Аралтөбенің «Алтын адамы»

Келтір ШӘНЕНОВ,
өлкетанушы,
ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы,
ҚР мұнай-газ саласына еңбегі сіңген қызметкер,
Жылыой ауданының құрметті азаматы,
Атырау қаласы

Діни-сопылық ілімнің аса көрнекті өкілі, көзінің тірісінде-ақ әулие Пір Бекет атанған, есімі Адай ұлысы-ның ұранына айналған Бекет Мырзағұлұлы 1771-75 жылдары қазіргі Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай селолық округінде «Ақмешіт» жерасты мешітін тұрғызған. Осы жерден тура күнбатысқа қарай 7,5 шақырым жүрсеңіз, Аралтөбе атты биік обаны көресіз. 1999 жылы дәл осы обаның астынан бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi (б.д.д.) III-II ғасырларда өмір сүрген сарматтар көсемiнiң сүйегі табылды. Ромб тектес алтын пластинкаларды балық қабыршақтандырып тағып, әдемілеп тіктірілген сырт киіммен жерлеген сүйек бірден «Алтын адам» атанып кетті. Әйгілі Есіктен кейін Қазақстан территориясынан табылған екінші «Алтын адам» Құлсары қаласынан солтүстік шығысқа қарай 65 шақырым жерде орналасқан. 

Аралтөбе обасындағы археологиялық қазба жұмыстарына жетекшілік жасап, зерттеу жүргізген – ҚР ҒА Әлкей Хаканұлы Марғұлан атындағы Ар-хеология институты Батыс Қазақстан бөлімшесінің экспедиция басшысы, ҚР-ға белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самешев.
«Алтын адамның» қалпына келтірілген пішіні Алматы қаласындағы археолог Қырым Алтынбековтің қалпына келтіру шеберханасында жа-салды. Тіпті оның антропологиялық бет-әлпеті қалпына келтірілді. Қазіргі кезде оның бір данасы Астана қаласындағы ҚР тұңғыш Президентінің «Президенттік мәдениет орталығының» қасиетті жәдігерлер сақталатын мұражайының екінші қабатында орналасқан «Байырғы дәуір залы» деген үлкен залында, Алматы облысының Есік қорғаны жерінен табылған бірінші «Алтын адамның» мүсіндік пішінімен қатар сақталуда. Ал екінші данасы Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында құнды экспонат ретінде арнаулы бөлмеде сақтаулы тұр. «Алтын адамның» антропологиялық кес-кін-келбеті оның бас сүйегі негізінде Ресей Ғылым Академиясы (РҒА) Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтына қа-расты музейдің бүкіл әлемге белгілі М. Герасимов атындағы антро-пологиялық қалпына келтіру зертханасында арнайы тапсырыс беру ар-қылы жасалған.

Астана қаласындағы Президенттік мәдениет орталығы мұражайының «Байырғы дәуір залындағы» Есік қор-ғаны жерінен 1969 жылы табылған бі-рінші «Алтын адам» (б.д.д. IV-V ғ.) мен Аралтөбе жерінен 1999 жылы табыл-ған екінші «Алтын адамның» (б.д.д. III-II ғ.) мүсіндік пішіндерін көріп, жер-жа-hанды тұлпардың тұяғымен дүбірлет-кен, басы барды идірген, тізесі барды бүктірген көне замандардың (сармат-тар, сақтар, ғұндар, көк түріктер және қыпшақтар дәуірлерінің) куәсі болып, арасында жүргендей күй кешесіз. Мұн-да Қазақстанның әр өңірінен табыл-ған, алтынмен апталып, күміспен күп-теліп жасалған асыл мұралардың, сон-дай-ақ Шығыс Қазақстандағы Берел қорғанынан табылған (1997 ж.) баға жетпес жәдігерлердің түпнұсқалары-мен танысуға мүмкіндік бар. Сіз осы залда тұрып, біздің дәуірімізге дейінгі V-II ғасырларда жер шарын мекен еткен өзге жұрттар ұятты жерлерін жапырақ-пен, ал денелерін аң терісімен жауып, жабайы кейіпке жақын жүргенде сары алтыннан оқаланған киім киген сақ бабаның ұрпағы екеніңізді мақтан тұтып, кеудеңіздің ерекше сезімге кернелуі мүмкін.
