасына қашып кеткен, өзіне әйелдікке әкесінен сатып алған Нәсібәлі деген қызды Бекпембет старшынның өзіне қабылдап, күйеуге беріп жіберуі себеп болған. П.К.Эссеннің 1822 жылы 31 та-мыздағы ұсынысынан соң Шекаралық комиссия Есенгелді шағымын Бөкей ор-дасының билеушісі Шығай сұлтанға жолдап, дін өкілінің араласуымен мұ-сылман заңы бойынша міндетті түрде тексеріп, әділ тарапты толық қанағат-тандыруды тапсырады. Ал атаман Бородинге Есенгелді старшынның не-мере інісі Тойқожа Итемгенұлына өз адамдарымен Шығай сұлтанға келуін хабарлауды жүктейді [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2779-іс, 1-2 пп.]. Алайда Шығай сұлтанмен арадағы араздыққа байла-нысты аталған істің әділ шешілетініне сенім артпаған Есенгелді оның жанын-да мұсылман заңын жақсы білетін дін өкілі де жоқ деген. Осыған орай қараша-ның басында Кіші жүз ханы Шерғазы Айшуақұлы Есенгелдінің талабына сәй-кес Шекаралық комиссиядан бұл істі Орал қаласындағы указной ахун мен молдалардың қарауына беруді сұра-ған. Бұдан соң комиссия Орал әскери кеңсесіне Есенгелді старшынның неме-ре інісі мен аталған іске қатысушы адам-дарды шақыртып, осы шағым бойынша Оралдағы ахун мен өзге де молдалар-дың қарауына жөнелтуді және ол жө-нінде Шерғазы ханның да хабардар болуын мәлімдейді. Шығай сұлтанға Бекпембет старшын мен оған қатысы бар басқа да адамдарды Оралдағы ахун-ға жіберуді тапсырады. Комиссия қо-рытындысынан кейін П.К.Эссеннің 5 желтоқсандағы келісімімен аталған іс ақырында Оралдағы ахунның қарауы-на берілетін болып шешілген [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2779-іс, 4-7 пп.].

Барымта әлегі
1822 жылы 15 қазанда түн ішінде Есенгелді ауылынан 240 бас жылқы қуып алынған. Ол кезде Есенгелді Орынборда болған. Өзімен бірге жа-нына біраз қазақты ертіп Есенгелдінің баласы Бекей жылқының соңынан ат-танған. Із суытпай барған Бекей өз жылқысын Жағалбайлы руының Біліш бөліміндегі Есенгелді Ақназарұлы, Оразалы Құдайбергенұлы, Бармақ Болпашұлы секілді старшындар иелі-гіндегі Елемес, Шағырай бастаған 18 адамның және Тама руының Қызыл-құрт бөліміндегі Аманқұл Тілеуліұлы, Жүзбай Жиенқұлұлы, Нұрбай Қомақ-ұлы бастаған 5 адамның айдап кетке-нін анықтайды. Содан 200 жылқы Жағалбайлылардың, қалған 40 бас жылқы Қызылқұрт тамалардың қо-лында екенін көргеннен кейін Бекей Шерғазы хан мен оның жанындағы пристав Горихвостовқа хабарлауға кет-кен. Бекейдің талап, өтінішін қанағат-тандыру үшін Шерғазы хан онымен бір-ге сұлтандар Жүсіп Нұралыұлын, Медетқали Тұрдалыұлын аттандырған. Олар Бекейге жылқыны кері қайтарсын деген хан бұйрығын сондағы беделді тұлғалар арқылы жеткізгенімен, ұры-лар старшын Бармақ Болпашұлының азғыруына еріп, сұлтандар талабын сыйламай, жылқыларды қайтармаған [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2829-іс, 7-8 пп.]