БӨКЕЙ ОРДАСЫ

«Қазақ елін ежелгі еркіндігінен айырып, отарлық тәртіп әкелген ХІХ ғасырдың бас кезіндегі ең елеулі оқиға Бөкей Ордасының құрылуы болды. Әбілхайыр ханның немересі, Нұралы ханның ұлы Бөкей сұлтан 1801 жылы бейбіт келісім жолымен, бұрынғы Алтын Орданың, кейінгі ноғай-қазақтың құт мекені Жайықтың батыс бетіне, Еділге дейінгі кең алқапта қоныстануға мүмкіндік алды. Ата жұртқа ірге аударған жұрт Бөкейді хан сайлады. Ресей дәргейіндегі, бірақ өзіндік басқару жүйесі бар жаңа ұлыс Ішкі немесе Бөкей Ордасы деп аталды. Сөйтіп, қатарынан озып туған, көреген Бөкей хан кіріптар заманның өзінде Алаш ұлысының өрісін кеңейтті. Еуропаның үлкен бір мемлекеті еркін сыйып кетердей кең-байтақ, құйқалы қонысты біржола қайтарып алды».

 

Қаралым саны 2241

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463