Археолог ғалымдар Аралтөбе оба-сын қазу барысында «Алтын адамның» сүлдесінен басқа әйелдердің, иттердің, екі аттың және қойылымның шығыс жа-ғын ала көмілген бүркіт құстың сүлделе-рін, қару-жарақтан семсер мен қанжар, қалқан және қорамсақ пен жебе оқта-рын тапты. Тамақ салуға арнап саз бал-шықтан жасалған және сусын құюға ар-нап теріден тіккен ыдыстар сияқты қа-зан-ошақ мүліктері де шықты. Табылған ең басты артефактінің бірі алтын жала-тылған темір жезл еді. Бейіттің бірнеше рет тоналуға ұшырағандығы белгілі бол-ды. Сонда да қабірдің ішінен 300-ден ас-там әртүрлі: ромб тектес, құстаңдай, ра-ма тәрізділес, дөңгелек және ирек алтын пластинкалар табылды. Олар формала-рына байланысты ер адамның шерулік сырт киімінің әр жеріне жапсыра тігілген. Саф алтыннан тұратын бұл жәдігерлер асқан шеберлікпен, үлкен талғампаз-дықпен жасалған. Обаның өзі құрылысы жағынан күрделі ғимарат болып табыла-ды.
Оның пішіні сол жерде сақталған элементтер бойынша жасалды. Бастап-қыда ол биіктігі 2 метрдей, диаметрі 40 метрді құрайтын тастан қаланған дөңге-лек құрылыс болып көрінді.
Обаның ортасында топырақтан соққан жалдың үстіне тұрғызылған дөңгелекше келген тасты тігінен орнат-қан дуал болды. Дуалдан, күннің ша-пағына ұқсатып, жан-жаққа тарамдал-ған тігінен шаншылған тақта тастан тұр-ғызылған сәуле кейпі салынған. Оба-ның беті етегіне қарай көлбеулетіліп, қабыршақты сауыт тектес қылып қалақ таспен түгелдей жабылған. Күн шапақ-ты обаның солтүстік жағынан қалақ тастарды көлденең салып, тас дуалға кіру жолы соғылған. Обаның ортасын-да аса күшті және ұзақ жағылған оттың ізі сақталған ошақ бар. Сарматтар отқа табынушылар болған және оттың таза-лағыш күшіне қатты сенген.
Атыраулық өлкетанушы Өтепберген Әлімгереев жер бетінің конструкция-лық сипатына қарап, отқа табыну дә-лелдері мен басқа да белгілерді еске-ріп, «Жем өзенінің төменгі жағы сар-маттарының зороастрия діни дәстүрін ұстанған дүниетанымда болуы мүмкін және олардың басқаратын элита мен абыздар кастасына жататын маңғаздар-ды жерлеу тәжірибесін көрсетеді», - деп пікір айтады.
Аралтөбе обасынан табылған кө-не дәуір (сармат, сақ) абызының көр-ханасынан қазан-ошақ мүліктерінің, бүркіт құстың, иттің, жылқының және әйел адамның сұлбаларының табылуы, қазақ ұлты мен басқа да түркітілдес халықтардың ежелгі заманнан бері «жеті қазына» деп ерекше мән мен мағына беріп, қасиет тұтатын түсінігіне арқау болып тұрған жоқ па дерсің!? Олай болса, «жеті қазына» атауы мен түсінігі өзінің түпкі тамырын сонау екінші мыңжылдықтың арғы жағынан алады демеске лаж жоқ. Салыстырып қарасаңыз, қазақтың түсінігіндегі «жеті қазынаға» ер жігіт, сұлу әйел, жүйрік ат, қыран бүркіт, сырттан ит, қазан-ошақ, алмас қылыш жатады емес пе?! Осыны ескерсек, мына обадан соның жетеуінің де табылып отырғаны кез-дейсоқтық деп ойлауға бола ма? Адам-заттың өркендеу тарихында скиф – сармат – сақ – ғұн – үйсін – қыпшақ (половец) болып аталған тайпалар ода-ғының құрамына кірген халықтардың арғы аталарының түпкі тұқиандық тек-терінің бір екендігінің белгісі осы.
Бүркiт құстың сүлдесінің шығуы сарматтардың бүркітті тектiк тотем-қамқоршысы ретінде қабылдауына байланысты деп есептеуге жол бередi. Сол сияқты, «Алтын адамның» аса танымал аңшы немесе құсбегі болған-дығын меңзейтін белгі болуы мүмкін деген көзқарасты да естен шығаруға болмайды.
