Ноғайлының елінде

Қазыбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

журналист

«Қазақстан-Орал» телерадиокорпорациясының директоры, әріптес ағамыз Асыланбек Ғұбашев хабарласып, «Ресейде тұратын ноғай ағайындарды аралап, деректі фильм түсіруге бара жатырмыз. Бірге жүруге қалайсың?» дегенде қуана келістік. Алдымызда 5-6 күндік сапар, 3 мың шақырымның үстінде жол жатты.

Әлқисса
«Ноғай» дегенде біздің ойымызға ең алдымен, ХIV-XV ғасырда Алтын Орда құлаған соң пайда болған көшпелі мемлекет – Ноғай ордасы еске түсе-ді. Еділ мен Жайық арасынан асып, Арал теңізінің іргесіне дейін қазіргі қазақ даласын түгел алып, батысында Астрахань, солтүстік-батысында Қазан хандықтарымен шектесіп, солтүстік-шығысында Батыс Сібір ойпатына де-йін созылған алып империя XVІІ ғасыр-дың алғашқы жартысында өзара ырың-жырыңнан қирап, быт-шыт болыпты. 1520 жылы қазақ ханы Қасым Ноғай-лының астанасы Сарайшықты өзіне қа-ратса, 1580 жылы казак-орыс басқын-шыларының шапқыншылығына ұшы-рап, тарихи шаһар жермен-жексен қираған.
Міне, осы орыс отаршылығы кү-шейген XVІ ғасырдан бастап ең қатты қорлық көріп, тағдыры талапайға түскен ұлт – осы ноғайлар десе де бола-ды. 1769 жылы ІІ Екатерина кездескен жерде қырып, мал-мүлкін иеленуге бо-латыны жөнінде жарлық шығарған. Асыл түбі текті, бір кездегі үлкен импе-рияның иесі болған намысты ноғайлар 1781-1782 жылдары орыстарға қарсы жаппай көтерілді. Бірақ А. Суворов бастаған орыс қолы от қару, озық әске-рімен ноғайды қойша қырып, Қырым мен Қобанды Ресей империясының қол астына бағындырды. 700 мың но-ғай босып, Османлыға (қазіргі Түркия) көшті. «DANAkaz» журналының 2015 жылғы №4 (18) санында жарық көрген «Түркиядағы ноғайлар» мақаласында Осман Гүндіз Акын түрік жерінде но-ғайлардың саны 4 миллионнан асты деген дерек келтіреді. Ал олардың ата-жұртында – қазіргі Ресей Федерациясын-да небәрі 100 мыңның сәл үстінде ғана ноғай бауырлар тұрып жатыр екен...
Алдын ала сұрастырып, Ресейдегі ноғайлар қазір Солтүстік Кавказда жә-не Еділдің оңтүстік бойында тұратынын біліп алғанбыз. Соның ішінде Астрахань өңірі, Дағыстан мен Қарашай-Черкес Республикаларының Ноғай аудандары, Ставрополь өлкесі басты бағытымыз болды. Сыпыра мен Доспамбет, Қазту-ған мен Шалкиізден басталатын ортақ әдебиетіміз бар бауырларымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігін көріп қайту.
Астрахань ноғайларында
Орал қаласынан елең-алаңда шық-қан қос көлік Атырау бағытына жедел жүріп, Махамбет кентінен Астраханға қарай бұрылдық. Шекараға дейінгі жолдың жай-күйін айтып, әңгіме бағытын бұрмай-ақ қояйын. Әйтеуір, Әз Жәнібек хан салдырған Әжі Тархан шаһарына жеткенімізде қараңғы да түскен болатын.
Телефон арқылы алдын ала келісім бойынша біз осы жерде «Едіге» ноғай мәдениеті жастар орталығының жетек-шісі Эльдар Идрисов пен осы орталық-тың белсендісі Рамиль Ишмухамбетов-пен кездесуіміз керек.
Біз Астрахань облысы Краснояр ау-данының 90 жылдық тойына тура ке-ліппіз. Мереке құрметіне Жанай деген ауылда дала қызықтары ұйымдасты-рылып жатыр екен. Сол жерде облыс аумағында тұратын түрлі ұлттар мәде-ниетін, өнерін көрсетуге жиналыпты. Эльдар мен Рамильді осы жерден кездестірдік.
