Дәрігер Дәулетшах

Альфия БАЙБУЛСИНОВА,
М.Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
ҚР тарихы кафедрасының аға оқытушысы,
тарих ғылымдарының кандидаты

Қазақ тарихында есімі елеусіз қалған қоғам қайраткерінің ішінде еуропалық үлгіде білім беретін Мәскеу императорлық университетінің түлегі, алғашқы жоғары білімді қазақ дәрігерлерінің бірі Күсепқалиев Дәулетшахтың орны ерекше. Дәулетшах туралы алғаш рет ғылым жолындағы ұстазым Бақтығұл Бірімжаровтан естіген едім. Мақаш Бекмұхамедов, Шәңгерей Бөкеев туралы мақала жазған кезімізде ұстазымның: «...ел аузында есімі сақталса да, тарихта өз бағасын ала алмай келе жатқан Дәулетшах Күсепқалиев туралы да мағлұмат тауып, ел назарына салсақ, қайраткердің атқарған шексіз еңбегін тамшыдай болса да ақтағандай болар едік» дегені жадымда қалды. Осы уақытқа дейін ұстазым Б.Бірімжаров тапсырған аманат – Д.Күсепқалиев туралы мағлұматты жинақтап, ел назарына ұсынуды, қайраткер туралы халқының жадына салып қоюды мақсат еттім.

Дәулетше (Дәулетшах) Күсепқалиев 1874 жылы 23 (25) тамызда Орал облы-сының Калмыково уезінде ақсүйектер отбасында туған делінеді. Негізінен Дәулетшах Екатеринослов уезі, Старо-сербск қаласында дүниеге келген. Алаштанушы Д.Сүлейменова Қазақ ССР Мемлекеттік Орталық мұрағатындағы Жымпитының құрылу тарихы және Халел Досмұхамедов, Дәулетшах Күсепқалиев жөніндегі естелік мәлімет-терге сүйене отырып, Дәулетшахтың әкесі Жүсіп 1874 жылы Сібірге жер ау-дарылады, сол жылы Дәулетшах дүние-ге келді деп жазады. Әкесі Жүсіп елге келгенде Дәулетшах 10 жасар бала бол-ған. Тегі – төре, соның ішінде Нұралы хан тұқымы. Атасы Нұралының Орманы-нан туған [1, 142-147 бб.].
Дәулетшах Күсепқалиев ХVІІІ ғасыр-дағы Кіші жүздің ханы әйгілі Әбілқайыр-дан тарайды. Оны Д.Күсепқалиевтың жиен немересі Райса Қасаболатованың қолында сақтаған, Ресей мұрағаттары-нан арнайы сұратқан құжаттар да рас-тайды. Р.Қасаболатова берген Д.Күсепқалиевтың метрикалық куәлігі-нің көшірмесінде: «Дано сіе свидътель-ство Султану Юсуфгирею Кусябгалиеву Нуралиханову въ томъ, что отъ закон-ного брака Султана Юсуфгирея и его супруги Хадиши, въ 1874 году 25-го августа родился сынъ Давлетшахъ Кусябгаліевъ Нуралиханов ...» - деп жа-зылған [2,1п] .
Оның есімі әр түрлі деректе әр түрлі жазылады: Дәулетше, Дәулетшах, Дәулет, алайда Күсепқалиевтің дұрыс аты Дәулетшах. Дәулетшах Күсепқалиев-тің атасы Күсепқали Орманов болған.
Күсепқали Ормановтан ағайынды төрт ұл тарайды: Юсуфгирей (қазақша Жүсіп деп те айтылады), Адильгерей, Шангерей, Салимгерей. Дәулетшах Күсепқалиевтің әкесі сұлтан Юсуфгирей (мұрағат құжаттарында жазылғандағы-дай) Күсепқалиев болса, сұлтан Юсуфгирейдің әкесі Күсепқали Орманов, ал Күсепқали Ормановтың әкесі сұлтан Нұралы ханның ұлы Орман болған екен [4, 4-5п]. Күсепқали Ормановтың бала-лары Ахметше, Әділгерей, Шәңгерей, Сәлімгерей, Жүсіп.
Күсепқали сұлтан балаларымен бір-ге Ресейдің отарлық саясатына наразы-лық білдіріп, 1868-70 жылдарда қазақ даласында реформа жүргізуге қарсы Кіші жүз қазақтарының көтерілісіне, 1869 жылы күзде Жем өзенінің бойын-дағы подполковник Новокрещенов пен фон Штемпельдің тұрақты әскерлері-мен болған шайқасқа қатысады. Калмыков уезі бастығының көмекшісі қызметіндегі Сырым батырдың неме-ресі Омар Қазиевтің араласуымен Күсепқали сұлтан, оның немере інілері Қуат пен Шора Сүгірәлиевтер, олармен бірге көтеріліске қатысқан бірнеше адам тұтқындалады. Күсепқали балала-рымен бірге алғашында бір жарым жыл Орал түрмесінде жатып, кейін әскери комиссияның шешімімен Екатерино-славск губерниясындағы Старосербск деген жерге айдауға жіберіледі. Бірақ Күсепқали жолда қайтыс болып, денесі Ростов қаласындағы бейіттің мұсылман-дар жерленетін жағына қойылады [5, 306].
