Гран-При бізде!

2015 жылдың 5-10 маусым аралығында Керчь қаласын-да өткен дәстүрлі «Боспорские Агоны» атты ХVІІ халықара-лық фестивальға еліміздің атынан Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры Эврипидтің «Троя арулары» қойылымы-мен қатысып, байқаудың Гран-При жүлдесін жеңіп алды! Оған қоса «Боспор Никасы», «Ең үздік режиссер» (Қ. Қасымов, Ш. Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты), «Ең үздік әйел образы» (Б. Исалиева, Қазақстанның еңбек сі-ңірген қайраткері) аталымдарының жүлдесі де қазақстандық-тарға бұйырды.

Қойылымның режиссері – Қуандық Қасымов, Ш. Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты.
Бас суретшісі – ҚР Суретшілер одағының мүшесі, БҚО Суретшілер одағы филиалының төрағасы Қайыр Оразғалиев, ҚР мәдениет саласының үздігі.

Бұл трагедияда Троя құлап, оны грек жауынгерлері талан-таражға салып жатқан кез суреттеледі. Жұртпен бірге тұтқынға түскен Троя патшайымы Гекуба, Гектордың жұбайы Андромаха, Гектор мен Андромаханың сәбиі Астианакстың, Поликсен мен көріпкел Кассандраның тағдырлары аянышты-ақ. Көне Троя кейіпкерлерінің бастан кешкені қазіргі заманның сұрапыл оқиғаларымен астасып кеткені қойылымға бір ерекше рең береді. Болмашыдан басталғандай болған қақтығыстың Троя аруларына қандай зардап әкелгенін көріп, соғыс біткенге лағнет айтқың келеді.

Қаралым саны 884

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463