Оқырманға айта кетейік, Краснояр ауданында қазақтардың саны 16969 болып (2010 жылғы санақ), барлық халықтың 48%-ын құрайды екен. Тіпті аудан басшысы Байтеміров Нұрғали Исмағұлұлы да өз қандасымыз болып шықты. Екінші орында орыстар (11 304) 31,74% болса, ноғайлар саны 1994 (5,6%) болып, үшінші орында тұрады екен. Ноғайлар ұйымшыл көрінеді. Киіз үйлерін құрып, кішкене гармон – сазын құйқылжытып, ұлттық тағамдарын пісі-ріп, мерекенің көрігін қыздырып жатты.
Астрахань ноғайлары, негізінен, қа-рағаш және юрттық (юртовский) ноғай-лардан тұрады екен. Олардың жалпы саны 8 мыңға таяу көрінеді. Эльдар Шамигуллаұлының айтуынша, соңғы кезде астрахандық ноғайлардың ұлт-тық санасы оянып келеді. Бұрын татар болып жазылып келгендер енді өзінің ноғай екенін сезініп, ұлттық бастауына ұмтылып жатыр.
Бүгінгі Астраханның біраз бөлігі ХІХ-ХХ ғасырдың басына дейін Бөкей орда-сының құрамына кіргендіктен, қазақ пен ноғай өте тығыз қарым-қатынаста болған. Мысалы, бүгінде Астраханның Кіші Арал ауылында жерленген әулие Сейіт баба (1742-1812) Бөкей хан Нұра-лыұлының жеке дәрігері әрі пірі бол-ған екен. Бөкей ханның өзі де осы жер-ге, рухани ұстазының жанына жерлен-ген.
Бөкей ордасы туралы айтқанда Қа-зақстанның батыс өңірінде кездесетін «ноғай-қазақ» этнонимі туралы айтпай кетуге болмайды.
Астрахандық ғалым, журналымыз-дың авторларының бірі, тарих ғылым-дарының кандидаты Виктор Викторин «DANAkaz» журналының 2015 жылғы №4 (18) санында жарияланған «Бөкей ордасына көшіп келген рулар» деген мақаласындағы дерекке қарасақ, «1740 жылдары патша үкіметі Қырым мен Қалмақ хандарының қол астынан қашқан ноғайларды Орынбор губер-ниясына жіберіп, казачество құрамына кіргізбек болған. Бірақ олардың бір то-бы Кіші жүз ханы Нұралыға қашып кеткен. Орынбор губернаторы, ғалым П. И. Рычков қазаққа қосылған 25 отба-сы десе, «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ-орыс қарым-қатынастары» атты жинақ-та 100 түтін делінеді. «Қашқын ноғай-ларды кері қайтару жөніндегі» патша жарлығына Кіші жүз ханы құлақ аспа-ған. Кейін бұлар Бөкей ханмен бірге Жайықтан өтіп, Ішкі қазақ ордасын құ-райды. Кейінгі құжаттарда 1829 жылы Бөкей хандығында 500 түтін ноғайлық бар деп көрсетілген. Ал белгілі зерттеу-ші А. Н. Харузин 1889 жылы ноғайлар-дың 2000 әулеті болды деп жазыпты. 1926 жылы кеңестік халық санағында бүкіл Орал округі бойынша (Талов, Жәнібек, Орда және Азғыр болыстары) ноғайлар басқарған 5696 шаруашылық қағазға түскен. Міне, қазір, негізінен, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Қазталов және Бөкей ордасы ауданда-рында тұратын, «руым – ноғай-қазақ» деп танысатын бауырларымыздың та-рихы осындай екен. Бұл ноғай-қазақ-тар өз ішінде «үйсін», «қояс», «қостаң-балы» және «қазанқұлақ» деп бөлінеді.
