Елбасының "100 нақты қадамын" жүзеге асыруға ұсыныстар

Жантас САФУЛЛИН,
«Жайық Пресс» ЖШС бас директоры, «DANAkaz» журналы ақылдастар алқасының төрағасы

Еліміздің ертеңі үшін аса маңызды ұлт жоспарының жоғары деңгейде орындалуына әр адам мүлделі болары анық. Осы құжат-тағы «Мәңгілік ел» идеясы аясында атқарылатын жұмыстарға үн қосуды жөн санадым. Бұл ұсыныстарда айтылған мәселелерді өңірі-мізге мүмкіндігімізше ұйымдастырып келеміз. Бірақ бұл жұмыстар мемлекеттік деңгейде, жүйелі жасалса нәтижесі жоғары болатыны анық.

1. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру бағытында Қазақстандағы құл-пытастарды кешенді түрде зерттеуді кешіктірмей қолға алу қажет. Мұның себебі көшпелі қазақ қоғамының өзін-дік ерекшелігіне сәйкес, өткен ғасыр-лардан бізге дейін жеткен нақты құжат, тарихи жәдігер өте аз. Сол аз жәдігер-дің бір түрі – көне қорымдардағы құл-пытастар. Бұл құлпытастардан қайтыс болған адамның аты-жөні, шыққан те-гі, лауазымы, әлеуметтік дәрежесі, қай жылдары өмір сүргендігі, ұрпақтары туралы мәлімет алуға болады. Алайда соңғы жылдары көне қорымдар мен құлпытастар уақыт тезінен тозып, жо-йылып барады. Сондықтан тез арада Қазақстан аумағындағы өткен ғасыр-ларға жататын көне жерлеу орындарын анықтап, зерттеу нысанасына ай-налдыру керек. Бұл үшін, біріншіден, «Мәңгі мұра» жобасы аясында осы құлпытастарды мемлекеттік қорғауға алу қажет. «Жайық Пресс» ЖШС және «DANAkaz» тарихи-танымдық журналы тарапынан соңғы 2-3 жыл бойы жүргі-зілген жұмыстар нәтижесінде 2014 жылы БҚО Ішкі саясат басқармасының қолдауымен облыстың Ақжайық, Қаратөбе, Сырым аудандарында сақ-талған 50 құлпытас зерттеліп, мәтіні аударылып, жарық көрді. Оның ішінде Есім хан Нұралыханұлы, Науша батыр Қаржауұлы, Дәуқара батыр Қарақожа-ұлы, Сатай батыр Кенжеғараұлы секіл-ді тарихи тұлғаларға қойылған аса ма-ңызды ескерткіштер де бар. Бүгінгі таңда облыстық «Орал өңірі» газетін-де, тарихи-танымдық «DANAkaz» жур-налында құлпытас зерттеу мәселеле-ріне орай арнайы айдарлар ашылып, тұрақты жұмыс істеуде. Одан бөлек, төмендегідей жұмыстар атқарылып, жарық көруін күтіп тұр:
a) Бөрлі ауданы Бөрлі ауылында 1930 жылдары большевиктік саясаттың салдарынан қиратылып, МТС құ-рылысына пайдаланылған араб жазу-лы құлпытастардың бір бөлігі (107 да-на) зерттеліп, мәтіні аударылып, жеке жинақ етіп шығарылуға дайын тұр. Бұ-ған қоса, МТС құрылысы орнында әлі де жүздеген құлпытас жатыр. Оларды босатып алып, зерттеу, мәтінін ауда-рып, тарихи айналымға енгізу кезек күттірмейтін шара болуы тиіс.
ә) Ақжайық ауданының Сайқұдық өңіріндегі Қарақырқа көне қорымында сақталған 34 құлпытас мәтіні зерттеліп, жинақ етіп шығаруға дайын тұр.
б) Теректі ауданы Аңқаты ауылдық округіндегі Ақмешіт көне қорымында сақталған 34 көне құлпытас та хатта-лып, зерттеліп, мәтіні аударылып, жа-риялауға дайын тұр.
