Ар жақта Арынғазы дүмбірлеген

Ұлжан АХМЕТОВА,

тарих ғылымдарының докторы,
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік университетінің доценті

Қазақ тарихында еліміздің азат-тығы үшін болған ұлт-азаттық күрестер мен оған ұлтымыздың ұл-қыздарының қатысуы маңызды орын алады. Біз бү-гінде ұлт-азаттық күрес тарихын Ресей-дің Қазақстанды отарлау дәуірінен бас-тап жүрміз. Заманында талай қазақ азаматтары қолына қару алып, артына мыңдаған серіктерін ертіп, Ресей отар-лауына қарсы көтерілді.

Дегенмен өз өмірінің 14 жылын ат үстінде өткізген Сырым бабамыздың орны ерекше. Оның айқын дәлелі – міне, биыл баба-мыздың өмірден өткеніне 200 жыл толса да, бір сәт зерттеушілер назары-нан қалған емес. Тарихшы ретінде Сырым бабамыздың тарихының зерт-телу кезеңін үшке бөлер едім. Бірінші-сі – орыс тарихнамасында зерттелуі, бұл арада тарихшылар әрдайым А. И. Левшин-ді, Л. Мейерді, А. И. Добросмысловты атап өтеміз [1]. Олар бабамыздың қай-раткерлігін мойындағанымен, оның кү-ресінің сырын түсінбеді. Бұл ғалымдар орыс үкіметін қазақ үшін заңды билік деп мойындап, оған қарсы күрескен «қарақшы» ретінде сипаталды.
Екіншіден, кеңестік тарихшылар еңбектерін атаймыз. Олардың қатарын-да А. Ф. Рязанов, М. П. Вяткинді, А.Сабырхановтарды атауымызға бола-ды [2]. Бұл ғалымдардың орыс тарих-шыларынан ерекшелігі Сырым баба-мыздың тікелей орыс отаршылдарына қарсы күрескенін дәлелдеуге ұмтыл-ғандығы еді. Кеңестік дәуірдегі Сырым Датұлы туралы негізгі әрі сүбелі еңбек М. П. Вяткиннің «Батыр Сырымы» бола-тын. Дегенмен бүгінгі жаңа көзқарас-пен қарасақ, бұл еңбектің де біраз кем-шін тұсы бар. Атап айтсақ, Сырымды қазақ мемлекеттігінің негізі – хандық басқаруға қарсы қоюы, батырдың қазақ би-батырларымен, хан-сұлтанда-рымен қарым-қатынасына терең бой-ламау, тағы өзгелерін айтуға болады.
Сырымтанудағы жаңа кезең тә-уелсіздік алуымызбен басталды. Осы кезеңнен бастап баба тарихы туралы жаңа ой-пікірлер, ұстанымдар Қажығали Мұханбетқалиұлы, Әбілсейіт Мұқтар, Серік Мәшімбаев еңбектерінде ашып көрсетіледі [3]. Осы арада Қажығали ағамыздың еңбегін ерекше атап өтіп, оның бүгінгі қоғамдық сананың өзгеруі-не әсер еткендігін айтқым келеді. Оны бүгінгі “Нұр Отан” партиясының қол-дауымен Астананың төрінде Сырым Датұлының 270 жылдығына арналған «Азаттық туын алғаш көтерген ардақты тұлға» атты республикалық ғылыми-тә-жірибелік конференцияның өтуі айғақ-тайды. Сырым баба тарихы тарихшы Әбілсейіт Мұқтардың зерттеу аумағы-на нақ осы жылдары алынды. Қазіргі таңда оның қаламынан екі моногра-фия, ондаған мақала жарық көрді [4]. Соның ішінде «Егемен Қазақстан» газетінің 2007 жылғы 29 тамызындағы санында «Сырымда әлі сырлар бар» деген мақаласымен Сырымтанудың зерттеле түсетін бағыттарына қалың жұртшылықтың назарын аудартты.
Сырым баба тарихымен таныса отыра, 2000 жылдары қазақ халқының біртуар ұлы Арынғазы Әбілғазыұлы бастаған ұлт-азаттық күрес тарихына қалам алдым. Ол кезеңде Арынғазы көпшілікке белгісіз тұлға болатын. Ме-нің ғылыми жетекшім – сол кезеңдегі А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры, профессор Зұлқарнай Алдамжар мен академик Кеңес Нұрпейіс тақырыбыма бірден қызығушылық танытып, қолдау көрсетті. Академик К. Нұрпейіс Арынғазы тағдырын Кавказдың қайсар ұлы Шәміл-мен салыстырғаны әлі есімде. Бір ерек-шелігі – екі тұлға да Ресейдің Калуга қаласында қамауда болғандығы, ал айырмашылығы – Арынғазыға кешірім берілмей, мәңгілікке Калугада қалуы, Шәмілге патшаның рақымы түсіп, оның Меккеге жіберілуі.
