Барлаушы Мұхтардың хаты

Өткен ғасырдың бас кезінде Орал облысы Жәнібек ауданының, Ұзынкөл ауылын мекен еткен Бақсайысов Елемес пен Арудың отбасында Хайреден, Ғафар, Рахила, Мұхтар, Нұрхат және Тайыр есімді ұл-қызда-ры дүниеге келіп, өсіп өнген. Сол бір жылдардағы коллективтендіру, бай-кулактарды кәмпескелеу сынды қы-зыл белсенділердің саясатынан өзін аулақ ұстамақ оймен Елемес Бақсайысов жылы орнын суытып, көршілес Ресейдің сол уақыттағы Сталинград облысына қоныс аудар-ған.

Ұлы Отан соғысына осы әулеттен Ғафар, Мұхтар, Нұрхат және Тайыр аттанған. Солардың арасында қан майданнан елге Ғафар ғана оралған. Елемесов Ғафардың ұрпақтары – бұл күнде Жәнібек өңірінде кәсіпкерлік-пен танылған азаматтар. Олар аға-йынды Ескендір, Есқайыр және Есбол Елемесовтер. Лейтенант шенінде – барлаушылар полкін басқарып, жау-ға қарсы соғысқан Мұхтар Жәнібек аудандық халыққа білім беру бөлімі-нің меңгерушісіне ағасы Хайреденді іздеп хат жазады. Хат жоғарыда есімі аталған Хайреденнің қызы Рая апай-дан алынды. Сол бір сұрапыл жыл-дардан сақталған хат төмендегіше сыр шертеді. Хатты сол қалпында, еш өзгертусіз орыс тілінде жариялап отырмын.

Здраствуйте много уважаемый тов. Зав. Роно.
Прошу сообщить адрес моего брата ране работающего у Вас Елемесов Х (а нине не знаю рабо-тает ли он или нет).
Одновременно сообщаю что на-хожусь жив и здоров в действующей Армий истребляем и уничтожаем немецких захватчиков.
Прошу не отказать мою просьбу.
С приветом начальник разведки полка лейтенант Елемесов М.
Мой адрес: Действующая Крас-ная Армия П.П.С. 14-17. 772 сп. Елемесову М.
Аға лейтенант Мұхтар Елемесовтің қызмет еткен бөлімі-нің командирі мен комиссары қол қойған қаралы қағазда бы-лайша мәлімет берілген:

ИЗВЕЩЕНИЕ
Ваш брат стр. лейтенант Ильмесов Мухтар уроженец Казаньская обл. (құжатта солай) Джанибекского р-н в бою за Социалистическую Родину, верный воинской присяге, проя-вив геройство и мужество, был ранен 5/IV, умер в 47 МСБ 5/ IV 42 г. Похоронен на кладбище г. Севастополь.
Хабарлы қағаздан ұққанымыз – Мұхтар Елемесов 1942 жылы 5 сәуір күні Севастополь қаласында ерлікпен қаза тап-қан.
Ал жоғарыда есімі аталған Тайыр туралы Ресей Федера-циясы Қорғаныс министрлігінің орталық мұрағатынан №33 қор, №11458 тізбе, №438 істен алған дерек былайша өр-биді:
Баксаисов Таир Елемесович 1925 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек стансасында туған. Қазақ КСР-ы, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық әскери комиссариаты-нан әскерге алынған. Соңғы қызмет орны – 290-ынші атқыш-тар дивизиясы 882-інші атқыштар полкі. Әскери шені – кіші лейтенант. Атқыштар ротасының взвод командирі.
14.10.1944 жылы қаза тапқан. Гродно қаласы Лыпники де-ревнясынан 2000 метр жерде жерленген. Туысқанының ме-кенжайы: Анасы Ару Баксаисова Батыс Қазақстан облысы Жәнібек стансасы, Ұзынкөл селосы.
Ал 1999 жылы Орал қаласынан жарық көрген «Боздақ-тар» кітабының VI томының 27-бетінде былайша дерек кел-тіріліп, Тайырдың тегі қате жазылған. Назар аударыңыз. «Бақсанов Тайыр Елемесұлы – 1925 ж. Мұратсай а/с туған. Қазақ. Кіші лейтенант. 1944 ж. қазанда қаза тапқан. Белосток ауд. Липники д. жерленген».
Бақсайысов Елеместің ұлы Николай Бақсайысов та сұра-пыл соғыстан оралмаған. Оның негізгі азан шақырып қойған есімі – Нұрхат. Ол жастайынан Ресей жерінде оқып, білім алған. Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің орталық мұрағатынан алынған деректе былайша өрбиді:
Баксаисов Николай Елемесович 1918 жылы Орал облысы Жәнібек ауданында туған. Киров облысы Ново-Троицкий аудандық әскери комиссариатынан әскерге алынған. Соңғы қызмет орны – 19-ыншы атқыштар дивизиясы. Әскери шені – қатардағы жауынгер. 1944 жылы 6 қазанда қаза тапқан. Заечар қаласының солтүстік-батысында 400 метр жерде №4 зиратқа жерленген. Туысқанының мекенжайы: әкесі Баксаисов Ильмес Орал облысы Жәнібек ауданы Мурацайск ауылы (құжатта солай). Бұл арада Мұратсай ауылы деп оқысақ, еш қателеспейміз.
Ал 1999 жылы Орал қаласынан жарық көрген «Боз-дақтар» кітабының VI томының 26-бетінде жоғарыдағы Николай Бақсайысов туралы былайша дерек келтірілген: «Баксагасов Николай Ильментович. Орыс. Қатардағы жа-уынгер. 1944 ж. қазанда қаза тапқан. Югославияда жер-ленген».
Әрине, қазақ ұлтының азаматын орыс деп жазып жі-беру ақылға сыймайды. «Ештен кеш жақсы» демекші, мұ-рағат құжаттарын алға тарта отырып қолымызға тиген мә-ліметтерді журнал бетіне жариялау азаматтық парызы-мыз.
Ұлы Отан соғысы зардабын шекпеген отбасы жоқ де-сек, артық айтпаған болармыз. Оған дәлел жоғарыда есім-дері аталған бір әулет ұлдарының қым-қиғаш тағдырла-ры.

Ахмедияр ҚУАНҰЛЫ,
Жәнібек ауданы, Батыс Қазақстан облысы

Қаралым саны 861

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463