в) Жаңақала ауданы бойынша күні бүгінге дейін 800-дей құлпытас фото-суретке түсіріліп, хатталып, мәтіні ау-дарылып, баспаға дайын тұр. Бұл жұ-мысты дайындауға Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы Мұратбек қажы Жахатов көмектесті.
г) Бөкей ордасы ауданы бойынша 110 құлпытастың мәтіні дайын. Бұл – негізінен, ұлт тарихы үшін аса маңызды Хан зиратынан және басқа да көне қорымдардан табылған тарихи тұлға-лар ескерткіштері.
ғ) Шыңғырлау, Зеленов, Бөрлі жә-не Теректі аудандары аумағындағы көне құлпытастарды табу, зерттеу, хат-қа түсіру жұмыстары қызу жүруде.
2. Қаржылық-материалдық қол-дау көрсетіліп, арнайы мамандардың қатысуымен экспедиция ұйымдастырылса, БҚО-ның әр ауданы бойынша көне құлпытастарға арналған толық жинақ шығаруға мүмкіндік бар.
3. Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында БҚО аумағындағы хан-төрелер зираттарын (Бөкей ордадағы Хан зираты, Қаратөбе өңіріндегі төре-лер зираты, Теректі ауданы Қызылжар ауылындағы Хан зираты, Ақжайық ау-даны Тайпақ өңіріндегі Есім хан зира-ты, Бөрлі ауданындағы Баймағанбет сұлтан, Асфендияр сұлтан зираттары, Шыңғырлау ауданындағы төрелер қа-уымы, Қазталов ауданындағы төрелер қауымы т.б.) толық зерттеп, жеке жи-нақ етіп дайындаса, ел тарихына қо-сылған ерекше үлес болар еді.
4. Қазақ тарихына қатысты ескерт-кіштер мен көне қорымдар Ресей, Қытай, Моңғолия сияқты өзге елдер аумақтарында да бар. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы Ресейдің Саратов, Орынбор, Самара, Волгоград, Астрахан сынды бес бірдей өңірімен шектеседі. Осындай шет ел аймақтарында тұратын қазақ диаспораларымен «Мәңгі мұра» аясында бірлескен жобаларды қолға алып, оларды жүзеге асырудың маңызы зор. Бұл шетелдегі қазақтардың рухын көтеріп, өзара тиімді байланыстар орнатуға, арғы-бергі тарихымызды бүтіндеп, тамырымыздың ортақ екендігін танытуға сеп-теседі. Осы жобаларға шет елдерде тұратын қандас ғалымдарды кеңінен тартып, зерттеу жұмыстарын кешенді түрде жүргізу қажет.
5. Мәңгілік ел идеясы аясында Бөкей ордасы ауданында 1911-1913 жылдары шығып тұрған «Қазақстан» газетін кеңінен насихаттау керек. «Қазақстан» – алғашқы қазақ басылымдарының бірі. «Қазақстан» газеті тарихта «Қазақстан» атауын тұңғыш қолданып, айналысқа енгізуімен де ерекше есте қалады. Бұдан бұрын то-лық зерттелмеген «Қазақстан» газеті-нің барлық саны тұңғыш рет 2012 жы-лы батысқазақстандық бір топ азамат-тың күшімен жинақталып, қазіргі қол-даныстағы әліпбиімізге аударылып, кітап болып шықты. Жинаққа «Қазақстан» газетін шығарған және қаржылай көмек көрсеткен тұлғалар туралы мәлімет, сондай-ақ «Қазақстан» газе-тін бұған дейін зерттеушілердің еңбек-тері де енгізілді. Міне, осы кітаптың та-ныстырылымын шетелдерде де ұйым-дастырып, халықаралық көрмелерге ұсыну қажет.
6. «Жайық Пресс» ЖШС қызметкерлері тарапынан жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 2014 жы-лы баспадан «Ұран» газеті 1917-1918» атты жинақ басылып, Астанадағы
