Есенгелді бай тарихы толық танылды ма?

Жәнібек АЛЛАЯРҰЛЫ,
тарих ғылымдарының кандидаты

(Жалғасы. Басы журналдың өткен сандарында)

Есенгелдінің кейінгі тағдыры

1831 жылы 5 қыркүйектегі Бекейдің өлімінен кейін Орынбор әкімшілігі Есенгелді старшынды 4-дистанция бас-тығы қызметінен босатқан. Сонымен бірге Калмыков бекінісі мен Кателинск (Котельное – қазіргі Алмалы болса ке-рек – Ж. А.), Круглый, Антонов форпост-тарына қарсы беттегі жергілікті бастық-тар да орнынан кеткен. Осыған қара-ғанда олар да Есенгелді байдың аға-йындары болуы мүмкін. Ал Лебяжинск пен Каленов форпосттарына қарсы беттегі жергілікті бастықтар – Тоқтан Қосдәулетұлы, Жиембай Құтымбайұлы өз қызметтерінде қалған. Бұл жөнінде полковник Г. Ф. Генстің 1831 жылы қараша айындағы Орынбор иелігіне қарасты шеп бойындағы қазақтарды қадағалайтын 22 дистанциялық және жергілікті бастықтардың тізімінде көр-сетілген [РИССМ. Бас мұрағат 1-9, 1830-1833, 4-іс, 30-п.].

Осы тұста Есенгелді старшын губер-натор П. П. Сухтеленмен байланысқа шығады. 1831 жылы 23 қазанда Орын-бор басшысына жолдаған хатында ба-йырғы заманнан бері жоғары басшы-лықтың жарлығымен өздерінің әрда-йым қыс кезінде бүкіл мал-мүлкімен Жайықтың ішкі бетіндегі Дашлық өзе-нінің сағасында көшіп-қонғанын, қыс өткен соң ол жерден қайтадан әдетте-гідей Жайықтың арғы бетіне тыныш өтетінін тілге тиек етеді. Осы арқылы арам ниетті адамдардың қастандығынан әрдайым құтыла білген. Сөйтіп, бұ-рынғыша Жайықтың ішкі бетіне қыс-тауға, ал қыс өткесін Жайықтың арғы жағына, Антонов, Круглый форпосттарына қарсы беттегі өздерінің бұрынғы қоныстарына қайтадан көшіп баруға рұқсат сұрайды. Бұл жердің орыстарға пайдасыз екенін, өйткені онда шөп ша-уып, егін екпейтінін алға тартады. Оның үстіне ұры-қарылардың көбеюіне бай-ланысты мал ұрлаудың жиі орын алып, қазір далада өмір сүрудің айтарлықтай ауыр екенін, Жайық бойындағы жайы-лым шөптің тым азайып кеткенін, ал Жайықтан біраз қашықтағы далада ұрылардың өте көп екенін қосады. Со-дан Есенгелді «Егер де біз шабындыққа қарай жақындасақ, оны таптап тастай-мыз ба немесе қазына ағаштарына зиян келтіреміз бе деп қауіптенеміз. Осыған орай ол жерлерге малымызды жіберуге дәтіміз бармайды» деген. Көп ұзамай, 3 қарашада граф П. П. Сухтелен мұндай уақытша өтуге келісім бере ал-майтынын, егер қаласа, Есенгелді стар-шынға Ішкі ордаға біржола өтуді ұсына-тынын Орал казак әскерінің басшысы В. О. Покатиловке хабарлауды тапсырды [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3806-іс, 1-3 пп.].
1832 жылы көктемде Орынбор әске-ри губернаторының басқармасында бұдан біраз бұрын Әшібек табындардың Есенгелдіден айдап алған жылқы-лары туралы мәселе қайта қаралған.
5 сәуірде Орынбор дербес корпусы штабының бастығы, генерал-майор Мистров Батыс бөліктің билеуші сұлтаны Баймағамбет Айшуақұлына кезінде Әшібек бөлімінің қазақтары Жаналы, Жанғазы, Саттық жолдастарымен старшын Есенгелді Жанмырзаұлы мен оған қарасты ордалықтардың 1000 бас жылқысын тонап алып, үш адамды тұтқынға алып, біреуін өлтіріп кеткенін хабарлайды. Бұрынғы Орынбор губер-наторы П. К. Эссен 1826 жылы 2 қара-шада оны сұлтан Шыңғали Орманұлының қарауына тапсырып, егер оқиға рас болса, шұғыл түрде жәбір көргендерді қанағаттандырып, тұтқынға алынғандарды босатып, ал айыптыларды заң алдында жауапқа тарту үшін ұстап алып, шепке жеткізуді бұйырған. Кейін губер-натор П. П. Сухтелен 1830 жылы 2 қыр-күйектегі №1220 қатынасымен Шыңға-ли сұлтанға аталған бұйрықтың орын-далу барысын өзіне жеткізуді тапсырғанымен, бірақ ол орындалмаған. Сол се-бепті Мистров Баймағамбет сұлтаннан аталмыш оқиғаға байланысты Шыңғали мен өзінің қандай өкім шығарғанын түсіндіруді талап етті [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3350-іс, 7-п.].
Кейін 29 сәуірде Баймағамбет сұл-тан генерал-майор Мистровке айдап әкетілген 1000 жылқы мен тұтқынға алынған 3 адамға қатысты олардың өзара есеп айырысып, келіскені туралы естігенін, бірақ ол туралы анық мәлі-метті Есенгелді старшыннан бірнеше рет талап еткенімен, одан әлі ешқандай жауап алмағанын, істерде ол жай-лы ештеңе көрінбейтінін мәлімдейді. Ол қайтадан Есенгелді старшынға та-лап етілген мәліметті тез арада жеткізу-ді тапсырып, оны алған бойда толық хабар беретінін айтады. Дегенмен бұл жолы да Баймағамбет сұлтанның қолы нақты жауапқа жете қоймаған тәрізді. Өйткені үш жылдан кейін Орынбор дербес корпусы штабының бастығы, полковник Рокасовский осы мәселе жөнінде Баймағамбет хабарламасының жоқтығын есіне салып, қайтадан талап еткен [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3350-іс, 9-10 пп.].
