Сисем ата кешеніндегі эпитафия

Маңғыстау облысындағы ең ірі және ежелгі қорымның бірі саналатын Сисем ата қорымы Маңғыстау ауданы Өтес ауылынан 35 шақырым солтүстік бағытта, N 44 37, 256, E 053 34, 835 координаталарында орналасқан. 

Зерттеу нәтижесінде қорымда 1328 ескерткіш есепке алын-ды. Оның ішінде 22 күмбезтам, 155 сағанатам, 382 құлпытас пен қойтас, 129 шала өңделген тастардан әр түрлі пішінде қаланған тас қоршаулар мен тас белгілері, арқартастар, өзге де қабірүсті ескерткіштері шоғырланған.
Сисем ата қорымындағы ескерткіш белгілер әр кезеңнің өз дәстүріне лайықты үлгіде тұрғызылған. Ежелгі бөлігінің айнала-сында, солтүстік-оңтүстік бағытта дамыған қабірүсті ескерткіш-терде түрлі таңба бейнелер мен дәстүрлі ою-өрнек түсірілген, сызба-суреттердің тарихы қыпшақ-ноғай дәуірлеріндегі саяси оқиғаларды меңзейді. Қорымда дулыға тәрізді сәулет пішіндері жиі кездеседі. Бұл пішін алғаш рет тас мүсін ретінде XIV ғасырда пайда болып, жорықта қаза тапқан батырдың қабірін белгілеген. Соңынан дулыға пішіні әскери қолбасшылар кесене-күмбезінде қайталанады.
Қорымда жергілікті тастан тұрғызылған әр кезеңді күмбез-тамдар құрылысы ерекшелігіне қарай үш түрге бөлінеді. Бірінші түрі – саз балшықпен бекітілген, шала өңделген тастардан салын-ған, жоғарғы бөлігі конус тәрізді көтерілген, кіріс ойығы арка тәріздес болып келеді. Екінші түрдегі кесене фасады өңделген ірі жазық ұлутаспен көмкеріліп, күмбезі өңделмеген тастан өріледі, жоғарғы төбесіне найзатас ойылып жасалады. Үшінші түрі – XVIII ғ. ортасы-XIX ғасыр кезеңдерінде тұрғызылған, қабырғаларының екі беті қиыстырылған плита тастардан қапталып, ортасы уақ тастармен аралас саз балшықпен толтырылады, күмбездері де қиыстырыла көмкеріліп, әсем дулыға тәріздес пішінге келті-ріледі, қабырға бетінде сырлы бояумен бейнеленген ою-өрнек жиі кездеседі. Қорымдағы сағанатамдар XVIII ғасырда пайда бо-ла бастаған, олардың конструкциясы мен безендіру әдісі осы кезеңдегі күмбезтамдарға ұқсас болып келеді.
Қорым туралы алғашқы деректер осы өлкеге 1825-26 жыл-дары келген орыс әскери экспедициясының басшысы, полков-ник Бергтің күнделігінде: «Бұл – конус тәріздес жер-тас үйінді-лерден тұратын қасиетті қорым, алуан түрлі сәулет пішіндерінің біртұтастығы сақталғанына қарағанда, қорым жергілікті түркі-мендердің немесе осы түбекке алғаш табан тіреген қырғыз-дардыкі (адайлар) болуы мүмкін» деп көрсетілген.
Қорымдағы ескерткіштердің жақсы сақталуы, неше түрлі ою-өрнекпен безендірілуі халық сәулетшілерінің шеберлігін көрсе-теді. Дәстүрлі сәулет өнерінің туындысы саналатын қорымдағы ескерткіштерді «тастан түйін түйген» шебер Ж. Доралұлы,
Т. Сатыбалдыұлы, Сейіт және Дәуіт Саназарұлдары, Сақи ұлда-ры Дүйсенбай, Ордабай, Еңсе, Қозыбақ т.б. жергілікті тас ше-берлері шығыстың сәулет өнері үлгісін қолдана тұрғызған. Ел аузында сақталған аңыздарға қарағанда, Сисем ата орта ғасыр-ларда оғыз-қыпшақ кезеңінде ғұмыр кешкен, ислам дінін ал-ғашқы уағыздаушыларының бірі болған делінеді. Мұнда Кіші жүз Байұлының рулық таңбаларымен қатар Әлімұлы, Жетіру таң-балары да кездеседі. Сисем ата қорымына 2005-2006, 2008-2009 жылдар аралығында «Маңғыстауреставрация» ЖШС мекемесі «Мәдени мұра» өңірлік-салалық бағдарламасы аясында үлкен және кіші пішінді сәулет ескерткіштеріне ғылыми-қалпына кел-тіру жұмыстарын жүргізген.