Л. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінде және Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-да таныстырылымы өтті. Ғұмар Қараш, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Нұғман Манаев секіл-ді ұлт зиялылары қызмет еткен бұл ба-сылым Ордада шығып, Алаш бағытын қолдаған болатын.
7. «Жайық Пресс» ЖШС мамандарының даярлауымен күні бүгін 1918 жылы Ордада жарық көрген «Хабар-Известия», 1919 жылы Ордада басыл-ған «Қазақ дұрыстығы-Киргизская правда» және «Дұрыстық жолы» газет-терінің тігіндісі архивтерден әкелініп, қазіргі әліпбиге аударылып, жинақ болып басылуға даяр тұр.
8. Өңірлерде түрлі тарихи-таным-дық журналдарды шығаруды қолға алып, оны шет елдерде тұратын қазақ-тар арасында да тарату керек. Айталық, Батыс Қазақстан облысында «DANA.kaz» тарихи-танымдық журналы 2012 жыл-дан бері шығып келеді. Міне, осындай басылымдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар арқылы қолдау көрсету қажет. Әсіресе, Қазақстанмен көрші-лес аймақтарда осы басылымдарды таратып, қазақ диаспораларының ру-хани көкжиегін кеңейту мақсатында пайдалану қажет.
9. Қазақ мемлекеттілігін нығайтуда өлшеусіз із қалдырған, тәуелсіздік үшін күрескен ұлт тұлғаларының өмірі мен қызметін кеңінен зерттеп, олардың ме-рейтойларын республикалық деңгейде ұйымдастырып отыру. Айталық, биыл Алаш қайраткерлерінің бірі, ойшыл ақын, ағартушы Ғұмар Қараштың туға-нына 140 жыл толып отыр. Кезінде «Абайдан кейінгі ақын» ретінде баға-ланған қайраткердің күрескерлік бей-несі де қазіргі ұрпақ жадында қалуы тиіс. Сондықтан оның мұрасын жинас-тырып, толық шығармалар жинағын әзірлеу, көп томдық ретінде шығару, республикалық ғылыми-конференция ұйымдастыру қажет.
10. Қазақ тарихы, мәдениеті мен тілінің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан, шет елдерде тұратын ұлт зиялылары аз емес. Соларды мемлекеттік мереке-лерде ұмыт қалдырмай, құттықтап отыруды ұйымдастыру. Мысалы, Ғұмар Қараштың немересі, белгілі ғалым Надежда Қарашева Мәскеу қаласында тұрады. Жасының ұлғаюына байланысты елге келе алмаса да, мұндай тұлғаларды құрметтеп, көрген-білген-дерін, Қазақстан туралы ойларын бей-нетаспаға жазып, деректі фильм түсір-се де, еш артық емес.
11. Қазіргі Батыс Қазақстан облы-сы, Орал қаласы – ХІХ-ХХ ғғ. қоғамдық-саяси оқиғалардың бел ортасында болған, ерекше тарихи аймақ. Қазақ ұлт зиялыларының алғашқы саяси қоз-ғалыстары осы Орал қаласында бас-талған, осы жерде ұлт көшбасшыларының бірнеше мәрте басқосуы болған. Қазіргі Қазақстан тарихында біздің Ақ Жайық өңірінің алатын орнын, тағылы-мын, тарихын толыққанды зерттеу үшін Орал қаласында арнайы ғылыми-зерттеу орталығын ұйымдастырып, кәсіби мамандар мен ғалымдардың басын біріктіру керек деп есептейміз. Мемлекет тарапынан қаржыландырылатын, арнайы мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін мұндай ор-талық біртұтас қазақстандық идеологияны қалыптастыруға, өткенімізді та-разылап, сабақ алуға, қазақстандық патриотизмді дамытуға ықпал етер еді.

Қаралым саны 1156

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463