Билеуші сұлтан талабын орындамаудың өзі жасы ұлғайып, қартайған Есенгелді байдың әлі де болса ел ішін-дегі саяси салмағынан хабар береді. Кезінде қазақ даласын көзімен көрген В. И. Даль «Билеуші сұлтандар әскери губернаторға бағынатын шекаралық комиссияның тікелей қарауында тұра-ды, қылмыстық істер орыс қаулысымен шешіледі, бірақ сот шептен алыстағы қазақ руларында күштінің қолында бо-лады, ал күшті – бұл бай немесе қарақ-шылығымен даңқы шыққан шабандоз» деп анықтаған еді. Жазушы 1833 жылы жасы тоқсанға келген Есенгелдінің күні бүгінге дейін жас кезінде-ақ орнын өз-гелерден бір төбе жақсы көріп, ардақ тұтқан Бекейін еске алғанда көкірегі қарс айырылардай болып, басын шайқап, күбірлеп «лә илләһа иллалласын» аузынан бір тастамайды дейді. Осыған орай кеңестік зерттеуші
В. И. Порудоминскийдің «Даль он екі мың жылқысы бар, мыңдаған түйесі, қисапсыз қойы бар Есенгелді Жанмырзаұлын білетін» [Порудоминский В. И. Даль. – Москва: «Молодая гвардия», 1971. 184-б.] деуі тегін емес. Оған қоса «Есенгелді Жанмырзаұлы өзінің түйе-лерімен «қонысын шепке жақын жер-де ұстауға тырысты». Ол патша солдат-тары мен казак-орыстардың зеңбірек, мылтықтарымен, патша шенеуніктері-нің заңмен, сотпен өзін соңғы ешкісін сойып алғандардан қорғайтынына сен-ді» деп көрсетеді. Ал Ә. Кекілбайұлының пікірінше, В. И. Даль «қайғылы оқиғаға ұшыраған әулетті өз көзімен көрген сыңайлы». Шын мәнінде,
В. И. Даль 1833 жылдың 6 мамырында Орынбор әскери губернаторының ерекше тапсырмалар жөніндегі қыз-меткері болып тағайындалады. Орын-борға шілде айында келіп орналасқан ол осы жылдың 20 наурызында дүние салған әскери губернатор П. П. Сухте-леннің орнына келген В. А. Перовский-дің жанында ерекше істер шенеунігі ретінде қызметін бастаған. 1833 жылы 17 тамызда губернатор В. А. Перовский В. И. Дальге Орал казактарының жерін қарап келу тапсырмасын ұсынады. Осыған байланысты губернатор Орал казак әскерінің атаманы В. О. Покатиловқа жолдаған қатынас кағазында «Қызмет бабына байланысты менің жанымдағы ерекше істер қызметіндегі доктор Дальді төменгі Орал шебіне жі-бере отырып, Сіздің жоғарғы мәртебеңізден оған қажет болған жағдайда барлық көмек көрсетіліп, ол сұраған мәліметтердің уақтылы жеткізілуі ту-ралы ңұсқау беруіңізді өтінемін» де-ген. 21 тамызда Орынбордан аттанған В. И. Даль келесі 22 тамыз күні Оралға келген. Осы іссапардан оралған соң
В. А. Перовскийге берген рапортында Орынбордан Орал арқылы Гурьевке дейін және кейін қарай Калмыков бекі-нісіне дейін, одан Бөкей ордасына, со-дан соң Өзен бойымен Александров Гайға, Шежін, Деркөл өзендерімен Оралға кері барып, соңынан далалық жолмен Елек қалашығы арқылы Орын-борға оралып, барлығы 2050 шақырым жол жүріп келгенін баяндайды [Белый А. Рапорт Даля // Простор. – 1980. – №3. 138-б.]. Яғни төменгі Орал шебінде болған кезінде оның Есенгелді байды көруі немесе естіп білуі мүмкін. Жазу-шының өмірі мен шығармашылығын арнайы зерттеген филолог ғалым
Ю. П. Фесенконың пікірінше, В. И. Даль іссапардан шамамен 11 қыркүйекте Орынборға оралған. Кейін 18-23 қыр-күйекте Е. И. Пугачев тарихына қатыс-ты мәлімет жинауға келген А. С. Пуш-киннің жанында болып, ақынмен бірге қайтадан Оралға ат басын бұрған. Ал зерттеуші В. И. Порудоминский үш ай өткен соң В. И. Дальдің қайтадан шеп-ке жүріп кеткенін, бес ай өткен соң та-ғы да шепке шыққанын анықтайды. Қыркүйектен кейінгі үш ай желтоқсанға сәйкес келсе, одан кейінгі бес ай 1834 жылдың мамырына дөп келеді. Бұл пі-кірді жергілікті филолог ғалымдар
А. Н. Евстратов, О. В. Опряның төмен-дегі тұжырымдары толықтыра түседі: «1834 жылдың мамырында Даль
В. А. Перовскийдің тапсырмасымен Орал облысы аймағын Гурьевке дейін түгелдей аралап шығады. Бұл сапардың нақты қай уақытқа дейін созылғаны және оның мақсаты қандай – ол жағы бізге беймәлім боп қалып отыр. Дальдің одан кейінгі жиі шыққан са-парлары туралы да нақты мәлімет жоқ. Бұлар туралы біз Дальдің анда-санда жариялау үшін Оралдан жіберіп тұрған жеке хаттары мен корреспонденциялары арқылы ғана шамалаймыз» [Евстра-тов А. Н., Опря О. В. B. И. Даль в Запад-ном Казахстане. – Уральск: «Ағарту-шы», 2007. 10-11, 56-б.].
Осы 1834 жылдың жазы мен күзінде Орал шебінде болған кезінде В. И. Даль-дің Есенгелді байды көруі ғажап емес. Оған жазушының «Казак Луганский» есімімен «Северная пчела» басылымының 1834 жылы 9-10 қарашадағы №255-256 сандарында жариялаған «Скачка в Уральске» атты мақаласындағы мәліметтері дәлел. Онда «Сіз-дерге Орынбор қазақтарының байла-рының бірі, бұрынғы старшын Есенгелді Жанмырзаұлын мысалға келтіре-мін: оның қолында жиырмасыншы жылдары 12000 жылқысы болған, кей-біреулер он екі мыңға жеткен жоқ дей-ді, сонымен сегіз мыңға тоқтасақ, со-ның өзі жеткілікті, ал қазір оның қо-лында сегіз жүз де жоқ» деп нақты көрсетеді [Казак Луганский. Скачка в Уральске. 8-б.]. Жазушының бұл мақа-ласы «Бекей мен Мәулен» повесінен екі жыл бұрын жарық көрген еді. Ал повесте «...сол кезде далада онымен таныс болғандардың білуінше, қой, тү-йе, сиырларын есептемегеннің өзінде оның қолындағы бір ғана жылқыларының өзі он мыңнан асқан. Кейбіреулер мұны тым асыра айтқандық көріп, Есенгелдінің жылқысы сегіз мыңнан асқан жоқ десе, енді біреулер он екі мыңға жеткізеді. Жартысына келіссек, осының өзі жеткілікті болатын секілді. Есенгелді даладағы алғашқы байлардың бірі немесе біріншісі болды, бұл даусыз» [Даль В. И. Бикей и Мауляна. – СПб., 1836. 22-23 бб.; Даль В. И. Бикей и Мауляна. – СПб., 1846. 23-б.] деп бағалайды.
1820-1822 жылдары Орынбор шека-ралық комиссиясында қызмет еткен
А. И. Левшин де Есенгелді баймен кез-дескен. Ол жөнінде әйгілі тарихшы ке-йін өз еңбегінде «Бірде мен 8000 жыл-қының бір иесінен өз үйірінің біраз бө-лігін жыл сайын неге сатпайсың деп сұ-радым. Ол маған былай деп жауап берді: «Мен өзімнің рақат-ғанибетімді не үшін сатамын? Маған ақша қажет емес; мен оны сандыққа салып таста-уым керек, ол жерден оны ешкім көре алмайды. Ал менің жылқыларым дала-да жүрсе, кезкелгені оған көз тастап, олардың менікі екенін біледі және ме-нің бай екенімді айтатын болады» деп жазды [Левшин А. И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей (под общей редакцией академика М. К. Козыбаева). – Алматы: «Са-нат», 1996. 327-б.]. Мұндағы есімі көр-сетілмеген байдың Есенгелді екеніне еш күмән келтірмейміз. Бұған қоса ға-лым қазақтар арасындағы ер адамдардың есімдерін көрсеткен тізбесінде Есенгелді есімін атап өтеді. Басым бө-лігі сұлтандар болып табылатын осы ті-зімдегі 13 адамның барлығы сол кез-дегі Кіші жүздің белгілі тұлғалары еді [Левшин А. И. Көрсетілген еңбек. 333-б.].