Арынғазы ханның қоғамдық-сая-си қызметін жазу үстінде оның көзқа-расының қалыптасуына Сырым Датұлы-ның да ықпалы болғандығын сезіндім. Өйткені, Сырым баба Арынғазының атасы, бір кезеңде Хиуаны билеген Қайып ханмен, Кіші жүздің оңтүстігін билеген әкесі Әбілғазымен қоян-қол-тық араласқан. Мұндай достық кейін Жүсіп Сырымұлымен Арынғазы ара-сында жалғасты. Ата-бабадан тараған адал достықты, елінің азаттығы үшін бірлікті кейінгі ұрпақтың жалғастыр-ғандығына куә болып отырмыз. Мұны Орынбор, Астрахан, Санкт-Петербург мұрағаттарында сақталған құжаттар дәлелдейді. Әсіресе, Санкт-Петербург-тегі Ресей мемлекеттік тарихи мұраға-тындағы 1291-қорда мол мұра жи-нақталған.
Сонымен, біз айтып отырған Арынғазы кім еді? Шернияз ақын жырлағандай, «Ар жақта дүмбірлеген Арынғазы» 1786 жылы Сыр бойында сұлтан Әбілғазы Қайыпұлы отбасын-да дүниеге келді. Бұл кезеңде Сырым Датұлы бастаған қазақтар Жайық бо-йында орыс бекіністеріне атой салып, Ресейдің отарлау саясатына ашық қар-сылыққа көшкен болатын. Осы мақ-сатта ел бірлігінің маңыздылығын тү-сінген бабамыз Әбілқайыр хан мен Батыр ханның ұрпақтары арасында елдің ертеңі үшін аянбай келіссөздер жүргізіп жатқан болатын. Кіші жүзде өткен 1785 жылғы шілде айындағы Кеңесте әбден қартайған Нұралы хан-ды тақтан тайдыру мәселесі көтеріл-ген тұста Сырым баба тағы да ел бір-лігіне арқа сүйейді. Бұл арада Сырым-ның ойына Қазақстанның батыс өңі-ріндегі қазақ руларының атақты би-батырларының барлығы дерлік қол-дау көрсетті [5]. Кейін бұл бірлікті атақ-ты қазақтың би-батырлары Сегізбай, Қаракөбек, Көккөз, Тұрмамбет, Қаратау, Атағозы, Қарасаржала, тағы басқалары қолдады.
Сырым баба ұлт-азаттық қозға-лыстың қызған кезеңінде Қайып Батырұлы арқылы Хиуа хандығы мен Бұқара хандықтары арқылы Түркия-мен байланысқа шықты. Міне, осы мәселе бүгінге дейін толыққанды зерттелмей, ауызекі әңгіме үстінде жүр. Меніңше, оны Өзбекстан және Түркия мұрағаттарынан іздеген жөн.
Нұралы хан тақтан кеткеннен ке-йін 1789 жылы қазақ арасындағы бе-делді тұлға ретінде Арынғазының ата-сы – Қайып хан аталады. Қазақ даласын-да болған полковник Бентам Қайып-қа осы кезеңде Сыр бойынан бастап Орынбор, Орскіге дейінгі аралықтағы қазақтар бағынады деп көрсетеді [6]. Өкінішке орай, Сырым баба сенген Қайып 1789 жылы қайтыс болды. Бұл кезеңде Арынғазы небәрі 3 жаста бола-тын. Ал Жүсіп тархан шамамен 15-20 жас шамасында болса керек, өйткені оның есімі алғаш рет 1790 жылы ма-мыр айында мүфти М. Хұсайыновпен болған кездесуде аталады [7].
Біздіңше, әке жолымен 1790 жыл-дардан бастап қазақ-орыс келіссөзіне қатысып, тәжірибе жинақтаған Жүсіп болашақ тарих көрсеткендей, талай мәрте қазақтың оңтүстігіндегі күрделі мәселелерін шешуге қатысты. Жүсіп пен Арынғазы ханның достығы мұра-ғаттық құжаттарда 1815 жылдан кейін көрінеді. Біздіңше, бұл арада Жүсіп Сырымұлы Арынғазыға ақылшы аға да болғандай [8].
