«Үмітім» – мақтанышым

Биыл Орал қаласының іргесінде орналасқан Подстепный ауылында отырып-ақ республика бойынша шашасына шаң жұқтырмас жүйріктер баптап отырған «Үміт» гимназиясы 15 жылдығын тойлауда.

Білім ордасы Тәуелсіздігіміздің 10 жылдық мерейтойына орай 2001 жыл-дың қыркүйек айында ашылған бола-тын. Гимназия құрылысы жаңадан са-лынды. Бастапқыда 120 оқушыға ар-налған ғимарат пен 56 орындық интер-нат пайдалануға берілді. Гимназияны ашылған күннен бері Қазақстан Рес-публикасының Білім беру ісінің құр-метті қызметкері, Ы. Алтынсарин ме-далінің иегері, айтыскер ақын Дариға Ғазезқызы басқарып келеді.
Бұл орданың ауасы, тыныс-тіршілігі, көзқарасы өзгелерден мүлдем бөлек. Ұстаздар, шәкірт, ата-ана, бәрі «бір жең-нен қол, бір жағадан бас шығарып», білім шыңына жету мақсатында аянбай жұмыстанады. Осындай табандылық пен ерен еңбек арқасында соңғы 5 жылдың қорытындысы төмендегідей:
2010-2011 оқу жылында ҰБТ тап-сырған оқушы саны 21 болса, оның 10-ы «Алтын белгі» иегері атанды, алтауы «Үздік аттестат» иесі болды. Орташа балл – 118,6.
2011-2012 жылы 20 түлек бітірді. «Алтын белгі» – 11, «Үздік аттестат» – 2. Ал орташа балл 114,5 болды.
2012-2013 оқу жылы 24 түлектің 11-і «Алтын белгі», 9-ы «Үздік аттестат» иегері атанып, орташа балл 114,9-ды құрады.
2013-2014 жылы 41 оқушы қара ша-ңырақпен қош айтысып, 14 «Алтын белгі» мен 7 «Үздік аттестатты» қан-жығаға байлады. Орташа балл – 114,56.
Биыл, яғни 2014-2015 жылғы көр-сеткіш бойынша, 29 шәкірт бітіріп, 17-сі «Алтын белгіге», ал 6 оқушы «Үздік ат-тестатқа» қол жеткізді. Нәтижеге жету оңай, ал оны сол қалпында сақтау тө-зімділік, сабырлылық және жұмысыңа деген шексіз сүйіспеншіліктен туатыны баршамызға мәлім.
Иә, уақыт шіркін дегенін істейді. Кеше ғана киелі шаңырақтың табалды-рығын өзім де алғаш аттаған едім. Бес жыл зулап-зымырап өте шығыпты. Біз оқуға түскен жылы «Үміт» бар-жоғы 5-те еді. Жетілу, даму үстінде болатын. Қазір қадамын нық басатын дәрежеге жеткен. Бәрі өзгерген. Жаңарған. Қыз-дар мен ұлдар бөлек жатақханаға ор-наласқан. Дариға Ғазезқызы бір сөзін-де түлектер мұражайын ашқанын айт-ты. Сағынышпен еске алып, «мырықта-рының» (бізді солай еркелететін) жет-кен жетістіктеріне масаттана, кішілерге үлгі ретінде айтып, жігерін жанитын шығар. Басымыздан өткен құбылыс. Мұғалімдермен болған жиналыстан соң бәріміз қиялымызбен болашаққа сапар шегетінбіз... Он бес жыл ішінде 300 шәкіртті ұядан ұшырып, соның 95-і «Алтын белгі» иегері атанып, ал 21-і «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елде білім алып жатса, неге мақ-танбасқа?! Пәндік олимпиадаға оқу-шысын жіберіп, қайтып келгенге дейін тақымын қысып, тағат таппайтын ұстаз-дарымның келбеті әлі есімде. Кейде «Бізді өз балаларынан да артық жақсы көретін шығар» деп ойлайтынбыз. Сү-йікті гимназиямның атын естісем, «Ұс-таздық еткен жалықпас, Үйретуден ба-лаға» деген өлең жолдарының ойыма орала беретіні содан шығар, бәлкім.
Ендігі кезекті гимназия түлектерінің қызықты оқиғалары мен лебіздеріне берсем.