Сонымен, 1820 жылдары асқан бай болған Есенгелдінің қолында 1834 жыл-дың күзінде сегіз жүз де жылқы қалма-ған. Халық жадындағы аңыз-әңгімелер Есенгелді байдың басынан бағы тайып, бақ-дәулетінен айырылуын Бекей өлі-мінен кейін келіні Мәуленнің атасының «байлығымның басы, қасиетті мүлкім» деп бағалайтын, ата-бабасынан мирас болып келген зерлі тонының үстінен ат-тап өтуімен байланыстырады. Өңірдегі жылқы басының құлдырау себебін
В. И. Даль «Қазір Орынбор өлкесінде жалпы алғанда бір миллионға жуық жылқы бар деп есептейді. Жыл сайын 20000-ға жуығы сатуға кетеді, оның жартысынан астамы Оралдан әрі асып, Қазақ даласына өтеді. Өлкені жылқылармен қамтамасыз еткен даланың ал-тын жылдары өтіп кетті. Қазір бұл іс ке-рі кетіп, онда кедейлік пен қайыршылық, барымта мен алауыздық орын алып, дала тағылары мал-мүлікті күй-ретті. Аштық пен суық жылдар, мысалы, 1827 жыл далада сансыз жылқыны құрт-ты» [Казак Луганский. Скачка в Уральс-ке. 7-8 бб.] деп анықтайды. Халқымыздың «Байлық – бір жұттық» деген мәтелі де мал басын жұтқан осындай жұтқа байланысты шыққан. Қалай бол-ғанда да, сол кездегі жағдайды көзімен көрген В. И. Дальдің «қазір Есенгелді-нің қолында сегіз жүз де жылқы жоқ» деп жазуы тарихи шындықты бейнелейді. Сөйтіп Есенгелді бай өмірінің соң-ғы кезінде, яғни көзінің тірісінде басы-на қонған бақ-дәулетінің шайқалып, ор-тайғанын көріп кеткен. Мұны Есенгелді-нің туған бауыры Сүтемгеннің тікелей ұрпағы болып табылатын Алматы қала-сының тұрғыны Киікбай (1940 ж. туған) ақсақалдың «Есенгелді атамыз қартай-ған шағында түс көріпті. Түсінде алтын ағаштың басына шығыппын, бірақ ба-сым айналып құлап түстім, сірә, байлы-ғым ұрпағыма жетпей, өзіммен кетер депті. Сол түс тегін емес екен. Бай бір жұттық деген емес пе. Бір қатты жұтта Есенгелдінің бар малы қырылыпты» деген әңгімесі де растай түседі.
Жоғарыдағы мақаласында В. И. Даль 1834 жылы 17-20 қыркүйекте Орал қа-ласында болған ат жарысты тәптіштеп жазады. Алдымен башқұрт, қалмақ, қа-зақ аттарының тұқымдарына талдау жасайды. Шепке жақын жерден нағыз қазақ жылқысын таба алмайтынын, ол үшін дала түкпіріндегі шекті, жағалбайлы, адайларға бару керек, тіпті Ішкі ор-дадағы Жәңгір ханда да нағыз қазақ жылқылары көп емес дейді. 17 қыркү-йектегі ат жарысқа Орал казак әскері-нің наказной атаманы, әскери кеңсе мүшелері, билеуші сұлтан және құр-метті ордалықтар қатысқан. Аттар ша-батын 3 шақырымдық айналымның сырты екі ормен қоршалған. Алдымен Орал казак-орыстарының 23 сәйгүлігі жарысқа түсіп, қалмақ казак Бурчи Чу-рюмовтың аты 18 шақырымнан тұра-тын 6 айналымды 23 минутта шауып өткен. Мұның артынан қазақтардың 30 тұлпары 21 шақырымнан тұратын 7 ай-налымдық жарысқа түскен. Жеті айна-лымды 20 минутта шауып өткен билеу-ші сұлтан Баймағамбет Айшуақұлының арғымағы мәреге бірінші болып келген. Ол сыйлыққа 120 сом алса, екінші бо-лып келген казак Нагацкин 90 сом, үшінші – Горынин 70 сом, төртінші – Джембеков 50 сом, бесінші келген сұл-тан Махмұт Алғазыұлының тұлпары 40 сомға ие болған. Үшінші күні, яғни 20 қыркүйекте түстен кейін сағат 5-те ал-дыңғы жарыста бәйгеге ие болған қа-зақтар мен казак-орыстардың аттарының барлығы ұшқыр аттар жарысына бірге қатысқан [Казак Луганский. Скачка в Уральске. 8-13 бб.].
Сонымен бірге В. И. Дальдің 1835 жылы 19 қаңтарда «Северная пчела» газетінің №15 санында жарық көрген «Скачки в Уральске и Оренбурге» деген мақаласында да ат жарыс туралы қы-зықты деректер келтірілген. Алдымен Оралдағы ат жарысқа тоқталады. 17 қыркүйектегі бәйгеде казак-орыстар-дан 14, қазақтардан 34, барлығы 48 тұлпар бақ сынаған. Түстен кейін сағат 4-те көпшілік халықтың жиналуымен өткен ат жарыста алдымен казак-орыс-тардың аттары бәйгеге түскен. Мәрені алғаш кескен казак Чамбы Нимаевтың сәйгүлігі 18 шақырымнан тұратын 6 ай-налымды 24 минутта шауып өткен. Осыдан кейінгі қазақ аттарының бәй-гесінде сұлтан Күсепқали Орманұлының арғымағы 21 шақырымдық 7 ай-налымды 28 минутта шауып өтіп, мә-реге бірінші келген. Жанындағы аттар-дың бәрін жалаушадан жарты шақырымнан астам қалдырып, озып кетуіне орай 500 сомға жуық бүкіл сыйлық Күсеп сұлтанның бір өзіне берілген. Ал Орынбордағы ат жарыс 1 қазанда Жа-йықтың арғы бетіндегі Айырбас сара-йынан 6 шақырым жерде өткен. Бәй-геге қатысуға қазақ, татар, башқұрт және казак-орыстардан 150 ат келген. Оларды 30 аттан бес бәйгеге бөлген. Әр айналымы 4,5 шақырымдық 4 айна-лымнан тұратын 18 шақырымдық ал-ғашқы бәйгеге 30 ат қатысқан. Бұл бәй-гені Батыс бөліктің билеуші сұлтаны Баймағамбет Айшуақұлының арғымағы 26 минут 40 секундта шауып өтіп, мәреге бірінші болып келген. Осы тұл-парға В.И.Даль «12 жасар торы ат Бай-ұлы бірлестігіндегі Алаша руының жыл-қы үйірінен шыққан. Бұл ат өткен жы-лы Ішкі ордада сұлтан Жанбөбек Бек-ғалиұлының қолына тиген. Ол екі рет бәйгеге қосып, екеуінде де бірінші ке-ліп, бір үйір жылқы, түйе және кілем ұтып алды. Одан Жәңгір ханның қолы-на өтіп, онда әр айналымы 8 шақырымнан тұратын 6 айналымдық (48 ша-қырым – Ж.А.) бәйгеде бірінші келіп, 15 түйе ұтып алған. Содан соң сұлтан Шыңғали Орманұлына өтіп, оған бір үйір жылқы ұтып берген. Кейін сұлтан Күсепқали Орманұлына өтіп, оған Оралдағы ат жарысында бірінші келіп 470 сомды сыйлаған, одан кейін Тәуке сұлтан мен билеуші сұлтанның қолы-нан екі рет бәйгеге түсіп, екеуінде де бірінші келген, ал енді соңында осы-лайша Орынборда үздік шықты. Сөйтіп, 17 қыркүйек пен 1 қазан аралығындағы 14 күн ішінде ол төрт рет бәйгеге түсті, оның үстіне 300 шақырымға де-йін бір жерден екінші жерге жүріп өтті» деген сипаттама береді [Луганский В. (Даль В. И.). Скачки в Уральске и Орен-бурге // Северная пчела. – 1835. – 19 января. – №15]. Сөйтіп, таза қазақ жыл-қысының мықтылығын мойындаған жазушы өз таңданысын жасыра алмай-ды.
1835 жылы 17 ақпанда Орынбор дер-бес корпусының штаб бастығы, пол-ковник Рокасовский Батыс бөліктің би-леушісі Баймағамбет сұлтанға жазған хабарында Есенгелді бай туралы мәлі-мет келтіреді. Онда Баймағамбет сұл-танның 1832 жылы 29 сәуірде №537 қатынасымен Орынбор дербес кор-пусының бұрынғы бастығына старшын Есенгелді Жанмырзаұлынан шын мә-нінде оның қуып алынған жылқылары үшін Әшібек бөлімінің қазақтарымен қанағаттандырылғаны жайлы куәландыру талап еткені айтылған. Дегенмен осыған қатысты Есенгелді старшынның пікірі көрсетілген Баймағамбет сұлтан-ның хабарламасы болмағандықтан, полковник Рокасовский сол кезде әске-ри губернатордың Орынборда болма-уына орай аталған істің қандай жағдай-да екенін өзіне хабарлауды сұрады [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3350-іс, 10-п.].