Жүсіптің баласы Дәулетшах Старо-сербск қаласында дүниеге келеді. Күсепқали сұлтанның ұрпақтарының тірі қалғандары Самара губерниясын-дағы Жаңаөзен уезінде қалып қойып, тек кейінірек туған жеріне оралады. Сондықтан Дәулетшах 1880 жылы тірі қалған ағаларымен бірге елге – Жайық өңіріндегі Азынабай-Тайпақ атырабы-на, атамекені Ақбақай жайлауына (қа-зіргі Қаратөбе ауданы Саралжын ауылы маңына) оралады [Р.Қасаболатованың естелік хаты бойынша]. Сонымен қатар Дәулетшах Күсепқалиевтың арғы ата-тегін растайтын, 96 адам қол қойып, рулық таңбасын басқан, 2-інші Өлеңті болысының басқармасынан деп мөрі басылған хаттың көшірмесін де Р.Қасаболатова берді. Онда 1895 жылы 16 маусымда Орал облысы, Калмыков уезі, Өлеңті болысының №2 ауылының 96 тұрғыны жазған сословия жөніндегі үкімде Орынбор классикалық гимна-зиясын бітіріп, үздік оқуы мен тәртібі үшін күміс медальға ие болған Дәулетшах Күсепқалиевті артықшылық-тарға ие сұлтан рангісіне жатқызуды үкім еткен. Олардың айтуынша, Дәулетшах Күсепқалиев бүкіл Кіші Орда ханы Сұлтан Нұралы ханның тікелей ұрпағы болып есептеледі [7, 31 п].
Дәулетшах Күсепқалиев болыстық орыс-қазақ мектебіне оқуға түсіп, хат таныған. Одан кейін 1887 жылы Орынбор қаласындағы классикалық ерлер гимназиясын оқып, оны күміс медальмен 1895 жылдың 8 маусымын-да аяқтаған.
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қорындағы Дәулетшах Күсепқалиевтің жеке іс-па-рағында Орынбор классикалық гимна-зиясының ғылым курсын күміс медаль-мен бітіргендігі туралы жазылған: «Во вниманіе къ постоянно-отличному по-веденію, прилежанію и къ отличнымъ успъхамъ въ наукахъ Педагогическій Совътъ постановил наградить его Кусябгаліева, серебряною медалью и выдать ему аттестатъ зрълости, предос-тавляющій ему всъ права, обозначен-ныя въ № 130-132 ВЫСОЧАЙШЕ утверж-деннаго 30 Іюля 1871 г. Устава гимназій и прогимназіи въдомства Министер-ства Народнаго Просвъщенія Оренбургъ, Іюня 8 дня 1895 года».
1895 жылы 1 шілдеде Дәулетшах Күсепқалиев Орынбор классикалық гимназиясының ғылым курсын күміс медальмен бітірген соң, Мәскеу импе-раторлық университетінің ректорына сол университеттің медициналық фа-культетіне қабылдауға өтініш жаза оты-рып, университеттің барлық ережелері мен қаулыларын қатаң ұстанатынды-ғын айтады. 1895 жылдың 1-інші шіл-десінде Император атындағы Мәскеу университетіне қабылданады [ 5, 19 п].
Дәрігер Дәулетшах Күсепқалиев 1900 жылы 12 маусымда осы оқу орнын тәмамдап, императорлық Мәскеу университетінің медициналық факультетінде университет жанындағы Медициналық тексеру-сараптама ко-миссиясынан 1900 жылдың қыркүйек-қазан айларында өтеді. Мемлекеттік Кеңестің шешімі бойынша аса жоғары бағалауға ие болып, 1900 жылы 14 қа-занда барлық артықшылықтар мен құ-қықтарға ие лекарь атағын алады. Одан кейін арада көп уақыт өтпей Дәулетшах Күсепқалиев дәрігер атағына да ие бол-ғаны туралы куәлікте былайша жазыл-ған: «Отъ Съвета Императорского Московского Университета Лъкарю Давлетшаху Кусябгаліеву дано сіе сви-дътельство въ томъ, что онъ, по надле-жащемъ, испытаніи въ Медицинскомъ Факультетъ о предъленіемъ Универси-тетского Совъта 16-го декабря 1900 го-да состоявшимся, утвержденъ въ зва-ніи Уъздного Врача...».