. Осы оқиға Шерғазы хан жанындағы Ресейлік пристав, полковник А.З.Горихвостов журналында: «2 қара-ша күні ханға Байұлы руының тана бөлі-міндегі старшын Есенгелді Жанмырза-ұлының баласы Жанкүшік Жағалбайлы руының Ормантай бөлімінің қазақтары өздерінің 140 жылқысын қуып кеткені туралы шағыммен келді. Осы жағдайға орай онда сұлтан Жүсіп Нұралыұлы жі-берілді. Жылқы ұрлағандар Есенгелді старшын тек өткен жылы өздерінен Алаша руы барымталаған 200 жылқы-ны кері қайтарсын деген ниетпен оған қайтаруға келісіп, жылқыны жинай бас-тады. Сол кезде Арынғазы сұлтан жа-нынан елге оралған Бармақ старшын қазақтар ниетіне тоқтау салып, аталған сұлтанның Ордаға оралуына дейін мүл-де ештеңені кері қайтармауға көндірді. Кінәлілер болса, оған қуана-қуана келі-се отырып, Қарғалы өзенінің жоғары жағындағы дала түкпіріне қарай көшіп кетті», - деп баяндалады [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2313-іс, 394-п.]. 7 қарашаға дейін Шерғазы хан ауылында болған Есенгелді баласы Жанкүшік ақырында өз жылқы-сын қайтара алмай, төменгі Орал шебі-не кері аттанып кетеді. Кетер алдында Жанкүшік өзінің жүрдек, ағынды, мініс-ке мықты сұр атын ханға ұнап қалуына байланысты тастап кетуге мәжбүр бол-ған [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2313-іс, 396-п.]. Шерғазы хан 11 қарашада Орынбор губернаторы П.К.Эссенге «Қазір ғана маған Байұлы руының, тана бөлімінің старшыны Есенгелді Жанмырзаұлының туған баласы Бекей Есенгелдіұлы осы күзде жағалбайлы мен қызылқұрт руы-ның ұры қазақтары өзінен 200 жылқы қуып алғанын хабарлады. Мен сол сәт-те-ақ ұрылардан жылқыларды Есенгелді баласына қайтарып беру үшін сұлтан-дар Жүсіп Нұралыұлы мен Меңдияр Әбілғазыұлын аттандырдым. Аталған ұрылар барлық жылқыны қайтару жө-ніндегі менің бұйрығыма мойынсұнып, келіскен. Бірақ жақында Санкт-Петер-бургтен оралған старшын Бармақ Болпасұлы сол сәтте ұрыларды әртүрлі сөзбен азғырып, жылқыны қайтаруға тыйым салып, өзіне шақырып, Елек бо-йында қыстау үшін өзінің туған бауыр-ларымен бірге алып кетті» деп мәлім-дейді [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2829-іс, 1-п.]. П.К.Эссен болса 23 қарашада Шерғазы ханға қазақтар арасындағы барымта-ның Хан кеңесінің қарауына жататы-нын ескертеді. Ол хан бекіткен кеңес шешімімен жәбір көріп, жапа шеккен-дер ғана қанағаттандырылмауы керек, сонымен бірге Бармақ Болпасұлы сияқ-ты хан бұйрығына қарсы шыққан айып-тылар да заң алдындағы жазалаудан тыс қалмауы тиіс дейді. «Ордада өмір сүріп жатқан Хан кеңесі пайдасының сіз-ге толық түрде мәлім екендігіне мен кү-мән келтірмеймін. Осыдан соң маған тек сіздің жақын арада оны құрып, ол туралы хабарды күту ғана қалады» де-уінен-ақ Эссеннің Шерғазы хан өтінішін орындаудан бас тартып, оны Хан кеңе-сіне ысыра салғаны байқалады [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2829-іс, 3-4 пп.].