Ендігі атқаратын жұмыстың бірі – Сисем ата кешенінің араб графикалы эпиграфикасын толық зерттеп, зерделеу. Эпиграфи-калық ескерткіштің көпшілігі түркі-шағатай тілінде жазылған. Ең ерте жазылған жазудың уақыты – шамамен XIV-XVII ғ.ғ. кезде-сетін қабірүсті ескерткіштер. Ал адайлардың жерленіп бастаған кезеңі XVIII-XX ғ.ғ аралықтарын қамтитын алуан түрлі сәулет пішіндегі ескерткіштер тобында датасы жазылған эпиграфика-лық жазулар.
Сисем ата кешенінде 200-дің үстінде эпитафия бар, олар қой-тастарда, құлпытастарда, күмбезтам, сағана-там қабырғаларын-да қашалып, түрлі-түсті бояумен жазылған. Көптеген құлпытаста әртүрлі заттардың, көбінесе өмірден озған адамның жауынгер-лік ерлігін бейнелейтін бес қарудың суреті кездеседі. Эпиграфи-калық жазу мәтіндерінің қысқа да тұжырымды болғанына қара-мастан, олардың деректемелік мәні өте зор. Олардың ең басты ерекшелігі – Маңғыстау өңірінің рухани және материалдық мә-дениеті туралы түсінік беретінінде.
Бұл ескерткіштерде сондай-ақ өлген адамның жынысын, кә-сібін көрсететін және өмірбаяндық мәлімет беретін, халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпын, оның этнографиясын зерттеу үшін се-німді деректемелер болып қызмет ететін әртүрлі бейнелер кез-деседі. Ескерткіштерден тасқа көркемдік ою салудың таңдаулы үлгілерін көруге болады, мұның өзі ортағасырларда тасқа ою салу мен құсни жазу өнерінің кемелдік шыңына жеткенін көрсетеді.
Маңғыстау облысында эпиграфикалық ескерткіштер баршы-лық. Олардың мәтінін оқу, зерттеу, жариялау мәселесі маман кадр жетіспеуіне байланысты шектеліп отыр. Бірақ, эпиграфика ескерткіштері қарқынды жойылып бара жатқандықтан, оларды тіркеу, зерттеу және жариялау осы бағасыз мәдени ескерткіш-терді ұрпақтар үшін сақтап қалудың әзірше бірден-бір әдісі екені сөзсіз. Қорыта келе, осы аталған Сисем ата кешеніндегі эпигра-фика мәтіндерін оқып, назарларыңызға ұсынамын.
Құлпытас сандықтас қойтас: Қараш тайфасы Сеңгірбай ұғлы Зорбай мырза.
Күмбезтам. Адай руының Тобыш тайфасы Мұрат мырзаның тамы Естай (Есей) байдың ұғлы Қоңыр мүбарак болғай 1863.
Қатарынан тұрған үш құлпытас:
1а. Адай руғы Қараш тайфасы Есей бөлімі Тәуірбай Есенқара ұғлы 64 жасында уфат болды 1910-нші жылда.
2а. Адай руғы Қараш тайфасы Есей Құлекеш Тәуірбай ұғлы 30 жасында уфат болды 1912-нші жылда.
2б. Марқұм Тақан Телемген ұғлы уфат 1878 жылда 60 жасында. (Жаманқара)
Құлпытас қойтас сандықтас: Марқұм Телемген Жаманқара ұғлы.
Құлпытас қойтас: Адай руғы Бәйімбет тайфасы Жанбоз аймағы Жанболат ұғлы Еспембет бай. Молла Жүсіптің жазғаны бітірді. (Өтеулі)
Сағанатам: Адай руғы Бәйімбет тайфасы Жанбоз бөлімі Шақа Төлеміс Сүйінқара ұғлы 75 жасында уфат болды 1898-нші жылда.
Қос құлпытас сандықтас: Жаманқара байдың ұғлы Көтембай.
Күмбезтам: Жамбоз байдың ұғлы Жаманқара байдың ұғлы Тіленбай Оразалы салдырды ...? Тұрлымұрат ұста .
Құлпытас тасқоршау: Адай руғы Бәйімбет тайфасы Байбоз бөлімі Арықбай ұғлы Бекбасар 86 жасында уфат болды.
Сағанатам: Адай руғы Жеменей Кенже бөлімі Қабақ Ерменбет ұғлы 65 жасында 1903-нші жылда. Қойсары