Дәулетшахтың Мәскеу император-лық университетін бітіргендігін растай-тын куәлігінде «Предьявитель сего Кусябгаліев Давлетшахъ Юсуфгиреевъ, Магометанского въроисновъданія, сынъ Султана из Киргизовъ родившійся 23 августа 1874 года въ Калмыков.у. Уральской обл, по аттестату зрълости Оренбургской гимназіи съ серебряною медалью принять быль въ число сту-дентовъ ИМПЕРАТОРСКОГО Московско-го Университета въ Іюль 1895 года и зачисленъ на медицинскій факультетъ, по исторіи медицины и эпизоотологіи съ ветеринарною полиціей, участвовал въ установленныхъ учебнымъ планомъ практическихъ занятіяхъ; подвергался полукурсовому испытанію изъ 1-й части въ 1896 году изъ 2-й части въ 1897 году...» деп оның қандай бағытта білім алғанын көрсеткен [5,11 п] .
Студенттік жылдары Дәулетшах Күсепқалиев Орал әскери Казачество-сының басқармасынан стипендия (шә-кіртақы) алып оқыған. Кейбір деректер бойынша осы университеттің заң фа-культетінде қатар оқып, екі дипломды бірге алған.
Д.Күсепқаливтің қоғамдық-саяси көзқарасы қалыптасуына ол білім ал-ған Ресейдегі қоғамдық-саяси оқиға-лар да, өзі шыққан қалың қазақ орта-сының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының ықпалы да зор бол-ғаны күмәнсіз. Өзі сияқты көзі қарақты орыс дәрігерлерімен тәжірибе алма-суы, орталық қалалардағы алқалы жиындарға қатысуы оның дәрігерлік тәжірибесі артуына ғана емес, саяси ойы шыңдалуына да әсер етті.
Р.Қасаболатованың айтуынша, 1919 жылы әкесі Е.Қасаболатов және тағы бірнеше адам атаман А.У.Дутовтың қо-лына тұтқынға түскенде, осы Дәулетшах өзі арнайы барып, Дутовпен кездесіп, оларды тұтқыннан босатып алған.
Дәулетшахтың дәрігерлік қызметі басталған кезеңдегі Қазақстандағы денсаулық ісі жағдайы өте төмен еді. Себебі Қазақстан қазан төңкерісіне де-йін экономикалық және мәдени жағы-нан мешеулеп, артта қалған Ресей пат-шалығының шеткі аймақтарының бірі еді. Ауыр тұрмыс жағдайы, медицина-лық көмектің жоқтығы бұқара арасын-да түрлі аурудың таралуына себепші болды. Ол 1895 жылы Орал облысына қарасты Ілбішін уезіндегі 2-інші меди-цина-ауылдық учаскіге дәрігер болып бекітілді, Қарағаш, Өлеңті, Жымпиты, Соналы, Қалдығайты болыстарына дә-рігерлік қызмет көрсетті [5,20 п].
Кеңес өкіметі орнағанға дейінгі қа-зақ халқының өмірі мал шаруашылы-ғымен тығыз байланысты болды. Сол себепті көптеген жұқпалы ауру, соның ішінде малдан жұғатын бруцеллез, ту-беркулез, түйнеме, құтыру, туляремия т.б. аурулар қазақ арасында кең етек алды. 1898 жылы 585894 шаршы шақы-рым жер көлемі бар бүкіл Батыс Қазақстан территориясында 587446 адамға 11 дәрігер, 28 фельдшер, 7 акушер (кіндік шеше) болды [8, 139 б].
Ал кең байтақ қазақ даласында 1913 жылы небары 1800 төсегі бар 98 аурухана, 96 емхана болды, яғни 14 мың шаршы километр жерге бір медицина-лық орыннан келді. Қазақстандағы бар-лық дәрігер саны 200-ге жетпейтін, ал олардың басым көпшілігі тек қалалар-да ғана жұмыс істейтін. Мұндай көрсет-кіш сол кезеңде дәрігерлік көмектің тиісті дәрежеде көрсетілмеуін дәлел-дейді. Осыған орай елді көптеген жұқ-палы аурулар шарлады, әсіресе бала өлімі өте көп болды. Мысалы, 1913 жы-лы Орал өңіріндегі көшпелі қазақтар арасында бір жылдың ішінде 7654 ба-ла туса, сол жылы өлген балалардың саны 7702-ге жеткен, яғни өлім саны туғандардан асып түскен». Себебі бұл кезеңде қазақ халқы арасында дәрігер мүлде жоқтың қасы еді, бар орыс дәрі-герлер қазақтардың жағдайын ұға ал-мады, әрі олар халық арасына далаға барып жұмыс істеуге мүдделі болмады [8,145 б].