Көп ұзамай 1835 жылы 3 наурызда Елек қалашығынан №197 қатынасымен жолдаған рапортында Баймағамбет сұлтан Есенгелді старшын Жанмырзаұлының Әшібек бөлімі қазақтарының айдап алған жылқылары туралы өзінің алдындағы сұлтан Шыңғали Орманұлының билігі кезінде қанағаттандырылғанын мәлімдейді. «Алайда Есен-гелді старшын қазір менен тым шал-ғайда көшіп-қонғандықтан, - деп жаз-ды Баймағамбет сұлтан, - мен сол куә-ландыруға өз басым көз жеткізе алма-дым. Көктем шығысымен жақынырақ көшіп келген кезде мен міндетті түрде аталған талап-шағымға қатысты Жан-мырзаұлының жеке өзінен сұрап біле-мін және ол жайлы сізге толық жеткі-земін» [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3350-іс, 12-п.]. Билеуші сұлтанның кейіннен ол ха-барламасы Орынборға жетті ме, жоқ па, ол жағы беймәлім. Себебі, бұдан кейінгі мұрағат құжаттарынан Есенгелді старшынға қатысты деректер әзірге кездесе қоймады. Өмірінің со-ңына дейін Орынбор ұлықтарының назарын өзіне аудара білген әйгілі Есенгелді бай да көп ұзамай дәм-тұзы таусылып, фәнилік өмірмен қош айты-суына тура келді. Бүгінде Сырым ауда-нына қарасты Аралтөбе ауылы маңын-дағы Есенгелді байдың басына орнатыл-ған құлпытас кілтін алғаш рет Қазбек Құттымұратұлы ашып, тұлғаның мәңгі-лік мекені нақтыланды. Осы ауылдың тұрғыны Шалабаев Жақып ақсақалдың айтуынша, Есенгелді байдың өз амана-ты бойынша оны жылқысының жайы-лысына қойыпты. Бұл маң «Есенгелді сайы», «Есенгелді тоғайы» аталыпты. Құлпытас бойынша Тана руының Асан тайпасынан шыққан Жанмырзаұлы Есенгелді тархан 1834 жылы рамазан айының бейсенбі күні, Қадыр түнінде 93 жасында дүниеден озған. Басына белгі-ні ұлы Жанкүшік мырза қойған. Маман-дардың есептеуінше, хижраша 1249 жылдың рамазан айының 26-түні – Қа-дыр түні миладише (қазіргі жыл сана-уымызбен) 1834 жылдың 6 ақпанына, бейсенбіге келеді екен. Дегенмен Есенгелді бай өмірінің соңғы кезіне қа-тысты жоғарыда келтірілген деректерге зер салсақ, марқұмның құлпытастағы қайтыс болған жылымен арада біраз айырмашылық барлығына көз жеткізе-міз. Егер 1834 жылдың басында дүние-ден озса, 1834 жылдың мамырында
В. А. Перовскийдің тапсырмасымен Орал облысы аймағын Гурьевке дейін түгелдей аралап шыққан В. И. Даль «Северная пчела» басылымының 1834 жылы 9-10 қарашадағы №255-256 сан-дарында жариялаған «Скачка в Уральс-ке» атты мақаласында «Сіздерге Орын-бор қазақтарының байларының бірі, бұрынғы старшын Есенгелді Жанмырзаұлын мысалға келтіремін: оның қо-лында жиырмасыншы жылдары 12000 жылқысы болған, кейбіреулер он екі мыңға жеткен жоқ дейді, сонымен се-гіз мыңға тоқтасақ, соның өзі жеткілік-ті, ал қазір оның қолында сегіз жүз де жоқ» деп нақты жазбас еді. Яғни 1834 жылдың күзінде Есенгелді байдың көзі әлі тірі. Оған жоғарыдағы 1835 жылы 3 наурызда Баймағамбет сұлтанның Орынбор дербес корпусының штаб бастығы, полковник Рокасовскийге жазған рапортын қосыңыз [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3350-іс, 12-п.]. Егер де Есенгелді бай 1834 жылы ақпан айында о дүниелік болса, Баймағамбет сұлтанның оны 1835 жылдың наурызына дейін, яғни бір жыл бойына білмеуі мүмкін емес. Орданың қатардағы қара-пайым қазағы болса бір жөн. Анау-мы-нау емес, атағы алысқа кетіп, Орынбор дербес корпусының штаб бастығы, пол-ковник Рокасовскийдің өзі сұрау салып отырған Есенгелді бай бақилық болса, Баймағамбет сұлтан оны басшылық ал-дында қалайша жасырып қалмақ? Са-йып келгенде, мұның барлығы Есенгел-ді байдың 1834 жылдан кейін өмірден өткенін айғақтайды. Құлпытас бойынша тұлғаның 93 жасында опат болғаны анық. Орынбор шекаралық комиссияның төрағасы Г. Ф. Генс өзінің 1831 жы-лы 6 қарашадағы жазбасында Есенгел-ді старшынды 88 жаста деп көрсетсе,
В. И. Даль оның 1833 жылы 90 жаста екендігін жазады. Осыларды есепке алсақ, Есенгелді бай 1836 жылы 93 жаста болады. Қалай болғанда да, құл-пытас бетіне жазу түсіретін шебердің қолынан немесе арабша 4 пен 6 саны-ның ұқсастығынан, әйтеуір, бір кемші-лік кеткендей.

Ұласқан ұрпақ
Есенгелді бай өмірден озғанымен артында Жанкүшік, Қонақбай, Бөлек-бай, Қожа атты балалары қалды. Олар да өзіндік деңгейде қоғамдық-саяси өмірде көзге түсіп, ел істеріне араласты. Соның ішінде Бөлекбай Есенгелді-ұлы кезінде әкесі Есенгелді старшын басқарған 4-ші дистанцияға қарасты Круглый форпостына қарсы беттегі жергілікті бастық қызметін атқарды. Батыс бөліктің билеуші сұлтаны Байма-ғамбет билігіндегі 4-ші дистанцияны Есенгелді старшыннан кейін Қалқаман тана старшын Өтебай Сәңкібайұлы бас-қарды. 4-ші дистанцияға қарайтын Кал-мыков бекінісіне қарсы бетті Бастағұл би Қарасайұлы, Котельный форпостына қарсы бетті Әуел Темірұлы, Круглый форпостына қарсы бетті Бөлекбай Есенгелдіұлы, Антонов форпостына қарсы бетті Күржім Құбашұлы, Лебя-жинск бекінісіне қарсы бетті Тоқтан Қосдәулетұлы, Каленов форпостына қарсы бетті Жиембай Құтымбайұлы секілді жергілікті бастықтар басқарды [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 4182-іс, 2-п.].
Осы 4-ші дистанция қазақтарына 1845 жылы күзде Алаша Алтыбас руы-нан Сатыбалдының Жирентай, Бекко-жа, Тоққожа есімді балалары шабуыл жасап, ойран салған. Олар Асан тана-дағы Байқонақ Тұманбайұлының 25 жылқысын, Қодар Басбайұлының 15 сиырын тартып алып, Қалқаман тана Нияз Қосдәулетұлының 80-ге жуық жылқысын айдап кеткен. Бұл жылқының кейбір бөлігі 1846 жылы күзде билеуші сұлтанның араласуымен кері қайтарылған. Осы жылы Сатыбалды балаларының жағымсыз пиғылдары мен іс-әрекетіне байланысты Шекаралық комиссияның бұйрығымен шеп бо-йындағы қазақтар қамқоршысы Бело-зеров 22 наурызда 4-дистанция басты-ғы Өтебай Сәңкібайұлынан оларды ұс-тап алып, шепке әкелуді сұрады. Өтебай ұстауға тырысқанымен, бірақ олардың қонысы шалғайда болуына орай орындай алмаған. Асан тана Ізбас Түнбайұлының шағымынан соң Комис-сия кеңесшісі 17 сәуірде Сатыбалды балаларының жәбір, қысымынан қазақтарды қорғауды тапсырды. Кейін Сатыбалды балалары мен Бөлкей Тыш-қантайұлы еш кінәсі жоқ Қалқаман тана Жанғұтты Ниязұлының екі үйір жылқысын айдап алған. 1847 жылы 26 қаңтарда Асан тана старшыны, Круглый форпостының жергілікті бастығы Бөлек-бай Есенгелдіұлы 4 қазақ дистанциясының бастығы Өтебай Сәңкібайұлына Алаша Алтыбас қазақтары Бекқожа, Тоққожа, Берекет Сатыбалдыұлдары бірнеше жолдасымен түн ішінде өзінің туған ағасы Қонақбай Есенгедіұлының ауылына келіп, 9 ту биесі мен бір айғы-рын еш себепсіз қуып алғанын хабар-лап, оларды кері қайтаруды сұрайды. Бұған қоса олар Жиембет тана Жолы Меңдібайұлының 10 жылқысын сойып алған. Осы мәліметтерді 1 ақпанда Орынбор шекаралық комиссиясына жолдаған заурядь хорунжий Өтебай Сәңкібайұлы жәбір көргендерді қана-ғаттандырып, айыптылардың іс-қимы-лын тоқтатуды өтінеді. Бұлай болмаған жағдайда, билеуші сұлтанның шалғайға кетіп қалуына орай (Бұл кезде Бай-мағамбет сұлтан Санкт-Петербургке кеткен еді – Ж. А.) ордалықтар арасында тәртіптің бұзылып, дүрбелең туатынын ескертеді. Сонымен бірге Батпақкөл мекеніндегі Сатыбалды балаларының ауылы жергілікті бастық Жарлықас Өтебайұлына жақын жерде, яғни Антонов форпостынан 80 шақырым екенін қаперіне береді [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 3426-іс, 94-97, 101, 109-111 пп.].