З. Самашев бастаған экспедиция, обадағы басты жерлеу көрханасы іші-нен қамыстан нығыздап жасалған көр-пемен қапталып, қабырғаға жіңішке сырғауылдармен бекітілгенін анықта-ды. Сол дәуірдегі, көшпелi сармат қо-ғамындағы салттың және мәртебенiң нормаларына сәйкес, марқұм болған ханзадалар мен абыздарға ерекше құрмет жасалып, бақилық болғанда олардың салтанатты киiмдерін кигізіп жерлейтіндігі белгілі болды.
Аралтөбе обасын қазу кезінде ар-хеологтарға арнаулы қазу, күреу техни-каларымен және адам күштерімен «Құлсарымұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы ақысыз көмек көрсетті. Жебеушілік танытып, қол созған кәсіп-орынның сол кездегі басшысы, өлке тарихының жанашыры – Жылыойдың танымал азаматы Мақсым Шафихұлы Ізбасов болды.
Өз елінің бұрынғы көне тарихын бі-луге ұмтылу мен жаңа тарихын жете тү-сіну әрбір Алаш ұрпағына тән мақсат болуға тиіс. Себебі сен туған елдің өт-кен дәуірінің әрбір сәтін қаз-қалпында сақтап отырған осы – туған жердің то-пырағы. Топырақтың тұла бойында біз-дің асыл тарихымыз бен өнегелі өтке-німіздің белгілері мен бедерлері жасы-рулы. Топырақтың қойнауында тағ-дырлы тарихымыз бен шерлі болса да, шежіреміз көмулі. Ал сақ обалары мен қорғандары – соның бірегей дәлелі. Бұндай жерлерді көнелікті мола деп емес, өткен көне тіршіліктің тарихы деп қабылдауға тиістіміз.
Төменде бас сүйектерінің негізін-де Ресей Федерациясының Мәскеу қа-ласында орналасқан Ресей Ғылым Ака-демиясының (РҒА) Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антрополо-гия институтына қарасты музейдің әлемге танымал М. Герасимов атында-ғы антропологиялық қалпына келтіру зертханасында жасалынған, тарихқа белгілі бірнеше адамның, скиф, сар-мат, половец, сақ тайпалары мен үйсін этносына жататын өкілдердің антропо-логиялық кескін-келбеттерінің мүсіндік пішіндерін, антропологиялық қалыпқа келтіру жұмыстары туралы түсінікті оқырман әлеуметке барынша тереңі-рек жеткізу мақсатында газет пен жур-налдарда (БАҚ), археологиялық ғылы-ми кітаптарда және ғаламторда жария-ланған ақпарат көздерінен алынған, бұрынғы қалпына келтірілген мүсінде-рін көтерілген тақырыпқа толықтырма ретінде беріп отырмыз.
«ҚР-ның әртүрлі аумағынан табы-лып жатқан «Алтын адам» адамзат та-рихының айтулы күндері деуге тұрады. Оған себеп жеткілікті, бұған дейін Орталық Азия мен Қазақстан жерлерін «жабайылар мекені» санайтын, «көш-пенділерде ешқандай мәдениет бол-ған жоқ» деп өзеурейтін еуропалық-тардың мысы басылып, ұлы көшпен-ділер өркениетін қалыптастырған қара топырақтың рухы шалқыған тұс болды. Бұл қазақ мәдениетінің, тұтас түркі дүниесінің әлімсақтан бергі адамзат мәдениетінің айырылмас бір бөлшегі ғана емес, қайта онда өзгеге ұқсамай-тын өзіндік болмыс-бітім барлығын дәлелдеген сәулелі мезет болатын. Сол сәттен бастап күллі әлем халықта-ры көшпенділер өркениетінің сан мың-даған ғасырлардан тамыр алатынын айқын сезінді, оған көзі толық жетті және орынсыз ұмытылған жаңалық ретінде қабылдады. Міне, содан бері сынаптай сырғыған қырық жыл беде-рінде талай айтулы оқиғалар тізбегіне куә болумен келеміз. Дөңгеленген дү-ние мың құбылды. Аспан астында не-ше түрлі өзгерістер шеруі өтті. Жер-жа-hанның тұтастай бір бөлігіне иелік ет-кен қанқұйлы Кеңестер Одағы бір күн-де ыдырап, келместей болып күлі көк-ке ұшты, оның орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттер ту көтеріп, өздерінің еге-мендігін жариялады. Биылғы 2011 жыл ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылды-ғы» болып жарияланды.