Кіші жүз қазақтары 1815 жылы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы Жанкент қаласында ақ киізге көтеріп, Арынғазыны хан сайлайды [8, - 64б.]. Міне, осы кезеңнен бастап Сырым Датұлының баласы Жүсіп би Арынғазы ханның қасынан табылады. Оңтүстікте-гі қазақтар саясатын жүргізген Арынғазы үшін басты әрі маңызды мақсат ел бір-лігін және территориялық тұтастықты сақтау болды. Сыр бойы оның ата-ба-басының ғана емес, барша қазақтың құтты мекені болатын. Арынғазы хан иелігі арқылы Батыстан шыққан кер-уен Оңтүстікке жететін, одан Азия кө-пестері, керісінше, Батысқа жүретін. Осындай тоғыз жолдың торабын басқа-рып, қазақтың мақсат-мүддесін шешу жолында Арынғазы хан Әбілқайырдан тараған ұрпақтармен тығыз қарым-қа-тынас орнатты. Соның ішінде батыс өл-кеде зор беделге ие болған Қаратай ханмен, оның бауыры түркімендер ханы болған Пірәлімен сенімді қарым-қаты-нас орнатты. Осы сенімнің арқасында Пірәлінің қызы Жақсы ханыммен отас-ты. Сенімді одақтың әрі қарай дамуын-да Жүсіп маңызды рөлі атқарды. Ол оңтүстік пен батысты байланыстыра-тын керуен жолының басшысы болып, Арынғазы ханның саяси шаруашылық бағытындағы саясатын жүзеге асырды. Арынғазы ханның мұндай беделге ие болуына Хиуа ханы бірден қарсылық танытты. Хиуа ханы да Арынғазыны өз жағына шығаруға барын салды. Оған көнбеген Арынғазы жан-жақты қыспақ-қа алынып, 1812,1815,1818 жылдың күзінен 1819 жылдың ақпан айларын-да Хиуа ханы Мұхаммед Рахимның жойқын шабуылына тап болды. Хиуа ханымен бітімгершілікке келе алмасын түсінген Арынғазы хан Орынбор губер-наторы П. Эссеннің атына 1818 жылы қазан айында қазақ-хиуа қатынасын реттеу үшін інісі Ардуды Хиуаға елші-лікке жібергенін айтып, бірақ оның сонда тұтқында отырғанына тоқталып, бауырын босатуға көмектесуін сұраған хаты түскен [8, -86.].
Арынғазы ханды дәл осы тұста екі ел Ресей мен Хиуа өз саясаттарына пайдалануды көздеді. Орынбор губер-наторы П. Эссен дереу 1812-1818 жыл-дар аралығында Хан кеңесінің төраға-сы болған Медетқали Тұрдалыұлын қызметінен түсіріп, орнына Арынғазы-ны сайлайды. Хан кеңесінің төрағалы-ғына сайлануы, ел ішіндегі саяси жағ-дайды реттей алуы, Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының қолдауына ие бо-луы оның ел ішіндегі абыройын артты-ра түсті. Арынғазы Сыр бойы қазақтары-ның Хиуа озбырлығына қарсы ұлт-азат-тық қозғалысын бастап, бүкіл елін бірік-тіре білді. Ол алдымен ел ішіндегі ішкі бірлікті, Кіші және Орта жүз ел билеуші-лерімен қарым-қатынасын реттеуге, ішкі рулық талас-тартыстарды реттеу арқылы хандық билікті қалпына келті-руге ұмтылды. Дәстүрлі мемлекет бас-қару ісіне жаңартулар енгізді. Ең басты-сы, халқы Арынғазы ханның бастамала-рын қолдады. 1820 жылы 25 ақпанда 12000 жасағымен Мұхаммед Рахим Сыр бойы қазақтарын шауып кетеді, нә-тижесінде 1500-дей адам шығыны бо-лып, Арынғазы хан отбасынан 48 адам хиуалықтар қолына тұтқынға түседі. Осы тарихи кезеңде Ресей Хиуамен арасындағы шиеленіскен жағдайға Арынғазыны кінәлі адамды тауып, оны қазақ-орыс қарым-қатынасы мәселе-лерін шешу үшін деген сылтаумен ал-дап, Санкт-Петербургке шақыртады. Арынғазы хан ішінде Жүсіп Сырымұлы бар 10 нөкерімен Санкт-Петербургке аттанады. Жүсіп тархан 1821 жылдың 9 шілдесінен халқы сүйген Арынғазының қасында болып, тек патша үкіметінің рұқсатымен 1829 жылдың 19 ақпанын-да елге қайтуға мүмкіндік алады [9, 228-229п.]