Жалпы, осы кезде ел ішіндегі жағ-дайдың ушыға түсуіне өткен жылы Ресейге аттанған Арынғазы сұлтанның елге кері қайтарылмауы себеп болған. Бұл туралы 1822 жылы 25 қарашада хан жанындағы пристав Горихвостов-тың Шекаралық комиссияға жолдаған рапортында көрініс тапқан. Полковник-тің айтуынша, Ресей астанасындағы Арынғазы жанынан елге оралған Қаражігіт молда, Шүкірәлі қожа, стар-шын Бармақ Болпашұлының Ордаға келгеннен бергі мінез-құлықтары үкі-мет мақсатымен үйлеспейді. Олар ха-лықты жинап, осыдан бастап үкіметке орыс тұтқындары мен қуылған жылқы-ларын, шептен тоналғандардан ештеңе қайтармауға үгіттеп, көндіруде. Арынғазы сұлтан жақын арада Ордаға оралады, сол кезде мүмкіндігіне қарай қайтарылады деп сендірген олар жаз бойына ордалықтар арасында орын алған барымтаны да қайтармауға, айырбастамауға көндіріп, сұлтанның келуін күту керек деген. Арынғазының Ордаға келуімен кенеттен шеп бойында тыныштық пен тәртіп енгізу үшін бірне-ше тұтқынды қайтарып, барымта бо-йынша айырбас жасап, келісімге келу арқылы үкіметке дәлелдемек болған. «Мұндай мәліметті, - деп жазды Горихвостов, - осы айдағы Байұлы руындағы Есенгелді старшынның 200 жылқысын Жағалбайлы руының айдап алуы дәлелдейді. Жылқыларды кері қайтару үшін Шерғазы хан жіберген сұлтандар Жүсіп Нұралыұлы, Медетқали Тұрдалыұлы және Меңдияр Әбілғазыұлына қазақтар аталған жыл-қыны жинай бастаған кезде Бармақ старшын келіп, халықты жинап, Арынғазы сұлтанның елге оралуына дейін жылқыларды қайтармауға үгітте-ген, содан өз ру басыларын тыңдаған олар оның ұсынысына келісіп, ал қолға түсіп, ұсталып қалмау үшін шептен да-ла түкпіріне көшіп кетті» [Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). Т. IV. 414-415-бб.]. Кейін 9 желтоқ-санда Есенгелді П.К.Эссенге жолдаған өтінішінде өзінің 15 қазанда Орынбор-да болған кезінде жағалбайлы, тама руының қазақтары 240 жылқысын ай-дап алғанын, оның соңынан баласы Бекейдің қуып барғанын тәптіштеп жа-зады. Жағалбайлылар мен қызылқұрт тамалардың өзі мен қарауындағы қа-зақтарға ешқандай наразылығы жоқ-тығын айтып, жылқыны кері қайтаруға көмек сұрайды. Аталған рудың бірінші-сі қазір Жайық бойындағы Верхнеозер-ный, Ильинск, Губерлинск бекіністеріне қарсы бетті қыстаса, екіншісі Елек бо-йындағы Қарабұтақ мекенінде деген ақпарды губернатордың қаперіне береді [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2829-іс, 7-9 пп.].
Елдегі жағдайдың шиеленісуі Есенгелді Жанмырзаұлы бастаған Бай-ұлы старшындарының 20 желтоқсанда Орал казак әскерінің атаманы Д.Бородин-ге Арынғазы сұлтанның елге қажеттігін дәлелдеп, хат жазуына әкелді. «Осы-дан екі жыл бұрын қазақтар арасында-ғы барлық барымта мен талас-тартыс, әрине, Арынғазы сұлтан Әбілғазыұлы-ның тырысушылығы арқасында тоқ-тады, сондықтан біз ол кезде уақытты зор қуанышпен өткіздік. Ал қазір, бұл күндері қазақ жұртының даласында шабуыл арқылы әр түрлі малды қуып кетіп, тонау жасау қайта басталды. Со-нымен бірге біз қазақтардың орыс жұр-тының малын айдап алып, адамдарын тұтқынға алып кетіп жатқанын естудеміз. Осыны естіп біз қатты қамығудамыз, бі-рақ бұл тонауды біз қадірлі сұлтаны-мыз Арынғазысыз тоқтатуға күшіміз бен жағдайымыз жетпейді. Сондықтан біз осы тонаулар үшін мәртебелі ұлы падишах императордың алдында жа-уап беріп қалмаймыз ба деп қауіпте-неміз» дей отырып, атаманнан ақылке-ңес сұрап, көмектесуін өтінді. Хат со-ңына Байұлы руының старшыны Есенгелді Жанмырзаұлы, Қондырау сұлтан Нұралыұлы, Тана руынан Қанай би Қожамжарұлы, Масқар старшында-ры Әбіл Сәтемірұлы, Мырзагелді Аралұлы, Байбақты старшындары Бес Қадырұлы, Қазы тархан Сырымұлы, Қызылқұрт старшыны Айса Сарқыт-ұлы, Жақсыбай би Жиенбайұлы, Тана Сүлеймен би Қадырұлы, Байбақты Тілеубай мырза Әйтімбетұлы, старшын Биселбай Тоғанұлы тәрізді танымал тұлғалар өз мөр, таңбаларын түсірген [Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). Т. IV. 417-б.].
