ТҮБІ БІР ТҮРІК ЕЛІНДЕ

2014 жылы желтоқсан айының соңында түбіміз бір, тамырлас туыс түрік халқының ежелгі тарихи шаһары – Стамбұл қаласына табанымыз тиді. Іссапарымыздың мақсаты халықаралық бағдарламаға  сәйкес,  тәжірибе  алмасу  негізінде  білім  жетілдіру  болатын. 

Оқу бағдарламасы бізге тілдің қа-дір-қасиетін айқындап, жер көріп, ел танып, туыс халықтың тарихи-мәдени орындарын аралап, тұрмыс-тіршілігі-мен танысуға және ірі оқу орындарын-да болуға мүмкіндік берді.
Стамбұл – өте үлкен қала. Тұрғы-лықты халқының өзі 18 млн. болса, ке-ліп-кетушілерді қосқанда, 25 миллионға жетеді екен. Бізге қатты ұнағаны – түрік халқы өз тарихына ерекше көңіл бөле-ді екен. Тарихи ғимараттар көненің кө-зіндей сақталған және оның тарихын келушілерге мақтанышпен айтып түсін-діреді. Көшелерінде және кез келген ғимаратта мемлекеттік ту ілінген. Бізді «Сүлеймания кешені» деп аталатын та-рихи орындарға апарды. «Сұлтан Ахмет мешітін», «Айя София соборын», «Баязит мешітін», «Топқапы» атты мемлекеттік мұражайдағы тарихи жәдігерлермен танысуға мүмкіндік болды. «Понорама 1453» деп аталатын тарихи музейге экс-курсия ұйымдастырылды. Бұл музейде Осман империясының әскерлерінің Константинополь қаласын жаулап алу-дағы жанқиярлық ерлігі қазіргі заман-ғы озық технология шеберлігі негізінде айқын суреттелген. Адам бойына пат-риоттық сезім ұялататын тамаша тари-хи туынды.
Біз «Стамбұл – Ішік» университетін-де, «Бируни» университетінде және «Синан-Мәрмәрә» университеттерінде болдық. Оқу орындарының ғимаратта-ры жаңа талапқа сай салынып, жабдық-талған. Оқыту жүйесі кредиттік негізде. Түрік тілін игеруге ерекше көңіл бөлін-ген. Оған қоса, ағылшын тілі, сосын орыс тілі жолға қойылған. Сабақ беру жүйе-сінде сабақ кестесі бізден өзгеше. Сту-денттердің өзіндік жұмыстарына көбі-рек уақыт берілген. Бірақ бағасы емти-хан қорытындысында айтылады, яғни студент баға үшін оқымайды, әркім өз білімі үшін оқиды. Егер студент жақсы оқыса, 50 пайыздай жеңілдік беріледі және өзге мемлекеттерден бакалавриат-қа, магистратураға, докторантураға оқу-ға түсуге болады. Нәтижесінде халық-аралық деңгейдегі дипломға ие бола-сың. Жатақханалары өте жайлы, кітап-ханалары жақсы жұмыс жасайды, та-мақтары да көңілге сай екен.
«Синан-Мәрмәр» университетінде біз тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдулақап Қарамен кездес-тік. Бұл кісі 7 тілді біледі, кабинеті үл-кен, жайлы екен. Бізді өте жылы қарсы алды. Тарих қойнауынан бірталай әңгі-ме айтып, бізге үлкен ой тастады. Мы-салы, профессордың пікірінше, Қазақ хандығының дәуірі Керей мен Жәнібек-тен емес, Алтын Орда хандық дәуірінен басталуы керек. Сондықтан қазақ тари-хында Алтын Орда кезеңі әлі толық зерт-теуді қажет ететінін сөз етті. Бұл кездесу-де Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы та-рихының ақтаңдақтары, даярланып жат-қан студенттерді жұмысқа орналастыру т.с.с. мәселелер сөз болды.
Әбдулақап Қара бізге арнап үлкен дастарқан жайып, Стамбұл қаласының тарихына тоқталды. Өз аталарының Стамбұлға 1952 жылы көшіп келгенін, өзінің 7 жыл Мюнхень қаласында «Азаттық» радиосында журналист бол-ғанын, Хасан Оралтай ағамен қызмет-тес болғанын құрметпен еске алды. Ол қазір Мюнхень қаласында Еуропа қа-зақтары қауымдастығының төрағасы Кесенджи мырзамен жақсы қарым-қатынаста екен. Алматы, Астана қала-ларында студенттермен жиі кездесеті-нін айтты. «Қазіргі тарихшыға екі тіл аз-дық етеді» деп, бізге ағылшын, түрік тіл-дерін игеру керектігін және түрік тілін білген адам әзірбайжан, иран, ирак тіл-дерін тез ұғына алатынын айтты.
Біздің Елбасының ағылшын тілін иге-ру мәселесін көтеруі өте дұрыс ұсыныс екеніне менің көзім анық жетті. Шынын-да, көп тілді білсең, ішкі рухани әлемің де кеңейе түсері анық.
Бізге осындай іссапарға мүмкіндік жасаған Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының дамытушы менеджері, тарих ғылымдарының докторы, профес-сор Баян Шынтеміроваға үлкен алғыс айтамыз. Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының оқытушылары мен сту-денттерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру жолында Халықаралық деңгейдегі ше-телдік университеттермен келісімшарт-тар жасасып, аянбай еңбек етіп келеді. Осы жолғы іссапарымыз да сол жұмыс-тардың бір көрінісі.
Халықаралық бағдарламаға сәйкес, осы жолдардың авторы – «Дүние жүзі тарихы» саласы бойынша, ал тарих ма-гистрі, аға оқытушы Арайлым Тапалова «Тарих және құқық» саласынан, тарих магистрі, оқытушы Әйгерім Қобдабаева «Саяси ғылымдар» саласы бойынша ха-лықаралық сертификаттарды иеленді. Сертификаттарды Стамбұл-Еуропалық институтының директоры Орхан Хасан-ұлы табыстады. Тарих мамандығының 4-курс студенті Аида Бижанова ағылшын тілінен сертификат иеленді.
Алдағы уақытта Батыс Қазақстан гу-манитарлық академиясы білім алмасу мақсатында алдыңғы қатарлы озық мемлекеттердің үздік университеттері-мен жұмыс істеуді жоспарлап отыр.
Осы негізде Жаһанша Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қоры Стамбұл қаласының «Стамбұл-Еуропа-лық институтымен» келісімшарт жаса-ды. Озық елдің іс-тәжірибелерін үйре-не отырып, болашақта білімді жастар-ды тәрбиелеу, тілдерді меңгерту ізгілікті іс-шара болмақ.

Дәметкен СҮЛЕЙМЕНОВА,
тарих ғылымдарының кандидаты,
Батыс Қазақстан гуманитарлық
академиясының профессоры,
Орал – Стамбұл – Орал

Қаралым саны 1211

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463