. Осы тұста Арынғазы елге бара жатқан Жүсіпке өз бала-шағасын аманаттайды [9, 163п.]. Елге қайта орал-ған Жүсіп Арынғазының бәйбішесі Жақсы ханыммен бірлесе, өзінің орны-на Шүкірәлі қожа мен Арынғазының баласын жіберуді өтінеді. Әйтсе де, бұл өтініштері патша үкіметінің тарапынан қолдау таппайды [10]. Жүсіп бидің одан әрі тағдыры туралы Орынбор әкімшілі-гінің тапсырмасымен 1835-36 жылда-ры қыс айында Сыр өңіріне жақын көшіп-қонған шөмекей руларының арасына жіберілген орыс офицері
И. В. Виткевич Жүсіптің Хиуада тұра-тындығын хабарлайды [8, - 118б.]. Жүсіп Сырымұлы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресей отарлауына қарсы болған Арынғазы (1815-1821), Жоламан (1820-1846), Қайыпқали (1827-1829, 1836-1838), Исатай-Махамбет (1836-1838) бастаған ұлт-азаттық қозғалыстар-ға белсене қатысты. Арынғазы Калуга-да қалса, ал Жүсіптің сүйегі Хиуада мәңгілікке қалды. Арынғазы мен оған жан-жақты қолдау көрсеткен Жүсіп Сырымұлы неше бір қиын-қыстау ке-зеңдерде де жолдастыққа, ата жұртқа деген сүйіспеншілігі мен саяси көзқа-растарын еш өзгертпестен, өмірінің аяғына дейін азаттық туы идеясына адалдығымен, елінің аяулы азаматта-ры ретінде тарихта қалды.
Қорыта айтқанда, Сырым баба-мыздың ұрпақтары да еліміздің азат-тығы мен ертеңі үшін күресіп өтті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Левшин А. И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. Ч.І,ІІ,ІІІ СПб., 1832; Мейер Л. Киргизская степь Оренбурского ведомоства. – Оренбург, 1865; Добросмыслов А. И. Тургайская область. Истори-ческий очерк. Т.1- Оренбург, 1901
2. Рязанов А.Ф. Сорок лет борьбы за национальную независимость казахского народа (1797-1838 гг.) Кзыл-Орда, 1926; Вяткин М. П. Батыр Срым. Москва – Ленинград, 1947. Сабырханов А. Ұлы бетбұрыс. – Алматы: Мектеп, 1981
3. Мұханбетқалиұлы Қ. Сырым Датұлы // Сырым Датұлы / Жинақ. – Алматы: Арыс, 2004. - 37-52б.; Мұқтар Ә. Қ. Азаттық таңы жолында. – Алматы: «Ғылым», 2001.- 258б. ; Мұқтар Ә. Тарих тұңғиығындағы тұлғалар (ХVІІІ-ХІХ ғғ.) - Алматы: «Арыс», 2008. - 240 б.; Мәшімбаев С. М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. – Алматы: Санат, 1994
4. Мұқтар Ә. Қ. Азаттық таңы жолында. – Алматы: «Ғылым», 2001.- 258 б.
5. Мұқтар Ә. Қ. Нұралы хан және Сырым батыр. Тарих. Тағдыр. Тұлғалар. – Қостанай: Қостанай мемлекеттік университеті баспа орталығы. - 116 б.
6. Мұқтар Ә. Қ. Азаттық таңы жолында. - 142 б.
7. Ресей мемлекетінің Көне актілер мұрағаты 10қ., 3-т., 585-іс., 1-56 п.,
8. Вяткин М. Журнал Оренбургского муфтия // Сырым Датұлы / Жинақ. – Алматы: Арыс, 2004. - 240 б.
9. Ахметова Ұ. Арынғазы хан (1786-1833) – Ақтөбе: А-Полиграфия ЖШС, 2004. - 168 б.
10. Ресей мемлекеттік тарихи мұрағаты 1291қ., 81-т., 70а іс., ІІ бөлім.
11. Ахметова Ұ. Орынбор ғылыми-мұрағаттық комиссиясы және Арынғазы хан ұрпақтары // Қазақ тарихы, 2008. №2. - 47-50 б.

Қаралым саны 2254

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463