Бөлекбай Есенгелдіұлының өмірбая-нына қатысты деректер 1852 жылы 22 сәуірде Орынбор қазақтарының шеп бойындағы қамқоршысы Т. П. Редькиннің Шекаралық комиссия төрағасы М. В. Ладыженскийге жолдаған қадірлі де ықпалды ордалықтар тізімінде кел-тірілген. Онда мынадай мінездеме бе-рілген: «Бөлекбай Есенгелдіұлы, Круг-лый форпостына қарсы беттегі жергі-лікті қазақ бастығы, 52 жаста. Түр-кел-беті қарапайым, бет-әлпеті қараторы. Шығу тегі айтарлықтай маңызды. Тана руы, асан тайпасы, жанмырза бөлімі-нен. Жергілікті бастықтың мөріне ие. Жазғы қонысы Өлеңті, Шідерті, Қызыл-ағаш өзендері бойында. Круглый фор-постына қарсы, сыртқы бетте қыстайды. Отбасында бір әйелі және екі ұлы бар. Бір киіз үйі, 12 түйесі, 82 жылқысы, 16 ірі қарасы, 325 қойы бар. Ақылы мен қабілеттілігі айтарлықтай шектеулі, момын мінезді, білімі жоқ, шаруашылыққа бейімдірек, бірақ қызмет бабын-да іскер. Руластарына үлкен ықпалы бар, сондай-ақ ордада маңызды орын алады. Орыс үкіметіне өте адал. Еш жерде жорықта болмаған және ешқан-дай марапат та алмаған. Сот алдында, тергеуде болмаған, сондай-ақ теріс ниетті іс-әрекетімен және жағымсыз қылықтарымен көзге түспеген» [Исто-рия Казахстана в русских источниках XVI-XX веков. О почетнейших и влиятель-нейших ордынцах: алфавитные, имен-ные, формулярные и послужные спис-ки. 12 ноября 1827 г. – 9 августа 1917 г. Том VІІІ. Часть 2 / Сост., предисловие, комментарии и указатели Б. Т. Жанаева. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. 226-б.].
Бүгінде Ақжайық ауданының Базар-төбе ауылдық округіне қарасты Қонақ-бай көне қорымынан Бөлекбай баласы Сұлтанғалидың басына қойылған құл-пытасы табылды. Базартөбе ауылының тұрғыны Саясат Сәлімовтің бастап ба-руымен қорымдағы құлпытас мәтінін Қазбек ағамыздың алғаш рет оқып, тәржімалауы нәтижесінде «Тана руы Асан тайпасы Жанмырза бөлімінің Есенкелді немересі Бөлекбай баласы Сұлтанғалидың 1873 жылы 45 жасында опат болып, тасты баласы Есет мырзаның қойғандығы» анықталды. Бұл ар-қылы Бөлекбай жанұясындағы екі ұл-дың бірі, яғни Есенгелді бай немересі Сұлтанғалидың 1828 жылы атасының көзі тірісінде дүниеге келіп, оның Есет мырза атты баласының болғандығы нақтылана түседі. Оның үстіне қорымның «Қонақбай зираты» деп аталуы да Бөлекбайдың туған ағасы Қонақбай Есенгелдіұлының есімімен байланысты болуы керек. Мұның өзі Қонақбайдың да осы қауымда жерленгенін білдіреді.
Бөлекбайдан кейін Жанмырза әуле-тінің бір ұрпағына Т. П. Редькин жоға-рыдағы тізімде мынадай сипаттама берген: «Байыр Бекішұлы, Каршинск форпостына қарсы беттегі жергілікті қазақ бастығы, 32 жаста. Түр келбеті түнерген. Шығу тегі айтарлықтай маңызды. Тана руы, асан тайпасы, жанмырза аймағынан. Жергілікті бастықтың мөріне ие. Жазғы қонысы Өлеңті, Шідерті, Қызылағаш өзендері бойында. Әрдайым Каршинск форпостына қарсы бетті қыстайды. Оның отба-сы жалғыз әйелі мен анасынан ғана тұ-рады. Бір киіз үйі, 6 түйесі, 65 жылқысы, 12 ірі қарасы, 200 бас қойы бар. Ақылы мен қабілеттілігі өте жақсы, мо-мын мінезді, татарша оқып, жаза ала-ды, қызмет бабында іскер, шаруашылыққа бейімдірек. Руластарына айтар-лықтай жақсы ықпалы бар, сондай-ақ ордада маңызды орын алады. Орыс үкіметіне адал, еш жерде жорықта бол-маған және ешқандай марапат та ал-маған. Сот алдында, тергеуде болмаған, сондай-ақ теріс ниетті іс-әрекеті-мен және жағымсыз қылықтарымен көзге түспеген» [История Казахстана в русских источниках... 227-б.]. Бұл де-ректегі Байыр Бекішұлы Жанмырзаның үш ұлы, яғни Есенгелді, Итемген, Сүтемгеннің біреуінің ұрпағы болғанымен, нақты қайсысынан тарайтынын шежіре деректер арқылы анықтау мүм-кін болмады.
Сүтемген ұрпағы Киікбай ақсақалдың дерегінше, Есенгелді байдың Ақ-сопы (жеңгелері Секек атандырған) де-ген бір баласының ұрпағы бұрынғы Тайпақ жерінде Итемген, Сүтемген ұр-пақтарымен бірге тұрақтаған. Есенгел-дінің баласы Ақсопыдан Жапалақ (шын аты Әбілсамат), Ақатан, Балағаддин та-раған. Ал Есенгелдінің Жанкүшік, Қонақбай атты балаларының ұрпақтары Өлеңті жағында қалып қойған секілді.
К. Ғ. Ахметов құрастырған шежіреде Есенгелдінің баласы Бекейдің бір ұрпағы Елтайдан – Тайшыбай, одан Иман, Иманнан – Рысбай, Қонысбай деп таралады. Осындағы Қонысбай (1955 ж. туған) – Аралтөбе ауылының тұрғыны. Ағамыз өз әңгімесінде әкесі-нің есімі Иман емес, Шыман екенін айтты. Әкесі Шыман 1908 жылы дүние-ге келіп, 1978 жылы қайтыс болған. Ұлы Отан соғысының ардагері. Қоныс-бай Тайшыбаев өзіне әкесі Шыманның Аралтөбе маңындағы обада өздерінің атасы Есенгелді байдың жатқанын ай-тып кеткенін еске алады. Кезінде әкесі Шыман үлкен баласы Рысбайға газет-терге жаздырып, бауырларын іздестір-ген. Қонысбай ағамыз ата-тегінің Есен-гелді – Бекей – Тайшыбай – Шыман – Қонысбай болып тарағанымен, Бекей жөнінде көп мағлұмат біле бермейті-нін, ал Аралтөбеден 8-10 шақырым шамасындағы Елтай деп аталатын ескі қоныстың өз аталарына қатысы барлы-ғын айтады.