«Алтын адамның» Алаш баласына сыйлаған ең үлкен сыйы Тәуелсіз Рух әкелуі еді. Тәуелсіз қазақ елінің симво-лына айналған «Алтын адамдар» тура-лы айтылған сөз қанша көп болса, бо-лашақта да айтылар сөздер, тексеру мен зерттеулер, таңырқау мен тамса-нулар одан да көп болмақ. Адамзат үшін айтулы оқиғаға айналған «Алтын адамдар» бұл күндерде Ұлы даламыз-дың төрт бұрышынан да табылып отыр. Мұны төрт тараптың теңдігі мен кеңді-гін әйгілейтін жақсылықтың нышаны деп жорыған абзал» - дейді Т. Таңжарық. («Қала мен Дала» газеті, 2010 ж.). «Ал-тын адамдардың» ҚР жерінің аумағы-нан табылуының антропологиялық хро-нологиясы төмендегі желіні құрайды:
1969 жылы бірінші табылған «Ал-тын адам» Алматы қаласынан 50 ша-қырым жердегі диаметрi 60 метр, биiк-тiгi 6 метр Есік қорғанынан табылған (тапқан археолог Б. Нұрмұханбетұлы), біздің дәуірімізге дейінгі V-IV ғасыр-ларға жатады. Есiк қорғанынан табыл-ған алтын киiмдi адамның ұзындығы – 165 сантиметр. Ал биiк, шошақ төбелi, ұзындығы 70 см шамасындағы бас киi-мi 150-ге жуық әшекей заттармен бе-зендiрiлген. Антропологтардың анық-тамасы бойынша Есік қорғанында жер-ленген адамның жасы 18-20-ларда және ол біздің дәуірімізге дейінгі ІV ға-сырдың аяғында өмір сүрген деп бол-жанады.
1999 жылы Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай селолық округіне қарасты Аралтөбе жеріндегі биіктігі 2 метрдей, диаметрі 40 метр құрайтын тастан қаланған дөңгелек құ-рылысты обаның астынан ҚР-ді тер-риториясынан табылған екінші «Алтын адам» шықты. Ол – біздің дәуірімізге дейінгі III-II ғасырларға жататын жәді-гер. Аралтөбе обасы Құлсары қаласы-нан солтүстік-шығысқа қарай 65 км жерде орналасқан.
Бірінші және екінші табылған ал-тын киiмдi адамдар, яғни №1 және №2 «Алтын адамдар» қазiр Ақорда ғимаратында «Алтын мен бағалы тас-тар» мұражайының арнайы қорына қойылған. «Оның түпнұсқасы кез кел-ген жанға көрсетiле бермейдi. Мұра-жайда қауiпсiздiк шараларына қатаң тәртiп сақталған. Соған сәйкес, қазба байлықты арнайы комиссия жыл са-йын барып тексерiп тұрады. Кезiнде Ресей және басқа да бiрнеше шет мемлекеттер «Алтын адамға» қатты қызығып, сұратқан екен. Алайда заң бойынша мұндай құнды жәдiгерлер табылған отанында сақталуы тиiс екен-дігі ескеріліп, ешқайда да жіберілмеп-ті» («АЛТЫН АДАМ»: АҢЫЗ БЕН АҚИ-ҚАТ», Л. Тастанбекова).
2003 жылы Шығыс Қазақстан об-лысы Зайсан ауданы Шілікті жазығы-нан археолог Әбдеш Төлеубаевтың басшылығымен тарихымыздағы үшін-ші «Алтын адамның» табылғандығы белгілі. Шіліктіден табылған адамның дене сүйектері ірі әрі бұзылмаған, сү-йектеріне ақау түспеген және толық көлемде болып отыр. Бойы – 1,79 см, жасы 35-40 жаста деп шамалауға бо-лады. Осы жаңалықтан соң бұл ашы-лымдардың желісі жалғасатындығына ғалымдардың көзі жетті. Бірқатар зерттеулер Шілікті жазығындағы 400-ден астам қорымдардан елу екі «Ал-тын адамның» табылу мүмкіндігін ті-зімдеп берген еді. Шіліктідегі Бәйгетө-бе атты обадан шыққан алтын киімді билеушінің сүйегі болды. «Шілікті Ал-тын адамы» – Қазақстан жерінен табы-лып отырған үшінші «Алтын адам». Та-былған қабiр Шығыс Қазақстан аумағы Шiлiктi жазығындағы биiктiгi 8 метр, диаметрi 97 метр қорғанның iшiне жерленген. Жәдiгердiң қасына құрбан-дыққа шалынған он үш жылқы қоса көмiлiптi. Бiр ғажабы – арада қанша ға-сыр өтсе де, әлгi малдардың етi сол қалпында сақталған», - дейді археолог Б. Нұрмұханбетұлы.
