Құлпытас – қазақтың төлқұжаты

Қайтыс болған адамның аты-жөні, қай жылы туғаны, неше жаста қайтыс болғандығы, қай ру, белгі қойған кімдер екендігі құлпытаста көрсетіледі. Тіпті, кейбірінде қайдан білім алғандығы, ұстазы кім болғандығы туралы да мәлімет болатынын ескерсек, бұл тарихты зерттеуге таптырмас мағлұмат болары анық. Араб әліпбиімен жазылған құлпытастардың дені XVIII-ХХ ғасыр аралығын құрайды. Батыс Қазақстан облысы аумағындағы сондай құлпытастарды қорғау, кешенді зерттеу мәселесі бойынша ғалымдардың, билік өкілдерінің, дін қызметкерлерінің,  өлкетанушылардың  тұңғыш  рет  басқосуы  өтті.

Бүгінде Батыс Қазақстан облысының барлық ауданында көне қорымдар мен құлпытастарды зерттеу бойынша жұмыс тобы құрылып, оның құрамына әр ауылдық округтен ескілікті әңгімелерді білетін шежіре қариялар, орта мектеп-тердің тарих пәні мұғалімдері, жастар белсенділері, араб жазуын оқи алатын мешіт имамдары, басқа да ықыласты тұлғалар қосылды. Негізгі мақсат – облыс аумағындағы араб жазулы құл-пытастардың саны мен сапасын түгел анықтап, қаттап, мәтінін аударып, ғы-лыми айналымға енгізу, жинақтарға жариялау. Аудандардан келген осы топ мүшелері және облыс орталығындағы мамандар, тарихшылар мен ғалымдар-дың қатысуымен өткен бұл басқосуда болашақ жұмыс жоспары жасалып, топ мүшелеріне нақты нұсқаулық, бағдарла-ма берілді. Кезең-кезең жұмыстардың мерзімі де белгіленді.
Отарлау саясатының кесірінен тарих-та елеулі орны бар тұлғалардың есімде-рі жадымыздан өшіріліп, жерленген жерін білмейтін халге душар болдық. Олқылықтың орны енді толуда. Елдің қамын жеген хан, би, батыр, әулие, ғұламалардың жатқан жерін қарайтып, болашақта туризм нысанына айналса да ұтылмас едік. Сондай-ақ құлпытастар тарихтағы біраз дауларға нүкте қоятын сол заманнан тікелей жеткен айғақ де-рек. Аталмыш облыста құлпытастарды зерттеудің нәтижесінде біршама тарихи жаңалық ашылып, бұрын жазылған тарихқа біраз түзету енгізілуде.
– Құлпытас мұрағат деректерін то-лықтыра түседі. Мәселен, Бөкейдің ұлы Жәңгір ханды әр жерде әртүрлі: бірде 1801 жылы, бірде 1804 жылы дүниеге келген деп жазылып жүр. Жаңақала ауданының бас имамы Мұратбек қажы Жахатов Жәңгір ханның құлпытасынан «1845 жылы 42 жасында опат болды» деп жазылғанын оқыды. Ол Жәңгірдің 1803 жылы туылғанын хижра жыл санауын талдай отырып дәлелдеді. Бұған дейін тарихшылар Қарабай төренің қызы, Бөкей ханның әйелі Атан ханымның Жәңгірді 14 жаста деп көрсеткен бір хатынан есептеп, соны негізге алып келген болатын. И.Казанцев «Описание киргиз-кайсак» (1867) жазбасында: «1845 жылы 11 тамызда, кешкі сағат алты жарымда, Торғын өзенінің бойында Жәңгір хан 42 жасында қайтыс болды» деп жазады. Бұл Мұратбек анықтаған деректі айқындайтын құжат. Мұндай мысалдар құлпытастың нақтылығын, түпнұсқалығын көрсетеді, - деді белгілі өлкетанушы, тарих ғылымдарының кандидаты Жәнібек Исмурзин.
Басқосу барысында көне құлпытастарды қорғау, кешенді зерттеуде бірлесе жұмыстану жөнінде «Нұр Отан» партиясы БҚОФ, Батыс Қазақстан облыс-тық мәдениет басқармасы, «Жайық Пресс» ЖШС және «DANAkaz» тарихи-танымдық журналы меморандумға қол қойды. Бұл іске аса қызығушылықпен бірлесе жұмылғандар осы басқосудан кейін нақты дәлелдерімен төл тарихы-мызға үлестерін қоса түсері анық.

Қаралым саны 2146

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463