РФ Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қыз-мет академиясының Астрахань филиа-лында қызмет ететін Эльдар Идрисов саясаттану ғылымдарының кандидаты екен. Негізінен, орыстілді, бірақ өз ұлты үшін талай шаруаны атқарып жүрген жас жігіт бізбен – қазақстандықтармен сақтана сөйлескендей болды. Оның сырын да түсіндік, біздің алдымызда ғана арнаулы қызмет өкілдері хабарла-сып, «Бір топ шетел (қазақ) журнали-сінің ноғай тақырыбына неге қызыға қалғанын» білмек болыпты.
– Бұдан бұрын да бір түсінбестік болған. «Вконтакте» әлеуметтік желі-сінде «Астрахань хандығы» атты тари-хи топ құрған едік. Қаламыздың, өңірі-міздің тарихына қатысты деректерді ортаға салып, бөлісіп отыратынбыз. Біреу сол жерде «Астрахань хандығы-ның Ресей Федерациясы құрамынан бөлініп шығуына қалай қарайсыз?» де-ген сауалнама ұйымдастырып жіберіп-ті. Топ жетекшісі ретінде біраз тергеді, - деп күледі Эльдар Шамигуллаұлы.
Бұл әңгіме бізге көршілес болса да, бөтен мемлекетте жүргенімізді, әр сөзі-міз бен әрекетімізге мұқият болу қа-жеттігін еске салды.
Рамиль Ишмухамбетовпен осы жазда елде, Бөкей ордасы музей кеше-нінде кездесіп, танысқан едім. Ол Хан ордасы ауылында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен халықара-лық конференцияға қатысып, Бөкей ор-дасы хандарына қызмет қылған кірме рулар жөнінде баяндама жасаған еді. Бұл жолы Рамиль біздің топқа қосы-лып, Дағыстан, Ставрополь және Қара-шай-Шеркес өңіріндегі ноғай ағайын-дарға жол бастап баратын болды.
Жанай ауылындағы көпшілік шара-ларға қатысып, Краснояр ауданындағы қазақтар қауымдастығының төрағасы Асқар Бекесовке «DANAkaz» журналы-ның тігіндісін сыйға тарттық. Одан соң қос көлігіміз Астрахань қаласының тү-біндегі Машайық ауылына бұрылды. Рамильдің айтуынша, мұнда Баба Туклас Шашлы Ас деген әулие жатыр екен. Бұл қазақтың ұғымындағы кәдім-гі Баба Түкті Шашты Әзиз болып шық-ты. Бір қызығы – бұл кісінің зираты де-ген орындар Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында да бар екенін айта кетейік. Ал Рамильдің айтуынша, бұл – Ноғай хандығын құр-ған атақты Едігенің атасы. Әулие есімі-нің соңғы буындағы «Ас» анықтауышы ноғай билеушілері шыққан рудың ата-уы екен.
Бұрын Баба Тукластың қабірі басқа жерде болған екен. Ол жер бүлініп, қо-қыстың астына қалған соң әулие аруа-ғы жұрттың түсіне еніп, осы Машайық қорымына қайта жерлеуді сұраған. Бұл қорымда жергілікті мұсылмандар, әсі-ресе, дағыстандықтар ерекше құрмет-тейтін шейх Маслетдин Узаман қажы Бухари, Абдрахман Сайхаджи, Ямгурши-ишан және Махмуд-ишан әл-Алмали ад-Дағыстани деген әулиелер де жатыр екен.
Қоршаулы зират іргесінде үлкен мешіт тұрғызылған, қабірлерінің ба-сында жасыл ту көтерілген әулиелерге біз де зиярат еттік, аят оқып, дұға жаса-дық. Бір қызығы, қабір үстінде кесене т.б. еш ғимарат жоқ. Қарапайым темір қоршау. Оның үстіне арамшөп өсіп, азып-тозып кеткендей әсер қалдыра-ды. Зияраттың кіреберісінде «Қабір қоршауын, құлпытасты сипауға бол-майды, топырақ алуға, шөп сындырып алуға болмайды» т.с.с. секілді түрлі тыйымдар жазылған. Зиярат басында жүрген жас қазақ жігіті аз-кем әңгіме-ден кейін өзінің нақышбандия тариқа-тын ұстанатынын, дағыстандық пірі бар екендігін айтты. Ана тілін түсінбегендік-тен, біз орысша сөйлестік.