Қазақстанның осындай ауыр кезе-ңінде Ресейдің орталығынан дәрігерлік білім алып келген Д.Күсепқалиев өз халқына қызмет ету жұмыстарына бел-сене араласа бастайды.
Бұл кезеңде Батыс Қазақстан айма-ғындағы дәрігерлік қызметтің басты түрі земстволық медицина болды. 1898 жылдың 8 шілдесіндегі Мемлекеттік Кеңестің «Орал және Торғай облыста-рының уездеріндегі дәрігерлік бөлім-дерді дәрігерлік учаскелерге бөлу тура-лы» өкімінен кейін 1899 жылдан земс-тволық медицинаның дәрігерлік учас-келері Орал облысында да қалыптас-тырылады. Енгізілген штат санына қа-рай Орал облысы 1899 жылдың 1 қаң-тарынан 11 дәрігерлік учаскеге бөліне-ді. Әрбір учаскеге дәрігер, фельдшер және фельдшер-акушер бөлінеді. Осы кезеңде Д.Күсепқалиев университетті бітірісімен, Орал губерниясының Жым-питы уезіндегі учаскелік (25 төсектік) ауруханасына дәрігер етіп жіберіледі. Жымпиты ауруханасы, медициналық көмек көрсету үшін қазақ жерінде ең алғаш ашылған үш аурухананың бірі. (1894 жылы ашылған). Ол кезде де жоғары білімі бар дәрігер болмаған участоктерде орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасаған. Алғаш-қы жоғары білімі бар қазақ дәрігері Дәулетшах Күсепқалиев 1896 жылы ау-руханаға келіп еңбек етеді. Ол кезде Жымпиты уезі 36 болысты қамтыған. Бұл кезеңдегі өлкенің санитарлық жағ-дайы өте ауыр болған. Адам өлімінің басты себебі безгек, оба, сүзек аурула-ры болды және ол дертпен ауырған-дардың өліміне ең басты себептің бірі халыққа ауруханалық көмектің болма-уы деп көрсетіледі. Тек Орал облысы-ның өзінде 1899 жылы мерез ауруына шалдыққан 1691 жағдай тіркелген. «1899 жылдағы Орал облысына Шолу-да» «бұл аурулардың өкінішке қарай қырғыз халқының арасында күшейіп отырғаны, оның тез таралуына: 1) көш-пелі тұрмыс пен қырғыздардың өзара кең араласуы; 2) халықтың бұл ауру-дың пайда болуымен, оның жұқпалы кезеңімен таныс еместігі; 3) қырғыз да-ласында судың жеткіліксіздігіне орай үй тұрмысындағы қырғыздардың лас-тығы; 4) халыққа ауруханалық көмектің жеткіліксіздігі ықпал етіп отыр» деп көрсетілген [8, 60 б.].
Осындай жағдайдың бел ортасында жүрген Д.Күсепқалиев сол кезеңде өзі-мен қызметтес болған дәрігерлер Т.Құдайқұов, С.Қазиев, А.Маликовтар-мен бірге бірнеше рет берген ұсыныс-тарына орай, 1899 жылы Жымпиты қырғыздық қоғамдық ауруханасы об-лыстық қырғыз земство басқармасына жіберіледі. Бұл аурухананы ұстауға жы-лына 4750 сом жұмсалса, дәрігердің жалақысы 800 сом, фельдшердікі 300 сом, фельдшер-акушердікі 360 сом болған [9,47 б.].
Сөйтіп, Д.Күсепқалиев өлке халқы-на дәрігерлік қызмет көрсету жұмыста-рының бел ортасында жүреді. 1902 жы-лы өзінің туған жері Тайпақ ауылына дәрігер болып келіп, осы өңірде алғаш рет шағын аурухана ашуға ұйытқы бо-лады. Алғашқы жылдары осы өзі ұйым-дастырған ауруханада жемісті жұмыс жүргізеді. Бүкіл Тайпақ өңірінде жалғыз дәрігер атанады.
1903 жылдан Орал облысындағы Гурьев уезіне қарасты 2-учаскенің Өлеңті, Қызылқоға, Ойыл, Сүрелі, Есбол, Қарабау, Сламихын, Керімақас, Қайығайшы, Жымпиты, Қиыл, тағы басқа болыстар-ға дәрігер етіп жұмысқа жіберіледі, әрі осы учаскеде крестьянский начальник, Кермеқас 1 кластық орыс-қазақ учили-щесінің қамқоршы-попечителі қызме-тін атқарады. Онда Дәулетшах тек дәрі-герлік жұмысын атқарып қана қоймай, қара қазақтың сауатын ашуда өзінің үлкен үлесін қосады. Ол Керімақаста II жылдық орыс-қырғыз мектебін ашуда белсенді қайраткердің бірі болады. Мұндай білім беру саласына қамқор-лық етуі сол кезеңдегі өзге зиялы қа-зақтар сияқты жергілікті халықтың бі-лім алуы қандай деген мәселені толық түсінуімен байланысты болды. Дәрігер-лік қызметімен қатар Дәулетшах қазақ-тар арасына орыс тілінің таралуына үл-кен ықпал жасаған.