Қайсар СҮЛЕЙМЕНОВ,
2007 жылғы түлек,
«Farlow» ЖШС директоры:
Есімнен әлі күнге кетпейтін қызық оқиға бар. Қазір қызық қой, ол кезде күлетін уақыт емес. Ұстаздарымның бәрі маған тақтадағыны көшіртіп жаз-ғыза алмады... 11-сыныпта оқимыз. Қа-телеспесем, 3-тоқсан. Қазақ тілі сабағы. Әлия апай сөйлемдерді талдатып жа-тыр. Бір кезде біз отырған сыныпқа бі-реудің келе жатқаны байқалды. Жүрі-сінен танып алғанбыз. Дәпа!!! (Дариға апайды шәкірттері еркелеп солай атай-тын). Жүрегім дүрсілдеп, ол кіргенге дейін тағатым таусылды. Есік ашылды. Менің мәселем екені анық. Бірден қа-сыма жайғасты. Біткен жерім осы бо-лар деп, іштен тынып отырмын. Үшінші тоқсан болса да, күнделік, дәптер бәрі жаңа. «Дәптеріңді бер», - деді. Бердім. Күнделікті де сұрады. «Ұрыстың көке-сін естисің, Қайсар» деп ойлап қоям. Баяу үнмен неге толтырмағанымды сұ-рады. Жауап бере алмадым. «Оқудан шығарып жіберетін болар» деген ой жанымды жегідей жеп барады. Ұяттан өртеніп барам. Бір уақытта «Сабақ қы-зық емес, иә?» - деді. Мақұлдағандай басымды изедім. «Мен де жазбас едім», - деді де шығып кетті. Сол кезде не күлерімді, не жыларымды білмедім. Себебі де түсініксіз. Шынымен де, жаз-бас па еді? Әлде мысқыл ма? Қалай болған күнде де қазақ тілінен 30 бал-ды толық жинап, Дәпаның алдында Әлия апайды ұятқа қалдырмадым деп ойлаймын. Рахмет сіздерге, ұстазда-рым!

Жанерке ШАХИНА,
2011 жылғы түлек,
Назарбаев университетінің
5-курс студенті:
Он бір жыл бойына сапалы да саналы білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымның берген ілімі арқасында еліміздегі алдыңғы қатарлы оқу орны саналатын «Назарбаев университетіне» түстім. 11-сыныпқа аяқ басқан кезден алдыма мақсат қойып, дайындала бастадым. Осы университетке түсуіме көмектескен гимназия директоры Дариға Ғазезқызы бастаған ұстаздарымның еңбегі зор. Сондай-ақ сапалы білім алуымызға жағдай жасаған аудан әкімдігі мен аудандық білім бөлімінің ұжымына да алғысым шексіз. Маған сенген жандардың үмітін ақтағаныма қуаныштымын.
Назбек ЕСМАҒҰЛОВ,
2011 жылғы түлек,
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия
Ұлттық университеті,
Сəулет жəне құрылыс факультетінің
5-курс студенті:
7-сыныпта оқитын кезіміз. Гимназиядағы ең бұзық, ең шулы, бірақ бәрінен потенциялы ең жоғары сынып болдық. Қазақ тілі сабағы болатын. Светлана Шәтесқызы тапсырма берді де, шығып кетті. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» дегендей, баяғы әнімізге бастық. Света апай екі рет келіп ескерту жасады. Ол жақын маңдағы мультимедиялық кабинетте еді. Еркіндікті сезінген соң тыныш отыру оңай ма? Көп уақыт өтпей, қайтадан шулай бастадық. Апай үшінші келгенде ашуланғаны соншалық, кітаптан «Әлияның Сапураға жазған хатын» 10 рет көшіруді тапсырды. Бізде үн жоқ. Амалсыздан көшірдік. Ертесіне бәрімізден санап тексеріп алды. Кезек Ернарға келді. Ол 8-ден 10-ға бір секіріпті. Онымен қоймай, «Апай, он деймін», - деп қайталай береді. Света апай толық орындалмаған үй жұмысы үшін оған тағы 15 рет көшіруге берді... Сол кез есіме түссе, күлкімді тыя алмаймын. Хатты жаттап алғанымыз сондай, құдды Сапураға өзіміз жолдап отырғандай жазып едік...
Сұңғат ҒАДІЛЖАНОВ,
2015 жылғы түлек,
С. Асфендияров атындағы
ҚазҰМУ-дың 1-курс студенті:
Бүркiт ұясын құздың ең шыңына салады. Балапандарының қанаты қа-тайған кезде тiстеп, аспанға көтерiлiп, жерге құлатып жiбередi. Қанатынан тұрып, ұшып кеткендерi аман қалады. Ал ұша алмай, жерге құлдилай жөнелгенін төмен жақтан іліп алады-дағы қайтадан ұясына әкеледі. Бiрақ содан соң ата бүркiт ол балапанға қарамайды. Міне, дәл осылай біз де қанатымыз қатайып, көзіміз ашылып, мектеп деген киелі ұғымның мән-ма-ғынасын енді түсіне бастаған кезімізде, Алтын ұядан ұшатын уақыт та таяды. Сол балапандардай құздағы сыннан да өттік. Аллаға шүкір, төгілген тер ақтал-ды. Ұстаздарыма деген алғыстың шегі жоқ!
«Үміттің» қабырғасында өткен жыл-дар ұмытылмақ емес. Уақыт өткен са-йын сағынышың ұлғая түседі екен. Әт-тең, өткенді қайтара алмайсың. Айна-лып, толғанатын Дариға апай мен де-меп, жігерлендіретін, рухымызды қай-райтын асыл ұстаздарымыздың есім-дері жүрегіміздің түбінде «алтын» әріп-пен жазулы... Тойларыңыз тойға ұла-сып, әркез шәкірттеріңіздің ыстық ықы-ласына бөленіп жүре беріңіздер!

Аягөз АЙБАРҚЫЗЫ,
«Теректі жаңалығы –
Теректинская новь»
газетінің тілшісі

Қаралым саны 1232

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463