Орынбор губернаторы П.К.Эссен 1823 жылы 16 қаңтарда Шекаралық ко-миссияға өткен күзде Жағалбайлы, та-ма қазақтарының Байұлы старшыны Есенгелді Жанмырзаұлының 240 жыл-қысын айдап кетіп, Шерғазы хан кері қайтаруды талап еткенмен одан еш нә-тиже шықпағанын мәлімдейді. Ал 14 наурызда комиссия Есенгелдінің қуыл-ған жылқыларын кері қайтару үшін ба-ласы Бекейдің Шерғазы хан мен оның жанындағы пристав Горихвостовқа өті-ніш жасағанымен, айыптылар бұрын Губерлинск, Ильинск дистанциялары маңында көшіп-қонғанымен, қазір да-ла түкпіріне кетіп қалуына орай олар-дан жылқыларды кері қайтарып, өзде-рін шепке беруге ешқандай мүмкіндік жоқ деген жауап алғанын айтады. Осындай жағдайға байланысты комис-сия Есенгелді старшынның өтінішін орындаудың басқа еш амалын көрмей-ді деумен шектелді [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2829-іс, 11-13 пп.].

Құн дауы
1823 жылдың көктемінде Есенгелді старшынның ішкі беттегі сұлтан Сары Есімұлының иелігіне қарасты Қалқаман тана руының қазағы Орысбай (немесе Оразбай – Ж.А.) Қарабайұлымен арада-ғы қатынасы шиеленісе түседі. Оған өт-кен қыста Орысбай бауырының Есенгелді-нің туған баласы Бөлекбай қолынан қа-за тапты деген шағымы себеп болған. Есенгелді болса Орысбай өз туысының өліміне баласы Бөлекбайға мүлде бе-кер әрі жалған күдік келтіріп, сол арқы-лы өзінің жылқыларын ұрлап алғанын айтады. Кейін тағы да үйірден таңдаулы жылқылары мен біраз қойын айдап алған соң, оған төзе алмаған Есенгелді Орысбайға өз адамын аттандырған. Егер Бөлекбайға қоятын талап-шағымы болса, ондай жағдайда Мұхаммед за-ңы бойынша сотқа берсін деген. Содан Орысбай Қарабайұлы өзінің бауырлары Құлшық Бөкейұлы, Атантай және Атанбек Майлыбайұлдары, Қарашал Тоқайұлы, Байқұт Қадырұлын ертіп Есенгелдінің ауылына келіп, қаза тап-қан бауыры үшін құн талап еткен. Ол сотқа өз туысының Бөлекбайдың қо-лынан өлгендігін дәлелдеу үшін 4 куә-гер алып келуге міндетті болған. Дәлел-денген соң барып құн алатын. Орысбай осы шартты көктемде орындауға келіс-кенімен, оны орындамаған. Егер құн төленбесе бауыры үшін Есенгелдінің балаларының бірін өлтіретінін айтқан. Есенгелді болса бұл мәселеге төрелік етуді старшын Қазы Сырымұлына тап-сыруды ұйғарған. Орысбайдың куәгер-лері Қазының көзінше дәлелдеп, содан соң оның шығарған шешіміне сай Есенгелдіден өндіріп алатын болған. Есенгелдінің осындай заңды шешімін ордалықтар мақұлдағанымен, Орысбай Қарабайұлы оған көнбей, ауылына кері қайтқан. Есенгелдіге не істейтінін ол өзіне қолайлы уақытта өзі шешетінін айтып қорқытқан. Қайтар жо-лында Есенгелдінің жылқы үйірінен 42 басты ішкі бетке айдап кеткен, бірақ олардың соңынан бақташылар қуып жетіп, жартысынан көбін алып қалға-нымен олар 15 жылқыны айдап кеткен [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3144-іс, 1-2, 7-8 пп.].