Көрнекті қазақ ақыны Шәңгерейдің ағасы Мұхамедкерей Бөкеевтің қызы Айшаға үйленеді. Бірақ оның ұрпақта-ры туралы мәлімет жоқ.
1912 жылы Жымпиты земстволық ауруханасының меңгерушісі болып та-ғайындалады. 1912 жылдан бастап Жымпиты земстволық ауруханасының меңгерушісі болумен қатар, ол сондай-ақ крестьянский начальник деген лауа-зымға ие болады. Облыстық земство жиынының қаржысын пайдалана оты-рып, ауруханада жүйке сырқатына шал-дыққандарды емдейтін бөлімше, пер-зентхана ашуға ұйытқы болды. 1912 жы-лы Жымпиты земстволық ауруханасы-ның меңгерушісі бола отырып, ол дәрі-гер Н.А.Селезневпен бірге Жымпиты по-селкасының төңірегіне ұялаған обаның шығуына және таралуын жою жұмыста-рына белсене қатысады. Ол үшін уақыт-ша обаға қарсы лаборатория мен обаға қарсы дәрі дәрмектер қоймасы ашыла-ды [10,31 б.].
Ол кезеңде Жымпиты ауруханасы земствоның қаржысымен жұмыс жаса-ған. Ол аурухананың меңгерушісі ғана болып қоймай, емдеумен бірге ауруды алдын ала болдырмау шараларын жү-зеге асыруда алғашқы бастамашы бол-ған. Әсіресе оба, шешек ауруларымен күресте өте көп еңбек сіңірген.
1914 жылы Дәулетшах салына баста-ған Тайпақ ауруханасына меңгеруші етіп жіберіледі. Ол өз денсаулығының нашар-лығына қарамастан халыққа медицина-лық қызмет көрсетуде аянбай еңбек етеді. Қырғыз (қазақ) революциялық комитетінің құрамына енеді. Кейін ол біраз уақыт облыстық санэпидстанса-сын басқарады. Денсаулығының төмен әсерінен Қырғыз революциялық коми-тетінен Жымпиты уезіне қайта жіберуін өтінеді. Бұл жөнінде (1920 жылдың 19-шы маусымда) Орал облыстық революция-лық комитеттің дәрігері Д.Күсепқалиев-тің Оралдан шыққандығы жөнінен ха-барлауыңызды өтінеміз. «Онсыз уезд дәрігерсіз қалды» - деп ревком предсе-дателі Е.Қасаболатов телеграмма жібе-реді.
Аурухананың аяқталуына байланыс-ты ол Жымпитыға қайтып оралады. Бұл жерде өзінің халыққа қызмет ету жұмы-сын жалғастырады. Оның жұмысының басты бағыты сол кезеңде қазақ халқы-ның арасында белең алып отырған жұқ-палы аурулармен күрес шаралары бол-ды. Себебі 1915 жылы Батыс Қазақстан-да оба ауруының 116, холераның 92 жағ-дайы тіркелген [11,87 б.]. Бұл аурулар-мен күрес жергілікті дәрігерлердің кү-шімен жүзеге асырылады. Сондықтан бұл бағытта Батыс Қазақстан аймағы-ның бірқатар болыстарын қараушы дә-рігер ретіндегі Күсепқалиевтің еңбегі зор болды. Оған дәлел, дәрігерлік инспек-тор міндетін атқарушы, кейіннен Батыс Қазақстан денсаулық сақтау ісінің ірі қайраткерінің бірі және ұйымдастыру-шы А.В. Гекке 1915 жылы Жымпиты ау-руханасының дәрігері Дәулетшахтың болыс территориясында обаның өрші-ген уақытында қалай еңбек еткені жәй-лі «Оба эпидемиясы кезеңінде медици-на қызметкерлерінің тұрмыс жағдайы өте төмен дәрежеде болды, қажетті ме-бельдер жетіспейді. Күнделікті сапасыз даярланған тамақпен кермек су асқа-зан ауруына шалдықтырады. Бір орын-нан екінші орынға жайдақ не арбамен жету осының бәрі дәрігердің денсаулы-ғына үлкен әсер етеді. Медицина қыз-меткерлеріне жағдай туғызу төмен дә-режеде еді, - деп жазды [5,12 п].
