1100 күн

Жантас НАБИОЛЛАҰЛЫ,

журналдың ақылдастар алқасының төрағасы

Желдей есіп үш жыл өте шықты. Осыдан үш жыл бұрын елдің ертеңіне алаңдағандар бас біріктіріп, бо-лашақ үшін пайдалы іс қылайық деген асыл мақсатпен «DANA.kaz» журналын шығаруды қолға алғанбыз. Алғашқы нөмірінде басылымның негізгі бағытын, атауы-ның мәнін ашып айтып едік. Аты затына сай болуына барымызды салып, негізгі ұстанымнан айныған жоқпыз. Темірқазығымыз тамыры терең тарихымызды таны-тып, ұлттық рухты қайрап, білімге ұмтылу болды.

Тек жазып қана қойған жоқпыз, төл өнерімізді насихаттау бағытында да түрлі шараларды қолға алдық. Театрдың кең залында қазақтың тарихымен бірге өрілген қара домбырамен бұрын-соңды болмаған «Алтын жүрек домбыра» күй кешін, жыр-шылық өнерді насихаттау мақсатында сонау Семейден Нығметжанов Дүйсенғазы ағаны арнайы алдырып, жыр кешін өткіз-дік. Ойға ой салып, оқырманмен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында «Өскен өлке тарихы» байқауын ұйымдастырдық.
Үш жылдың ішінде журналымыздың 24 нөмірі жарық көрді. Арасында екі нөмірді біріктіріп шығаруға мәжбүр болған кездер де болды. Қанша қаржылық дағдарыс десе де полиграфиялық сапасын түсірген жоқпыз. Ал мазмұнының сапасына, патша көңілді оқыр-ман, өздеріңіз баға бересіздер. Журналдың сайтын іске қостық, әлеуметтік желілерден парақшаларын аштық, оқуға ниеттіге бізді табуға бар мүмкіншілікті жасап, заман ағымымен бірге келеміз.
Өткен үш жылда бізбен бірге болып, қолдау біл-діргендердің бәріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Ең алдымен журналымызға салмақты мақалаларын ұсынған, қалап сұрағанда көңілімізді жықпай барын берген, жоғын жазып көмектескен барша авторларға мың алғыс. Осы үш жылда біздің тұрақты оқырманы-мызға айналып, әрі қарай үзбей жұмыс жасауға бізді қамшылап отырған барша оқырмандарға да көп рақмет. Ісіміздің мемлекеттік саясатпен үндесіп жатқанын еске-ріп қолдаушыларға, журналдың ыстығы мен суығына төзіп шығаруға ат салысып жүрген барша әріптестерге де Алла разы болсын!
Журнал шығару барысында түрлі қиыншылықтар, көңілге кірбің келген сәттер болды. Бірақ біз бұған налы-маймыз, ісімізді әсте бұлдамаймыз. Азаттық жолында құрбан болған ата-бабамыздың алдындағы борышы-мызды өтеп, болашақ ұрпақ алдындағы парызымызды атқарудағы жолымыздан таймаймыз. Біз жаңадан тәй-тәй басып, алғашқы қадамымызды аттағанда “Ғұмырлы болыңдар!” деп тілеушілер көп болып еді. Көптің тілегі қабыл болды. Міне, бұғанамыз бекіп, аяғымызға нық тұр-дық. Енді көптің қалауымен алда да бірге боламыз!

Қаралым саны 875

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463