1823 жылы 6 мамырда Орысбай-дың Сұлтан атты баласы өз туыстары-мен Есенгелдінің Байғұтты деген туы-сының қарауындағы жылқы үйіріне келіп, оны ұстап, алып кеткен. Байғұт-тыны өлтіруге ниеттеніп, қатты жазала-ғанымен Беріш руының старшыны Тастемір Құсатұлы мен Ысық Балыбай Байтұрұлы оның өліміне жауап беріп қалармыз деген қауіппен араша түскен. Бұған ренжіген Сұлтан өз жолдастары-мен кетіп қалып, Байғұттыны қорғаған беріштердің жылқыларын барымтала-ған. Мұнымен шектелмей Орысбай мен Сұлтан Есенгелдінің баласы Бөлекбайды қолайлы сәт туған кезде көзін құртамыз деп қорқытқан. Көп ұзамай 14 маусымда Есенгелді Орынбор губернаторы П.К.Эссенге «Осыдан соң мен балаларымды малы-ма жіберуге қауіптенемін, малым бол-са қараусыз қалуда» деуге мәжбүр бол-ған. Ол Сары сұлтанға бұйрық жіберіп, сонымен бірге Орысбай Қарабайұлына аталған істің шешімін тапқанға дейін балаларын ренжітпей, малына тиіспе-уін өтінген. Ішкі беттегі Қалқаман тана қазақтарына Орал казак әскері жерінен бөліп берілген жерге кірмеуін, одан әрі қарай Нарын құмына кетуін, өйткені мұндағы жерде болса олар әр түрлі даушарды бастайтынын жеткізеді [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3144-іс, 2-3 пп.]. Кейін 26 шілдеде Есенгелді старшын губернаторға тағы да өтініш жолдап, Орысбай Қарабайұлының баласы Бөлекбайға әділетсіз талап қойып, бе-кер кінә тағады дейді. Егер де Орысбай өз бауырларымен қоғамдық тәртіпке бағынбай, жылқыларын үздіксіз қуып ала беретін болса, онда өз тарапының жастары да қарап қалмайтынын, олар да Орысбайдың істегені сияқты, оның жылқысын айдап алатынын, сол арқы-лы орда іші талан-таражға түсе ме деп қауіптенген. Жәбір көрген тарапты қа-нағаттандыру үшін тез арада Орал ка-зак әскеріне бұйрық жіберіп, соның ше-шіміне дейін Орысбайды бауырлары-мен бірге күздің түсуімен әрі қыс кезін-де Өзеннен, Қамыс Самардан кетіру ке-рек деген. Егерде олар сол жерде ор-наласатын болса, малдарының арала-сып кетуіне байланысты олар тағы да айдап алуы мүмкін [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3144-іс, 7-13 пп.]. П.К.Эссен осы өтініш-терді Шекаралық комиссияға тек тамыз соңында ғана ұсынған.
Кіші жүздегі оқиғаларды өз журна-лына тіркеп отырған хан жанындағы пристав Горихвостов 1823 жылы 8 шіл-дедегі жазбасында: «Шерғазы хан Шекті ауылындағы Жекей бөліміндегі старшын Қосуақ Мұсылманұлының кіші қызын айттыруға барды. Оны Байұлы руының старшыны Есенгелді Жанмырза-ұлы өзінің кіші ұлы Бекенге құдаласты-рып қойған. Бұл әдетте оларда күйеу жі-гіттің жағдайына қарай қалың беруден тұрады, бірақ ол той кезінде қалың-дықпен бірге кері қайтарылады, ал кей сәтте үстіне қосылып беріледі, алайда қалыңдықтан өзге ештеңені алмау жиі кездеспейді. Қосуақ қызының қалыңы-на 4 жақсы шапан, 10 қарапайым ша-пан, 50 жылқы, 6 түйе, 250 қой алды және осынша қалыңды қызын күйеуге беру алдында алуға тиісті, әрине өзі де әдет бойынша қарымын қайтарды», - деп сипаттайды [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2313-іс, 531-п.]. Міне, осы полковник жазбасында Бекен деп келтірілген Есенгелдінің баласы Бекей емес пе екен деген ой келеді. Себебі, бірінші-ден, Бекей дегенді жазуда Бекен деп соңғы әрпінен шатасып, қателесіп кетуі мүмкін. Екіншіден, Есенгелдінің Бекен есімді баласының болғандығы жөнінде мәлімет кездесе қоймады. Үшіншіден, жазушы В.И.Дальдің Бекейді Есенгелді-нің кіші ұлы деп көрсетуі де осы пікірді қуаттай түсетіндей.