Оның белсенді жұмыстарының ба-рысында 1915 жылы Жымпиты земство-лық қырғыз ауруханасының қуаты 35 ке-реуетке ұлғаяды. Саратовтық эпидемио-лог-дәрігер Г.Кольцовпен бірге алғаш қазақ даласында обаға қарсы күресетін лаборатория ұйымдастырды, жұқпалы ауруларға қарсы егу жұмыстарын жүр-гізді. 1914 жылы Самара қаласында өт-кен облыстық обаға қарсы күрес съезі-не қатысып, жан-жақты баяндама жаса-ды. Бұл оқиғаға Міржақып Дулатов «Қазақ» газетінде мақала арнады. Дәулетшах Күсепқалиев, сондай-ақ «Қазақ» газетіне қалам қызметімен қолдау көрсеткендердің бірі. Осы ең-бегі үшін газет басқармасы 1914 жылы 45-ші нөмірінде оған басқа азаматтар-мен бірге алғыс айтты.
Д.Күсепқалиев Ішкі (Бөкей) қырғыз ордасының дәрігерлері сияқты бірне-ше рет Ресейдің көрші губернияларын-дағы обаға қарсы съездердің жұмысы-на қатысады. Оның «Орал облысында-ғы обаның шығуы» деп аталатын алғаш-қы баяндамасын (61ші бет) 1910 жылы Астрахандағы Астрахан губерниясы мен орал облысындағы обаға қарсы шараларға қатысушылардың съезінде жасады. Бұл съезд жөнінде және сол кезеңдегі халық үшін өте қауіпті болып отырған оба мәселесі «Астрахан дәрі-герлерінің қоғамының хабарламасы-нын №2 жарияланады. Ал «Обаның ал-дын алу шаралары туралы» деп атала-тын екінші баяндамасы 1914 жылы Самара қаласындағы съезде жасалып, ол 1914 жылы «Самара қаласындағы обамен күрес жөніндегі съезд еңбекте-рі» деп аталатын жинақта жариялана-ды [8,175 б]. Өз баяндамаларында Д.Күсепқалиев қазақ далаларында дә-рігерлік-бақылау пункттерін ұйымдас-тыру қажеттігін ғылыми тұрғыдан негіз-дейді. Мұның өзі көп ұзамай қазақ да-ласында дәрігерлік-бақылау пункттері-нің ашылуына, дәрігерлер қатарының артуына алып келді.
Нәтижесінде 1899-1915 жылдарда Орал облысы мен Торғай облысының екі уезін қосқанда дәрігерлік қызмет түрлерінің көлемінің жағдайы жақсара-ды[8, 64 б].
Өлкедегі дәрігерлер санының азды-ғы мынадай себептермен: 1) империя-лық әкімшіліктің ұлттық шет аймақтар-дағы халықтардың білім алуына мүд-делі болмауы; 2) қазақ жастарының ба-сым көпшілігінің аяқталған гимназия-лық білімінің болмауы мен университет-тердің медициналық факультеттерінде оқуға мүмкіндігінің болмауымен; 3) орыс дәрігерлерінің арасында қазақ даласы-на барып жұмыс жасауға тілек білдіру-шілердің аз болуымен түсіндірілді. Де-генмен 1915 жылы Батыс Қазақстанда тек қазақ ұлтынан барлығы 6 дәрігер, 26 фельдшер, оның ішінде 2 дәрігер мен 13 фельдшер Ішкі (Бөкей) ордасын-да болды [8, 65 б].
Д. Күсепқалиев дәрігер, емші ретін-де Батыс Қазақстанмен көрші Ресей гу-бернияларының дәрігерлері Қоғамы-ның обаға қарсы сьездері мен мәжіліс-теріне қатыса отырып, Н.Н.Клодницкий, И.А.Деминский, С.М.Никаноров т.б. сияқты көрнекті дәрігерлермен кезде-сіп, олармен ақылдасуы, кеңес алуы оның эпидемиолог дәрігер ретінде қа-лыптасуына үлкен ықпал етті. Олардан алған үлкен дәрігерлік білімі мен тәжі-рибесін Дәулетшах қазақ халқының ден-саулық жағдайын жақсартуға пайда-ланды.
Д.Күсепқалиев қайраткерлігінің, ел-ге қызметінің келесі кезеңі 1917 жылдан кейін басталады. Ол сол жылғы Ақпан төңкерісінен соң орын алған саяси оқи-ғаларға белсене араласады. 1917 жыл-дың ақпан айында патшаның тақтан құлауынан кейінгі елдегі қоғамдық сая-си жағдайдағы өзгерістерден тыс қал-май, сол кездегі қазақ халқының көш-басшысы болған зиялылармен байла-ныс жасай отырып, олардың жаңа қо-ғам құру сәті келгені туралы айтқан ой-ларына қосылады. Осыған орай Д.Күсепқалиев 1917 жылғы 19-22 сәуір аралығында Орал қаласында өткен Жайық сырты қазақтарының 1-ші сье-зінде құрылған Орал облыстық қазақ Комитетіне мүше болып енеді.