Қараноғайлар арасында
Біздің келесі бағыт алған жағымыз Дағыстан Республикасындағы Ноғай ауданының орталығы – Тереклі Мектеб кенті болатын. Бұрын бұл жаққа келіп көрмегенімізбен, барар жеріңді тайға таңба басқандай көрсетіп, тәптіштеп айтып тұратын заманауи навигациялық құралдар адастырмайды екен. Қалмақ даласын жарып өтіп, теңіз жағалап, 600 шақырымдай жолды артқа тастаппыз. Дағыстан Республикасының аумағына кірерде бейнебір бөлек мемлекетке өткендей болдық. Шекаралық құжат толтыру, қарулы күзет, көлік пен онда-ғы заттарды тексеріс осындай әсер қалдырды.
Біз Тереклі Мектеб ноғайларының көшбасшысы, Ноғай Ұлттық Кеңесінің төрағасы Зелимхан Көчеровтың үйіне жеткенімізде сағат 03.00 шамасы еді. Жеті түнде жетіп келген жеті адамды жатсынбай қарсы алған орта бойлы, ақ шашты, қараторы жүзді үй иесі өте ақ-жарқын екен. Кірпіш дуалды атшапты-рым аулада екі үй тұр. Бізді қонақ күту-ге арналған кең үйге орналастырды. Жуынып-шайынып, дастарқаннан ауыз тиген соң аз-кем демалдық. Күн көтері-ле қайта тұрғанымызда үй иесі осы өңірдегі ақсақалдарды, зиялы қауым өкілдерін жинап қойған екен.
Өз басым Залимхан ағаны Қырым татарларының көсемі Мұстафа Жеми-левке қатты ұқсаттым. Өз ұлтының ер-теңі үшін күресте Залимхан ағаның да көргені аз болмапты. 2012 жылы түн ішінде үйіне мылтық атып, қастандық жасағандар да болған екен.
Сөз басында Ресейдегі ноғайлар тұрған жеріне байланысты бірнеше топқа бөлінетінін жазғанбыз. Залимхан аға Н. С. Хрущев билігі кезінде, яғни 1957 жылы 9 қаңтарда қабылданған Совет Үкіметінің қаулысы бойынша бір-тұтас Ноғай даласы төртке бөлініп кет-кенін айтады. Ноғайлар тұратын аймақ-тар қазір Қарашай-Шеркеш, Дағыстан, Шешен автономиясында және Ставро-поль өлкесіне қарайды. «Өз алдына ав-тономиямыз болса» деп армандайды ноғай бауырлар.
1991 жылы Совет Одағы ыдыраған-да ноғай ағайындар да автономия ал-маққа ұмтылып, әрекет жасап көрген екен. Сондағы үлкен үміті қазақ көсемі Нұрсұлтан Назарбаев болыпты.
– Ноғай зиялылары, ел ағалары Нұрекеңе хат жазып, көмек сұрадық. Нұрекеңнің беделі күшті, Ресей Феде-рациясының Президенті Борис Ельцин-мен жақсы дос болды ғой. Сондықтан ағайын ноғай халқының өзіне тиесілі жер аумағын белгілеп, автономия құ-руына көмектессе деп едік. Қазақстан мен Ресей Федерациясының қарым-қатынасы қазір де өте жақсы. Біз әлі де үміттіміз. Осы бағыттағы күресімізді жалғастыра береміз, - дейді Залимхан Көчеров.
Ноғайлар ақсақалдарын «йасикон» деп атайды екен. Бұл бізше «жасы үл-кен» деген сөз. «Қазақстаннан қазақ бауырлар іздеп келді» дегенде Дағыс-танның Ноғай ауданында тұратын йасикондар көп жиналды. Солардың ішінде Ноғай мәжілісінің депутаты Таймасхан Ақболатов, жыршы-домбы-рашы Ахмат Құлниязов, Шора Аджибаев, Зейнадин Эсиргепов, тағы басқалары жергілікті халықтың мұң-мұқтажын, арман-тілегін жеткізіп сөйлегені өте әсерлі болды. 1936 жылы дүниеге кел-ген Шора Абдулмежитұлы Ноғай дала-сының таулықтар тарапынан талан-та-ражға қалай түскенін өз көзімен көрге-нін айтып берді.
