Дыңдай жігіт боласың

Журналдың бұл айдарында бүгінде қолданыста жүрген, ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі ұшырасатын, бірақ шығу төркіні көмескілене бастаған сөздер туралы әңгіме болады. Айдарды белгілі журналист, жергілікті өлкетанушы, күйші, ақын, Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысы Дәулеткерей Құсайынов жүргізеді.

Бала күнімізден: «Дыңдай жігіт болып өсесің», - дегенді жиі естіп өскесін, ауырған адамға еш ойланбастан: «Әлі-ақ айығып, дыңдай болып кетесің», - деп жұбаныш айтамыз. Сөздік қоры-мыздан берік орын алғаны соншалық еш түсінікті қажет етпей-тін сияқты. Қала берді «дыр» дегені және бар. Ол туралы сөз кейінірек.
«Дың» жөнінде тереңірек білу мақсатымен 1978 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне» үңілсек, «ортан қолдай, дардай, бақандай, бір деген, қуатты, күшті, әлді, шебер, епті, оңтайлы» сықылды мағыналарды кезік-тіреміз. Бәрі тайға таңба басқандай ұғынықты. Бірақ, «дың» жеке түрінде нені білдіреді, оған назар аударып жатқандар некен-саяқ.
«Қазақ әдеби тілінің сөздігінен» жаңа ұғымына тап болдық. Оқып көрелік: «Дың – қола дәуірінің сәулет өнеріне тән өң-делмеген тақта тастан қаланған шеңберлі құбылыс».
Әлкей Марғұлан «Қозы көрпеш Баян сұлу» жыры – екі мың жыл жүректі тербеткен жыр» мақаласында: «Радлов ғашықтар мұнарасының қай заманда тұрғызылғанын жете танымаған. Оғыз-қыпшақ дәуірінде «дың» салу әдеті болғанын, ол сөз бүгінге дейін қазақ пен түрік тілінде сақталып келгенін біл-меген. Қазақстан жерінде сақталған архитектура белгілерінің ең ескісі пирамида – мұнара, дың түрінде кездеседі. Дыңды әдетте даладағы таспен өріп тұрғызады. Ол жерден жоғары көшірілген биік мұнара, оның іргесін тік бұрышты түрде тұр-ғызып, үстін сүйірлеп жоғары көтереді. Мұндай дың құрылы-сын П.С.Паллас Торғай өлкесінде Тоғызақ өзенінің бойынан көрген, енді бірі – Жетісуда, Ақсу өзенінің бас жағында – Ордабайдың кешені деп аталады. Оның ішінде тік тұрғызған мүсін тас бар. Оның түрі Қозы көрпеш – Баян сұлу кешенімен бірдей. Шоқан бұл діңгекті көру үшін әдейі іздеп барады», - деп жазады. Қараңыз, Шығармалары, Алматы, 2007 жыл, 180-184 беттер.
Ақселеу Сейдімбеков: «Қазақстанның байтақ даласында кезігетін Домбауыл дыңы үлгілес ескерткіштердің мерзімі әр кезді қамтыса да, мекен-орны шалғай тұрса да, осы үлгідегі ескерткіштердің өн бойынан бір дәстүрдің сілемін, ұқсастығын аңғару қиын емес. Мұның өзі көшпелілер арасында киіз үйге ұқсаған ескерткіштердің қазақ даласына ислам діні тарағанға дейін-ақ орнығып, қалыптасқанын айқын аңғартады», – деп тұжырым жасайды. Қараңыз, алты томдық шығармалары, 2-ші том, 316-317-беттер.
Ел ішіндегі «дің», «діңгек», «дың» деп аталатын сөздің мағынасы осы Домбауыл кешені сияқты құрылыстың үлгісін пайымдатады. Мұндай құрылыстардың бітімін ХІІІ ғасырда Қазақ даласына келіп қайтқан жиһанкез Рубрук жазып кеткен.
Тарихтың сілемі, қолданыстан қалмай келе жатқан «дың» туралы ойымыз осындай болды.

Қаралым саны 1924

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463