Сан қырлы суретші

Елнамыс Мұнайдарұлы Оралдағы №36 М.Ықсанов атындағы ЖОББМ-ның 5-сы-ныбында оқиды. Ол спортқа бейім, мектепте баскетбол жаттығуына қатысса, мұз ай-дынында шорт-трек спортымен айналысып жүр. Арасында бокспен де шұғылдана-ды. Және өзі ұнатқан тақырыпта сурет салғанды ұнатады. 

Елнамыс Орал қаласында түсірілген «Қағаз ұшақ», «Жаяу әскер» көркем фильмдерінде өзіне тапсырылған рөлді алып шықты, сондай-ақ «Менің Отаным – Қазақстан» атты бейнероликке түсті. «Жаяу әскер» қысқа метражды көркем фильмі Жеңістің 70 жылдығына арналған. Аталған кинолентада Елнамыс соғыс ардагері Қасым атаның Ахмет атты немересі болып ойнайды. Ша-ғын рөл болса да, Елнамыс атасының сүйікті немересі болып, фильм арқылы көптеген көрермен-нің жүрегіне жол тапты, жылылық ұялатты. 

Қаралым саны 1021

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463