Сақ тайпаларының мифологиялық бейнелерінің бірі жылқы болып есеп-телген. Бас киімде бір-біріне қараған екі жылқы бейнесі кездеседі. Ол – кә-дімгі мініс жануары, әлем аймақтары-ның бірінен-біріне өтудің көлік құра-лы, Тәңірдің бұйрығын сақтап жеткізу-ші, дүниені жалғастырушы буын. Со-нымен қатар жылқы адамдар әлемі мен аспан әлемі арасындағы дәнекер болған және ол өзінің иесіне өлімнен кейінгі сапарда соңғы мақсатына же-туіне көмектеседі деген түсініктен туса керек.
2010 жылы Қарағанды облысын-дағы Кент тауына жақын жерде орна-ласқан Қасым Аманжолов атындағы елді мекеннің маңынан ғалымдар осы-дан шамамен 2,5 мың жыл бұрын кө-мілген «Aлтын адамның» сүлдесін тап-ты. «Алтын адамның» қабірі табылған мекен Қарағандыдан 300 шақырым қашықтықта. Ғалымдардың пайымда-уынша, бұл – 40 жастағы ер адам, ежелгі сақ тайпаларының қолбасшысы болса керек. Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институтының бөлім мең-герушісі, тарих ғылымдарының канди-даты Арман Бейсенов бастаған архео-логтар көп жылғы зерттеу, қазба жұ-мыстарының нәтижесінде Орталық Қазақстан аймағынан табылған тұң-ғыш «Алтын адамға» кездесті. Ақын Қасым Аманжолов ауылының шетінде-гі Талды қорымдарында 20 қорған бо-латын болса, оның сегізі – ежелгі сақ қорғандары. Бұл қорғандарға жәй қа-рапайым адамдар жерленбеген. Осы қазба жұмыстары жүргізілген қорған-дардан тек қана ел билеуші адамдарға ғана тән бұйымдар табылуда. Экспеди-ция жетекшісі Арман Бейсенов «Бұл Орталық Қазақстан аймағынан табыл-ған «Алтын адам» деп айтуға толық не-гіз бар. Себебі қазба жұмыстары толық аяқталмаса да, күні кешеге дейін 8 үл-кен белдіктің әшекейі, одан кішірек 82 белдіктің әшекейі, 8 құйма арыстан белгісі, Астанадағы Xан шатырының формасындай 20 құйма алтын, 6 алтын пружина, бұдан басқа да 30 шақты түр-лі формада құйылған алтын әшекей-лер, өте жұқа алтын қаңылтыр деп ай-туға болатын затқа ойылып жасаған айдаһар, секірейін деп тұрған қабан, осындай жұқа металға ойылған елтаң-бада белгіленген пырақтардың көрініc-терiмен қатар өте ұсақ алтын моншақ-тар мыңдап саналады. Әртүрлі дөңге-лек көлемдегі киімге жапсырылып тігі-летін алтын әшекейлер, қымбат тас-тардан істелінген әртүрлі бояудағы моншақтар, жиырма шақты садақ-же-белерінің қоладан құйылған ұштары кімді болсын таңғалдыратыны сөзсіз. Бұдан басқа да таза алтыннан құйыл-ған сақина мен әйелдерге тән киім әше-кейлерінің табылуы бұл әйел адамның мүрдесі екендігіне ешбір дау туғызбай-ды деген де жорамал бар», - дейді. Сөйтіп, Қарқаралы өңірінен төртінші “Алтын адам” табылды деп археолог-тар жар салуда. Ғалымдардың пайым-дауынша, бұның барлығы біздің дәуі-рімізге дейінгі VII-VI ғасырдың дүние-лері. (Р. Смағұлов, «Аманжолов ауылы-нан «Алтын адам» табылды», «Азат-тық радиосы», 15 шілде 2010 ж.)
Атап айта кетерлiк жайт – алтын киiмдi адамдардың өмiр сүрген дәуi-рiнде алшақтық болса да, киген киiм-дерi бір-біріне өте ұқсас. Бұл арада 4-5 ғасыр мезгіл өтсе де, тамырлас көне мәдениеттiң арқауын үзбеген ұрпақ-тар сабақтастығын бiлдiретін белгі болса керек. Көне дәуір ханзадалары мен абыздарының бастан-аяқ алтын-мен аптап жасаған киiм киінуі және оларды салтанатты киімдерімен жер-леу салты тек – сақилықтың ғана емес, сонымен қатар ол сол дәуірдегі қоғам-ның биiк мәдениет пен жоғарғы өрке-ниетке қол жеткізіп дамыған форма-ция екендігінің де белгiсi.