Шептегі шиеленіс
Шеп бойындағы казак-орыстармен арадағы шиеленісті жағдайлар осы жылдары да жалғасып жатты. 1823 жы-лы 9 ақпанда Орал әскери кеңсесінен Есенгелді старшынның туыстарының малы Лбішін форпостының казагы Иван Митрясовтың пішенін таптағаны туралы хабар Шекаралық комиссияға жеткен. Кейін 3 тамызда губернаторға мәлім болған. Оған зер салсақ, мына-дай жәйттерге куә боламыз.
Біріншіден, казак Митрясов 1821 жы-лы 1 желтоқсанда Әскери кеңсеге бер-ген өтінішінде Байұлы руының Тана бө-ліміндегі старшын Есенгелді Жанмырза-ұлының туыстарының жылқылары ішкі беттегі алты маядан тұратын пішенін таптағанын жазып, әрқайсысы алты-жеті арбадан тұратын шөптің бағасы 120 сом құрайды деп санаған. Сол пі-шеннен олар екі жылқы, яғни жирен ат пен құла айғыр алған. Оның біріншісі тапталған шөпке төлеу үшін беремін деген уәдесіне сай Есенгелді старшын-ға берілсе, ал 45 сомнан аспайтын соң-ғысы Митрясовта қалған.
Екіншіден, Орал әскери кеңсесі сол күні дистанция бастығы есаул Ливкинге шын мәнінде казак Митрясовтың қанша пішені тапталғанын анықтауды және Есенгелді старшынды шепке шақырып, оған шағымды жоғары басшылыққа жеткізбей, тапталған пішен үшін тиісті ақысын төлеуді ұсынуды тапсырған.
Үшіншіден, Орал казак әскерінің бұрынғы атаманы Бородин 1822 жылы 27 наурызда әскери кеңсеге Лбішін фор-постында тұратын есаул Акутин қазақ-тың атын тартып алып, оған еш құқығы болмаса да тапталған пішені үшін өзін-де ұстап отыр деген. Алайда Акутин тап-талған пішені туралы ешқайда хабарла-маған әрі куәландырмаған. Қазақтар өті-нішіне сәйкес Лбішін форпостының бас-тығы жүзбасы Поликарпов жылқыны ие-сіне қайтару туралы Акутиннен талап еткенімен, бірақ ол құлақ аспаған. Со-дан Бородин Акутиннің бұл қылығын заңбұзушылық деп, ұстап алған жыл-қыны иесіне қайтаруды ұсынған. Әске-ри кеңсенің бұл жарлығын есаул Логинов орындаған.
Төртіншіден, дистанция бастығы есаул Ливкин әскери кеңсенің ұсыны-сына сай, Лбішін форпостының басты-ғы жүзбасы Поликарповтың қатынас қағазы мен казак Митрясовтың таптал-ған пішеніне байланысты М.Маркелов, А.Лабаков деген казактардың жауапта-рын ұсынған. Оның біріншісі Митрясов-тың тапталған пішенінде тек 23 арба ға-на болған деп куәлік берсе, соңғысы да оны қуаттай отырып, тергеу кезінде өзі арыз-талабын 140 сомға, құла айғырды тек 40 сомға бағалағанын айтқан. Осы-ны саралаған Шекаралық комиссия Митрясовтың тапталған 23 арба пішені-нің төлеміне оның ұстап алған қазақ атын өзінде қалдыруын ұйғарып, ал қалған талабын 1765 жылғы 22 тамыз-дағы жарлық негізінде қабыл алмау ке-рек, өйткені ол өз өтінішінде тек қана қазақ мүлкінен дәмеленіп, жиырма сомды артық көрсетті деген шешімге келген. Өз еркімен еш себепсіз қазақ атын тартып алған есаул Акутинге де осындай қорытынды шығарған. Осы шешіммен танысқан губернатор П.К.Эссен 10 тамызда оны комиссияға орындау-ды, ал Орал әскери кеңсесіне есаул Акутинге қатаң сөгіс беруді бұйырды [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3035а-іс, 1-4 пп.].

(Жалғасы бар)

Қаралым саны 2494

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463