Бекейдің мұрагерлері жайлы өз по-весінде В. И. Даль жазғанымен, олар-дың аты-жөнін, артында қалған ұрпақ-тарын ажыратып көрсетпейді. Ал алма-тылық Киікбай ақсақал Бекейден ұрпақ қалмағанын алға тартады.
Есенгелді байдың Тілеуұлы Жанмырзадан бірген туған бауыры Итемген бай 1836 жылы рамазан айында 93 жасын-да дүние салған. Басына орнатылған құлпытастағы жазудың оқылуы нәти-жесінде Итемген байдың Ақжайық ау-данына қарасты Базартөбе мен Базар-шолан ауылдарының түйісер шегінде орналасқан Тойқожа қауымына жер-ленгені анықталды. Заманында белгілі тұлға болған Итемген бай басына шо-лақ мола үлгісіндегі кесене тұрғызылған. Осы кесенеге қатысты ел аузында сақталған аңыз-әңгімені Киікбай ақса-қал былайша сабақтайды: «Итемген атамыз жасы ұлғая келе Жайыққа таяу жерден өзіне күмбез тұрғызып жатады. Баласы Тойқожа балшық басқан аттар-ды суға шомылдырып жүріп суға кетіп қаза болады. Оған арнап әкесі және бір күмбез орнатады. Сонда ағайындары “Байеке, енді бұл жерді қалай атаймыз” дегенде Итемген атамыз «Тойқожаның аты бұрын шықты ғой», - депті. Содан ол жер “Тойқожаның моласы” аталып кетіпті. Үшінші шошақ мола Сексен де-ген алашаның моласы дейтін». Бұл әңгімені Итемгеннің тікелей ұрпағы Бисенова Роза апамыз да қуаттайды.
Кезінде атақты Сүгір жыраудың:
...Егізімнің сыңары
Егеуімнің сынығы
Есен бе екен, сау ма екен
Бессары, Асан, Қалқаман.
Мәмбет, Үмбет, Қосдәулет
Есенкелді, Итемген
Ауылынан кеңес тараған - деп жырға қосуының өзі Жанмырза ұлдарының абырой-беделіне байланысты болса керек.
Киікбай ақсақалдың айтуынша, Итемген байдан Қыдырбай – Бекболат – Сатыбалды тараған. Сатыбалдыдан – Бисен, Алпысбай туған. Бисен көзі қа-рақты, дәулетті адам болған. Бисеннен Мейірман, Нұрғали, Ізни, Ораз, Еспан, Бақтығали, Ақкенже атты алты ұл мен бір қыз дүниеге келген. Олардың іші-нен елге танымал көптеген тұлға шық-ты. Замана ауанын жіті сезіне білген Бисен балаларды орыс оқуына беруге үгіттеген. Мейірман Бисеновтың Орал қаласында тұратын туған немересі Ғұ-марұлы Ғалымжан (1929 ж. туған) ақ-сақалдың айтуынша, атасы Ы. Алтын-сарин сияқты оқыған халық мұғалімі болған. Ол кісі оба ауруынан көз жұм-ған. Атасының жұбайы Далап Бисенова 1885 жылы дүниеге келген. Бисеннен тараған әулет кеңестік қуғын-сүргін зардабынан көп жапа шеккен. Ал Киік-бай ағамыз «Мейірман патша заманында білім алып, мұғалім болған. Қы-зылқоға ауданында Қаракөл мектебін-де ұстаздық етіп жүргенде 1911 жылы дүниеден озған. Сол кездегі қазақ га-зеттерінде мақалалары шығып тұрған екен (айтушы Х. Досмұхамедов)» деп тарқатады.
Бисеннің келесі ұлы Нұрғалидан Ғазиза, Рәзия, Ғафура есімді үш қыз дүниеге келген. Ғазиза – Орал филармониясының алғашқы әртістерінің бірі. Ол М. Әуезовтің “Абай” романын ауыз-ша айтудан машинкаға басқан. Қазақ-тың классик жазушысы Ғ. Мүсіреповтің соңғы жұбайы. Рәзия өмір бойы республикалық газет-журналдарда ма-шинистка болып істеген. Жұбайы Сағит Жанбаулиев Қазақ КСР Жоғары Кеңесі-нің бөлім меңгерушісі болған. Бисенова Роза апай Рәзияның Нұрғалидың ағасы Мейірманның тәрбиесінде бол-ғанын, сондықтан құжаттарда тегі Мейірманова болып жазылған дейді. Ғафура алдымен Орал пединститутының математика факультетін және қо-сымша музыкалық училищені қатар бі-тіріп Алматы консерваториясына оқуға түскен. Оқи жүріп музыканттарға мате-матикадан сабақ берген. Ол кісінің қо-лынан талай композитор оқып шыққан (Еркеғали Рахмәдиев, Базарбай Жұма-ниязов т.т.). Ғафура қазақ әйелдерінен шыққан алғашқы шахматшылардың бі-рі. 20 жылдан астам уақыт Құрманғазы атындағы консерваторияның ғылыми жұмысы бойынша проректоры болған.
Бисеннің белгілі ұлдарының бірі Бақтығали (Бақыш) еді. 1889 жылы Орал облысы Ілбішін уезі Қызылжар болысының №5 ауылында дүниеге келген Бақтығали Бисеновтың өмірбая-нына қатысты мәліметтер М. Тәж-Мұрат, Д. Сүлейменова еңбектерінде келтірілген. Саратов қаласындағы им-ператорлық университеттің медицина факультетін бітірген Б. Бисенов – Батыс Алашорда мүшесі, өлкеміздегі денсаулық сақтау саласының дамуына сүбелі үлес қосқан қайраткер. «Інілері – Орал реальдық әскер училищесінің түлегі Ишанғали Бейсенов Жымпитыдағы Ойыл уәлаятының прапорщиктер мек-тебін бітіріп, штаб офицері болып қыз-мет етті, Зепқали Бейсенов Ойыл юнкер мектебін бітіріп, Алаш полкінде жүзба-сы болды» [Тәж-Мұрат М. Батыс Алаш Орда. (биобиблиографиялық сөздік тәжірибесі). – Ақтөбе: «А-Полиграфия» ЖШС, 2003. 85-б.]. Ғалымжан ақсақал Бақтығали інісінің есімі Ишанғали емес, Ізімғали, ол Жаншаның адъютанты болған дейді. Мәскеуде ауыл шаруашылық институтында оқыған Ізімғали кейін Ташкентте сабақ берген. Өмірінің соңында қуғынға ұшырап, Иркутскіде атылған. Сөйтіп байдың ұрпағы, Алаш-орда қызметіне қатысты деген айып-пен ағайынды Бақтығали, Ізімғали Би-сеновтер сталиндік саяси қуғын-сүргін-нің құрығына ілікті. Осы әулет туралы жерлесіміз, есімі елімізге танымал фи-лолог ғалым Х. Сүйіншәлиев «Өткенге салауат» атты естелігінде өз пікірін былайша білдіреді: «Осындай жазықсыз жалалардың құрбаны болған аяу-лы азамат, кезінің ең білгір мамандары Бисенов Бақыш (адам дәрігері), Бисе-нов Ізімдер (мал дәрігері). Оларды ел-жұрт өте зерделі маман санады. Ерек-ше бағалап, атақтарын аспанға көтерді. Мал мен жанның сақшысы, көп індетті жойған дәрігер деп есептеді. Аталмыш азаматтар жөн-жосықсыз халық жауы боп атылып кетті. Балалар жетім қал-ды. Бисенов Қамит Ізімұлы сол жетім-нің бірі еді. Мен оны 1945 жылы Алма-тыға әкеліп, КазГУ-ге (Хасен арқылы) оқуға кіргіздім. Ол кейін ғылым канди-даты болды. Ғылым академиясы тарих институтында жұмыс істеді. 1975 жылы ауырып көз жұмды. Қамиттің немере апалары – Ғазиза, Рәзия, Ғафура Бисе-новалар (әкесі Нұрғали, шешесі Әдемі) Алматыда өмірлерінің соңғы жылдарын өткізді» [Сүйіншәлі Х. Ж. Өткенге салауат (естелік-эссе). – Алматы: Қазақ университеті, 2002. 22-б.].