«Не десек те, Қазақстан Республика-сының территориясынан «Алтын адам-ның» жиiлеп табыла бастауы қазақ та-рихшыларын мықтап ойландыруы керек. Ендi мына жайтқа назар аударыңыз-шы. Қазақ даласын мекендеген ежелгі дәуірдің адамдары аса биiк талғам-мен алтыннан киiм киiп, алтын әше-кейдi торғынға, жiбекке жапсырудың, яғни «алтынмен аптаудың, күмiспен күптеудiң» бүкiл технологиясын мең-герген кезде Еуразиядағы славян тай-паларының аң терiсiн жамылып жүр-генi ешкiмге де жасырын емес, белгілі жағдай», - деп тұжырымдайды «Жас Алаш» газеті (20 шілде 2010 ж.).
Шындық пен ақиқат осы. Бірақ олар мұны әзірге мойындай қойған жоқ. Бұл тұрғыда, әңгімеленіп отырған кезеңнің тарихын қайтадан сараптап қарап, қазіргі кездерге дейінгі қалып-тасып қалған түбірімен қате түсініктер мен тұжырымдарға тарихи түзетулер енгізудің сұранып тұрғаны анық.
Қазақтың ұлы даласы қазақ үшін және оның көне ата-бабалары үшін қа-сиеттi құттыхана болғалы сан ғасыр өт-ті. Осы қасиеттi құттыханадан «Алтын ханзада» да, «Алтын ханшайым» да та-былып жатыр. Табуын тапқанымен, оны жерiне жеткiзе насихаттай, әспет-теп әйгiлей, бағасын бұлдай алмай жа-тырмыз. «Алтын адам» табылған жер-лерді абаттандырып, обалардың бұ-рынғы қалпына келтірілген қималарын жасап, туристік нысандарға – ашық ас-пан астындағы мұражайларға айнал-дыру ісі өз дәрежесінде қолға алынбай отыр. Өкінішке орай, көне дәуірдің жә-дігерліктері қазылып алғаннан кейін, оның орындары қараусыз қалып, қа-рапайым үйіндіге айналуда. Бұл тұр-ғыда ҚР-ның Мәдениет және ақпарат министрлігі дұрыс мемлекеттік қам-қорлық пен өркениетті иелік жасай ал-май жүр. Осы бағытта олардың фараон-дарының көрханалары мен мумиелерін іздеп тауып алып, жан-жақ-ты және мұқиятты ғылыми зерттеуден өткізіп, жәдігерліктерді мұражайлар қорында әспеттеп сақтап, қазынды-лардың орнын бұрынғы қалпында ұс-тап әрі қорғап отырған Мысыр (Египет) елінің шенеуніктерінен үйренері мен ұғынары көп болуға тиісті.
Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi VII-II ға-сырларда ежелгi қазақтардың бастан-аяқ алтынмен апталған киiм тiгуi және оны иесіне кигізiп жерлеуі – бұлардың өзге халықтармен салыстырғанда ерте есейгенiнiң, ерте дамығанының белгiсi ғана емес, сонымен бiрге бұл бекзада болмыстың, тектi бiтiмнiң де нышаны мен сипаты болса керек. Бұл сол сияқты көне өркениеттіліктің ең әуелі күншығыс елде-рінде бастап өр-кен жайғанының, тек содан кейін ғана өркениеттің батыс елдерге біртіндеп тара-ғандығының бұл-тартпастай айғағы болып табылады. Жер бетін қоныс еткен адамдар арасында өрке-ниеттің ең ал-ғашқы дамыған жерлерінің не-гізгісі қасиетті Тұран жері деуге толық негіз бар. Киiмiнен бастап кебiнiне дейiн ал-тынға малынған «Алтын адамдар» сондықтан да Қазақстан жерінің аумағынан көп-теп, ал онымен шекаралас аймақ-тардан (Орынбор маңы мен Архаим тауының алқабы, Тува жері мен Алтай) ішінара табылып отырғаны қазіргі кез-де барша археолог және тарихшы ға-лымдарға мәлім болған жағдай екен-дігіне ешкім қарсы дау айта алмайды.

Қаралым саны 11099

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463