Алты қырлы күмбезтам: Адай руы Кенже бөлімінің Ермек Теңізбай ұғлы 1876-нші жылда уфат 78 жасында. 1900 қой жылында тамам. Жүзінен озған, Жиенбай ...? (Қойсары)
Күмбезтам: Адай руғы Жеменей тайфасы Жомарт бөлімі Шолақ ауылының Тайман.
Күмбезтам: Қойсарының ұғлы Барғана молланың ұғлы Әбдулла мырзаның жайы, (Сызылбай) бу тамының ұстазы Сегізек ...? Сегізектің ұғлы ...?, ішіндегі қойтас: Барғана молланың ұғлы Сұлтан (Салтан) Шын бесадыр ұстазы Көпби. (Кенже)
Құлпытас қойтас: Өтебай. (Есен ұлы).
Сандықтас қойтас: Сейіт би. (Есен ұлы).
Құлпытас қойтас: Адай Әли Меңке баласы Құлтан.
Күмбезтам: Қожаназар бай ибн Жаңай. Екі ұста бу диуалыны (қабырғаны) жасыдық біріміз молла Есмағамбет, біріміз молла Құдайберген.
Күмбезтам: ішіндегі құлпытас Жеменей ибн Жақсыбай бай ұғлы Қошетер, Жеменей Қошетердың тамы бітірді. (Кедей Жеменей).
Қос құлпытас қойтас: бин Шуаш бидің ұғлы ибн Жайық бай. (Кедей Жеменей).
Сандықтас қойтас: Маңқан. (Жаңай-дың қызы).
Қойтас: Данжи бәйбише Жаңай бай-дың кіші қатыныдыр.
Құлпытас тасқоршау: Епек бәйбише. Сеңгір бин Дәуілдір бин Қозыбақ. Бегей.
Сандықтас қойтас: Дәуілдір бай. (Бегей Қозыбақ ұлы).
Күмбезтам: Адай руы Тобыш Бегей тайфасы Сеңгір баласы Жарылғап бай уфат 85 жасында 1862, қылдырды баласы Құдайберген.
Құлпытас қойтас: Жары Құдайберген Есмамбет Нұрым ұғлы.
Құлпытас: Адай Жары тайфасы Құдай-берген. Құдайберген Назар ибн Жары.
Құлпытас: Шотан. йазған бин Нұғман
Құлпытас қойтас: Тастемір бай. (Назар Жары).
Құлпытас қойтас: Назар ұлы Майлан.
Құлпытас тасқоршау: Адай руғы Мұңал тайфасы Бәйімбет бөлімі Қыдырша бала-сы Досжан уфат 63 жасында 1857, қыл-дырды баласы Есіркеп, Досмағамбет.
Сағанатам: 1908-нші жылда. Адай руы Жары тайфасы Дәулеталы Сәрсенбай Қошқар ұғлы 69 жасында уфат. ұстазы Сейіт һәм Дәуіт Саназар ұғлы.
Құлпытас сағанатам: Адай руғы Мұңал тайфасы молла Таймас 63 жасында уфат.
Құлпытас сағанатам: Әл марқұм шеше Түнқазы қызы Құдайберген халалы уфат 58 жасында.
Сандықтас: Еркесары Балықшы. (Есберді)
Қос құлпытас тасқоршау: Адай руы Жары тайфасы Сүйінқара батыр.
Жаңадан салынған күмбезтам, тасбел-гі: Адай рухы Жетімек тайфасы Үргенішбай бин Қосақ 1827 санда, 86 жасында.
Құлпытас тасқоршау: Жансары Жәнібек баласы. (Жетімек).
Құлпытас тасқоршау: Жары тайфасы Тоқтамыс бөлімі Байжарық Мысы ұғлы.
Құлпытас тасқоршау: Жары тайфасы Тоқтамыс бөлімі Матнияз Орақ ұлы. (Майтан-Бәубек).
Сағаратам: Өсер ұғлы Орақ қарттың бинәсі уфат өлді тоқсан (90) жасында. (Тоқтамыс Жары).
Сағанатам: Адай руғы Бәйімбет тай-фасы Әнет бөлімі Мәмбетнияз Төлеп ұғлы-ның тамы, басына келгеніңіз бір әлхамды үш құлхуаллах оқыңыздар. Ұста Ізтілеу.
Құлпытас тасқоршау: Мұңал руы Май-мақ баһадүр бин Мамыртай бин Текей.
Сағанатам: Адай руғы Бәйімбет тайфа-сы Қаражігіт сұпы ибн Қырымқұл сұпы 129 (6)3. Есеналы ибн Қырымқұл молла 1293.
Құлпытас тасқоршау: ибн Төлеп ибн Әнет. Адай рухы Бәйімбет тайфасы Райым-берді ауылының қазағы Төлеп Әнет ұғлы.

Нұрлан ҚҰЛБАЕВ,
«Маңғыстау мемлекеттік тарихи-
мәдени қорығы»
мемлекеттік мекемесінің директоры,
Ақтау қаласы

Қаралым саны 2653

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463