Шын атың кім, Рубахо?

Совет Одағының Батыры – жетпіс жыл бойы жарты әлемге әмірін жүргі-зіп тұрған СССР мемлекетінің ең жоғар-ғы мемлекеттік наградасы. Бұл атақ отызыншы жылдардың аяғында бекі-тілгенімен, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде жаппай беріле бастаған. «Батыр» атағы жетпіс жыл ішінде 10 мыңдай адамға тапсырылып-ты. Ал Қызыл армия құрамында соғы-сып, осы үлкен марапатқа ие болған жүздеген ұлт өкілі арасында қазақтар саны жағынан орыс, украин, беларус, еврей және татардан кейін алтыншы орынға ие делінеді.

Екінші дүниежүзілік соғыста, соның ішінде 1941-1945 жылғы Ұлы Отан со-ғысында 96 қазақ «Совет Одағының Батыры» деген ең жоғарғы атаққа ие болған. Оның 27-сі қаза тапқаннан ке-йін батыр атанса, 23 жауынгер батыр атанып жүріп майданда мерт болған. Туған елге 47 батыр аман-есен оралып-ты.
Деректер осы батырлардың 73-і – жаяуәскер, 14-і артиллерист, 4-і – кава-лерист, 3-еуі – ұшқыш, 1 қалқыма көпір маманы, 1 десантшы және 1 политрук (саяси жетекші) болғанын көрсетеді.
Батыр атанған ең жас қазақ – Елеуісов Жәнібек Ақатұлы екен. Гвар-дия сержанты, пулеметші Елеуісов Жәнібек небәрі 18 жасында Совет Ода-ғының Батыры атанған.
Ең «кәрі» батыр – кіші сержант, ат-қыш (жаяуәскер) Көмекбаев Тәйімбет «алтын жұлдызды» өңіріне таққанда 49 жаста болған. 1987 жылы 91 жасын-да дүние салыпты.
Батыр қазақтар Ресейдің Челябі об-лысындағы (екі адам), Орынбор облы-сындағы (бір адам), Алтай өлкесіндегі (төрт адам) қандастарымыз арасынан, Өзбекстаннан (жеті қазақ) да шыққан.
Әрине, Совет Одағының Батыры атағын алған қазақтардың есебі толық жүргізілді деуге болмайды. Советтік сыңарезу идеологияның әсерінен Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Хиуаз Доспанова т.б. секілді талай батыр өз уақытында мойындалмады. Батыр атағын алған кейбір қандастарымыз өзге ұлттың есебіне телініп кеткен де жағдай жетерлік.
Журнал оқырмандарының назарын мына суретке аударғымыз келіп отыр. Суретте теңіз жаяу әскерінің мергені Филипп Яковлевич Рубахо бейнелен-ген. Қара теңіз флоты Новороссия әске-ри-теңіз базасы 393-ерекше батальоны-ның теңіз жаяу әскері, 346 фашистің кө-зін жойған сұрмерген, Совет Одағының Батыры атанған, 20 жасында (1943) мерт болған қаһарманның ұлты – қазақ.
«1923 жылы 13 қаңтарда Ростов об-лысы Ақсай қаласында, бұрынғы Ресей флоты офицерінің шаңырағында дүние-ге келген. Ата-анасынан ерте айырылып, балалар үйінде тәрбиеленгендіктен, аты-жөні осылай жазылып кеткен» де-лінеді батыр қандасымыз жөніндегі ақ-паратта. «Бұл боздақтың шын аты-жөні кім, офицер болған әкесі кім, Ростовқа қалай тап болған?» - деген сауалдарға жауап іздеген адам бар ма, жоқ па, біз-ге белгісіз.
Бір қызығы, Ростовты қазақтар ерте-ден-ақ қоныс қылған екен. Бүгінде Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын селосында тұратын Ерсайын Мергенбаев та 1960 жылы Ростов облысының Облив ауданында дүниеге келіпті.
– Менің әкем Мергенбайдың ағасы Ахмет Тайұлы деген кісі молда болған, орта шаруалы адам екен. Бөкейлікке совет үкіметі орнап, колхоздар құрыла бастағанда большевиктер тарапынан қысымға ұшырайды. Ақыры бір кісілер-дің ақылымен дүние-мүлкін төрт түйе-ге артып, отбасымен Ішкі Ресейге қа-рай қашыпты. Біліп қалып, соңынан қу-ған милицияға бір түйесін ауызбасты-рыққа беріп, Камышиннің тұсынан Еділден өтіп кетеді. Содан Мәскеудің жанынан, Калугадан бір шыққан. Сол жерде бір қазақ кездесіп: «Сендер Ростовқа барыңдар. Ол жерде қазақтар бар» деп ақыл айтыпты. Сөйтіп, Ростов-та тұрып қалған, - дейді Ерсайын ағамыз.
Ростовта қазақтар қиындық, аштық-қудалау көрмей, бақуатты тұрыпты. Дон казактары Орал казактарындай емес, қазақтарды «біздің атажұрты-мыз, шыққан тегіміз» деп құрметтейді екен. Қазақтар тіпті ҰОС жылдарында неміс фашистері оккупациялаған жер-лерде де болған. Бірақ негізгі әңгіме ол емес. Айтайын дегеніміз, аты-жөні түгел өзгеріп кеткен қазақ батырының түп-төркінін қалай анықтаймыз? Жеңіс-тің 70 жылдығы тұсында осы қырғында өшпес ерлік көрсетіп, батыр атанған жүзге тарта қандасымыздың есімі мен ерлігін неге жаңғыртпасқа?! «DANAkaz» журналы «1945-2015» айдарында осы тақырыптағы тың да қызықты мақала-ларды жариялап отырмақ. Өздеріңіз-ден де мақала күтеміз, құрметті оқыр-ман.

Қаралым саны 1406

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463