Ал 1918 жылдың мамыр айының соңында Жымпитыда өткен ІV Орал облыстық қазақ съезінің қарарымен құрыл-ды. «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметі құрамына 7 адамның бірі бо-лып Дәулетшах Күсепқалиев сайлана-ды [7, 22 п].
Қазақ өлкесінде Кеңестік биліктің орнауынан кейін Күсепқалиев 1920 жылғы наурыз – 1920 жылғы шілде аралығында Орынбор қаласындағы Революциялық комитеттің денсаулық сақтау саласының қырғыз өлкесін бас-қару жөніндегі бөлімде санитариялық-эпидемиологиялық қосалқы бөлімінің меңгерушісі және Орал губревкомы-ның төрағасы болады. Бұл салада жұ-мыс жасау кезінде Дәулетшахтың пікір-лесі болғандардың бірі күйеу баласы дәрігер Есенғали Қасаболатов екеуі Батыс Қазақстан жеріндегі денсаулық саласында қызметтес болған. Олар сол кездегі елдегі ауыр жағдайға қарамас-тан халық арасында кең санитариялық-эпидемиологиялық және сауықтыру шараларын жүргізеді. Өз өтінішімен және Орал губревкомның төрағасы Есенғали Қасаболатовтың сұрауына орай, 1920 жылы шілдеде Жымпиты уездік ауруханасына меңгеруші етіп жі-берілді. Е.Қасаболатов Орынборға ауыс-қаннан кейін, 1921 жылы Тайпақ дәрі-герлік учаскесіне меңгеруші етіп жібе-рілді.
Шын мәнінде жұқпалы ауруға қар-сы күрес шаралары Күсепқалиевтің на-зарынан кейінгі жылдары да қалмай-ды. 1923 жылы мамырда Саратовта болған обаға қарсы орталықты ұйым-дастыру жөніндегі Өлкелік Кеңеске Орал облысының өкілдері де қатысып, орталығы Саратов қаласында болатын обаға қарсы комиссия құруға шешім шығарады.
1925 жылы қазанда Жымпиты қала-лық ауруханасының меңгерушісі қыз-метіне қайта оралады. Дәрігер Дәулетшах Күсепқалиевтің айтуынша, 1925 жылдың қарашасынан 1926 жыл-дың қыркүйек айы аралығында Тайпақ учаскелік ауруханасында, 1926 жылдың қаңтар айында Жымпиты уезінде, 1926-27 жылдары Тайпақ елді мекенінде дә-рігерлік қызметін атқарады [11,13 б].
1928-29 жж. Тәркілеу және ауылды күшпен отырықшыландыру басталған кезде осы науқанға батыл қарсы шыға-ды. Сол үшін 1929 жылы қарашада «Меңдешов тобының құрамында жік-шіл күреске қатысты» деген айыппен қызметтен босатылады және «жарты-лай феодал» әрі бұрынғы Алашорда қайраткері деген екі категориямен тәр-кіленіп, Орал округінің 113 байы қата-рында Жетісу округіне жер аударыла-ды. 1929-1934 жылдары Алматыда рес-публикалық венерологиялық диспан-серде інісі Сүлейменнен туған Әминаға үйленген Ахмет Мәметовтің меңгеруші болып жасауына орай, солардың шақы-руымен осы диспансерде дәрігер болып жасайды. Әрі Алматы ауыл шаруашы-лығы институтында оқытушы болды. 1934-1940 жылдар аралығында Алматы облысы Қаскелең аудандық ау-руханасының, Оңтүстік Қазақстан об-лысындағы Келес аудандық аурухана-сының бас дәрігері, кейіннен Семей об-лысының Абай аудандық ауруханасы-ның бас дәрігері болып қызмет атқара-ды. Бұл жылдары Дәулетшах денсау-лық сақтау ісіне өзінің бар білім-жігерін жұмсаған білікті маман, көрнекті дәрі-гер ретінде көпшілікке танымал болады.
