Қадірлі ағайын!

Күн артынан күн аунап, сіздермен жүздесер уақыт тағы да жетіпті. Әдеттегідей, журналымыздың бұл санында да қолымызға түскен ең қызықты, ең құнды дүниелерді іріктеп, өздеріңізге ұсынып отырмыз.

Әрине, бүгінгі нөмірдің ең басты мақаласы – Тамимдар Сафиевтің 1916 жылғы оқиғалар туралы естелігі дер едік. Совет үкіметінің сеңі бұзылмай тұрған 1970 жылдардың ортасында Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов туралы жып-жылы естелік қалдырып кеткен автордың батылдығына, осы құнды жазбаның бізге аман-есен жетуіне себеп болған Мұстафа ағай Ысмағұловтың, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің жанқиярлық еңбегіне, араб жазулы қолжазбаны қазіргі әліпбиге түсіріп берген ғалым Гүлмару Мырзағалиеваның біліктілігіне тәнтіміз. Ұлт көсемдерінің жарқын бейнесі жүз жылдан кейін қайта жаңғырып, бүгінгі ұрпағымен табысып жатса, «Асылды тот баспайды» дегеннің дәлелі осы емес пе?! Ал архив қорларында бүгінге дейін жарық көрмеген мұндай құнды құжаттар әлі баршылық. Бұл байлық, мұндай қазына болашақта да «DANAkaz» журналының басты назарында болады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, журнал авторларының жағы-рапиясы күн өткен сайын кеңейіп келеді. Күні бүгін поштамызға өз елі-міздің Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан, Ресей Федера-циясынан келіп түскен мақалалар журнал бетінен кезегін күтуде. Жақсы мақалаға, құнды құжатқа, деректі дүниеге қашанда төріміз әзір.

Төмендегі қолтаңба – батыр Бауыржан Момышұлының келіні, жа-зушы Зейнеп Ахметованың біздің журнал туралы ақжүрек пікірі. Зейнеп апай туралы мақаламызды басылымның алдағы сандарынан оқисыздар. Бір болайық, достар!

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
журналдың бас редакторы

Қаралым саны 885

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463