Бақтығали Бисеновтің Махмұт, Мәжит, Зейнеп, Әнуар және Роза атты ұл-қызы болды. Махмұт соғысқа дейін Саратовта инженер-механик мамандығын алған. Соғыста Власов армиясында қоршауда қалып, одан қашып шығып, партизандарға қосылып, Италияға де-йін барған. Елге келген соң 1946-1953 жылдары Кеңес лагерінде отырған. Ке-йін инженер-құрылысшы мамандығын алып, Жезқазған облысында қызмет атқарған. Бақтығалидың көзі тірі ұрпа-ғы Роза Бақтығалиқызы Бисенова (1936 ж.т.) бүгінде Астана қаласында тұрады. Роза апамыз өзінің атасы Бисен әулеті-нен тараған ұрпақтың тарихын терең-нен тартып, жан-жақты саралап әңгіме-лейді. Ол кісінің анасы Жанша көрнекті жазушы Берқайыр Аманшиннің әкесі Сәлім Аманшиннің қарындасы екен.
Бисеннің Ораз, Еспан деген балалары жастай қайтыс болған.
Есенгелді байдың туған бауыры Сүтемген Жанмырзаұлынан тараған ұрпақтың да өлке тарихында өзіндік орны бар. Киікбай ақсақал өз ата-тегін Асан – Тілеу – Жанмырза – Сүтемген – Төребай – Шонан – Сейітбай деп тара-тады. Ел аузындағы аңыз-әңгімелер бо-йынша Есенгелді байдың баласы делі-ніп келген Төребайдың Сүтемген бала-сы екендігін мұрағат құжаттары арқы-лы анықтап, оған қатысты пікірімізді осы мақаланың алғашқы бөлімінде білдірген едік. Төребай немересі Сейіт-бай Шонанұлы да өз дәуірінде көзге түскен тұлға. Әсіресе, «Ел ауада» бел-сенділік танытқан. 1869 жылы Орал об-лысындағы қозғалыс бойынша іске тар-тылған 370 қазақтың есімі көрсетілген мұрағаттағы тізімде 235-ші болып «Сейітбай Шонанұлы (орысша Чулаков деп қате кеткен – Ж.А.), Тана руы, Асан бөлімінен» деп жазылған [РМТМ. 1291-қ., 82-т., 18-іс, 50-п.]. Осы тізімге Асан танадан Баймұхамед Тайлақұлы, Қарасайт Қойшыбайұлы, Тастемір Сағырұлы және Жаншора Тайпақұлы енген. Өз толғауында Сүгір жырау:
Кешегі марқұм Өтебай (Сәңкібайұлы – Ж. А.)
Батыр Қаржау, Бителеу,
Қамқор еді халыққа,
Жыртылғанды қымтаған.
Тойнаш, Тоңаш, Сейітбай,
Сүйіншәлі, Тінәлі, (Сәңкібай немерелері – Ж. А.)
Екіталай жер болса,
Жал-құйрығын шарт түйіп,
Озып еді алқадан - деп жырлау ар-қылы Сейітбайдың тұлғалық болмысынан хабар береді.
Сейітбай атасы жайлы Киікбай ақса-қалдың қарттардан естіген әңгіме желі-сі де аталмыш деректерді толықтыра түседі: «Бұрын «Бәлніс төбесі» деген жер Сүтемген балалары мен Итемген балаларының Бөкейден көшкеннен ке-йінгі атақонысымыз болатын. Жайық пен Ақпан деген сайдың екі аралығында кең шалғынды көлемді келген үлкен ойпаттау сай бар (”Сейітбай” сайы атала-ды). Ол жерде Сейітбай атамыз жазда киіз үй тіктіріп отырады екен. Орыстармен қырылысып жүрген жылдарда сол кездегі бір болыс Сейітбайдың үйінің сыртынан ат үстінен “Сыртқа шығып кет!” деп айқай салыпты. Сонда атамыз үш баласы Болат, Өмірболат, Ерболатқа ақырып, “Ана көргенсізді алдыма алып келіңдер!” депті. Сейітбайдың үш бала-сын үш қасқыр дейді екен. Олар сол бойда болысты аттан жұлып алып, әке-сінің алдына алып ұрып, оның айтуымен болыстың жалаңаш құйрығына дүре соғып қоя беріпті».
Сейітбайдың Болат деген баласынан Шернияз, Ернияз (Шомбыр аталып кет-кен), Қаби, Рахманқұл тарайды. Шом-быр аталып кеткен Ернияз туралы ел аузында біраз әңгіме-дерек сақталған. Осындай бір әңгімені немере інісі Киік-бай ақсақал былай баяндайды: «Кеңес өкіметі орнаған алғашқы жылдары елді тонап, адамдардың зықысын алған бес банды көп уақыт өкімет қолына түспей жүріпті. Бір күні олар Князден (қазіргі Тайпақ, бұрынғы Калмыков) келе жат-қан Шомбырды мылтық кезеп, астын-дағы атын аударып алыпты. Шөкең ауылға келе сала бар інілерін жиып алып, әлгілердің соңынан қуып барып-ты. Олар қырдағы бос қалған бір бай-дың қыстауында төргі бөлмеде ұйық-тап жатыр екен. Ал ауызғы бөлмеде аспаз балаң жігіт винтовканы есікке қарата кезеп, күзетіп отыр екен. Қуғын-шылар кіруге бата алмай, кідіріп қал-ғанда Шомбыр атамыз «Жігіттер, қазір мен ішке атылып кіремін, сендер тез жетіңдер!» дейді де, ішке атылып кіріп, мылтықты жігітті аяғымен қағып ұшы-рып жіберіп, төрдегі бесеуді басып қа-лып айқай салады. Сырттағылар да тез жетіп, осылай бес бандыны өкімет қо-лына тапсырған екен. Сол еңбегіне Шомбыр атамызға өле-өлгенше рес-публикалық пенсия тағайындалыпты. Князьдің казак-орыстары жылаған ба-лаларын «Шомбыр келіп қалады!» деп жұбатады екен-мыс».
Шернияздың немересі Нәдіров Қыдыр ақсақал Шомбыр атасының 1869 жылы дүниеге келіп, 1962 жылы 21 ақпанда өмірден озғанын айтады. Ал Ақжайық аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының қосымша білім педагогы Жәнібек Әбілпейісов Шомбыр жайында мы-надай қызықты мәлімет келтіреді: «Шомбыр Болатұлының (1869-1969) шыққан тегі – Тананың Асан тайпасы. Шын аты – Ернияз. Ерен күштілігі, ер-жүректілігі мен мығымдығынан Шомбыр атанса керек. Екі үкіметтің саясатын кө-ріп, екі түрлі заманда өмір сүрсе де, күш-тілігінен аты аңызға айналып, ел жа-дында сақталған. 18 рет үйленсе де, ер баласы болмапты. Соңғы кемпірі Тәтіш апамыздан бір қыз көрінген. Патша за-манында көшпенді қазақтарды Жайық өзеніне 1000 метрден артық жақындатпау туралы саясатқа қарсы тұрып, Жа-йық бойының казак-орыстарына өзін мойындатқан. Қазақ рухының жасымауына тікелей тер төккен батыр деп ай-туға толық негіз бар. Қабірі Базаршолан ауылының зиратында. Сұрастыра жүріп Шомбыр батырдың жалғыз фотосын Тасқала ауданында тұратын жиендері-нен тауып, алдырудың сәті түсті. Патша заманында Тайпақ өңірінің казак-орыс-тары екі қазақтан қорыққан. Оның бірі алаша Жантілеу палуан болса, екіншісі – тана Шомбыр. Шомбыр Жантілеу секіл-ді алып денелі болмаған. Бірақ төтен қайраттың иесі, жасы 90-ға келгенде малдас құрып отырып, үлкен балтамен (дровокол) томар жарып отырады екен. Құлпытасында 100 жасағаны ту-ралы мәлімет көрсетілсе де, дәл жүзге жетіңкіремей қайтыс болған секілді. Патша заманында Харькин ауылынан Лбищенск ауылына дейінгі аймақтың орманшысы қызметін атқарған атышу-лы Аким Самарцев заманында тек осы Шомбырдан ғана қорқыпты деген аңыз бар. Аким Антонов ауылында тұрған. Акимнің ұлы Сидор Акимович Шомбыр тоқсаннан асып ауырып жатыр деп ес-тігенде «Әкемді қорқытқан қандай қа-зақ екен?» деп көруге арнайы барыпты. «Әкем ұрғанын құлататын өте күшті адам еді, Шомбырдың денесі әкемнен ірі емес екен, тек қолдары ұзын екен, тізелігіне жақындап жатырғанын көр-дім» деп әңгімелейтін көрінеді Сидор кейін. Шомбыр ұстаған тобылғы таяқты Қабидың келіні Тілекші Сейітбаева Атамекендегі «Жерұйық» мұражайына тапсырды. Шомбырдың суреті мен өмірбаяны, тұтынған таяғы қазір мұра-жай төрінде тұр».