Қазіргі Д.Күсепқалиевтың өмір жолы мен қызметі туралы зерттеу жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы Д.Күсепқалиев-тың туған қызы Ғайнижамал мен Есенғали Қасаболатовтың перзенті Раиса Қасаболатовамен тілдесіп, біраз мағлұмат алғандай болдық. Мәскеу қа-ласында тұратын немере-жиені Райса Қасаболатова (1935 жылы дүниеге кел-ген) бізбен пікірлесіп, өзінде сақталған біраз мұрағат құжаттарын, әкесі Есенғали мен шешесі Ғайнижамалдың айтуы бо-йынша естеліктерін жазып берді. Райса Қасаболатова сонымен қатар 1940 жылы Алматыда атасы Дәулетшах Күсепқалиев-пен кездескенін айтты. Ал әкесі Есенғали 1937 жылы тамызда Алматыдан тұтқын-далып, кейін Мәскеуге жөнелтілген. Со-дан кейін оны ешкім көрмеген, арты-нан сонда атылғаны туралы хабар кел-ген. Ал шешесі Ғайнижамал алты бала-сымен 1937 жылы 2 жылға бас бостан-дығынан айрылып, жер аудырылады. Сол қуғындау 10 жылға дейін, бірінші лагер – Жамбыл ауданындағы Михай-ловское селосы, екіншісі – Шымкент об-лысының Мақтаарал (Пахта-Арал деп жазылыпты) ауылының 1 Май атында-ғы бөлімшесінде, одан үшінші лагерге – Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданы, Абай-базар селосына жібері-ліп, қорлық, қиянат михнаты созыла бе-реді. Осы үшінші лагерьге әкелінген кез-де 1940 жылы осы жерде санитарлық командада қызмет жасап жүрген атасы Д.Күсепқалиевпен кездеседі. Айыптау-шылар Ғайнижамалды қинау арқылы Дәулетшахты, оның отбасын түгел қина-ды. Зәбүрлікке шадамаған Дәулетшах-тың зайыбы Айша бірінші дүниеден озады, артынан Дәулетшахтың өзі де өмірмен қоштасады. 1937 жылдан Дәулетшахтың кіші ұлы (Р.Қасаболатова-ның айтуынша –Зипуша деп еркетеді екен), кіші қызы София мен үлкен қызы Ғайнижамал балаларымен және Дәулетшахтың үлкен ұлының жолдасы (келіні) Сара Қашқынбаева ғана тірі қал-ған. 1950 жылы Ғайнижамалды екі қы-зымен Өскеменге 6 айға аударып жібе-реді. Кейін оларды Зыряновскіге, ал Дәулетшахтың кіші ұлы мен соғыстан аман оралған Е.Қасаболатовтың ұлы Шамиль де осында, Шығыс Қазақстан облысына жер аударылып келеді. 1954 жылы Раиса Москваға кетіп, осы уақыт-қа дейін сонда тұрады. Ал Ғайнижамал 1956 жылы үлкен қызымен Алматыға ба-рып тұруға рұқсат алады. Ал Дәулетшах-тың үлкен ұлы сол жер аудырылған ау-мақта өмірінің соңына дейін тұрақтап қалады. Дәулетшенің балалары 1989 жылы ғана ақталады.
Осылайша еліміздің ХХ ғасырдың бас кезіндегі қиын-қыстау заманында толарсақтан саз кешіп, ұлттың ел қатар-лы өмір сүруі үшін күресіп, бостандық пен теңдікті ту қылып, болашаққа өне-ге боларлықтай орасан зор қызмет ат-қарған абзал азаматымыз – қазақтан шыққан тұңғыш дәрігерлердің бірі, қо-ғам қайраткері Дәулетшах Күсепқалиев пен оның ұрпақтарының тағдыры ая-нышты күйде тарихта сақталады.
Алдағы жақын күндерде ізденіс жұ-мыстарымызды әлі де жалғастырып, одан қалған ұрпақтардан Д.Күсепқалиевпен оның төңірегіндегі қоғам қайраткерле-рі, олардың ұрпақтары жөнінде қосым-ша отбасы мұрағатының сурет және бас-қа да құжаттарына қол жеткізіп, тағы да тың мағлұматтармен толығамыз деп ойлаймыз.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Сүлейменова. Д. Алашорданың Батыс бөлімінің тарихы – өлке тарихының құрамдас бөлігі. / Д. Сүлейменова – Алматы: Арыс баспасы. – 2007. – 142-147 бб.
2. Д.Күсепқалиевтің немересі Р.Қасаболатованың жеке мұрағатынан.
3. Батыс Қазақстан облыстық мұрағаты, 4-қор, 1 тізбе, 309 іс.
4. «Приговор о сословиі» Р.Қасаболатовадан алынған мұрағат құжаттары. (Парақтар 5,6,7,8)
5. Батыс Қазақстан облыстық мұрағаты, 256-қор, 1 тізбе, 15 іс.
6. Р.Қасаболатованың естелік хатынан алынған.
7. Батыс Қазақстан облыстық мұрағаты, 4-қор, 1 тізбе, 558 іс.
8. Душманов С.Х Очерки истории медицины и здравоохранения Казахстана. – Актобе: Раст,2000-75с.
9. Батыс Қазақстан энциклопедиясы. Алматы, 2002. 592 б.
10. Самарин Р.И. Очерки истории здравоохранения Казахстана.- Алма-Ата: Казгосиздат, 1958. с-162.
11. Ауанасова А. Национальная интеллигенция Казахстана в первые годы Советской власти (1917–1927 гг.) Автореф. дисс. … к. и. н. – Бишкек. – 1993. – с-23.

Қаралым саны 1684

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463