«Ноғай шөлі» – ноғай тілінде дала «шөл» деп аталады екен. Дағыстан – «тау елі» деген сөз. Бірақ ноғайлар тұратын жер далалық, жазық болып келеді. Әу бастан-ақ бұл жерді ноғай-лар мекендеген. Бірақ Совет Одағы кезінде құрылған колхоз-совхоздарға тауда жайылым жетпегендіктен, осы ноғай даласынан кесіп бере берген. Бүгінде колхоз-совхоз әлдеқашан тарап кетсе де, көпсанды авар, дарғын, құ-мық, лезгин т.б. ұлттар бұл жерден ажырағысы келмейді. Ал Дағыстан Республикасы бойынша ноғайлардың саны 40 мыңнан сәл ғана асады, жалпы пайыздық үлесі 1,4% қана. Мұндай жағдайда «Ордалының оғы қалса жоғалмас, жалғыздың жағы қалса та-былмас» деген мақал тілге оралады екен...
– Біз жоғарыда айтылған 1957 жыл-ғы Жарлықтың күшін жоюды, бұрын ауыл шаруашылығы мақсатында алын-ған жерлерімізді өзімізге қайтарып бе-руді талап етеміз. Біздің жеріміз табиғи қазбаларға өте бай: мұнда мұнай да, ауыз су көзі де бар. Қазақстан – үлкен мемлекет, бай ел ғой. Бізге келіп, за-уыт-фабрика салса, біріккен кәсіпорын-дар ашса. Сонда жұмыссыздық салда-рынан туған жерден алыстап кеткен жастарымыз қайта оралар еді. Біз тіпті қазақ бауырларды осы жерге көшіп келуге де шақырамыз. Біздің табиғаты-мыз қандай әдемі! Жер жетеді. Олар келсе, санымыз көбейіп, өз жерімізде өзгеге жем болмас едік, - дейді Залимхан Көчеров.
Ноғай мен қазақтың тығыз арала-суына кедергі болып отырған бір мәсе-ле – Қазақстан Республикасындағы ЖОО-ның дипломы Ресейде көп мо-йындалмайды екен. Залимхан аға Қожа Ахмет Яссауи атындағы халық-аралық қазақ-түрік университетін бітір-ген бір ноғай баласының елге келген соң жұмыс таба алмағанын, дипломы мойындалуы үшін қосымша емтихан тапсыруға тура келгенін айтады.
Дағыстан Республикасы аумағын-дағы ноғайлар «қараноғайлар» деп аталатынын жоғарыда келтіргенбіз. Мұның бірнеше нұсқасы бар екен. Со-ның бірі – билікке араласпаған, қара бұқара халық өкілдері дегенді білдіре-ді.
Рамиль Ешмұхамбетовтың айтуын-ша, ноғайлардың ұлттық ерекшелігінің бірі – отбасында бала саны аз болады екен. Көбінесе екі баламен, әрі кетсе, төрт баламен шектеледі. Ноғай халқы санының аздығына қарағанда, бұл рас болса керек. Сондай-ақ «Ноғай таза-лықты, тәртіпті сүйеді, қыздары ерке, би келеді, әр ноғай тұратын үйінің үл-кен, сәулетті болғанын қалайды, әсіре-се, келген қонақтың жағдайын жасауға тырысады» деген тұжырымдарды да біз көрген-білген жәйттер дәлелдеп тұрғандай.
Залимхан аға бізге – қазақ бауыр-ларына құрметтің ең үлкенін ойластыр-ғанға ұқсайды. Жан-жақтан жиналып жатқан көмекшілеріне түрлі тапсырма беріліп жатты. Көп кешікпей бірнеше көлікке бөлініп отырып, ауылдың сыр-тына бет алдық. Сөйтсек, әсем табиғат аясында әдемі оюлы киіз үйді арнайы тігіп қойған екен. Дәл қасында сақ-сар-мат заманынан қалған биік оба орна-ласқан. Залимхан аға қолына қанатты барыс бейнеленген көк туды желбірете ұстады. Ойыма Сүйінбай Аронұлының:
«Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен!
Бөрідей жортып кеткенде,
Бөлініп қалған жан емен!
Бөрілі найза ұстаса,
Түйремей кеткен жан емен!
Бөрілі байрақ құласа,
Күйремей кеткен жан емен!
...Бөрі басы — ұраным,
Бөрілі менің байрағым.
Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым!» - деген өлең жолдары түсті...
(жалғасы бар.)

Орал–Астрахань–Терекли Мектеб–Қаңлы–Эркен шаһар–Орал

Суреттерді түсірген
Айболат Құрымбаев, Азамат Қожақов, Қазыбек Құттымұратұлы

Қаралым саны 1369

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463