Сейітбайдың Өмірболатынан Қабдол, Мырзаш (шын аты – Мырзагерей), Ақкенже, ал Ерболатынан Дәулет (керей), Жангерей (Уфадан бақсылық оқуды оқыған, емші, аса қатты гипноти-зерлік қасиет иесі болған, 25 жасында қайтыс болған), Балгерей, Балдай, Молдағали, Бибіжан, Мұхамедияр (со-ғыста қаза болған) тараған.

Түйін
Біртұтас қазақ тарихын түгендеудің өзі жекелеген өлке тарихын зерттеуден бастау алады десек, сол өлкеден шық-қан тарихи тұлғалар тағдырын таным таразысына тартып, оған ғылыми тұр-ғыдан баға беру – уақыт талабы. Соңғы жылдары елімізде тұлғатану саласы қарқынды дамып келе жатқанына қа-рамастан, зерттеушілер назарынан тыс қалып, мұрағат қоймаларының шаң ба-сып, сарғайған құжаттарында өз іздеу-шілерінің кезегін күтіп жатқан тұлғаларымыз қаншама. Өлке тарихында өзін-дік із қалдырғанымен, өмірі мен қыз-меті бір ізге түспеген тұлғалар қатарында Есенгелді Жанмырзаұлы да бар еді. Ел аузында қисапсыз жылқысы бар бай ретінде сақталған Есенгелді туралы ойымызға алдымен аңызы мен ақиқа-ты астасып кеткен әрқилы әңгіме түсе-тін. Ал тұлғаның бітім-болмысын толық тану үшін сол аңыз арасынан ақиқатын аршып алу қажет.
Есенгелдінің өз заманында асқан бай болғанын тарихи деректер толық дәлелдейді. Оның Жанмырзадан бірге туған бауырлары Итемген, Сүтемген әу-летінің де ауқаттылар сойынан екен-дігін Орынбор ұлықтары мойындап өт-кен. Бір қызығы, санамызға сараң бай болып сіңгенімен Есенгелді үстінен қа-зақтардың бірде-бір арыз, шағымы Орынбор әкімшілігінің кеңсе қағаздарына тіркелмеген. Егер де өз руластарына немесе өзге де қазақтарға тізесі батып, әлдекімдерді талап, тонап, зар жылатса, үшбу хат-хабарлар Орал мен Орынборға қарай ағылар еді. Осыған дейін біз Есенгелдіні бай ретінде танып келсек, енді оның би, старшын, тархан, бас старшын, дистанция бастығы секіл-ді заманындағы биік лауазым-мансап тұтқасын ұстаған, елдің саяси-қоғам-дық істеріне белсене араласқан тұлға екендігі анықталып отыр. Қазақ қоға-мында кезкелгеннің би дәрежесіне жете алмайтынын әрі оны жоғарыдан тағайындамай, халықтың өз таңдауымен қоятынын есепке алсақ, мәселенің басы ашыла түседі. «Өзге біреудің жа-засын талдап, талқылаған кезде Есен-гелді әділ де парасатты болды» деген В. И. Даль пікірі де осыған саяды. Өз халқын езіп-жаншыған бай болса, сол заманға жақын өмір сүріп, ол жайлы біліп-түйгені мол атақты Сүгір жыраудың «...Есенкелді, Итемген, Ауылынан кеңес тараған» деп жырға қосуы мүм-кін бе? Ал баласы Бекейдің өлімі – Есен-гелдінің шау тартқан, қартайған кезін-де, отбасы арасындағы араздықтан туындаған оқиға. Шын мәнінде, Бекей өлімі – өз ағалары мен ағайындарының арасындағы оның ел ішіндегі бе-делін көре алмаушылықтан, яғни қыз-ғаныштан туған жағдай. Оны тарихи құ-жаттар да растап отыр. Бұл арада біз Есенгелдіні біржақты ақтауды, иә бол-маса даттауды мақсат етіп отырғанымыз жоқ. Өйткені кезкелген тұлға – өз дәуірінің пендесі. Есенгелді байдың өмірінің соңында басынан бағы тайып, дәулетінен айырылғаны да рас. Жазу-шы В. И. Дальдің «қазір оның қолында сегіз жүз де жылқы жоқ» дегенінде та-рихи шындық жатыр.
Есенгелді старшын ретінде ел өмірі-нің маңызды істерінен шет қалмады. Құжаттық деректер оның абырой-беде-лінің зор болғанын көрсетеді. Әсіресе, Кіші жүздің танымал тұлғаларымен, Орынбор әкімшілігімен, Орал казак-орыстарымен тікелей байланыс жаса-уының өзі Есенгелдінің саяси беделін салмақтай түседі. Сол тұста отаршыл орыс үкіметінің елде жүзеге асырып жатқан саясатының арасынан жол та-уып, төменгі Орал шебі бойындағы ка-зак-орыстармен арадағы қатынасты ба-рынша қалыпты ұстауға тырысты. Бұған экономикалық жағдайдың өзі мәжбүр етті. Себебі шаруашылықтың басты кө-зі мал өсіру болғандықтан, оған шұрай-лы жайылым қажет болды. Мұндай жерлер Жайық бойындағы шалғынды алқаптарда, ішкі бөкейлік бетте еді. Мұның барлығы шеп маңындағы Есен-гелді бастаған қазақтардың қонысқа деген тәуелділігінен туды. Дегенмен ол қай кезде де алдымен өз халқының мүддесін қорғап, соған сай қимылдады.
Есенгелді кезінде өзінің жылқысының жайылымы болған, қазіргі Арал-төбе ауылы маңында жерленген. Бү-гінде Аралтөбе халқы ол маңнан өт-кенде әруаққа дұға бағыштап, бет си-пап өтетінін тілге тиек етеді. Егер олай етпесе, жанына келген кезде көліктер-дің өздігінен тоқтап қалатыны секілді түрлі жағдай орын алатын. Сондықтан жергілікті халық ол жерде әруақты адам жатыр деп есептейді. Мұның өзі Есенгелді байдың тегін тұлға болмағанын тағы бір мәрте дәлелдей түседі.
Түйіндеп айтқанда, Есенгелді бай ғұ-мыры өңіріміздің тұтас бір тарихи кезе-ңін қамтиды. Олай болса, оның өскен ортасы мен өмір жолын зерттеу сол дәуірдегі өлкеміздің қоғамдық-саяси өмірін, тыныс-тіршілігін, жағымды һәм жағымсыз тұстарын белгілі бір деңгей-де танып білуге мүмкіндік береді. Біз осы зерттеуімізде Есенгелді бай өмірі-нің кедірі мен бұдырын, қалтарысы мен бұлтарысын, соқтықпалы соқпағын, яғни бүге-шігесіне дейін толықтай сараладық дей алмаймыз. Бар болғаны қолда бар деректер негізінде тұлға та-рихын барынша объективті жазуға ұмытылып, өзіндік ой-пікірімізді ортаға салдық. Қалай болғанда да, ел жадын-да елес болып келген Есенгелді бай тарихына ғылыми тұрғыдан тұңғыш рет із салынды деп білген жөн.

Қаралым саны 2924

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463